жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілінен жылдық есеп
Омар Мухаммадий атындағы орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Жумабаева Дианура Абилхановнаның
жылдық есебі
2020-2021 оқу жылы
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,
өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин
Педагогикалық мақсатым: Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту.Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы
тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.
Педагогикалық тұжырымдамам: үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістеме-лік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру.
Мен Жумабаева Дианура Абилхановна 2020-2021 оқу жылында
1 «В,ГД,Е», 4 «В» 7 «В» сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін.
Диплом бойынша мамандығым: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.
Апталық жүктемем: 22
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар оқу бағдарламасына сай келеді.
Қыркүйек айында оқу бағдарламасын, әдістемелік-нұсқаулық хатын басшылыққа ала отырып жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрып, бекіттім.
Күнделікті сабақ барысында қазақ тілінен үлгерімі төмен оқушылар кездесіп жатады. Сондай оқушылармен қазақ тілі пәнінен жоспар құрып бекіттім. Жоспар бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргіземін. Оқушылармен қосымша сабақтар өткіземін, әр сабақта морфология,лексика, синтаксис, фонетика тараулары бойынша тапсырмаларды және тест жұмыстарын жүргіземін.
Қазан айында Республикалық «Даму» педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы ұйымдастырған «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар» атты онлайн курсты оқыдым.
«Қараша» айында өткізілген
Республикалық «Қазақ тілі» Блиц-турнирінде І дәрежелі Дипломға ие
болдым.
Қараша-желтоқсан айында «Uztaz
tilegi»ұйымдастырған «Үздік педагог» және қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті пәнінен ұстаздар олимпиадасына қатысқандығым туралы
сертификат алдым.
Желтоқсан айында «Тәуелсіздік
күні» мерейтойына ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға
оқушыларымды қатыстырдым. «Көркем жазу», «Сөз мерген», «Қысқы
пейзаж» номинациялары бойынша жүлделі орындар алды. Және Абай
Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Абай шығармашылығын насихаттауда
1 сынып оқушысы Кудайбергенова Айшам диплом
алды.
Осы орайда оқушыларды
дайындағаным үшін Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен
мараппаталдым.
Қаңтар айында қазақ тілінен 4
«В» сыныбына «Алматы мен Нұр-Сұлтан» тақырыбында зерттеу сабағын
(Lesson study) өттім. Lesson study – дің басты
мақсаты: Оқушыларға білім алуға
көмектесу;
Менің зерттеу сабағымның жоспарын талқыладық, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.
Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.
Менің зерттеу сабағымда : Сабақтың тақырыбы: «Алматы мен Нұр-Сұлтан» болды. Оқушыларға оқулықтан тапсырма берілді,дескриптор айтылды. «Микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасына жауап берді. «Ойтүрткі» арқылы сабақтың тақырыбы ашылды. «Шынжыр» әдісі арқылы жаңа сөздерге сөз тіркесі мен сөйлем құралды. «Кім жылдам» әдісі арқылы оқу болды. «Допты қағып алу» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Топтық жұмыстар болды. Сабақты бекіту кезінде «Кір жаю» әдісін қолдандым.
.
Ақпан айында «Ustaz tilegi» ғылыми
–әдістемелік орталығы ұйымдастырған «SMART педагог» атты
республикалық байқауында ІІ-дәрежелі дипломмен
мараппаталдым.
Оқушыларым қашықтық олимпиадаларға үнемі қатысып отырады.
«Шығармашылық мұра» атты
Мұқағали Мақатаев- қазақтың ұлы ақыны, жазушының 90-жылдығына
арналған ІV шығармашылық қашықтықтан өткізілген байқауда оқушыларым
І орын жеңімпазы болып марапатталды.Жетекшілері ретінде мадақтама
берді.
Наурыз айында қазақ тілінде
оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар
арасындағы блиц-турнирдің І-дәрежелі дипломмен
марапатталдым.
PISA халықаралық зерттеуі
аясында «Оқушылардың функционалды арттыруға бағытталған кәсіби
педагогикалық құзіреттіліктерді дамыту»бағдарламасы бойынша курсын
оқығаным үшін куәлік пен сертификат
берілді.
Менің тәлімгерім Мамутова Халида апай маған өз тәжірибесімен бөлісіп,өз білгенін үйретті. Оқушылармен қалай қарым-қатынас жасауды, сабақты қалай түсіндіруді, жаңартылған бағдарлама бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді үйретті. Сабақтарыма кіріп қадағалап, қателіктерімді түзеп айтып отырады. Қысқа мерзімді жоспар жасауда да көмектесіп отырады. Қазіргі қашықтықтан оқыту кезінде қандай әдіс-тәсілдер қолдану керектігінде айтып отырады.
2020-2021 оқу жылы бойынша білім сапасы:

Қандай мәселе болмасын жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді адан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол.
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімді тоқтатпаймын
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген