400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің бір тармағы болып табылады және ол оқушылардың жан-жақты дамуына қуатты болып өсуіне өмірге деген отанды қорғауға даярлауға қызмет етеді.Осы тараптан алғанда мен дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарға байланысты ашық сабақты өткіздім.Ондағы мақсатым оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу,қазақ халқынның салт-дәстүрлерін дәріптеу.Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындарын оқушыларымыздың санасына сіңіріп,оқушыларды шапшандылыққа тәрбиелеу.Бұл сабақты балабақшадан 11 сынып оқушыларына дейінгі аралықта ойната аласыздар.Осы ойындар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады,бұлшықеттерін қатайтып оқушыларды ұйымшылдыққа шақырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім ұзақ мерзімді жоспары: Қазақтың ұлттық ойындары

Мектеп: №8 гимназия

Мерзімі:

Мұғалімнің аты:

сынып:

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ ұлттық ойындары


Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.3 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

Сабақ мақсаты

Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады

Бағалау критерийлері

Қазақтың ұлттық ойындарын біледі

Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді

Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады

Тілдік мақсаттар


Мыналарды қамтиды:

  • стратегия, тактика, жүріс

  • рөлдер: ойыншы, төреші

  • команда, қарсылас, шабуылдау, қорғаныс

  • ережелер, бағалау, адал ойын

  • «Арқан тарту»

«Ханталапай»

«Тымақ ұру»

Тәрбиелеу құндылығы

Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыс

Математика,музыка,өзін-өзі тану

АКТ қолдану

Ғаламтордан мәліметтер алу

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сынып бойынша білімін сүрау не білетінін сұрақ арқылы анықтау.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар

Ресурсы

Ұйымдастыру кезеңі

10-12 мин

Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы.

Жүру 
- Аяқтың ұшымен қол жоғарыда. 
- Қол желкеде, өкшемен жүру. 
Жүгіру 
- тізені көтере жүгіру. 
- өкшені артқа көтере жүгіру. 

Жалпы дамыту жаттығуларының орнына Қара жорға биін билету.

Бұл биде жаттығудың барлық элементтерінің бар екенін түсіндіру

Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет.(оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау)

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.

Негізгі бөлім

28-30 мин.

Ойын ережесімен, ойын тарихымен таныстыру.

Ойын қағидаларын жазып отыруды ұйымдастыру. 

Топқа бөлініп ойнау. 

Қауіпсіздік ережелерін айту. 

1-тапсырма

Арқан тарту — ұлттық ойын.

Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам немесе сыныптың адам санына тең бөлінуге болады, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді. 

Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау, нәтижелерін есепке алып екі жұлдыз бір тілек айту.

2-тапсырма

Ұлттық ойын «Ханталапай»

 Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.

3-тапсырма

Ұлттық ойын «Тымақ  ұру»

Шарты: Екі толқа бөлінген балалар атпен шауып барып қамшымен тымақты ұру.



Сұрақ-жауап

Қандай қиындықтар болды?

Шешу жолдары?

Оқушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы,


Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік.

мұғалімге ысқырық, секундомер,арқан,асық,

ағаш ат,дорба,қамшы,тымақ

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.


Қорытынды

5 мин.

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Арқан тарту,ханталапай,тымақ ұру ережесін сақтаумен өтеді

- Қауіпсіздік ережесін сақтау және ереже бұзбау.

ҚБ:

« Смайликтер»


Жалғастыруға дайынмын! Толықтау түсінбедім! Ештеңе түсінбедім қайталау қажет!

Оқушылар өткен сабақ бойынша сәйкес келетін смайликтердің суретін салады.

Әр топтың оқушыларына қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан дәм татқызу.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

нәтижесін есепке алу арқылы

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бақылау парағы, сұрақ жауап , бақылау,кері байланыс


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
ұлттық ойындар сабағындағы қауіпсіздік ережелері

















Сабақ бойынша рефлексия






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Бағалау өлшемдері


Бағалау өлшемдері


Дескрипторы


Ойын ережесін біледі


Көкпар, ақсүйек,тымақ ұру,ханталапай,арқан тартыс ойындары ережесін тізбектейді


Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді


Ойын жағдайындағы әдіс-тәсілді көрсетеді

Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады

Сыныптасы қолданған әдіс-тәсілді бағалайды, ойын жағдайында әдіс-тәсілді жақсартуға ұсыныс береді.


Бағалау парағы: оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау

№

Оқушының аты - жөні

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

Сұраққа жауабы

1







2







3







4







5







6







7







8






9






10






11






12






13






14






15






16






17






18






19






20






21




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі