жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілінен ашық сабақ. Қонақ күту дәстүрі. 5 сынып
|
Мектеп: Ынтымақ ауылының № 10 орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: Қонақ күту дәстүрі |
Мұғалімнің аты-жөні: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дөкей Ж. |
||||||||||||||||||||||||||
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру (5.Ж3.); Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу (5.Ж5.). |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Қонақ күту әдебі
|
||||||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Тілашар, Туған күн |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы: |
Бағалау түрлері |
|||||||||||||||||||||||||
|
Басталуы 5 минут |
Сәлемдесу. Топқа бөлемін: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! |
1-топ: «Бақыт» вагоны 2-топ: «Сүйіспеншілік» вагоны 3-топ: «Жарқын өмір» вагоны |
|||||||||||||||||||||||||
|
Жаңа білім 15 минут
|
ЖЖ. Өткен сабақтағы үй тапсырмасын сұраймын. ТЖ. Интерактивті тақтадан оқушыларға өлеңді тыңдатамын. ТЖ. Оқушыларға мәтінді таныстырамын. Қонақ күту Қонақ күту – қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі. Келген қонаққа қонақжайлылық көрсету мәдениеттің, адамгершіліктің, сыйластықтың белгісі. Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң- ырысың қашады", «Қонақ келсе қой егіз табады» деген мақалдар бар. Қонақтың түрлері: құдайы қонақ, арнайы қонақ, қыдырма, құтты қонақ, т.б. Қонақ арнайы шақырумен де, шақырусыз да келеді. Келген қонақты жылы шыраймен қарсы алу керек. Арнайы шақырған қонақты үйге жақындағанда күтіп алу керек. Амандасып, жол сілтеп, үйге шақырған. Әр қазақ қонаққа төрден орын беріп, дастарқан басына шақырады. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі ең алдымен сусын, қымыз-қымыран ұсынған. Әлдебір себептермен кешігіп келетіндер де болады. «Неге кешіктің?» деп сөкпеген қазақпыз. Кешіккенге тиісті сыбағасын сақтап қойған. Қонаққа сынық ыдыспен ас бермеген. Үлкен кісілерге ас берерде сол үйдің жасы кіші балалары қонақтардың қолына су құйған. Қонақтардың жасы мен құрметіне қарай мүшелі табақтар тартылады. Тамақтан соң асқа бата береді. Қонақтың талап-тілегін орындап, сый-құрмет көрсетіп, шығарып салған. ТЖ. «Бір айналым сұрақ» әдісі. 1. Қонақ күту қандай салт-дәстүр? 2. Қонақ қай орынға отырады? 3. Қонақты қалай күтеді? 4. Сыбағаны кімге сақтайды? 5. Қонақтың қандай түрлері бар? 6. Қонақты қалай шығарып салған? ТЖ. «Үш жақты күнделік» әдісі.
|
https://www.youtube.com/watch?v=OrgCGbqMcek
Үлестірмелі қағаздар
Кестелер |
|||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы 5 минут
|
«Сипаттамалы жазба» әдісі. Фотосуреттер бойынша әңгіме құрастыр.
Фотосуреттер бойынша тапсырманы деңгейлерге бөлемін. І деңгей Фотосуретті пайдаланып әңгіме құрастыр. ІІ деңгей Фотосуреттер бойынша сөйлем құрастыр. ІІІ деңгей Фотосуреттеді бойынша сөз тіркестерін жаз. |
Фотосуреттер. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
- Қорытынды ретінде кластер толтырайық
Қонақжайлылық
|
Кестені толтыру |
|||||||||||||||||||||||||
|
Кері байланыс 5 минут |
Кері байланыс Рефлексия: «Бес саусақ»
Үйге тапсырма: Қонақ, қонақжайлылық туралы төрт, бес мақал-мәтелдер жазып, ішінен тура, ауыспалы мағынада қолданылған сөздердің астын сызып, қандай мағына беретінін жазыңдар. |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген