Материалдар / қазақ тілінен тест сұрақтары 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қазақ тілінен тест сұрақтары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоғызыншы сыныптарына және қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
13008
28 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілінен тест сұрақтары

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз
А) б, в, г, ғ
В) л, м, н, ң
С) з, ж, й, к
Д) к, қ, т, с
Е) а, ә, о, ө
2. Тек қана түбірден тұрған сөзді анықтаңыз
А) Улану
В) У
С) Ула
Д) Уланды
Е) Улау
3. Тура мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Қара шаш
В) Жұмсақ мінез
С) Қатты сөз
Д) Ақ жүрек
Е) Суық хабар
4) Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз
А) Мөлдір су
В) Ақ көйлек
С) Ескі дос
Д) Жаңа дүкен
Е) Кең көше
5. Қағидалар сөзінің синонимін анықтаңыз
А) ұстанымдар
В) реттілік
С) пайда
Д) тездетіп
Е) асықпай
6. Антонимдерді табыңыз
А) Жоғалту - табу
В) Алу - оқу
С) Көтеру - үлкейту
Д) Бару - отыру
Е) Ескерту - шақыру
7. Мақалдың баламасын анықтаңдар:
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
А) Где пища водится, там болезнь не заводится.
В) Масло плову вкус придает
С) Сытому не понять цену хлеба
Д) Когда котел кипит, у человека мысль бурлит
Е) От плохого человека пол ложки еды остается
8. Тәуелдік жалғауын көрсет
А) - сын,- сін
В) - мын,- мін,- пын,- пін
С) - мыз,- міз,- быз,- біз
Д) - м,- ым,- ім
Е) - сыз,- сіз
9. Шығыс септіктің септеулігін табыңыз
А) дейін, шейін, қарай, тарта, жуық
В) туралы, сияқты, үшін, сайын
С) кейін, соң, әрі, гөрі
Д) бірге, қатар
Е) сияқты, үшін, гөрі
10. Берілген сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз
Жақын жерде асхана бар ма?
А) сұраулы шылау арқылы
В) интонация арқылы
С) сұрау есімдігі арқылы
Д) оқшау сөздер арқылы
Е) көмекші есімдер арқылы
11. Сөйлемде берілген сан есімнің түрін ажырат
Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
А) болжалды сан есім
В) реттік сан есім
С) есептік сан есім
Д) топтау сан есім
Е) бөлшектік сан есім
12. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің атқаратын қызметін анықтаңыз:
Қымыздың бұл түрлері қарттар мен балаларға беріледі.
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) анықтауыш
Д) толықтауыш
Е) пысықтауыш
13. Біріккен сөзді анықтаңыз
Сол - ақ екен, Мырзабай өкпелеп, аузын томпайтып, жатып қалды.
А) Сол - ақ екен;
В) Мырзабай
С) өкпелеп
Д) аузын томпайтып
Е) жатып қалды
14. Қос сөзді көрсетіңіз
Бұл – әрі жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық - түліктің мол қоры.
А) бұл – әр жыл сайын
В) қайталанып отыратын
С) қыстық
Д) азық - түліктің
Е) мол қоры
15. Күшейткіш үстеуді табыңыз:
А) салқын
В) салқындау
С) ең салқыны
Д) салқынырақ
Е) салқындайды
16. Сын есімнің шырайларын атаңыз
А) негізгі, туынды
В) дара, күрделі
С) жалпы, жалқы
Д) сапалық, қатыстық
Е) асырмалы, күшейтпелі
17. Болымсыз сын есімді табыңыз:
А) ажарлы
В) әділ
С) ақылды
Д) арсыз
Е) сауатты
18. Тәуелденген зат есімнің сұрағын анықтаңыз А) кім? не?
В) қалай? қандай?
С) нешеу? неше?
Д) не істеді? не істеу?
Е) кімдерің?
19. Өткен шақты табыңыз
А) отырмын
В) келгенмін
С) жүремін
Д) отырамын
Е) келермін
20. Сын есім тудыратын жұрнақты анықтаңыз:
А) - ды,- ді,- ты,- ті
В) - ып,- іп,- п
С) - мақ,- мек,- пақ,- пек
Д) - ар,- ер,- р
Е) - у,- ю
21. Берілген сын есімдерден жұрнақтардың көмегімен болымсыз сын есім жасаңыз.
Дәмді, сүтті, майлы, бұрышты.
A) – ді, – ды
B) – сыз, – сіз
C) – лы – лі
D) – мен
E) – қы, – кі
22. Сын есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Зәулім үйлер қаланың көркіне айналды.
B) Абай мен Ербол қоян қуып ұзақ жүрді.
C) Жиналған жұрт әнге сүйсініп құлақ түрді.
D) Ауыл ұйқыдан әлі ояна қойған жоқ.
E) Елдос ауылға асығыс аттанып кетті.
23. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз:
А) расында
В) меніңше
С) мүмкін
D) сірә
Е) біріншіден

24. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтандар «Аналарды ардақтау жан - жақты қамқорлық жасау – …».
A) тілегіміз
B) көмекшіміз
C) парызымыз
D) қамқорлығымыз
Е) ойымыз
25. Жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болатын кұрмалас сөйлем қалай аталады?
A) салалас
B) сабақтас
C) аралас
D) құрмалас
Е) мезгіл

26. Тұйық буынды қатарды көрсет

А) ата-баба

В) ас-су

С) ас үй

Д) ат-тон

Е) алша

27. Тасымалдауға болмайтын сөз

А) еңбек

В) ас

С) сулы

Д) километр

Е) жүзім

28. Ұяң дауыссызға аяқталған сөз

А) қыз

В) саң

С) Болат

Д) таң

Е) қыс

29. Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықта

А) жіңішке дауыстыдан

В) дауыстыдан

С) қатаңнан

Д) ұяңнан

Е) үндіден

30. Үндестік заңына бағынбайтын сөз

А) сызғыш

В) халық

С) Астана

Д) Қарағанды

Е) ауызекі

31. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есім

А) «балдырған» журналы

В) балдырған журналы

С) Менің атым Қожа хикаяты

Д) «абай жолы» романы

Е) «Абай жолы» романы

32. Термин сөздер

А) Отарба, ұрын бару

В) диалект, садақ

С) эвфемизм, дисфемизм

Д) адырна, найза

Е) сауыт, айбалта

33. «60-70-тей адам жиналды» деген сөйлемдегі сан есім түрін белгіле

А) реттік

В) жинақтық

С) болжалдық

Д) топтау

Е) есептік

34. Есімшенің септелген түрі

А) береке, немере

В) күлгенді, барғанды

С) сонау, аналардың

Д) оқуға, сенімен

Е) берерім

35. Шылауды көрсет

А) жөнінде, беу

В) қатар, гөрі, беу

С) ғана, сайын, әрі

Д) сықылды, әлі

Е) шамалы, қысқасы

36. Еліктеу сөз

А) уақыт

В) ерлік

С) сауық

Д) жылп

Е) көрік

37. Ашық дауыстылардан құралған сөз

А) Көкшетау

В) Ынтымақ

С) Егіз

Д) Сегіз

Е) Ырыс

38. Жай сөйлемнің қай түрі

Қаңтар, 1917 жыл.

А) атаулы

В) жалаң

С) жақсыз

Д) жақты

Е) жайылма

39.Салалас құрмалас сөйлем

А) Жер үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақ жер бетін жасырып жатыр.

В) Ел сүйсе, ер де сүйеді.

С) Теректер мен қайыңдардың шық басқан су жапырақтары табан астында былпылдап жатыр, басқан аяқтың тықыры білінбейді.

Д) Еңбек қылсаң, қара жер де береді, сені құр тастамайды.

Е) Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды.

40. Бұйрықты сөйлемді тап

А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен

В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

С) Мәуелі ағаш майысқақ.

Д) Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.

Е) Өлеңі де жақсы екен.

41. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлем

А) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! деді Бейсен.

В) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!, деді Бейсен.

С) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен, деді Бейсен.

Д) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! - деді Бейсен.

Е) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!: - деді Бейсен.

42. Одағайды көрсет

А) Өзімдікі болса игі еді.

В) Охо, өлкемдегі өмір қандай!

С) Балам, ойымды таба алмадың.

Д) Мынау не деп тұр?

Е) Қой деймін, бала.

43.Сөйлемдерден омоним сөздерді тап

А) Аш жүру – денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма?

В) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.

С) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.

Д) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.

Е) Қаладағы тіршілік қызық екен.

44. Антоним сөзі бар мақал-мәтел

А) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.

В) Татулық – табылмас бақыт.

С) Адал достық алтыннан да қымбат.

Д) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Е) Ашуың келсе, қолың тарт.

45. Қате жазылған сөз.

А) Айдана

В) Өнерпаз

С) Даурен

Д) Кітап

Е) Бөдене

46Тұйық буынды қатарды көрсет

А) ата-баба

В) ас-су

С) ақ ат

Д) ат-тон

Е) алша

47. Тасымалдауға болмайтын сөз

А) еңбек

В) сулы

С) әке

Д) километр

Е) жүзім

48. Ұяң дауыссызға аяқталған сөз

А) қыс

В) саң

С) Болат

Д) таң

Е) жүз

49. Түбір сөз үндіге бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықта

А) жіңішке дауыстыдан

В) дауыстыдан

С) қатаңнан

Д) ұяңнан

Е) үндіден және ұяңнан

50. Үндестік заңына бағынбайтын сөз

А) сызғыш

В) халық

С) Астана

Д) өнерпаз

Е) Қарағанды































Жауаптары

10с

11в

12д

13в

14д

15с

16е

17д

18а

19в

20а

21в

22а

23в

24с

25с

26с

27в

28а

29с

30е

31е

32с

33с

34в

35с

36д

37е

38в

39е

40а

41д

42в

43с

44а

45с

46с

47с

48е

49е

50д



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!