Материалдар / Қазақ тілінен тиімді технологияларды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілінен тиімді технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: « Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
517
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары.


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: « Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс- әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу- тәрбие жүйесі, мұғалім- оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс- әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламарын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп,мақсатқа жету.Инновациялық үрдіссіз мектептің дамуы мүмкін емес. Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов,М.М.Поташник,Л.И.Романова, В.И.Загвязинский,А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики т.б. зерттеулерінде қарастырылған.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек.

Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы мәселе- әлеуметтік – педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірге пайдалану.

Мемлекеттік білім стандарты деңгеінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны өндіруді міндеттейді.

Жаңа технологияның мақсаты- оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс- әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.Жаңа педагогиялық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор. Қазақ осы тұрғыда арнайы технологиялық ақпараттық құралдар негізіндегі педагогикалық технологияларды біз қазақ тілі сабақтарында да кеңінен пайдаланамыз. Олардың қатарына интерактивті тақта, интернет ресурстарымен жұмыс, мультимедиялық кітапхана, қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар мен тренингтер. Жаңа технологиялар білім беру мен тәрбие жүйесін бірдей қамтуымен ерекшеленеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану- педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден – бір жолы.

Жаңа технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • оқу материалын терең түсіну;

  • оқу мотивациясының артуы;

  • алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте саталуы;

  • білім беруге жұмсалатын шығынның азаюы;

Заман талабына сай күнделікті сабақ барысында бейне және аудио- құрылғыларды, теледидарды, компьютерді, электронды оқулықты, интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттырып, ең бастысы олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Сабақ барысында кеңінен қолданылып жүген технологиялардың бірі- модульді оқыту. Модульді оқыту технологиясы негізінен үш бөлімнен тұрады ( кіріспе, сөйлесу бөлімі, қорытынды).

Қазақ тілін жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және қазақ тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек-сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы және ойын технологиясы , ақпараттық технология. Біз өзіміздің тәжірибемізде жаңа технологиялардың ішінде модульдік технологияны қолданамыз. Бұл технологиямен жұмыс барысында мұғалім структуралық бөлімдерді мазмұнмен байытады, тәжірибе жинақтайды. Жеке тақырыпты модульдік оқыту жағдайында сабақтың ақпараттық структуралық компонеттерінің мазмұны төмендегіше анықталады.

1.Сабақ мазмұнын оқу элементтеріне бөліп оған мақсат қоя білу.

2. Оқу мазмұнын оқу элементтері бойынша деңгейлеп беру.

3.Оқушының сыныптан тыс қызметін ұйымдастыру.

4.Сабақтың логикалық құрылымын белгілеу.

5.Түзету- ескертпе жасау.

Жалпы оқу процесін бүтіндей модульдік оқытуға бейімдеу ісі оқу пәнінің бүтіндей курсын тақырыптың немесе тарау, бөлім бойынша модульдеуге, сабақтың ақпараттық- структуралық компонеттерін жасауға тікелей байланысты. Себебі, ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденіс ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды.

Осы технологияларды пайдаланудың тиімді тұстары:

-оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-мұғалімнің уақытын үнемдейді;

- қосымша мәліметтерді береді.

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту өте күрделі мәселелердің бірі.

Өзім сабақта бірнеше технологияның элеметтерін қолданып жүрмін. яғни сабақта тірек- сызбаларды қолдану. Тірек –сызбалары арқылы оқушылар сөз тіркесін, сөйлемдер, әңгіме құрады. Бұл технология түрі оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенін байқауға болады, сондай-ақ оқушының танымдық қасиетін арттырады, сөз қорын байытады.

Тірек сызбаларды мына бағыттар үшін қолданамын:

- Сөздік қорларын байыту;

- Сөйлем, әңгіме құрастыру;

- Әңгімені құрастыру;

- Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;

- Тақпақтарды жаттау.Сабақ барысында оқушы сол тақырып төңірегінде ізденіп тақырыпты кеңінен ашады. Мысалы: тақырып « Жыл мезгілдері» I-топ « Қыс», II-топ « Көктем»,III-топ «Күз»,VI-топ « Жаз». Әр топ оқушылары өз тақырыптарына сай өлеңдер, тақпақтар айта отырып, жыл мезгілдері туралы әңгіме құрады, әр топ өзінің тақырыбын толық қорғап шығады.

Қазіргі кездегі жаңа технологияның бірі визуалді компонеттер қолдану түрі.Бұл технологияның ерекшелігі оқушыны сурет бойынша сөйлету. Бұл технология оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. Келесі қолданып жүрген әдісім ол деңгейлік тапсырма.Мысалы: « Күз» тақырыбы бойынша мынандай деңгейлік тапсырма қолдандым.

III –деңгей Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Күз айлары - ...,...,... . Күздігүні ... жауады. Балалар ... барады. Күзде күн ...болады.

Керекті сөздер: қыркүйек, жаңбыр, қазан, қараша, қысқа, мектепке.

II- деңгей төмендегі сөз тіркестерінің аудармасын жазыңдар.

Осенью, прохладный, урок, холодный, первый снег, учебный год, осенний.

I-Деңгей «Күз» тақырыбына әңгіме жазыңдар. Осындай тапсырмалар арқылы әр өткен тақырыпты пысықтауға болады.



«Ауылда» тақырыбын өткенде мынандай тірек сызбаны пайдаландым.

Қазақ тілін оқытуда түрлі әдістемелер қолдануға болады. Қай әдістемені қолданса да қарапайым тілмен, оқушыға түсінікті болу керек.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой- өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, « Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында».

Сондықтан біз, ұстаздар, XXI ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып, білімімізді үздіксіз көтеріп отыруымыз қажет. Әлемдік бәсекелестікте табысқа жету үшін күшті рух пен білім қажет деп білер болсақ, еліміздің келешегі талантты, дарынды, өзіне сенетін жастардың қолында екендігін мен өзімнің шәкірттеріме үнемі айтып отырамын.Біздің мақсатымыз- заман талабына сай білімді де білікті маман тәрбиелеу.

Әдебиет

«Қазақ тіл мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №7, 2010г.,№2, 2012г.,№8,9 2013г.

Қазіргі кездегі жаңа технологияның бірі визуалді компонеттер қолдану түрі.Бұл технологияның ерекшелігі оқушыны сурет бойынша сөйлету. Бұл технология оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. Келесі қолданып жүрген әдісім ол деңгейлік тапсырма.Мысалы: « Күз» тақырыбы бойынша мынандай деңгейлік тапсырма қолдандым.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!