Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінен тыңдалым тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен тыңдалым тапсырмалары 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау үшін қазақ тілі мұғалімдері үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып:

- Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті.

- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты:

- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.


Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 1. Құмырсқа қандай қателік жасады?

а) достарын сатып кетті

ә) ескі достарымен бірге болды

б) үйінен алысқа кетіп қалды

в) жазда дән жинамады


2. Мәтінде қандай антонимдер бар?

а) қоңыз, ара

ә) жаңа, ескі

б) көмек, жұмыс

в) сұрау, айту


3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Нағыз дос дұшпан болмас

ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

б) Күлме досыңа, келер басыңа.

в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

 

4. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?

а) Бірге көтерген жүк жеңіл.

ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!

б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?

в) Жолдасын тастаған жолда қалар.

5. «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?

а) құстар

ә) балықтар

б) жәндіктер

в) аңдар





Байлық дегеніміз не?

Бесінші сыныпта «Байлық дегеніміз не?» атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр. Мұғалім үстел бетіндегі қағаздарға қарап, іске кірісті.

Балалар, байлық дегеніміз не?

Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді.

—   Байлық дегеніміз – көп ақша, жаңа машина, — деп ойланып қалды.

—   Отыр, Сәбит. Тағы кім жауап береді?

Келесі Алмас қол көтерді.

Байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады.

Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді.

Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлаубек, сен айта қойшы!

Байлық дегеніміз-кітап, білім,- деп жауап айтты.

Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап.

Біраз уақыттан бері қол көтеріп отырған Сәулеге де сөз берілді.

Біздің үйде түрлі-түсті теледидар, бейнемагнитофон және жаңа үй жиһаздары көп. Байлық дегеніміз осы.

Жақсы, отыра бер.

Бұдан кейін Серік, Нұрболат, Құралай есімді оқушылар үйдегі байлықтарын ортаға салды. Оқушылардың берген жауаптары мұғалім көңілінен шықпады.

Бір кезде оның көзі артқы партада үндемей, өзімен-өзі отырған Аманжолға түсті.

Аманжол, сен неге үндемей отырсың? Қане, байлық дегеніміз не? Айта қойшы.

Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық – әкем мен анам, — деп жауап берді. Мұғалімге оқушының жауабы қатты ұнады.

Көрдіңдер ме, балалар, байлық дегеніміз тек ақша емес. Сендердің ең бірінші байлықтарың – Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан әрқашан отбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген – осы.

Бұл жауаптан кейін ешкім қол көтермеді. Оқушылар ойланып қалды.


Мәтін бойынша тест тапсырмалары:


1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

а) Бірінші байлық дегеніміз не?

b) Отбасы тәрбиесі қандай?

c) Қалай бай болуға болады?

d) Ашық сабақ қайда өтті?


2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

a) Сайлаубек байлықты кітап оқу деп түсінеді.

b) Балалардың байлық туралы түсініктері бірдей.

c) Сәуле байлықты теледидар көру деп түсінеді.

d) Балалардың байлық туралы түсініктері жоқ болып шықты.


3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

a) байлық, кітап, білім, жиһаз

b) мұғалім, ашық сабақ, оқушы, байлық

c) отбасы, байлық, теледидар, көзқарас

d) байлық, ата-ана, ашық сабақ, бейнемагнитофон


4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Байлық туралы Аманжолдың ойы қандай?

a) Адамға керегі – жиһаз, ақша..

b) Байлық дегеніміз – кітап, білім.

c) Өмірде ең басты байлық – әке-шеше.

d) Адам үшін бірінші байлық – алты бөлмелі үй.


5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

a) Аманжолдың ата-анасы.

b) Отбасы басты байлық болып саналады.

c) Байлық-денсаулық кепілі бола алады.

d) Мектепте ашық сабақ өткен.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1994
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12