Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінен оқылым тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен оқылым тапсырмалары 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау үшін арнаған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоян өзін қалай қорғайды

Қоянның өткір тырнағы да, азулы тісі де жоқ. Оның есесіне ұп-ұзын сақ құлағы мен желдей ескен жүйрік аяғы бар. Оның жауы көп, ал одан құтылудың жолы біреу-ақ, онысы: қауіп-қатерді дер кезінде сезіп-біліп, зыта жөнелу. Қоян желдей есіп, зымырайды жәнс оның үстіне ізінен адастырып кетеді. Ал енді мықты болсаң, ізін кесіп көр.

Демек, бұл қоянның қорқақтығы емес, нағыз сауысқандай сақтығы болып табылады. Дегенмен, қоян кейде өзін басқаша да қорғай алады. Ол жапалақты немесе үкіні дер кезінде байқай қалса, шалқасынан жата қалады. Мұндайда оған жақындамаған жөн, өйткені оның артқы аяқтары кәдімгідей қауіпті, күшті болады. Теуіп жіберсе, жапалақ пен үкі түгіл итті де оңдырмайды.

103 сөз, «Негеш» балалар энциклопедиясынан


Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:


  1. Мәтінге сай ақпаратты белгіле:

  1. қауіп-қатерді дер кезінде сезіп-біледі

  2. қоян өзін қорғай алмайды

  3. оның артқы аяқтары әлсіз болады

  4. қоянның өткір тырнағы бар


  1. Қоян өзін қалай қорғайды?

  1. Азулы тістерімен

  2. Өткір тістерімен

  3. Ұзын аяқтарымен

  4. Қоян өзін қорғай алмайды


  1. Қоян жапалакты, не үкіні дер кезінде байқай алса, не істейді?

  1. Зыта жөнеледі

  2. Шалқасынан жата қалады

  3. Ұзын құлағымен бетін жабады

  4. Тығылып қалады


  1. Қоянның артқы аяқтары неліктен қауіпті?

  1. желдей есіп, зымырайды

  2. ізінен адастырып кетеді

  3. шалқасынан жата қалады

  4. теуіп жібереді


  1. Мәтінде жауабы бар сұрақты белгіле

  1. Қоянның қанша жауы бар?

  2. Қоянның өзін қорғайтын дене мүшесі қандай?

  3. Қауіп-қатерді сезінсе, қоян қайда зыта жөнеледі?

  4. Қоян өз терісінің түсін неліктен өзгертеді?



Шай

Шай Қытайда біздің заманымыздан 2700 жыл бұрын пайда болған. Кейініректе шай Үндістанға, Индонезияға, Шри-Ланка аралдарына тарады. Ресейде шайдың дәмін осыдан екі жүз жылдан астам бұрын патша сарайындағы адамдар татып көрді. Бұрын Ресейге шай Қытайдан жеткізіліп тұрды. Ауқатты адамдар шайды көптеп алғызатын болған. Түйелі керуенге тиелген шайдың тендері Нижегород жәрмеңкесіне жеткенше бір жылдай уақыт кететін. Шай жер-жерге осы жәрмеңке арқылы жеткізілетін еді. Шай негізінен қара және көк шай түрінде болады. Оның толып жатқан атаулары бар. Шайдың құрамындағы кофейннің адамды сергітетін қасиеті бар. Танин шайға дәм берсе, ал эфир майы хош иіс береді. Қазақстанда шай өте кең тараған және оның түрлері де көп. Қазір шайдың құрамына түрлі дәндер қосып, олардың дәмін түрлендіріп шығарады.

112 сөз, Журналдан.


Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:



  1. Шай қай елде пайда болған?

  1. Үндістан

  2. Қытай

  3. Индонезия

  4. Шри-Ланка



  1. Ресейде шайды ең алғаш кімдер татып көрген?

  1. Жәрмеңкедегі адамдар

  2. Патша сарайындағы адамдар

  3. Жергілікті халық

  4. Көпестер



  1. Шайдың құрамындағы кофейннің қасиеті қандай?

  1. Хош иісі бар

  2. Адамды сергітеді

  3. Дәм береді

  4. Тыныштандырады



  1. Шай жер-жерге қай жәрмеңке арқылы жеткізілді?

  1. Қытай

  2. Үндістан

  3. Нижегород

  4. Индонезия



  1. Шайдың түрлері қандай?

  1. Танин, эфир майы

  2. Кофейн, танин

  3. Кофейн, эфир майы

  4. Қара, көк



Қазақстан тәуелсіздігі

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды.

Заңда «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады» деп жазылған.

Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды.

1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. 


Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:


  1. Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы не?

a) адам

b) адамның өмірі

c) адамның құқықтары

d)адамның бостандығы

e) аталғандардың барлығы


  1. Конституцияның жаңа нұсқасы қашан қабылданды?

a) 1991 ж.16 желтоқсан

b) 1993 ж.28 ақпан

c) 1995 ж.30 тамыз

d) 1991 ж. 28 ақпан

e) 1995 ж.16 желтоқсан


  1. Қазақстан республикасы өзін қандай мемелекет ретінде орнықтырады?

a) демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет

b) демократиялық, зайырлы, тәуелсіз және әлеуметтік мемлекет

c) демократиялық, зайырлы, құқықтық және егеменді мемлекет

d) тәуелсіз, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет

e) демократиялық, тәуелсіз, құқықтық және әлеуметтік мемлекет


  1. «Правовой» сөзінің қазақша баламасын тап:

a) саяси

b) зайырлы

c) мемлекеттік

d) құқықтық

e) әлеуметтік


  1. «Тәуелсіз» сөзіне мағынасы жақын сөзді тап:

a) бостандық

b) еркін

c) тәуелді

d) бодан

e) мемлекеттік

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
6422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12