Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінен тыңдалым тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен тыңдалым тапсырмалары қазақ тілді емес барлық сыныптарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жануарлардың қысқы ұйқысы

Қар түсісімен жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Қандай жануарлар қысқы ұйқыға жатады?

Қыста ұйықтайтын жануарлар өте көп. Олар: аю, борсық, жанат, кірпі. суыр, қарақас, жарқанат, саршұнақ.

Балықтар да ұйықтайды. Олар су түбіндегі балдырлардың, тұнбалардың арасынан орын тауып алады да, сол жерде жата береді. Бақалар да тұнбаларға орналасады. Олар қысқы ұйқыға жатқанда мұз қатып қалса, бір қызығы күн жылынып, мұз ерігенде тіріледі.

Жылан, кесірткелер қысқы ұйқыны жапырақтың астында, індерінде, жер жарықтарында, ағаш түбіңде өткізеді. Суырлар тереңдігі екі-үш метр ін қазады. Қосаяқтар тереңдігі екі жүз жиырма сантиметрге жететін жеке-жеке індер қазып, ұйқысын сонда өткізеді.

94 сөз, Газеттен.

Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:


  1. Қандай жануарлар қысқы ұйқыға жатады?

  1. Балық, борсық, суыр, аю, саршұнақ

  2. Жылан, қоян, аю, суыр, түлкі

  3. Кесіртке, қосаяқ, қоян, қарақас, жарқанат

  4. Жанат, кірпі, саршұнақ, қосаяқ, тышқан



  1. Қысқы ұйқыға жатқанда мұз қатып қалса, күн жылынып, мұз ерігенде тірілетін қандай жануар?

  1. Балық

  2. Бақа

  3. Кесіртке

  4. Жылан



  1. Тереңдігі екі жүз жиырма сантиметрге жететін жеке-жеке індер қазып ұйықтайтын қандай жануар?

  1. Суыр

  2. Саршұнақ

  3. Кірпі

  4. Қосаяқ



  1. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты тап:

  1. Қандай жануарлар қыста ұйқыға кетеді?

  2. Балықтар қайда ұйықтайды?

  3. Жанат, қарақастар қалай ұйқыға кетеді?

  4. Тереңдігі екі-үш метр ін қазып ұйықтайтын қандай жануарлар?



  1. Қысқы ұйқыны жапырақтың астында, індерінде, жер жарықтарында, ағаш түбіңде өткізетін қандай жануарлар?

  1. Жылан, кесіртке

  2. Балық, бақа

  3. Аю, саршұнақ

  4. Суыр, жанат



Алғыс

Парижде Барри деп аталатын сенбернар тұқымдас итке орнатылған ескерткіш бар. Оның тұғырына былай деп жазылған: ’’Қажымас қайратты Барри қырық адамды ажалдан аман алып қалды. Қырық бірінші адамды құтқару кезінде оның өзі өлді."

Сенбернарлар - тауда апатқа ұшырағандарды құтқаратын иттер. Барри осылайша қырық адамды ажалдан құтқарған. Қалың қардың астында қалған қырық бірінші адамнан тіршілік белгісі білінбеген. Ит оны қардан аршып алып, демімен жылытып, бетінен тілімен жалайды. Апатқа ұшыраған адам есін жиып, көзін ашады. Бірақ иттен қорқып кетеді де, оны атып тастайды. Сенбернардың бұл оқиғасы бүкіл әлемді қатты толқытады. Олар Барриге ескерткіш орнатады.

94 сөз, Ол кім? Бұл не? кітабынан.



Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:


  1. Не себепті Барриге ескерткіш орнатқан?

  1. Ерекше тұқымдас ит болғандықтан

  2. Қырық бірінші адамды құтқару кезіндегі ерлігі үшін

  3. Париждегі ерекше тұқымдас иттер арасында өткен жарыста жеңгендігі үшін

  4. Барлық жауап дұрыс


2.Барри қандай апатқа ұшыраған адамдарды құтқарған?

  1. Тауда апатқа ұшырағандарды құтқарған

  2. Суға кеткен адамдарды құтқарған

  3. Тауда із-түссіз жоғалып кеткендерді тапқан

  4. Өртке оранған ғимараттақалған адамдарды құтқарған


3.Қай сұрақтың жауабын мәтіннен табу мүмкін емес?

  1. Қай қалада Барри деп аталатын сенбернар тұқымдас итке ескерткіш орнатылған?

  2. Сенбернарлар қандай иттер?

  3. Барриге не себепті ескерткіш орнатады?

  4. Адамдар тауда апатқа қалай ұшыраған?


4.Қырық бірінші адам Барриді неліктен атып тастайды?

  1. Ит үргендіктен

  2. Иттен қорқып кетеді

  3. Иттерді жеккөреді

  4. Ит қауып алады


5. Парижде Барри деп аталатын сенбернар тұқымдас итке орнатылған ескерткіште қандай жазу жазылған?

  1. Сенбернарлар - тауда апатқа ұшырағандарды құтқаратын иттер.

  2. Барри қырық адамды ажалдан құтқарған.

  3. Қажымас қайратты Барри қырық адамды ажалдан аман алып қалды.

  4. Барриге үлкен алғыс!




Ұлы күйші

Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрінген Қазанғапұлы Тәттімбет қазақ халқының ұлы күйшісі.

Тәттімбеттің туып-өскен ортасы көшпелілердің сан ғасырлық музыка мәдениетінің дәстүрі орныққан, арқауы бекіген өңір. Күйшіліктің тарихи тек-тамыры үзілмеген, рухани құнарлы аймақ.

Тәттімбет күйлерінің арқауы -өзі ғүмыр кешкен орта, өзі білетін ата-бабасының тарихы. XIX ғасырдағы ұлт мәдениетінің қайта өрлеу кезеңінде Тәттімбетті ең жарық жұлдыздарымыздың бірі етіп көрсететін қасиеті де осында. Тәттімбет өз заманының белгілі, беделді, лауазымды адамы болды. Халқы оны көзінің тірісінде-ак тура бидің соңғы тұяғы, сал-серісі, арқалы өнердің біртуары ретінде таныды.

Қазақ өнері тарихында Құрманғазы, Біржан сал, Тоқа, Ықылас, Жанақ, Жаяу Мұса сияқты дарындар Тәттімбетпен қадірлес, сыйлас қана емес, оның бойындағы аруақты өнерді ұлттың игілігі, ұрпақтың ырысы деп таныған.

108 сөз, А.Сейдімбеков.

Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:


1.Тәттімбет күйлерінің басты тақырыбы, арқауы не?

  1. Қазақ халқын оқу-білімге шақыру, халқының надандығы

  2. Өзі ғұмыр кешкен орта, өзі білетін ата-бабасының тарихы

  3. Қазақ өнері тарихындағы дарынды тұлғалар

  4. Туған жер, ел басқару


2.Тәттімбет Қазанғапұлы кім?

  1. Күйші

  2. Әнші

  3. Ақын

  4. Жазушы


3.Халқы Тәттімбетті қалай бағалады?

  1. Қазақ өнері тарихында Құрманғазы, Біржан сал, Тоқа, Ықылас, Жанақ, Жаяу Мұса сияқты дарындармен тең дәрежеде

  2. Қазақ халқының ұлы күйшісі

  3. Тура бидің соңғы тұяғы, сал-серісі, арқалы өнердің біртуары

  4. Ұлттың игілігі, ұрпақтың ырысы


4.Мәтінге сәйкес мақалды тап:

  1. Өнер көзі халықта

  2. Өнерлі адам ешкімге жалынбайды

  3. Батыр туса – ел ырысы

  4. Ат – ер қанаты


5.Мәтінде «авторитетный» сөзінің қазақша аудармасын тап:

  1. Белгілі

  2. Беделді

  3. Қасиетті

  4. Сал-серісі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1050
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12