ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУҒА КӨМЕКШІ ҚҮРАЛ
Материалдың қысқаша нұсқасы
`(сырты)Білім беру және «Қазақстанның педагогикалық академиясы»
корпоративтік қорының ғылыми қауымдастығы

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне
арналған қосымша оқу-әдістемелік құрал

Шымкент 2016 (Мұқабасы)

(ішкі беті)
Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау
дағдыларын дамыту мен жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін
сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді.
Кітап қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, жас мамандарға, оқушыларға
арналған.

«Эссе жазып үйренейік» курсының бағдарламасы
1. Эссе деген не?
2. Эссенің басқа жазба жанрлардан айрмашылығы
3. Эссе жазуға қойылатын талаптар
4. Эссе жазу үшін нені меңгеру керек?
5. Қазақ тілінің орфографиясы
6. Тыныс белгілерді дұрыс қойып үйренейік
7. Сөз өнері- жазу үшін қажетті асыл өнер
8. Практикалық сабақ
9. Эссені тексеру мен бағалау
10. Қазіргі эссе үлгілері
1

Эссе жазуға көмек
Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі
іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын
жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең
негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек
маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере
алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын
маман болуы тиіс. Мектеп мұғалімдеріне ұсынылып отырған бұл көмекші
құрал сондай өткір мәселені шешуге көмек болады. ЮНЕСКО-ның шешімі
бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам
көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті
болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық
иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық
бағытта эссе жазылып жүр.Сондай эссе жазушыларға көмек ретінде ұсынылып
отырған жұмыстың нәтижесі - алғашқы жылдардан қалалық байқаулардан
алған жүлделеріміз.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) –
философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және
тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін
прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал
«эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон
кітаптарын жазып шығарды.
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен
болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.
Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан
азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әртүрлі тезистер, дәлелдер
келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал
келтіріледі.Эссе - жеке әсер етуді және нақты сылтау бойынша пікір ойды
білдіретін кішкене көлем мен еркін композицияның шығармасы.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу,
таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша
автордың көзқарасын ашу, таныту. Бұдан басқа
Эссенің классификациялары.
Мазмұны жағынан эссе келесідей болады:
 философиялық,
 әдеби- сындық,
 тарихи,
 көркемдік,
 көркемдік-публистикалық
2



рухани-имандылық және т.б.

Қалыптары бойынша эссе келесідей болады:
 пікірсараптық,
 лирикалық миниатюрлық,
 ескертпелер,
 күнделіктен жазбалар,
 хаттар және басқа.
Эссе бөлінеді:
 сипаттамалық,
 баяндамалық,
 рефлексивтік,
 сындық,
 талдаулық және басқа.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс
елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі:
5-сынып 70 -80 сөз
6-сынып 80-90 сөз
7-сынып 90 - 100 сөз
8-сынып 100 – 150 сөз
9-сынып 150- 200 сөз
10-сынып 200- 300 сөз
11-сынып 300 -400 сөз
ЖОО –дағы студент 500 сөз немесе 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе
жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.
Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын
нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе,
эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе
аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды,
сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс
таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін
меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп
сабақтастыра жаза білу.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Деректі дәйектер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
3

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке ұстанымы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, слэнг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.
Эссе жазуға қалай дайындалу керек?
Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру
керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды
кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты
мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен
іс-әрекеттерді күтемін?»
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?
Ол:
-Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
-Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
-Оқырмандарды ақпараттандыру;
-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
-Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
-Іс-әрекетке түрткі болу.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?
Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға
оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін
білу.
Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай
жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын
білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті
және айқын болады.
4

Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін,
сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз
көзқарастарын анықтауға тырысу керек.
Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны
түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес
оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.
Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай
отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға
көмектесе аласыз.
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз
аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі
мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері
дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында
автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар
туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне
автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына
(әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің
тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана,
интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет
ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы
адамдардан алынған ақпараттар да қажет.
Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру,
жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: деректерді тексеру керек,
өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар
материалдарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір
мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда
да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.
Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың
арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Ең
жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды
ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да
маңыздырақ ақпараттар алынады.
Қорытындыға тілдік клише:
• Осылайша, жоғары баяндалғандар негізінде қорытынды жасауға
болады …
• Қорыта отырып, айтқым келеді …
• Жоғары баяндалғандар негізі келесіге тіркеледі …
• оқылған мәтіннің негізінде тұжырым жасауға болады…
• Айтылғандарды қортыа отырып, айтуға болады … Бұдан … шығады
• Мен мәтін нің авторына шынымен ризашыцлығымды білдіремін, өйткені
ол мені ... ойландырып тастады
• Бұл мәтін мен тағы да ... екеніне сендірді
5

• Қортындыда мен автордың тырысқаны бекер кетпегенін айтамын,
олар менің ішкі дүниемді мәселелерді жақсы түсінуге үйретті.
• Бұл мәтін мәселеге терең үңілуге, біздің өміріміздегі маңызды нәрселерді
қайта бағалауға үйретті
Ақырында эссе жазу барысында қажет болатын бірнеше кеңестер
береміз: 1. Мәтіннің жанрын анықтауда сақ болыңыз: оны әңгіме немес статья
деп атауға асықпаңыз, өйткені сіз қате жіберіп алуыңыз мүмкін. Мәтін,
фрагмент, үзінді сөздерін қолданған дұрыс.
2. Егер сіз авторлық неологизмді қолдансаңыз, оны міндетті түрде
тырнақшаға алыңыз, әйтпесе мәтінде бұл сөз грамматикалыө қате болып
есептелінеді.
3. Этикалық нормалады сақтаңыз: дөрекі, балағат сөздерді қолданбаңыз
Эссені келесі жоспармен жазу керек:
● Қарастырылатын мәселемен байланысты берілген мәтіннен цитата
Өмірлік тәжірбиені қолдана отырып:
• Менің қарапайым өмірлік тәжірбиеме қарамай, осыған ұқсас жағдайды
есіме түсіремін (менің досым, сыныптасым, жерлесім) …
● автор өмірбаянының, көзқарастарының,сенім-нанымының
деректеріне көз салу
II. Мәселені тұжырымдау:
Мәтінде "мәселе" сөзі (немесе "сұрақ") міндетті түрде айтылуы
керек.
Сондай-ақ келесі тілдік клишелерді қолдануға болады:
Мақұлдау

Бейтарап ұстаным
(деректер
констатациясы )

Айыптау, мінеу

Автор.. . туралы жүрегі езіле
Автор таңданады...;
отырып жазады
Автор... туралы ойлайды,
ұтылады...,
...туралы қинала отырып
Оқырманды диалогқа
сұқтанады..., бізбен бірге
айтады;
...шақырады,
қызықтауға шақырады...,
Авторың ... наразылығын
Өз ойларымен бөліседі,
болып жатқандарға
тудырады;
Оқырман алдына маңызды
қызықтай бақылап
Автор... келісе алмайды,
көкейкесті мәселені
отырады..,
Ащы мысқылмен .... туралы
қояды,
мейірімді дос және
жазады ;
Өмірлік күрделі
ақылды кеңесші ретінде,
Өзінің ...эмоциональдық,
(философиялық)
автор бізбен бірге
автор қобалжыған ойларын
ұғымдарды түсіндіруге
әңгімелеседі
мазасызқорытындымен
жазады
Эссенің құрылымы және жоспары
Эссенің құрылымы оған талап етілетіндермен анықталады:
6

1. Эссенің авторының ойы қысқаша тезистер қалыпындағы мәселелер
бойынша баяндалады.
2. Ой дәлелдермен бекітілуі керек - сондықтан да тезистен кейін дәлелдер
беріледі. Мысль должна быть подкреплена доказательствами - поэтому за
тезисом следуют аргументы
Дәлелдер бұл фактілер, қоғамдық өмірдің, оқиғалардың, өмірлік
жағдайлардың және өмірлік тәжірбиенің, ғылыми дәлелдеулердің,
ғалымдардың пікірлерге бағыттамалардың құбылысы. Әр тезистің пайдасына
екі дәлел келтіргеніміз жөн: бір дәлел нанымсыздау болады, үш дәлел жанр
түрінде орындалып, қысқаша және образдауға бейімделген баяндаманы
күрделендіріп жібереді. Осылайша эссе дөңгеленген құрылымға айналады
(тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдап алынған жоспарға, ойдың
қисынды дамуына байланысты):
 кіріспе
 тезис, дәлелдер
 тезис, дәлелдер
 қорытынды.
Тезистерді мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?
Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын деректер болып, автор оларды
қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен
қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы
баяндауға айналдыру қажет.
Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі
композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және
мінсіз (өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке
тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертп т.б.
болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек.
Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.
Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған
мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді,
жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін
құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты
мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әртүрлі айқындау құралдары
қолданылады.
Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған
мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңілкүй мен сезімді анықтайды.
7

Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе
индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және
қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы
жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.
Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі
тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни
мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің
дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі
туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып,
кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден
сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-аудың жатықтығына, ойдың
логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек.
Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы,
тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.
Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі
заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті
кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын
бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану
барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді
қиындатады.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?
Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға
оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін
білу.
Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек.
Эссе үлгілері
Ұстаздық еткен жалықпас
Жоспар:
І Кіріспе
Ұстаз –адам жанына білім дәнін себуші
ІІ Негізгі бөлім
1) Адам тәрбиелеу – ұлы міндет
2) Жүрегімнің қалауы – ұстаздық
ІІІ Қорытынды
Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға
«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген
сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол - нағыз ұстаз»
Л. Н. Толстой
8

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой
иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам
қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің» бетін
ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең
түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке
баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан
сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп,
өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ,
адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін
шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына
ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне –осы, өйткені
әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты
ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен
көрінгісі келген кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс
жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге
қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері
анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші
білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім
беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл
мәселені шешудің кілті ұстаз қолында деп білемін, себебі ұстаз елдің ертеңгі
тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті
атқарушы – ұстаз.
Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен
жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп,
одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы
нағыз ұстаз болу – кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы
таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық
пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен
білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге
өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дарқан
адам.Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл
мамандық содан да киелі. Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды
аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз
білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді
барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен
озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз, өйткені өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.
Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам
сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын
9

болуы қажет деп ойлаймын. Мұхаммет Мұстафа (c.a.у) бір хадисінде: «Маған
бір әріп үйреткеннің 40 жыл құлы боламын», - депті. Өзім оқытушы болсам да,
мені оқытқан мұғалімдерімнің алдында әрқашан басымды иемін. Осындай
дәрежеге жетуіме олардың қосқан үлесі ұшан-теңіз деп білемін.
Қазір өзім де қазақ тілі пәнінің оқытушысымын. Мен ұстаздықтың ауыр
жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Студенттік шағымнан
бастап менің намысымды қозғайтын бір өзекті мәселе қазақ тілі мәселесі еді.
Сол себепті «өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолында өз үлесімді
міндетті түрде қосуым керекпін» деген оймен осы мамандықты таңдаған едім.
Әрине, өкінішті жайттар да болған еді,дегенмен «бейнет түбі-зейнет» демекші
осы бағыттағы үйренем деген студенттеріммен бірге жеткен жетістіктеріміз
қуантып, әрі осы бағытта жұмыс істеуге өз басымды жігерлендіреді.
Студенттерімнен алғыс естіген уақытта менен бақытты адам болмайтын тәрізді.
Сол кезде өз басым мұғалімдік жолын таңдағаныма қуанамын. Әрине, егемен
мемлекеттің мемлекеттік тілі болмайынша, ол мемлекеттің болуы мүмкін емес.
Сол себепті қазіргі уақытта тіл үйрету мәселесі қазақ мектебі үшін де, орыс
мектебі үшін де ерекше орында тұр.
Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым – студентті тұлға деп тану,
оның пікірімен санасу, кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Ұстаздық
қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және
мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Қытай
философының «Маған жай айтсаң, ұмытамын, көрсетсең,есімде сақтаймын, ал
өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң, үйренемін» деген даналығы білім алушының
білімге ықыласын аттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың
маңызды екендігін көрсетеді.Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық
материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдістәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын
білім беру, өйткені тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп
ойлаймын. Оқулықтағыны студент өзі де оқып алады.Сондықтан бүгін білім
берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан-жақты академиялық
білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы
сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық
қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір
біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа
оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды
білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары
еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені жаңа
ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің
барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол
ашу үшін іргелі өзгерістер керек. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге
ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір
сәтте естен шығармағанымыз жөн.
10

Шәкірт
қабілетін
жан-жақты
дамытып,
шығармашылығын,
ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана
қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім
кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі бүгінгі
ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі
болмақ. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап
беретін, жан-жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушы
білімінің дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. Ол үшін
мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері
болуы міндетті.
Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық
бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деген
қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп
алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.
2050 жылғы Қазақстан
Жоспар:
І Кіріспе
Ата-баба аңсаған тәуелсіздік
ІІ Негізгі бөлім
1) Жүзеге асқан стратегия
2) Болашаққа болжам
ІІІ Қорытынды
Алыстан алаш десе ,аттанамын,
Қазақты қазақ десе, мақтанамын,
Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
Міржақып Дулатов.
Ата-баба аңсаған ұлы мұрат жолы, яғни осынау «тәуелсіздік» деген асыл
ұғымның жолында талай жан құрбан болды. Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз:
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,–деп текке айтпаған іспетті. Қазақ
аштықты да, жоқтықты да, небір сұрапыл дүниені де көрді, бірақ өмірге деген
құштарлық пен азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан
тәуекел тұғырына қондырып отырды. Кешегі Абылай,Тәуке хандарымыз, одан
бері Махамбет, Кенесары батыр бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке
жеткенімізге міне 23 жылдың жүзі болды. 23 жылда жеткен жетістіктеріміз
бізді дамушы елдердің алдыңғы қатарына шығарды. Қазіргі қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заманда еліміздің өркендеуі қарқынды түрде жүріп
11

жатыр. Біздің осылай бақытты, тәуелсіз болып отыратынымызға кім сенген?!
Олай болса, мен де болашаққа көз салып көрейін. Алдымыздағы асулардың әр
жағындағы Қазақстанды мен қалай елестетемін?
Бүгінде Қазақстан жаһанға аты әйгілі елдердің қатарында. Мұндай елдер
қатарына қосылу жолында Елбасымыздың атқарған үлесі мол. Барлығы да
еліміздің ертеңі мен бүгініне арналған. Жұдырықтай жұмылған ел сенімін
арқалаған көшбасшы бірлік пен татулықты, намыс пен мақсатты пір тұтты. Дәл
осындай қарқынмен еліміз «Қазақстан –2030» стратегиялық бағытын жүзеге
асырып, дамыған 50 елдің қатарына кірді. Өркениетті ұлтымыз үшін, еліміздің
дамуын тежемей, керісінше, дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатында
Елбасымыздың қолдауымен «Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламасын
қабылдадық. Осы стратегия қабылданғалы еліміздің болашаққа деген сенімі
арта түсті. Менің ойымша, 2050 жылы Қазақстан Еуропа елдерінен асып
түсетіндей дәрежеге жетеді. Сонымен қатар адами құндылықтар артып, біз
ойлағаннан да ерекше сәулетпен гүлденері сөзсіз.
2050 жыл... Қөз алдыма небір адам қолынан келмейтін ғимараттар,
сонымен қатар халық саны едәуір артқан, уайым-қайғысыз ата-аналар мен
бақытты балалар келеді. Сәулеті мен дәулеті келіскен қазақ елінің бағы үстем.
Елбасы салып берген дара жолдан жаңылмай, жас ұрпақ та биік белестерге
жете берері сөзсіз. Мен Қазақстанның болашағын ғажайып арманмен
елестетемін. Батысымыз мұнайланып, жаңа зауыттар мен машина құрастырушы
зауыттың түр-түрі, Оңтүстігімде «Оксфорд», «Гарвард» сияқты университеттер
мен жаңа ірі оқу орындары, Шығысымда - роботтар құрастырушы зауыттар мен
«Бренд тауарлар» орталықтары, Солтүстігімде «Ақпарат таратушы құралдар»
орталығы, ал Орталығымда зәулім ғимараттар мен бизнес орталықтары іске
қосылса.
Қасиетті Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау басқа да шұрайлы аймақтарда
шипажайлар бой көтеріп, нағыз туристік орталыққа айналсақ! Шетелдегі
бауырлардың бәрі оралған. Қаламыз толы қаракөз қазақтар. Санымыз 25
миллионнан асады. Керемет жетістік!
Мұнай өндіруден үшінші орын. Білім сапасы жоғары. Адам саны
жетерлік. Көлік жасаудан да қалыспаппыз. Жаһандық даму деп осыны айт.
«Құралай» мен «Әдемі-ай» бренд тауарларын шетелдік туристер іздеп келіп
алып жатыр. Сауда қарқыны керемет!
Шіркін армандар! Еңбектенсе, орындалмайтын арман болмайды екен.
Асқақ арманға жету үшін ертеңгі күннің жұмысын бүгіннен бастайық.
Қорыта айтқанда, мен 2050 жылы Қазақстанды әлемдегі ең бақытты,
дамыған, үздік мемлекет етіп елестетемін. Қазақ халқы тек экономикалық
жағынан емес, мәдениеті, салт-дәстүрімен де көшбасшы болып тұрады. Қазіргі
кездегідей орысша сөйлегенді мақтан тұтпай, бір-бірімен қазақша сөйлесіп,
теледидардың барлығы мемлекеттік тілде сайрап тұратындай деңгейге жетеміз.
Мен сенемін,сену керек арманға,
Бұл арманым орындалса таңданба!
12

Барлық халық тек қазақша сайрасын,
Күнтізбеміз 2050 болғанда!
Мемлекеттік тіл–менің тілім
Жоспар:
І Кіріспе
Туған тілге құрмет
ІІ Негізгі бөлім
1) Ана тілдің қасиеті
2) Қазақ тілі – қазақстандықтарды біріктіруші фактор
ІІІ Қорытынды
Тілімізді сақтаудың тиімді жолы
«Ана тілі- бәріміздің анамыз,
өйткені ол – ұлтымыздың анасы»
Н.Ә.Назарбаев
Тіл қай елде, қай ұлтта болсын - қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым. Тіл
әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған
тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала
кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген
ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.Тіл – халықтың
рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның
қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең
қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен
қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы,
тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір
ұлттың мақтанышы. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он
үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының жазушысы ұлы
Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек
еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз.
Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі
тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен
түңілмедім,»-деп жырласа, Мағжан Жұмабаев: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,
бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір
белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың», - деп толғанады. Осы екі
ақын да сол кездері тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында
бізге деген сенім де жатыр.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі
кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза
қазақ қылатын кез болды. Бүгінде кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де
сөйлемеуі қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті
13

болып табылады.Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің
«Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік», - деп ашына айтқаны ойға
оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына қолынан
келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кезде көптеген қазақ
жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы
қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды
қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды
ұмытумен бірдей. Әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, ана
тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын да аз толғандырып
жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде» дегені. Ал кейінгі «Қазақстан 2050» жолдауында айтылған «Біз барша
қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің
мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күшжігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан
халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр. Қай қоғамда да
тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып
отыр.Солардың бірі ана тіліміздің аударма тілі болып отырғандығы мені қатты
алаңдатады. Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын Ш. Смаханұлының
бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды: Қазіргінің баласы, Көп
білем деп көкиді. Әкесінің жазғанын, Аудармадан оқиды. Қазіргі шындық –
осы.
Қорыта айтқанда, тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа
елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі.
Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп,
егемен ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана
тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түпқазығына айналдыру – әрбір ұлтжанды
азаматтың басты міндеті. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді
сақтаудың тиімді жолы отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние
туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш-ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені
жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз.
Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуі
үшін азаматтарымыз қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек дегім келеді.

14

Денсаулық – зор байлық
Жоспар:
І Кіріспе
Денсаулықсыз өмір қызықсыз.
ІІ Негізгі бөлім
Салауатты өмір салтын ұстану.
ІІІ Қорытынды
Денсаулықты сақтау – өз қолымызда
Дені саудың жаны сау.
халық мақалы
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу
үшін уақытты да, күш-жігерді де, еңбекті де, тіпті барлық дүниені аямай
жұмсау керек. Денсаулықсыз мына өмір қызықсыз деп білемін.
Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты –
денсаулық. «Денсаулық – зор байлық» деп халқымыз тегін айтпаған.
Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті
түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену – әрбір адамның
басты міндеті.
Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың
қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп
жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде, кез
келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спирттік ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген
дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе,
жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар – қатерлі ісіктің
пайда болуына тікелей себепкер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды.
Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге
болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең
қорқыныштысы адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын.
Аурудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында
демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе, жасы
ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт,
көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс
тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.
Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында,
саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе,
таңғы таза ауада серуендеп,әртүрлі жаттығулар жасауға болады.
Қорыта айтқанда, денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде.
Қазіргі таңда аурудың түрі көбейіп барады. «Тірі адам түбінде бір ауырмай
15

тұрмайды» деп данышпан Ж.Баласағұнның айтқан сөзі рас сияқты, өйткені
әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар,бірақ біз сол аурулардың
шарықтауына жол бермей, оны емдеуіміз қажет. Яғни «Ауруын жасырған
өледі» деген сөзді есте ұстап, адам өз бойындағы сырқаты бойынша
дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Денсаулық адам
өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз
денсаулығына көңіл бөлуі тиіс.
Достық
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын!
С.Сейфуллин
Жоспар
І Кіріспе
Достық – асыл қазына.
ІІ Негізгі бөлім
«Досы жақсының өзі жақсы»
ІІІ Қорытынды
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ
көзқараста болатын қасиеті. Достық –өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,
рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде
кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен
қиыншылықты бірге көтеруге көмектеседі. Дос-жарандардың мінездері әртүрлі
болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде
тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды,
қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық,
екіжүзділік, өтірік айту, өзімшілдік достықпен сыйыспай
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
13.12.2023
2056
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі