Материалдар / Қазақ тілінен тыңдалым тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілінен тыңдалым тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен тыңдалым тапсырмалары 11-сыныпты қорытынды аттестаттауға дайындау үшін көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
8250
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаман жолдас Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты: – Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi: – Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.Ыбырай АлтынсаринМәтінге байланысты тест тапсырмалар:

  • Мәтіндегі антонимдерді табыңдар
  • Мықты, жас
  • Мықты, ауру
  • Мықты, әлсіз
  • Мықты, жаман


  • Мәтінге сай мақалды белгілеңдер:
  • Күлме досқа, келер басқа
  • Жаман жолдастан таяғым артық
  • Жолдасы көптің – олжасы көп
  • Ер қанаты – ат


  • Аю ауру, әлсіз жігітке не істеді?
  • Құлағына сыбырлап кетті
  • Ақыл сыбырлады
  • Қорқытты
  • Иіскеп, жөніне кетті


  • Екі жолдас кімге ұшырайды?
  • Аю
  • Ауру, әлсіз жігітке
  • Мықты, жас жігітке
  • Ешкімге


  • Аю келгенде мықты жігіт қандай әрекет жасады?
  • Аюмен жекпе-жекке шықты
  • Ағашқа шығып кетті
  • Өлген кісі болып жата қалды
  • Қаша жөнелді


Еңбекпен тапқан тиын     Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген әке әйеліне айтыпты:     -Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді.     Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық алтын береді: «Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе алтынды сыйлағайсың.     Кешке алтынды әкесіне ұсынады. Алтынды шал лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:     -Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:     -Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Онан да ақшаны жұмыс істеп тап, - деп ақыл айтыпты.     Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді. Бұған ұлы шыдай алмай, жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:     -Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.     Әкесі тұрып:     -Бұл ақшаны өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті ұлына.Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:

1.Әкесі неліктен ұлына ештеңе қалдырмауды дұрыс деп шешті?
  • Анасының шешімі бойынша
  • Ұлы жалқау болғандықтан
  • Ұлы өзі бас тартты
  • Ұлы надан болғандықтан
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңда:
  • Ұлы әкесін қалай алдамақшы болды?
  • Бала апта бойы қандай жұмыстар атқарды?
  • Әкесі ұлына мұрагерлікке не қалдырды?
  • Анасы ұлына қанша алтын береді?
3. Мәтінге сәйкес мақалды тап:
  • Еңбекпен тапқан нан тәтті
  • Еріншектің ертеңі бітпейді
  • Еңбек — ата, жер — ана.
  • Дені саудың – жаны сау
4.Ұлының тапқан тиынын қария отқа лақтырғанда, баласы қандай әрекет жасайды?
  • Қол қусырып, қарап тұра береді
  • Қулықтан ештеңе шықпайтынын түсінеді
  • Лаулап жатқан оттан ақшаны жалаңаш қолымен суырып алады
  • Әкесіне өкпелеп, үйінен шығып кетеді
5.Ұлының өз еңбегімен тапқан тиынын әкесі қайда лақтырады?
  • Даладағы кедей-кепшіктерге лақтырады
  • Жанып жатқан отқа лақтырады
  • Жерге лақтырады
  • Ұлының бетіне лақтырады




Аса білімді адам Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсыновтың да орны сондай.А.Байтұрсыновтың артында қалдырған бай мұрасына қарағанда, оны жоғары оқу орнын бітірген адам ден ойлауға болады. Шындығында, ол екі-ақ оқу орнында оқыған. Бірі- Торғайдагы екі кластық орыс-қазақ училищесі. Екіншісі- Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын қазақ мектебі. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастайды. Ол қазақ балаларының өз тілінде сауат ашуына арнап тұңғыш әліппе жазады. Оны 1912 жылы Орынбор қаласында бастырып шығарады. Осыдан кейін қазақ тілін мектепте пән ретінде оқытуды қолға алып, оқулық жазуға кіріседі. 1915 жылы “Тіл құрал” деп аталатын оқулығы жарық көрді.97 сөз, Ө.Айтбаев. Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:

1.Ахмет Байтұрсынұлының сіңірген еңбегі қандай?
  • Тұңғыш рет қазақ даласында Торғайда екі кластық орыс-қазақ мектебін ашады
  • Тұңғыш рет қазақ даласында Торғайда екі кластық орыс-қазақ училищесін ашады
  • Тұңғыш рет қазақ даласында Орынборда қазақ мектебін ашады
  • Қазақ балаларының өз тілінде сауат ашуына арнап тұңғыш әліппе жазады


2. 1915 жылы қандай еңбегі жарық көрді?
  • Әліппе
  • «Тіл құрал»
  • «Маса»
  • «Қырық мысал»


3.Ахмет Байтұрсынұлы тұңғыш әліппені қай жылы бастырып шығады?
  • 1912
  • 1913
  • 1914
  • 1915


4. Мәтінде жауабы бар сұрақты тап:
  • А.Байтұрсынұлы қандай жоғарғы оқу орнын бітірген?
  • А.Байтұрсынұлы еңбек жолын қай ауылда бастаған?
  • А.Байтұрсынұлы қай жерде білім алған?
  • А.Байтұрсынұлының «Тіл құрал» оқулығы қай қалада басылып шықты?


5. А.Байтұрсынұлы еңбек жолын қай жерде бастаған?
  • Торғайдагы екі кластық орыс-қазақ училищесінде
  • Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын қазақ мектебінде
  • Ауыл мектебінде
  • Орынбордағы басылымдардың бірінде


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!