жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілінен дауыссыз "Л" мен "Р" ашық сабақ 2-сынып
Аңыздың ақыры
Есенжол: Дариядан өтерде ол күймеден шығып атқа мінді. Күймелер салға тиеліп жатқанда нөкерін ертіп өткелге беттеді. Шілденің іш тартқан кезі-ді. Таудан келетін жойқын су жаздағыдай арнаны керіп кетпей, жөнге түсіпті. Әдеткі қошқыл құла түсі, сәл бозғылданып, лайытпай тұнық жөңкілтеді.
Өткел тіп-тік жар арна кенет жайпауыт тартып, дарияның бала қыздың бұрымындай тарам-тарам боп, әлденеше жіңішке тармаққа бөлініп кететін таяздау тұсында еді. Бұл өткелден бұрын мағұрып пен машырықтың екі арасында әрлі-берлі тыным таппайтын керуендер болмаса, бүгінгідей жер қайысқан ауыр қол өтіп көрмеген-ді. Содан ба, екен, арғы беттегі жанбауыр жағалаудың екі бетінде жүк артқан керуендер, жақын маңдағы қыстақтардың қауын-қарбыз, жүзім, жеміс-жидек тиеген арбалары, салт атты, есек мінген, қодас жетелеген базаршылар ығы-жығы ұйлығып қалыпты.
Жаннұр: Осы бір мөлдіреген әдемі жігіттің жүріс-тұрысы, кісіні ішпей-жемей тойғызатын сүп-сүйкімді ізеті әміршінің жүрегін мұз боп қарып алғандай болды. Қарсы алдында отырған балауса жігіттің адам жүрегін оп-оңай баурап алатын бір сиқыры бар екенін ол бірден аңғарды. Бірақ қашан орнынан тұрып кеткенше, оның дәл қандай сиқыр екенін біле алған жоқ. Жігіт өзінің неге шақырылғанын айтқызбай-ақ түсінген қалып танытты. Алайда ант-су ішіп ақталмады да,жалынып-жалбарынбады да, не салсаң да көндім дегендей, назарын төмен салып отыра берді.
Бұл оның жүзінен ұзақ уақыт көзін айырмай, үнсіз тергеді. Жігіт бәз-баяғы бір қалпынан міз бақпады. Әмірші біраздан соң босағада тізерлеп отырған бас шеберге ымдады. Жас жігіт қасына бас шебер кеп иығынан тартқанда барып басын көтерді.
Мерей: Әмірші мынау алдында түк болмағандай салғырт тұрған кемпірге қапелімде не дерін де білмей қалды. Бірақ бүкіл сарайда оның алыстан орағытып жатпай, істің жөнін бірден сұрап, бұқпантайсыз әңгімелесетін адамы - қазына бастығы мен осы күтуші кемпір-ді. Бұл жолы да зіркілдетіп алып бара жатқан ашуын зорға іркіп, жарықшақтау шығатын қоныр даусымен бірден әңгіме бастады. Сөйлеп отырғанда тіке қарайтын шегір көзін кемпірдің жүзінен айырмады. Күтуші кемпір бұны әуелі үйреншікті әдетімен біразға дейін енжар тыңдады, сәлден соң барып, осыны шынымен айтып тұр ма, әлде әмірші адамның бағыныштыларымен ойнайтын көп "мысық,тышқанның" бірі ме деген кісіше, селдір кірпігінің астына әзер жасырынған ала көзін оқыс тірілтіп, бұның жүзіне бажырайып бір қарап қойды.
Нұрай: Ол сол түні жайлы ұйықтап шықты. Ертеңіне таңертең зындан бастығын шақыртқалы отыр еді, кіріп келе жатқан кіші ханымды көрді. Ханым есіктен аттай бере, иіліп тағзым етті де, мамырлап басып төрге озды. Бұның қасына жете бере мүдіріп тұрып қалды. Қақ маңдайындағы күрең лағылға шағылысып жарқ-жұрқ ете қалған қос жанары бұрынғыдай емес, қазылыңқырап кетіпті.Өңі де құп-қу. Ханым сынық жүзін бұған тіктемей, бір қырын отырды. Әмірші оны мынандай ойда жоқта кіріп келер деп күтпеп еді. Қапелімде не дерін білмей, қысылып қалды. Сосын біраз уақыттан кейін барып, алдындағы өз-өзінен азып-тозған кіші ханымды аяп кетті ме, қолын созып қасына шақырды. Мұның қолы тиюі-ақ мұң екен, бір қырын отырған ханымның ұзын кірпіктерінің ұшынан әлденеше мөлдір тамшы мөлт-мөлт тамып кетті.
Алина: -Хан ием, сіз мұнараны салған шеберді қаматып қойып па едіңіз? - Әмірші ханымның мынау төбеден түскендей тосын сұрағына ішінен қайран қалып тұрса да, байсалды қалпы жауап берді:
-Иә.
Ханымның екі беті ду қызарып кетті. Әлгі сұрағын өзі орынсыз көріп қысылды ма, әлде бойын басқа бір сезім биледі ме, бұның аяғына қайтадан жығыла беріп еді, әмірші шынтағынан сүйеп қалды.
-Оның ешқандай жазығы жоқ. Ештеңе де болған жоқ.
-Білем.
Ханым, рас айтып тұр ма дегендей, көзін көтеріп, әміршіге қарады. Оның жүзінен ашу көрмегеніне таңырқап үн-түнсіз тұрды-тұрды да, есікке беттеді. Әмірші, қашан шығып кеткенше, одан көзін айырған жоқ. Ханым есікке жете беріп, артына бұрылды, әміршінің не ойлап тұрғанын аңғара алмаған кісіше, жаутаңдай бір қарады да, айран-асыр қалпы шығып кетті.
Исрайл: Ханымның мына келісіне әмірші де қайран қап тұрғанды. Бұрын соңды ол ұлы ханымның өзін үстіне сұраусыз бас сұқтырып көрген еместі. Кіші ханымның бұл қылығын қалай түсінуге болады?Әлде жорықтан оралғалы бас сұқпай жатып алған бұның көріп сағынышын басқысы келдіме? Ода мүмкінғой. Оның үстіне, ұлы ханым жіберген қызыл алманың жайын ода естімеді дейсіңбе? Өз-өзінен қапаға тұншығып, жарылып кетердей болған соң, неде болса барып, бетжүзін көріп қайтайын деп нар тәуекелге бел буған ғой.
Жанель: Әміршінің жүзінен ашу көрмеген соң, көңілін басып, өз бөлмесіне кеткен шығар. Бірақ бас жоқ, көз жоқ, бірден жас шеберді сұрағаны несі? Бет-моншағын белбеуіне түйіп келгендегі шаруасы жалғыз-ақ сол шебер жігіттің жаны ғана болғаны ма? Оның ешқандай жазығы жоқ. Бұл не дегені? Әлде әлгі жас жігітті қанды жазаның құрығынан құтқарып қалғысы келді ме. Ендеше, неге жалынбадың, жалбарынбады. Мұның әлгі білем деген бір ауыз сөзін кешірімге жорыдыма екен? Иә, ол екеуінің арасында ештеңе болмағанын бұл біледі. Бірақ ажалдан да тайсалмай, аспандағы айға қол созған ессіз жігіттің алтын тажді падишаның абыройына дақ түсіре жаздаған астамшылығының бәрібір кешірмейді. Әлгі көп шуылдақтың ештеңе естімей жатып ауыздары қышып, көкіп жүргендерін тезірек шынға шығаруы қажет.
Зухра: Әміршінің ойы жылан арбаған торғайдай бір төңіректен шырқ айналып шыға алмай қойды. Бірақ мынау жер астынан жік шыққандай ойда жоқта сап ете қалған сұмпайы тұспалға көңілі әбден құлап тұр. Бәлкім, ханым өз құшағына ынтық болған асау дәмелі албырт жігітті тек мүсіркеп қана қоймай, өзі де алабұртып аңсаған шығар. Есіне анау жолға ханымның бөлмесіне барғаны сап ете қалды. Енді тапты Ханымның сол жолғы түсінде құшып жүрген еркегі басқа ешкімде емес-әнеукүнгі монтаны жігіт.
Ерасыл: Кіші ханым да дәулетке де, дәрежеге де місе тұтпай, жұмыр басты пенденің қай-қайсысына да тиесілі кәдімгі пенделік бақытты, пенделік қызықты аңсағаны ғой. Жұмыр басты пенденің қыл - қыбыры аралас қарапайым қызығының жолында тажбен тақты да құрбандыққа шалуға пейіл болғаны ғой. Алтын менен асылға толы сарайдан не керектің бәрін тапқанмен, сол бақытты таба алмай, аласұрған болдығой. Кіші ханым аңсаған әлгі пенделік бақыт мұның өзінде барма осы? Тақтың барын біледі. Бірақ бақытқа келгенде өзінің де тілі күрмеліп қалмай ма? Ызғандай ұрпақ, мол ырыстың ортасында отырып, айдалада жалғыз қалғандай, айналасы құлазып тұрса, мұның несі бақыт!
Аққу: Ол мынау қарғыс атқан қағыңды өлкеден алыстаған сайын басындағы зіп-зілдей таждай, үстіндегі оқалы киімнен арылып, тұла бойы жеңілиіп бара жатқандай көрінді. Бір уақытта тіпті иығындағы лыпа ихрамға айналып кеткен екен дейді. Ақ майса топырақты жалаң аяқ борп-борп басып келеді. Көз алдында бұл бұрын көрмеген бейтаныс өлке. Күн мен жел мүжіп тастаған қоңыр таулардың ортасында шағын шаһар жатыр. Соған қарай ұзын-шуақ көп тобыр жөңкіліп барады. Сондарында ілбіп бұ да келеді. Әлдебір сөздерді қырық қайтара қақсай бергендіктен тамағы құрғап, дауысы қарлығып қалыпты. Қанша айқайласа да, үні шықпайды. Тек еріндері ғана жыбырлайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген