Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілінен ББЖБ 8-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2»
8-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті
Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек
құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың «Қазақ тілі мен
әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8-
сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі.
Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге
оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі
ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды
өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (шығармалар) қолданылды.
2
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Білім. Ғылым. Инновация» 4
Бөлім «Сауда жасай білесің бе?», «Жаһандық энергетикалық дағдарыс» 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10
«Достық пен татулық - таптырмас бақыт» 10
«Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы», «Қазақстанның су ресурстары» 13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
«Тарихи тұлғалар тағылымы», «Қызым - жағадағы құндызым,
Ұлым - аспандағы жұлдызым» 16
«Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер»,
«Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері» 19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 22
«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» 22
«Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»,
«Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш» 25
3
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Білім. Ғылым. Инновация»
Оқу мақсаты 8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі
ойды анықтау
8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып,
ауызша мәтіндер құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде
анықтайды
• Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш
құралдарды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы
60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.
Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл
бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін
екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады.
Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып
алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның
бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-
жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген
халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.
1. Мәтіндегі ең маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз.
2. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
А) Нан өте тез көгеріп кетеді.
В) Жаңа технология бактерияларды жояды.
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.
3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстың адам өміріне пайдасы туралы ойыңызды
білдіріңіз.
Тұрақты тіркестер: үш ұйықтаса түсіне кірмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын
алатын, қас пен көздің арасында.
4
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Негізгі ойды тірек сөздер
мен автор көзқарасы
негізінде анықтайды
1-2 мәтіннен 3 тірек сөзді табады; 1
1
1
автор көзқарасы берілген сөйлемді
белгілейді;
1
Ауызша мәтін құрауда
тұрақты тіркестер мен
көркемдегіш құралдарды
қолданады
3 тұрақты тіркестердің мағынасын
ажыратады;
1
тұрақты тіркестерді қолданады; 1
өнертабыстың пайдасы туралы айтады. 1
Барлығы 7
5
«Білім. Ғылым. Инновация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Негізгі ойды тірек
сөздер мен автор
көзқарасы негізінде
анықтайды
Мәтіндегі тірек сөздерді және
автор көзқарасын анықтауда
қиналады
Мәтіндегі тірек сөздерді және автор
көзқарасын анықтауда қателеседі
Мәтіндегі тірек сөздерді және
автор көзқарасын дұрыс
анықтайды
Ауызша мәтін құрауда
тұрақты тіркестер мен
көркемдегіш
құралдарды қолданады
Тұрақты тіркестердің мағынасын
ажыратуда және қолдануда
қиналады
Тұрақты тіркестердің мағынасын
ажыратуда және қолдануда
қателеседі
Тұрақты тіркестердің мағынасын
ажыратады және дұрыс қолданады
Өнертабыстың пайдасын айтуда
қиналады
Өнертабыстың пайдасын айтуда
қателеседі
Өнертабыстың пайдасы туралы
дұрыс айтады
6
Бөлім «Сауда жасай білесің бе?», «Жаһандық энергетикалық дағдарыс»
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардың
композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне
немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру
8.4.4.1 Тақырып бойынша мәліметтерді жинақ тап, эссе жазуда
тиімді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады
• Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді
• Тақырыпқа қатысты эссе жазу жұмысында өз көзқарасын
ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15- 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл
туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң,
ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады.
Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша
жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.
Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын
жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.
Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға
кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не
одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинайтын
адам табыла ма?» – дейді.
1. Мәтіннің сюжетін сөз тіркестерімен беріңіз.
2. Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін
сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз .
Басталуы
Шешімі
Дамуы
7
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармалардың
композициялық
құрылымын ажыратады.
Кейіпкерлерге, олардың
іс-әрекетіне баға береді
1 мәтіннің сюжетін сөз тіркесімен жазады; 1
1
1
кейіпкерді анықтап, адамгершілік қасиетіне
баға береді;
1
1
Тақырыпқа қатысты эссе
жазу жұмысында өз
көзқарасын ұсынып,
дәлелді аргументтер
келтіреді
2 мәтіннен дәлелдер келтіреді; 1
өз ойын саудамен байланыстырып жазады. 1
Барлығы 7
8
«Сауда жасай білесің бе?», «Жаһандық энергетикалық дағдарыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармалардың
композициялық
құрылымын
ажыратады.
Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне
баға береді
Мәтіннің сюжетін сөз тіркесімен
жазуда, кейіпкерді анықтап,
адамгершілік қасиетіне баға
беруде қиналады
Мәтіннің сюжетін сөз тіркесімен
жазуда, кейіпкерді анықтап,
адамгершілік қасиетіне баға беруде
қателеседі
Мәтіннің сюжетін сөз тіркесімен
жазады. Кейіпкерді анықтап,
адамгершілік қасиетіне баға береді
Тақырыпқа қатысты
эссе жазу жұмысында
өз көзқарасын ұсынып,
дәлелді аргументтер
келтіреді
Мәтіннен дәлелдер келтіріп, өз
ойын саудамен байланыстырып жазуда қиналады
Мәтіннен дәлелдер келтіріп, өз ойын
саудамен байланыстырып жазуда қателеседі
Мәтіннен дәлелдер келтіріп, өз
ойын саудамен байланыстырып жазады
9
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Достық пен татулық - таптырмас бақыт»
Оқу мақсаты 8.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді
келтіре отырып, дәлелді жауап беру
8.2.5.1 П ікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз
пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру
Бағалау
критерийі
Білім алушы
• Мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіреді, сұрақтарға мәтін
мазмұны бойынша нақты жауап береді
• Өз ұстанымына қатысты дәлелдер ұсынып, сұрақтарға жауап
береді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15- 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын...
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді,
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
Ақын тойына кімді шақырады?
____________________________________________________
Өлеңде ақынның қандай тілегі көрінеді?
____________________________________________
Автор бойындағы қасиеттерді
жазыңыз_____________________________________________
2. «Досы көпті жау алмайды...» деген пікірмен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? Өз
ойыңызды дәлелдеу үшін бірнеше аргумент ұсыныңыз.
10
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі ақпараттарды
сәйкестендіреді,
сұрақтарға мәтін
мазмұны бойынша нақты
жауап береді
1 берілген сұрақтарға өлең мазмұны негізінде
жауап жазады;
1
1
1
Өз ұстанымына қатысты
дәлелдер ұсынып,
сұрақтарға жауап береді
2 нақты ұстанымын көрсетеді; 1
1
ойын аргументтер арқылы айтады. 1
1
Барлығы 7
11
«Достық пен татулық - таптырмас бақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған
ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі
ақпараттарды
сәйкестендіреді,
сұрақтарға мәтін
мазмұны бойынша
нақты жауап береді
Берілген сұрақтарға өлең мазмұны
негізінде жауап жазуда қиналады
Берілген сұрақтарға өлең мазмұны
негізінде жауап жазуда қателеседі
Сұрақтарға мәтін мазмұны
бойынша толық жауап береді
Өз ұстанымына
қатысты дәлелдер
ұсынып, сұрақтарға
жауап береді
Өз ұстанымын көрсетуде, ойын
аргументтер арқылы жеткізуде қиналады
Өз ұстанымын көрсетуде, ойын
аргументтер арқылы жеткізуде қателеседі
Өз ұстанымын көрсетеді, ойын
аргументтер арқылы дәлелдейді
12
Бөлім «Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы»,
«Қазақстанның су ресурстары»
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа
очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің
жанрын анықтау
8.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі жанрға қатысты ерекшелікті анықтайды
• Эссе құрылымын сақтайды, мәселенің шешу жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 15- 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
«Адамды адам еткен - еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз.
Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік:
- Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?
- Менің ойымша, еңбек адамы - ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын
маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы бола
ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек.
- Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма?
- Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе,
далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры
болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын,
солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті
насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) мақала
В) әңгіме
С) сұхбат
D) очерк
13
2. Жанрға тән екі ерекшелікті жазыңыз.
3. «Неліктен адамдар мамандығына сәйкес келмейтін жұмыстармен айналысады?» деген
тақырыпта пікір білдіріп, 2 аргумент келтіріп, эссенің негізгі бөлімін жазыңыз.
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі жанрға
қатысты ерекшелікті
анықтайды
1-2 мәтіннің жанрын анықтайды; 1
жанрға тән екі ерекшелікті жазады; 1
1
Эссе құрылымын
сақтайды, мәселенің
шешу жолдарын ұсынады
3 тақырыпқа қатысты пікір білдіреді; 1
1
пікірін аргументтермен дәлелдейді. 1
1
Барлығы 7
14
«Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы», «Қазақстанның су ресурстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі жанрға
қатысты ерекшелікті
анықтайды
Мәтіннің жанрын, жанрға тән
2 ерекшелікті анықтауда
қиналады
Мәтіннің жанрын, жанрға тән
бірінші, екінші ерекшелікті
анықтауда қателеседі
Мәтіннің жанрын, жанрға тән
2 ерекшелікті дұрыс анықтайды
Эссе құрылымын
сақтайды, мәселенің
шешу жолдарын
ұсынады
Тақырыпқа қатысты пікірін
аргументтер арқылы жазуда
қиналады
Тақырыпқа қатысты пікірін
аргументтер арқылы жазуда
қателеседі
Тақырыпқа қатысты пі кірін
аргументтер арқылы жазады
15
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Тарихи тұлғалар тағылымы», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым –
аспандағы жұлдызым»
Оқу мақсаты 8.1.3.1 Оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер
мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну
8.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал
заңдылықтарын ескеріп айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын ажыратады
• Тақырыпқа қатысты ауызша мәтін құрауда үндестік заңын
ескеріп айтады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15- 20 минут
Тапсырма
Үзінділерді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1-үзінді
Соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне сегіз жыл үш ай
болды. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған
ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
2-үзінді
Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың міне қара сақтағаны-ай.
16
1. Берілген тұрақты тіркестер мен күрделі сөз тіркестердің мағыналарын өз сөзіңізбен
жазыңыз.
Зар шегу -
Ойына оралу -
Бармаған жері, баспаған тауы жоқ –
2.Ұсынылған суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде сөз аралығындағы,
сөз ішіндегі үндестік заңын ескеріп айтыңыз.
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі күрделі сөздер
мен тұрақты тіркестердің
мағынасын ажыратады
1 сөз тіркестері мен тұрақты тіркестердің
мағынасын түсініп жазады;
1
1
1
Тақырыпқа қатысты
ауызша мәтін құрауда
үндестік заңын ескеріп
айтады
2 таңдалған суреттегі іс-әрекеттерді
түсіндіреді;
1
суреттің сюжетін анықтайды; 1
мәтін құрауда үндестік заңын ескеріп
айтады.
1
1
Барлығы 7
17
«Тарихи тұлғалар тағылымы», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызы м» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі күрделі
сөздер мен тұрақты
тіркестердің
мағынасын ажыратады
Сөз тіркестері мен тұрақты
тіркестердің мағынасын түсініп
жазуда қиналады
Сөз тіркестері мен тұрақты
тіркестердің мағынасын түсініп жазуда қателеседі
Сөз тіркестері мен тұрақты
тіркестердің мағынасын түсініп
жазады
Тақырыпқа қатысты
ауызша мәтін құрауда
үндестік заңын ескеріп
айтады
Таңдалған суреттегі іс-әрекеттерді
түсіндіруде, суреттің сюжетін
анықтауда, мәтін құрау барысында
үндестік заңын сақтап айтуда
қиналады
Таңдалған суреттегі іс-әрекеттерді
түсіндіруде, суреттің сюжетін анықтауда, мәтін құрау барысында үндестік заңын сақтап айтуда қателеседі
Таңдалған суреттегі іс-әрекеттерді
түсіндіреді. Суреттің сюжетін анықтайды. Мәтін құрау барысында
үндестік заңын сақтайды
18
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер»,
«Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшелік»
Оқу мақсаты 8.3.1.1 Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті
ақпаратты анықтау
8.4.5.1 - тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін
дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы
жазылатын сөздер); сөйлем ішінде қойылатын тыныс
белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Перифраз сұрақтар негізінде ақпараттарды ажыратады
• Мәтінде сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді
қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15- 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді және семірді, б ірақ үлкейісі
даладағыдай емес, бәсең деу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы
уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді,
маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге
көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді. Құрмаш
қасында болғанда таяқ жемейді, б ірақ ержете бастаған сайын иесі көз жазып қала берді.
Сұрақ Жауап
Көксеректі қалай суреттейді?
Көксеректі қандай иттер тістеп тастайтын?
Ауыл иттері Көксерекпен неге достаспады?
2. Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сәйкес бағандарға жазыңыз.
Сөздер: хайуанаттар-бағы, түйме дақ, Барса келмес, Қызылкітап, адам-зат, жан
жануарлар, халық аралық, омыртқа-сыздар, био ресурс, кон-венция, жабайықызғалдақ,
қоршаған-орта, ақ қу
Дара сөз Тіркесті сөз Біріккен сөз Қос сөз
19
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Перифраз сұрақтар
негізінде ақпараттарды
ажыратады
1 перифраз түріндегі сұрақтарға жауап
береді;
1
1
1
Мәтінде сөйлем ішіне
қойылатын тыныс
белгілерді қолданады
2 сөздерді бағандарға сәйкес дұрыс
жіктейді;
1
1 1
1
қате жазылған сөздерді ережеге сай
жазады.
1
Барлығы 8
20
«Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер », «Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу
ерекшелік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Перифраз сұрақтар
негізінде ақпараттарды
ажыратады
Сұрақтарға мәтіннің мазмұны
бойынша жауап беруде қиналады
Сұрақтарға мәтіннің мазмұны
бойынша жауап беруде қателеседі
Сұрақтарға мәтіннің мазмұны
бойынша жауап береді
Мәтінде сөйлем ішіне
қойылатын тыныс
белгілерді қолданады
Сөздерді бағандарға сәйкес дұрыс
жіктеуде, қате жазылған сөздерді
ережеге сай дұрыс жазуда қиналады
Сөздерді бағандарға сәйкес дұрыс
жіктеуде, қате жазылған сөздерді
ережеге сай дұрыс жазуда қателеседі
Сөздерді бағандарға сәйкес дұрыс
жіктейді, қате жазылған сөздерді
ережеге сай дұрыс жазады
21
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»
Оқу мақсаты 8.1.4.1 Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық
шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын
талдау
8.2.2.1 Т үрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,
көңіл күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды
• Мәтіндердегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және
сөйлеу этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда
қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15- 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.
Көңілге ыстық, көзге нұр атың қандай,
Адамзатты аялап шақырғандай,
«2030» атты болашағың
Келе жатыр қол бұлғап батырлардай.
Тұлғасы бол, қазағым, бар биіктің,
Ән шырқасын әр күнің жаңғырып тым.
Иегері бола бер, Қазақстан,
Таңдандырар өзін де мәңгіліктің!
1. Мазмұны негізінде өлеңге тақырып қойыңыз.
2. Өлеңнің идеясын анықтап, 1 сөйлеммен жазыңыз.
3. Өлеңдегі ақпараттарды және адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздерді қолдана
отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымын!» тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз.
22
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың тақырыбы
мен идеясын анықтайды
1 өлеңге тақырып қояды; 1
өлеңнің идеясын бір сөйлеммен береді; 1
Мәтіндердегі ақпараттар
мен ұлттық сөз әдебі
және сөйлеу этикеті
формаларын ауызша
мәтін құрауда қолданады
2 адамның қуану, шаттану секілді көңіл
күйлеріне қатысты сөздерді қолданады;
1
1
айтылымда өлең мәтініндегі
ақпараттарды қолданады;
1
тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді. 1
1
Барлығы 7
23
«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат
(рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың
тақырыбы мен идеясын
анықтайды
Өлеңге тақырып қоюда,
идеясын бір сөйлеммен беруде қиналады
Өлеңге тақырып қоюда,
идеясын бір сөйлеммен беруде қателеседі
Өлеңге тақырып қояды,
идеясын бір сөйлеммен береді
Мәтіндердегі
ақпараттар мен ұлттық
сөз әдебі және сөйлеу
этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда қолданады
Адамның қуану, шаттану секілді
көңіл күйлеріне қатысты сөздерді,
айтылымда өлең мәтініндегі ақпараттарды қолдануда,
тақырыпқа қатысты өз ойын білдіруде қиналады
Адамның қуану, шаттану секілді
көңіл күйлеріне қатысты сөздерді,
айтылымда өлең мәтініндегі ақпараттарды қолдануда,
тақырыпқа қатысты өз ойын білдіруде қателіктер жібереді
Адамның қуану, шаттану секілді
көңіл күйлеріне қатысты сөздерді,
айтылымда өлең мәтініндегі ақпараттарды қолданады,
тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді
24
Бөлім «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті» ,
«Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш»
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк,
жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын
анықтау
8.4.1.1 М әтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,
шағын мақала, пікір, интервью жазу
Бағалау
критерийі
Білім алушы
• Мәтіндегі (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) жанрға
қатысты ерекшелікті анықтайды
• Шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және стильдік
ерекшелігін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15- 20 минут
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Бабаларымыз ежелден «Ө нер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған.
Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген.
Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық
байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің
көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің
ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез
сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп,
өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға
қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
1. Мәтіннің жанры ___________________________________
2. Мәтіннің жанрына тән 2 ерекшелікті белгілеңіз.
А) кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер қамтылады
В) өзекті мәселе талқыланып, автор көзқарасы жазылады
С) көтерілген мәселе диалог түрінде жазылады
D) шығарманың тіл ерекшелігі, көркем тәсілдері жазылады
Е) оқиғаларды, талдап-бағалайды, оқырмандарға түсіндіреді
3. Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз.
25
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі (мақала,
интервью, қысқа очерк,
жолдаулар) жанрға
қатысты ерекшелікті
анықтайды
1 мәтін жанрын жазады; 1
1
анықталған жанрға сай 2 ерекшелікті
белгілейді;
1
1
сұхбат құрастыруда тақырыпты ашады; 1
сұхбаттың жанрлық ерекшелігін ескереді. 1
1
Барлығы 7
26
«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!», «Қазақстан - Байқоңыр- Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты- жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі (мақала,
интервью, қысқа очерк,
жолдаулар) жанрға
қатысты ерекшелікті
анықтайды
Мәтін жанрын және оған тән
2 ерекшелікті анықтауда қиналады
Мәтін жанрын және оған тән
2 ерекшелікті анықтауда қателеседі
Мәтін жанрын және оған тән
2 ерекшелікті анықтайды
Шағын мақала, пікір,
интервью жазуда
жанрлық және стильдік
ерекшелігін сақтайды
Сұхбат тақырыбын ашуда,
жанрлық ерекшелігін сақтауда
қиналады
Сұхбат тақырыбын ашуда, жанрлық
ерекшелігін сақтауда қателеседі
Сұхбат тақырыбын түсінеді,
жанрлық ерекшелігін сақтайды
27
28