Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінің стилистикасы пәнінің Күнтізбелік тақырыптық жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінің стилистикасы пәнінің Күнтізбелік тақырыптық жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ЖАРКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ






Shape2 Shape1












Тіл мәдениеті стилистикасы

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Мамандығы 0111000 «Негізгі орта білім»

Біліктілігі 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Оқыту түрі: күндізгі

Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай




































БЕКІТЕМІН_______________


Директордың ғылыми-әдістемелік

істер жөніндегі орынбасары:

__________ К.А. Михева

«_____»____________2016ж.



курс: 3;4;

cеместр: 5;6;7;

cағат саны: 45 (22;9;14;)

теориялық сабақтар: 20

тәжірибелік сабақтар: 24

бақылау жұмысы:

сынақ саны: 1 (7-семестр)

емтихан:


Оқу жұмыс бағдарламасы 2012 жыл 23 тамыз №1080 ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп және 23.01.2012 жылы Тіркеу №1571 №15 бұйрықпен бекітілген Үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп құрастырылған



Жұмыс бағдарламасын құрастырған ЖГТК Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: калибеков Аслан Маратұлы


Оқу жұмыс бағдарламасы қазақ және ұйғыр тілдері пән циклдік комиссиясының отырысында талқыланды.


___ хаттама «___» ____________ 2016 ж.

ПЦК меңгерушісі __________ Шәріпбаева.А

















Түсіндірме жазба

Осы жұмыс оқу бағдарламасында сөйлеу тілін, тілдік құралдардың стилистикалық тақырыптарын ұқыпты, дұрыс орындау, стильдік құбылыстарды жете түсіну, жалпы мәдениетін арттыру, шешендік өнерге баулу, жалпы халықтық тілдің стильдік жүйелерін ұғындыруды оқып зерделеуді қарастырады

Жұмыс оқу бағдарламасын жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында оқытудың дәстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, кредиттік және т.б), оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану, Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану ұсынылады.

Жұмыс оқу бағдарламасының «Тіл мәдениеті және стилистика» пәні бойынша оқытуды ұйымдастырудың лекция, семинар, экскурсия, тәжірибелік сабақтар және тағы басқа түрлері ұсынылады.

Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.

Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделігіне байланысты әңгіме,

Пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау,

рольдік және іскерлік ойындар, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы

жұмыс және тағы басқа оқыту әдістері ұсынылған.

Жұмыс оқу бағдарламасы білім алушылардың қазақ тілі, қазіргі қазақ тілі, қазақ тілінің тарихы, тіл біліміне кіріспе, қазақ әдебиеті, педагогика, психология пәндерінен меңгерген білімдеріне негізделеді. Пәнді қазақ тілі, қазақ әдебиеті, педагогика, психология пәндерімен байланыстырып оқыту ұсынылады.



Пәнді оқытуда жоспарланатын нәтижелер

Стандартта және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттіліктер

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет базалық

БК 1

Мұғалім мамандығының мәні мен әлеуметтілік маңыздылығын түсіну;

Пәнді оқыту нәтижесі білім алушылар біледі;

-мұғалім мамандығының қазіргі кездегі беделін;

-мұғалім мамандығының мәнін;

-қазіргі кездегі маңыздылығын;

меңгереді:

-білім алушымен қарым- қатынас жасауды;

-теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруды;

-тәжірбиеалмасуды;

дағдысын қалыптастырады;

-мамандықты сүю;

құзыретті:

- ұстаз мамандығының мәні мен маңыздылығын түсінуге.

БҚ 2

Ортақ нәтижеге жету үшін, топтағы көзқарасты әртүрлі адамдармен этикет нормаларына сәйкес ынтымақтастық байланыс орната білу;

біледі:

-топта жасалған білім алушы көзқарастарын құрметтеуді;

меңгереді:

-жұптаса отырып жұмыс жасауды;

-әдеп сақтай білуді ;

-дағдысын қалыптастырады;

-сыпайлық,адамгершілік;

құзыретті:

-сабақ барысында бірлесе отырып нәтижеге қол жеткізуге;

БК 3

Ақпаратты жинау,өңдеу және сақтаудың компьютерлік әдістерін,Интернеттен ақпаратты іздеу әдістерін,электронды поштаны,АКТ менгеру,логикалық операцияларды қолдану арқылы

ақпараттарды өңдей білу;

біледі:

-пән бойынша ақпараттарды жинауды;

-компьютерлік сауаттылықты;

-интернетпен жұмыс жасауды;

-электрондық поштамен жұмыс; жасауды;

-құзыретті:

-жаңа ақпараттық оқыту; технологияларын;

-тапқан технологияларды жіктеуді ;

-жіктелген әдістерді сабақта қолдана білуді;

дағдысын қалыптастырады:

-электронды оқу технологиясын; тереңдете білу;

құзыретті:

-әр интрактивті сабақта ақпаратты қолдануға;

-электронды оқулықтарды тиімді пайдалануға;

БК6

Оқуға өзінше оқуға қабілеттілік- үздіксіз өзінше білім алуға және кәсіптік біліктілікті жетілдіруге дайындық.

біледі:

-үздісіз және өзінше білім алу кәсіптік біліктілікті жетілдіретінін ;

меңгереді:

-кәсіптік біліктілікті жетілдіру үшін түрлі әдіс- тәсілдерді;

дағдысын қалыптастырады:

-өздігінен ізденіп,үздіксіз білім алып,өз ойын ортаға сала білу;

құзыретті:

-өзінше ізденуге,білім алуға.

БК 7

Адами қасиеттерге үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану.

біледі:

-құндылық –обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық –социологиялық ұғым екендігін;

меңгереді:

-адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын; сұлулық,қайырымдылық,мейрімділік; секілді этникалық және эстетикалық; ұғымдар қолдануы:

дағдысын қалыптастырады:

-енбекке шығармашылыққа,адам өмірінің мәніне,т.б.баға беру;

құзыретті:

-адам өміріндегі рухани; құндылықтарды бағалай білуге .

БК 10

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңын білу,Балалар құқығы туралы Конвенцияны,мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын,ТЖКБ дамудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын білу.

біледі:

-Қазақстан Республикасы « Білім туралы заңын »

менгереді:

-бала құқығы туралы,түрлі; мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасауды;

дағдысын қалыптастырады:

-көрсетілген заңдар мен бағдарламаларды талдап,ойын ортаға салу;

құзыретті:

-заңдар мен бағдарламаларды білуге;

Кәсіптік

КҚ 1

Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін, оқу- тәрбие процесінің мәнін дидактика заңдылықтарын білу.

біледі:

-оқыту тәсілдерін;

-пәннің мақсаттары мен міндеттері;

-сабақ жоспарын білім алушының жас ерекшелігіне сай құруды;

менгереді:

-сабақтың дидактикалық; материалдарын дайындауды;

-жаңа технологияларды қолдана отырып,сабақ жоспарын құруды;

-оқытудың техникалық құралдарын қолдануды;

дағдысын қалыптастырады:

-жаңа технологиямен жұмыс жүргізу;

құзыретті:

-пәнге деген қызығушылығын арттыратын дидактикалық материалдар әзірлеуге;

КҚ 3

Өзін-өзі бақылау,тиімді әдістер мен құралдарды таңдау,жоспарлау әдістерін менгерту;

біледі:

-Өзіне –өзі бақылау жасаудың жолдарын;

менгереді:

-тиімді әдістер мен құралдарды таңдау,жоспарлау әдістерін;

дағдысын қалыптастырады:

-өзін- өзі бақылаудың тиімді әдістерін бір жүйеге келтіру;

құзыретті:

-үнемі бақылау жасауға;

КҚ 4

Сынып жетекшісінің қызметін,жұмыс мазмұнын, білім алушылардың ұжымын диагностикалау әдісін білу;

біледі:

-білім алушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау;

меңгереді:

-педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыруды;

дағдысын қалыптастырады:

-білім алушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында білім алушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;

құзыретті:

-білім алушылардың жас ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік –психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтауға

КҚ 5

Сабақты жобалау және құрастыру,педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауға,талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін меңгерту;

біледі;

-сабақ жоспарын құруды;

-тиімді әдістерді сабақ тақырыбына сай қолдануды;

меңгереді:

-педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауды,талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін

дағдысын қалыптастырады;

-сабаққа қатысты әдіс-тәсілдерді білу;

құзыретті:

-сабақты білім алушының жас ерекшелігіне сай етіп жобалауға;

КҚ 6

Балалармен,жасөспірімдермен,ата-аналармен мәдени-көпшілік,ағартушылық жұмыстар жүргізу;

біледі:

-мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен,тәрбиешілермен,ата-аналармен және тірбие ісіне қатысты бар барлық адамдармен дұрыс қарым –қатынаста болуды;

меңгереді:

-оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдауы;

дағдысын қалыптастырады:

-білім алушылардың оқу- танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім- тәрбие міндеттерін шешу;

құзыретті:

-ата –аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу;


КҚ 7

Оқу- бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгерту,мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;


біледі:

-оқулықтардың мазмұнына талдау жасауды;

меңгереді:

-оқу бағдарламалық жасақтауды;

дағдысын қалыптастырады:

-оқулық пен әдістемелік құралдағы мазмұнын білім алушының жас ерекшелігіне сай жоспарлай білу;

құзыретті:

-жас ерекшелігіне сай оқу бағдарламалық құжаттарды жинақтап,сабақты жоспарлай білуге;

Арнайы

АҚ 1

Арнайы –кәсіптік білімді,қазақ тілі мен әдебиетін оқыту формалары мен құралдарын,қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді,инновациялық педагогикалық ткхнологияларды,пәннің оқу- әдістемелік кешенін қолдана білу;

біледі:

-пән бойынша сабақты жоспарлауды;

-әдіс –тәсілдерді ажырата алуды;

меңгереді:

-оқыту формаларын;

-қазіргі заманғы әдіс –тәсілдерді;

дағдысын қалыптастырады:

-жаңа педагогикалық технологиясы арқылы оқу әдістемелік кешен әзірлеу;

құзыретті:

-қазіргі заман талабына,білім алушының жас ерешелігіне сай кешен әзірлеуге;

АҚ 2

Негізгі ұғымдар мен терминдерді,әртүрлі нысандар мен нақты құбылыстар арасындағы қатынастар мен байланыстарды ашатын заңдарын білу;

біледі:

-сабақ барысында сөздікпен жұмыс жасауды;

-сабақты жоспарлағанда терминдерге баса назар аударуды;

меңгереді:

-терминдер туралы заңдарды;

дағдысын қалыптастырады:

-өздігінен талдап, заңдағы терминдерді білу;

құзыретті:

-терминдер мен белгіленген нысандар туралы берілген заңдарды білуге;

АҚ 4

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру;

біледі:

-ақпараттық оқыту технологиясын;

-сын тұрғысынан ойлау технологиясын;

-дамыта оқыту технологиясы туралы теориялық тұрғыда мәліметтерді біледі;

меңгереді:

-өз бетінше ақпаратты оқыту технологияны қолдануды;

-сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігін;

дағдысын қалыптастырады:

-сабақ жоспарын құру ;

-өз бетінше білім алушылармен қарым-қатынас жасау;

құзыретті:

-оқытудың жаңа технологияларын саналы тұрғыда жеткізуді ұйымдастыруға;

АҚ 4

Мұғалім мен білім алушының портфолиосының мазмұнын жинақтау әдістерін меңгеру;

біледі:

-мұғалімнің дидактиклық материалдарын жинақтай біледі

меңгереді;

-мұғалім мен білім алушының портфолиосы туралы мағлұматты

дағдысын қалыптастырады ;

-мұғалім портфолиосын әзірлеу;

құзыретті:

-портфолио әзірлеуді дәстүрге айналдыруға;













Тіл мәдениеті стилистиксы пәнінің бағдарламасы

Бөлімдер мен тақырыптар

Барлығы

Теория

Практика

5-семетр 22 сағат

1

Стилистика курсының міндеті мен мақсаты

2

2


2

Жалпы халықтық тіл және оның нормалары

2


2

3

Стиль ұғымының негізі. Жазу мәнерінің қалыптасуы

2

2


4

Әдеби тіл және оның нормасы

2

2


5

Тілдік құбылыстардың қалыптасу кезеңдері

2

2


6

Ежелгі шешендіктану арналарының дамуы. Қазақ шешендіктану ғылымы

2


2

7

Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы

2

2


8

Стилистка – тілдік қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым

2


2

9

Әдеби тіл стилдері. Стилдің түрлері

2


2

10

Шешендікке машықтандыру жолдары

2


2

11

Іс-қағаздар мен ресми стиль

2

2


6-семестр 9 сағат


Тарихи фонетика




12

Публицистикалық стиль

2

2


13

Ғылыми стиль

2

2


14

Көркем әдебиет стилі

2

2


15

Пікірталас түрлері, мәдениеті

2

2


16

Қазақ тілі лексикасы туралы түсінік. Сөздік. Сөздік түрлері

1


1

7-семестр 14 сағат

17

Сөз және оның мағынасы

2


2

18

Фразеология. Фразеологизмнің стилистикалық қызметі

2


2

19

Фразеологизмнің экспрессивтік, стильдік қасиетіне қарай топтасуы

2


2

20

Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік

2


2

21

Морфологиялық құрылыстың стильдік белгілері

2


2

22

Синтаксистің стилистикалық қызметі

2


2

23

Сөйлем мен сөйлем мүшелерінің стильдік қызметі

2


2


Барлығы

45

20

25





Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Стилистиканың жалпы мәселелері.

Стилистика курсының міндеті мен мақсаты. Жалпы халықтық тіл және оның нормалары. Әдеби тіл және оның нормасы. Стилистика және оның жалпыхалықтық тілге қатысы. Әдеби тілдің стильдері. Сөйлеу стилі мен жазба стиль. Іс қағаздары мен ресми стиль. Публисцитикалық стиль, ғылыми стиль және көркем әдебиет стилі.

Стилистика курсының міндеті мен мақсаты. Жалпы халықтық тіл және оның нормалары.

Стилистика туралы ғылым. Тілдің стильдік сапасы, мәнерлі тәсілдері. Тіл білімінің салаларына қатысы. Жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері. Сөздің ішкі мазмұны мен сыртқы формасы. Стилистика мәселелерінің зерттелуі. Стиль ұғымының негізі. Жазу мәнерінің қалыптасу кезеңдері. Лингвистикадағы стильдің әдеби жанрға қатысы. Стильдің лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдер арқылы қолданылу принциптері.

Әдеби тіл және оның нормасы. Шешендік өнерінің тарихы.

Әдеби тіл, тіл нормасы. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің байланысы. Әдеби тіл мен көркем әдебиет тілі. Тілдік құбылыстардың қалыптасу кезеңдері. Жалпы халықтық тілді жұмсау тәсілі. Фольклордың жазба әдебиетке , оның қалыптасуына ықпалы. Әдеби тіл нормасы туралы ғалымдардың пікірі. Ежелгі шешендіктану арналары мен дамуы. Қазақ ұлттық шешендіктану ғылымы: қалыптасуы мен дамуы.

Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы.

Жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары мен оның стильдеріндегі тілдік белгілер. Стилистика – тілді қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Сөз және ой мазмұны. Жалпыхалықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын әр түрлі стильде қолдануының айырмашылығы, өзіндік ерекшеліктері.

Әдеби тілдің стильдері. Сөйлеу стилі мен кітаби-жазба стиль. Шешендікке машықтану жолдары.

Стиль туралы ұғым. Форма – сөйлеудің сыртқы көрінісі. Стиль – ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Жанрлық принцип. Сөйлеу тілінің мәнерлегіштік, бейнелегіштік қасиеті. Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер құрамы. Қарапайым, тұрпайы және функциялық жіктелуі. Шешендік сөздегі риторикалық канондар. Жұрт алдында сөйлеу. Шешендік сөздерді байланыстыру әдістері.

Іс қағаздары мен ресми стиль .

Әр түрлі мекемелерде жүргізілетін іс қағаздары бойынша жазу үлгілері. Іс қағаздарының жазылу формалары. Кеңсе іс қағаздары үлгілері. Ресми стильдің жазылу формасындағы айырмашылықтар. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар. Кеңсе іс қағаздары үлгілері: өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, хаттама, қатынас қағазы, акт, шарт, бұйрық т.б. іс қағазадрының үлгілерімен таныстыру. Ресми стильдің жанр мен мазмұны бойынша жалпы сипаты.

Публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем әдебиет стилі. Пікірталас мәдениеті.

Публицистикалық стильдің иқалыптасу кезеңдері. Қазақ баспасөзі туралы. Публицистикалық стильге қойылатын талаптар. Дәлелді толық және жүйелі баяндау тәсілі. Публицистикалық стильдің ауызша түрі. Ғылыми стильдің лексикалық ерекшелігі. Ғылыми стильдің негізі – анықтама, термин, дәлелдеме, формулалар. Көркем әдебиет стилі – бейнелі тілмен жазу мәнері. Жазушы шеберлігі, өзіндікмәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесі. Қазақ баспасөзінде жарияланған алғашқы шығармалар мазмұны. Пікірталастың қоғамдағы орны, маңызы, қажеттілігі. Пікірталас түрлері, талаптары, тәсілдері.

Тілдік құралдардың стилистикалық сипаттамасы.

Тілдік құралдардың, стильдік қолданудың жүйесін сипаттау. Тілдік құралдардың қолданылу заңдылығы. Тілдік құбылыстардың стилистикаға қатысы.

Қазақ тілі лексикасы туралы жалпы түсінік. Бейтарап лексика.

Лексика. Лексикология, оның негізгі салалары. Стилистикамен байланысы. Бейтарап немесе стильаралық лексика. Абстракт мағыналы сөздер. Қазақ тілінің сөздік қоры. Басқа тілден енген сөздер. Олардың қолданылу аясы, өзіне лайықты стильдік қызметі. Лексикология мен стилистиканың бір-бірімен байланысы. Әдеби, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде сөздердің өзді-өзіне тән жұмсалу қабілеті. Көркем шығарма тіліндегі байырғы сөздер. стильдік белгілеріне қарай лексиканың салалрға топтастырылуы.

Сөйлеу тілінің лексикасы. Қарапайым сөздер. Диалектизмдер мен кәсіби сөздер.

Сөйлеу тілі лексикасы, қарапайым сөздер, табу, эвфемизм, диалектизмдер мен кәсіби сөздер. Сөйлеудің жазбаша және ауызша формасы, ерекшеліктері, ұқсастығы.

Кітаби лексика. Көнерген сөздер мен неологизмдердің қолданылуы.

кітаби лексикадағы саяси әлеуметтік терминдер, техникалық атаулар. Көнерген сөздер: архаизм және историзм. Неологизмдердің стиль түрлерінде тән сипаты. Ғылыми стильдегі термин сөздерінің жиілігі. Көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стиліндегі көнерген сөз бен неологизмнің өзіне тән ерекшеліктері.

Сөздің экспрессивтік және эмоционалдық бояуы. Сөз және оның мағынасы.

Экспрессивтік сапа мен бояу. Тілдің эксперссивтік сапасы – стильді қалыптастырудың құралы. Тілдік стильдің мүмкіндігі. Сөздің контексттік және жалпыхалықтық мағынасы. Ауыспалы мағынаның метафоралық, метонимиялық, синекдохалық жасалу жолдары. Метафра – әсірелеу мағынасы. Метонимиялық мәнде жұмсалатын сөздер. Бір зат пен екінші заттың өзара ұқсастығының негізінде жасалатын сөздер. Сөздің синекдохалық мағынасы. Синекдоха тәсілі арқылы жасалатын стильдік реңк. Сөздің көпмағыналығы. Омонимнің стиль түрлеріне қатысы. Синонимнің стильдік қызметі. Антоним – қарама-қарсы мағыналы сөздер.

Фразеология. Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі.

Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері. Идиома, фраза, мақал-мәтелдер. Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері. Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі. Фразеологизмдердің бейнелік құрылысы. Тұрақты эпитет. Тұрақты теңеу. Тұрақты әсірелеу. Тұрақты литота. Шендестіру, дамыту, параллелизм, анафора, эпифора. Фразеологиялық синонимдер: плеоназмдар мен перифразалар. Фразеологиялық единицалардың эмоциональдық-экспрессивтік бояуы. Тілек не қарғыс мәнді тіркестер.

Фразеологизмдердің экспрессивтік стильдік қасиетіне қарай топтастырылуы.

Жалпы сөйлеу тілі фразеологиясы. Бейтарап қолоданылатын фразеологизмдер. Сөйлеу тілі фразеологиясы. Кітаби сипаттағы фразеология. Стилшьаралық сипаттағы тұрақты сөз тіркестері. Қанатты сөздер. Терминдер. Саяси ұрандар. Көнерген тұрақты сөз тіркестері.

Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері мен жалпы халықтық формада қолданылуы.

Фразеологизмнің бейнелігіштік-мәнерлегіштік сипаты. Фразеологизмдерді қолданудың тәсілдері. Фразеологизмдердің жалпыхалықтық формада қолданылуы. Фразеологизмдердің өзгертілуі, өңделуі.

Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы.

Тұрақты сөз тіркестерін көркемдік мақсатта өңдеп пайдалану жолдары. Фразеологизмнің кең мағынасы мен экспрессивтік бояуы. Жалпыхалықтық формадағы тұрақты сөз тіркестерін өзгертіп қолдану. Тұрақты сөз тіркестерінің құрылысын өзгертіп қолдану. Тұрақты сөз орамын шешендік сөз үлгісімен толықтыру. Тұрақты сөз тіркестерін жаңа мазмұнда қолдану. Тұрақты сөз тіркестері дамуының сыртқы процесі. Орыс тілі арқылы енген фразеологизмджердің қолданылуы.

Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік.

Грамматикалық стилистика. Нормативтік грамматика. Грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік шумақтар. Синонимдік топтар. Синтаксистік және морфологиялық құрылыстың стильдік қолданысы.

Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері.

Морфологиялық тұлғалардың стильдік қолданылу жүйесі мен заңдылықтары. Қосымша. Жұрнақтар мен жалғаулар. Сөз таптары арқылы жасалуы.

Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.

Стиль түрлеріне ортақ морофлогиялық тұлғалар. Сөз тудырушы жұрнақтардың қолданылуы. Жазба тілдің морфологиялық ерекшеліктері.

Экспрессивті-эмоцилнальдық лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұғалар.

Қазақ әдеби тіліндегі сөйлеу стильдері – шенеу, мысқылдағы морфологиялық тұлғалар. Сөздің экспрессивтілігін күшейтудің тәсілі – сын есімнің күшейтпелі түрлері. Қос сөз тұлғалы сын есімдердің көркем әдебиет тіліндегі суреттеу құралы.

Есімдіктердің қолданылуы.

Есімдіктің логикалық және грамматикалық қатынасы. Есімдіктің түрлерінің экспрессивтік мәні. Есімдіктің стиль түрлеріне қатысы. Есімдіктердің қолданылу аясы. Оның лексикалық, грамматикалық табиғаты. Есімдіктің логикалық және грамматикалық қатынасы. Диалогтық сөйлемдердегі есімдіктің рөлі. Жіктеу есімдігінің ерекшелігі. Жалпылау есімдігінің публицистикалық стильде қолданылуы.

Етістік тұлғаларының қолданылуы.

Етістіктің жақтық қосымшалары. Іс қағаздарындағы жақтық мән. Етістіктің шақтық тұлғалары. Көркем әдебиетте кісі портретін жасаудағы етістік шақтарының маңызы. Есімше мен көсемшенің мақал-мәтел құрамы мен ауыз әдебиеті тілінде қолданылу ерекшелігі.

Синтаксистің стилистикалық қызметі.

Синтаксис. Стилистиканың синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық құбылыстарын, эксперссивтік мағыналарын, тіл жұмсау шеберлігін қарастыру. Сөйлемнің стильдік қызметі. Синтаксистік синонимдердің қолданылуы. Синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалардың ойды жинақты, тиянақты білдірудің негізгі формасы. Стилистиканың мақсаты – дұыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету. Әр стильдің синтаксисінің өзіне тән ерекшелігі. Сөйлемнің түрлі мағынада, экспрессивтік қызметте жұмсалуы, олардың стильдік сыр-сипаты.

Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі.

Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері. Сөйлем мен сөйлем мүшелерінің стильдік қызметі. Синтаксистің стильдік қызметі, стильдік тәсілдері. Интонация. Синтаксистік синонимдер. Сөйлемнің экспрессивтілігі. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер. Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Қаратпа, қыстырма сөзді сөйлемдер. Толымды және толымсыз сөйлемдер.

Қорытынды

бөлім бойынша өткенді қайталау. Стилистиканың жалпы мәселелері. Стилистика курсының міндеті мен мақсаты. Әдеби тіл және оның нормасы. Әдеби тілдің стильдері. Шешендік сөздің табиғаты. Тілдік құралдардың стилистикалық сипаттамасы. Лексика. Фразеология. Грамматика. Морфология. Синтаксис.


Әдебиеттер мен оқу құралдары

Негізгі

  1. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы, 1991.

  2. Бұзаубақова К.Ж. жаңа педагогикалық технологиялар Тараз, 2003

  3. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптасуы.-Астана: Елорда, 2001.

  4. Оралбай Н., Құрманәлиев К. А. Қазақ тілі Алматы, 2007.

  5. Тіл және мәдениет «Кәсіби даму мектебі» Алматы, Қазақстан Оқу Ассоциациясы. Верена, 2007.

  6. Таласбаева Ж. С. Қазақ тілінің стилистикасы – Петропавл, 2006.

  7. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі Алматы, 2000.

  8. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу Алматы, 2008.

  9. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту негіздері. –Алматы: қазақ университеті, 1991.

  10. Введенская Л. А., Павлова Л. Г. Культура и исскуство речи –Ростов-н-Д., 1999.

  11. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары Алматы, 2006.

  12. Жапбаров А., Тнабаева Г., Сариева Т. «Ресми қарым-қатынас және іс-қағаздарын жүргізу», 2001.

  13. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті: Оқулық / Балақаев М., Серғалиев М.-Алматы: Зият Пресс, 2004.

  14. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік іс жүргізу және мұрағат ісі. Алматы, 2000.

  15. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» Алматы, 1998.

  16. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сулейменова Э. Қазақ тілі: ресми қарым-қатынас. Іс қағаздар тілі. Алматы: Рауан, 2000.

  17. Кирсанова М.В., Аксенов Ю. М. Курс делопроизводства. Москва-Новосибирск, 2000.

  18. Мұхамадиева М., Атабаева М., Ибраева С. Іскерлік қазақ тілі. Алматы, 2000.

  19. Кубаева И. Қазақ тілі. Алматы, 2003.(электрондық нұсқамен)

  20. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік іс жүргізу және мұрағат ісі. Алматы, 2000.

Қосымша

  1. Асылов Ұ. Сөз қадірі – өз қадірің «Әдептану» - Алматы, 2003.

  2. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік сөздері – Алматы, 2006.

  3. Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. Алматы, 2003.

  4. Сыздық Р. Сөз құдіреті. 2 – басылым. – Алматы, 2005.

  5. Мұхамбетжанова С., Жартынова Ж. Интерактивтік жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері Алматы, 2008.

  6. Қазақ тілінің стилистикасы.(оқулық) Алматы, 2006.

  7. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.(оқулық) Алматы, Мұрагер, 2005.

  8. Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие / Т. Мейірманқұлова//Ұлт тағылымы, 2001.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
1178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12