400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінің шырақшысы: Н.Т. Сауранбаевтың тіл ғылымына қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінің шырақшысы: Н.Т. Сауранбаевтың тіл ғылымына қосқан үлесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінің өзекті мәселелерін зерттеген ғалым


Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев – қазақ тіл білімінің негізін салушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының іргетасын қаласқан көрнекті ғалым.

Нығмет Сауранбаев 1910 жылы 5 мамырда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1925 жылы Қасық селосында негізгі білімін алғаннан соң, Қазақ оқу-ағарту институтының дайындық курсына түсіп, 1928 жылы негізгі курсына қабылданды. 1932-1934 ж.ж. Нығмет Сауранбаев Халық ағарту комиссариатында инспектор болып қызмет істеді. Ал одан кейін Қызыл армия қатарына алынып, кіші лейтенант әскери атағына ие болды. Нығмет Тінәліұлы өз бетімен дайындалып, Мәскеудің А.И.Герцен атындағы Мемлекеттік педагогика институтының филология факультетінде сырттан оқу үшін 1-ші және 2-ші курстарына емтихан тапсырып, 3-ші курсына студент болып қабылданады.

1935 жылы РСФСР Оқу-ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының Ленинградтағы бөлімшесінің аспирантурасына түсіп, И.И.Мещанинов, Н.К.Дмитриев, Н.В.Юшманов, С.Е.Маловтан дәріс алып, жалпы лингвистикалық, түркологиялық және теориялық білімін шыңдай түсті.

Оқуын тәмамдаған бойда Оқу-ағарту комиссариатының мектеп істері жөніндегі Ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары болып тағайындалады.

1939 жылы Халық комиссарлар кеңесінің жанындағы Терминология комиссиясының ғылыми хатшысы бола жүріп, Нығмет Сауранбаев терминдердің қолданылуына байланысты көптеген мақала жазды, терминологиялық сөздіктер құруға қатысты, олардың редакциясын басқарды.

1941 жылы Н.Сауранбаев КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының алғаш ұйымдасқан Тіл, әдебиет және тарих институтының тұңғыш директоры болып бекітілді. Жас институттың директоры ретінде Н.Сауранбаев жас кадрлар дайындап, Тіл, әдебиет және тарих ғылымдарының даму перспективаларын қарастырады. Осындай ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарымен қатар Нығмет Тінәліұлы ғылыми-зерттеу жұмысын еш тоқтатқан емес. Қазақ тіл білімінің теориялық проблемаларын зерттеп, 1940 жылы «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары» деген тақырыпта кандидаттық жұмысын, 1943 жылы «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

1946 жылы іргелі зерттеулердің орталығына айналған ҚазКСР Ғылым академиясы құрылып, оның негізін қалаушылар арасында 14 академик және 16 корреспондент-мүшесі болды. Олардың қатарында болған Нығмет Сауранбаев ҚазКСР ҒА толық мүшесі болып сайланады және Қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы қызметіне тағайындалды. Осы тұста «Қазақ КСР Ғылым академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналының Нығмет Сауранбаевтың ұйымдастыруымен бірінші нөмері жарық көрді. 1951 жылы ол КазКСР ҒА вице-президенті болып сайланды. Барлық саналы ғұмырын қазақ тілінің өзекті мәселелерін зерттеуге арнаған ғалымның еңбектері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.

Қазақ тілінің синтаксисі мен тарихы, түркология мәселелелері, қазақ диалектологиясы, қазақ тілінің орфография мәселелері, лексикологиясы, грамматикасы - осының барлығын Нығмет Сауранбаев жан-жақты қарастырып, терең зерттеген. Сонымен қатар оқулықтар, оқу құралдарын жазу, методикалық нұсқаулықтар құрастыру ісі бойынша көп еңбек етті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстармен қоса қоғамдық қызмет пен жас ғылыми кадрларды даярлауға да ғалым үлкен үлес қосты. Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев - қазақ тілінің барлық саласында өшпес із қалдырып, қазақ ғылымының іргетасын қалауда аянбай еңбек еткен ғалымдардың бірі.


Пайдаланған әдебиет:

  • Материалы к биобиблиографии ученых Казахстана. Нигмет Тналиевич Сауранбаев. – А., 1988 г.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 тамыз
129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі