Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы оқушылардың өнерге деген кәсіби шеберлігін қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы оқушылардың өнерге деген кәсіби шеберлігін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы оқушылардың өнерге деген кәсіби шеберлігін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОӘК-7.011.26

Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы оқушылардың өнерге деген кәсіби шеберлігін қалыптастыру

«Білім патшалығы - 2» мектебі.

п.ғ.магистры Сүттібаева Жанар Қалмахамбетқызы


Резюме

В этой статье рассматривается развитие творческих способностей через обучение казахских народных декоративно-прикладное искусство учащимся начальных классов средних школ, посредством которого молодое поколение впитывает в себя нравственные качества, патриотизм, трудолюбие.

Summery

This article discusses the development of creative abilities through teaching Kazakh folk arts and crafts to primary school students of secondary schools, through which the younger generation absorbs moral qualities, patriotism, diligence.


Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары.Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз «Білім таусылмас кен, қолөнер таусылмас мұра» дегенді насихаттап келген. Демек халықтың ой тілегі жас ұрпақты қолөнерге баули отырып тәрбиелеу деген ұғымды білдіріп отыр. Осындай халықтық ұрпақ тәрбиелеуде озық тәжірибелері мен ой түйіндері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қозғаушы күш болары анық.

Қазіргі кезде елімізде ұлттық кұндылыктардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы коғамның идеялық бірлігінде" еңбегіндегі “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр "деген сөзі нақты айғақ бола алады.

Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту-игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.

Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел-біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамашалаған шетелдіктер «Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы» деп бағалаған еді. Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде. Қазіргі заман суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр.

Ендігі мәселе осы тәрбие көздерін пайдалануда қолөнер негіздерін, білім беру жүйесін жетілдіруде, жаңа технологиялар үрдісінде тереңдетіп оқыту жолдарын қарастыру. Халықтық педагогика ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Халықтық педагогикасы қолөнерге еңбекке негізделгендіктен үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде жеке бастық тәрбиенің озық үлгілерін көрсетіп отырады.

  • Қолөнерге баулудың басты мақсаты:

  1. Ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнеге берудің тиімділігін көрсету;

  2. Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшеліктерінің неде екенін қолөнерге уағыздай отырып көрсету;

  3. Қазақстан Республикасының орта білім беретін мектептерінде сәндік қолданбалы қолөнер түрлерін үйрету мәселелерінің тарихын ашу. Өмір шындығын көрсетіп келешек ұрпаққа эстетикалық тәлім-тәрбие беру мен қолөнер шығармашылығын қалыптастырудың шарттарын, қазақ қолөнерінің ерекшеліктерін ашып көрсету.

  4. Өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу. Осы мақсатты іске асыру жолында жанұя мүшелерінен бастап, қариялар мен өнер адамдарының белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізу қажет.

Оқушыларды ұлттық колөнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдык өндірістегі қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттык қолөнердің әлемдік көріністерін қалыптастыру, ой-өрісі мен кәсіби- шығармашылық кабілеттерін жетілдіру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне катысу үрдісінде мамандарды даярлауға жағдайлар жасау мақсаттары қойылып отыр. Мұның бәрі жалпы кәсіби шеберлік және дизайнерлік білім беруде жоғары мазмұнды даярлықты талап етеді. Бұл міндетті шешу жоғары оқу орындарына тапсырылады, өйткені жоғары педагогикалық оқу орындары қай кезде де қоғамға тірек болған және бола да береді.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру мазмұны 5-9 сынып оқушыларының «Технология» оқу бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін. «Тігін бұйымдарының сән үлгілері» тарауы бойынша жасалған бағдарлама мазмұнында қарастырады. Балаларды жастайынан сәндік-қолданбалы өнерге үйрету бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаған өнердің бір түрі кілем тоқу, киіз басу, киім тігу, ши тоқу, сырмак сыру өнері. Қазақстанда кілем және кілем бұйымдары көшпенді қазақтың тұрмысында ерекше орын алды, әсіресе, киіз үй жиһазы ретінде ағаш бұйымдары маңызды болды. Жасалу әдістеріне байланысты киіз үйдің жылулығы және сәнділігі үшін кілемдердің түрлері, киіз үйдің алаша мен киізін тартып бекітуге арналған бау, басқұрлар; үй-ішілік сәндік бұйымдар: есік шымылдықтары. кереге басына ілінетін бұйымдар, сандыққап, теңқап, қоржын, түрлі тоқыма дорбалар мен заттар салып сақтау үшін қажетті бұйымдар, атка салатын қоржындар және тағы баска тоқыма бұйымдары дайындалды. Осы аталған сәндік-колданбалы өнер түрлерін бағдарламаға сай, 5-9 сынып оқушыларын сәндік қолөнер бұйымдарын технологиялық өңдеуге үйрету көзделген. Технология пәні мұғалімінің кәсіби даярлығын кәсіби іскерлігін қалыптастыру мәселесінің кұрамында қарастырған жөн.

Жалпы халқымыздың қолөнері арқылы болашақ мамандарды оқытып тәрбиелеу мәселесіне бірталай енбектер арналғанымен, халық қолөнерін үйрету және сол арқылы өмірге даярлау тұрғысынан сан түрлі мәселелерді шешуді ғана зерттеу нысаны етіп алған З.Ахмедина, В.Боброва, М.Искакова, т.б. кәсіби кызығу мәселелерін қарастырып, құнды тұжырымдар жасаған.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүр халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жатқан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерінен көруге болады.

" Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында кәсіби білімін жетілдіру маңызды болып отыр. Жаңа буын оқулықтары, оған байланысты жетілдірілген бағдарламалар енгізіліп, жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқушы білімін бағалау талаптары койылуда. "Оқытудың жаңа технологиясы" тәжірибиесі таратылуда. Жоғары оқу орнын бітіруші жастардың мұғалімдік мамаңдығы бойынша кәсіби қалыптасуындағы қоғамдық, психологиялық-педагогикалық және кәсіби мамандық білімдерімен қатар болашақ мұғалімдік жұмысында педагогикалық тәжірибені жоғары деңгейде саналы өткізуі аса маңызды қажеттілік.

Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі - әлемдік кауымдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сондыктан қазіргі заманғы бейім, экономика талаптарына жауап беретін жан-жақты дайындығы бар білікті, іскер маман даярлау орта және арнаулы, жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялық әдістерді қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие . үрдісінде жоғары нәтижеге жету — біздің басты міндетіміз.

Осы міндеттердің бірі - жасөспірімдердің шынайы өмірге, өнерге кәсіби шеберліктерін калыптастыру. Ал бұл шығармашылық тұрғыдан ізденімпаз тұлғаны дамытудың факторы болып саналады. Адамның шындыққа, өнерге көзқарасы қабылдаудан басталады және онсыз қалыптасуы да мүмкін емес. Осыған байланысты балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдау және бақылау қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. Осы қабілеттердің дамуы өмір мен өнердегі әсемдікті, ұлылықты, шынайылықты түсінуге және оларды талғамсыздықтан ажырата білуге мүмкіндіктер жасайды. Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан, өмір мен өнердің эстетикасын тану эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады.

Экономикалық өзгерістер кәсіптік білімді дамытуды түпкілікті өзгертті.. Кәсіптік білім еңбек нарығының сұранысын, жұмыс берушілердің нақты талабын қанағаттандыру жағдайларына қарай бейімделді. Оқу барысында тандаған мамандыктарына сай әрбір кәсіпорында экскурсия өткізу, іскерлік ойын, дебат, пікірталас сайысы түрінде оқыту әдістерін қолдану оқушылардың кәсіби іскерлік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Ғалымдардың бірқатары отандық және шетел тәжірибесіне мазмұнды талдау беру арқылы кірген "Технология" пәнінен эксперименттік бағдарлама жасаған. Бағдарламада материалдарды өндеудің барлық түрлері және олардың технологиясы, көркемдеп құрастырылуының, сәндік-колданбалы шығармашылықтың негіздері берілген. Олардың пайымдауынша, адамды іс-әрекеттің қайсы бір түріне болса да баулу тұлғаның шығармашылық касиетінің қалыптасу үрдісіне мақсатты түрде ықпал етеді. Ғалымдардың зерттеулері қолөнерге бағытталған іс-әрекеттегі білімнің кіріктірілген сипатын кеңейтеді. Болашақ мамандардың ұлтгық қолөнер аркылы кәсіби- шеберліктерін жетілдіруде қоғамның сұранысы мен бүгінгі жағдайы арасында; еңбек үрдісіндегі оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарының мүмкіндіктері мен олардың ұлттық қолданбалы қолөнерге жеткіліксіз назар аударылуы арасында; технология пәнінде қолөнерлік іс-әрекетке кәсіби даярлығын қалыптастыру қажеттілігі мен арнайы ғылыми әдістеменің жоқтығы арасында қарама-кайшылық байқалады. Сондықтан ұлттық қодданбалы қолөнер саласына кәсіби даярлығын қалыптастыру үшін тиімділігін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және такырыпты " Мектеп оқушыларының ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы кәсіби шеберлігін қатыптастыру" деп тандауымызға себеп болды.

Бүгінгі оқушы - ертеңгі болашақ маман иелеріне қолөнердің сырын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың өнер салаларындағы шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени бай мұраларын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне танымдық көзқарастарын қалыптастыру, колөнерге қызығуларын ояту, қазіргі кезеңдегі мектептен бастап жоғары оқу орындарының, білім беру жүйесінің барлық саласындағы имандылық тәрбиенің негізгі басты міндетгерінің бірі болып табылады.

Өнерде талғам ізденіп ойын дамытуда қиял, елес және көркемдік ой үлкен мәнге ие болады. Жасөспірімдердің осы салаларының дамуына тарихы мен мазмұны терең сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жан-жақты білімдер, аталған өнер түрлерінің туындыларын жасау барысындағы шығармашылық тапсырмаларды орындауға ықпал етеді.

Кәсіби шеберлік логикалық тұрғыдан ойлау, талдау, деректерді салыстыру және қорытындылау қабілеттеріне негізделеді. Ол үздіксіз езгеріске түседі, молаяды, жаңа мазмұнмен толықтырылады, адам өмірінің барлық саласында жетілдіріледі.

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберліктерін қалыптастыруда  адамның қажеттіліктерінен, күнделікті ақпараттардың сапасынан, көркемдік білім-ділігінен, оның "сұлулық заңы" бойынша іс-әрекеттерінің сипатынан талап етіледі.  Өнерді үйрету барлық саладағы іс-әрекеттерді камтиды. Ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру  кажеттіліктердің дамуы адамның ұлттық мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді және рухани тұрғыдан дамуына ықпал етеді.

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда қажеттілік көркемдік көзқарастарда, идеалдарда, талғамда, шығармашылықта пайда болады және адамның іс-әрекеті мен өмірлік мақсаттарына. әлеуметтік мінез-құлкына ыкпал етеді. Бұл әлеуметтік топтардың көркемдік құндылыктарға (өнер. табиғат, еңбек, т.б.) негізделген шындыққа қарым-қатынасы болып табылады.

Талғампаздық пен шеберлік бір-біріне тәуелді және бірін-бірі толықтыра түсіп. бірлікті құрайды, кажеттіліктің дамуы қабілеттің дамуына әсер етеді. Мәселен, сәндік-колданбалы өнер туындыларын кабылдау кабілетін дамыту үшін оның көркемдік тілін түсіну. образдарын, спецификасын. көркемдік шындығын, шарттылығын және т. б. жете үғыну кажет.

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік-колданбалы өнерді менгеру үрдісінде кәсіби шеберлігін калыптастыру оның адам өміріндегі рөлін жетік түсіндіруден, оның маңыздылығы мен мәнін және спецификалык зандышықтарын толық ашып көрсетуден де талап етіледі. Бұл жағдай сабақтарда халық өнерін қазіргі мәдениеттің ажырамас бөлігі тұргысынан, кәсіби өнермен өзара әрекеттестігі, ерекше типтегі шығармашылық тұрғысынан карастырғанда ғана мүмкін болады.

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда ұлттық қол өнер дәстүрін меңгеруін, сақтауы мен жалғастыруын қамтамасыз етеді, еңбекке баулу мазмұнын кеңейтуге, халық өнерінің негізгі түрлері туралы білімдерін (сәндік-бейнелеу, салттық-ойындық, сөздік-поэтикалық) пәнаралық деңгейде қорытындылауға мүмкіндіктер береді. Қысқасы, сәндік-қолданбалы өнер туынлыларын бейнелеу өнері, технология пәндерінде тиімді пайдалану, пәнаралық байланыста жүзеге асыру, мектеп мұражайын ұйымдастыру, қоршаған ортасын безендіру жұмыстарына қатысу, халық шеберлерімен кездесулер ұйымдастыру, олармен бірлесіп бұйымдар жасау және т.б. жұмыс формалары оқушының сәндік іс-әрекетіне ыкпал ете отырып оған жаңа мүмкіндіктер береді, сәндік-колданбалы өнер саласынан білімдерін кеңейтеді, кәсіби шеберлігінің жетілуіне септігін тигізеді

Әрбір баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, қиялын, фантазиясын оятуға, мәдени тарихи ескерткіштерді білу, сақтау, насихаттауға байланысты қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық іс-әрекеттерге белсеңді араласуына ыкпал етеді. Мектеп оқушылары ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін оку мен меңгеру барысында еңбек үрдісіндегі өздерінің іс-әрекеттерін басқаруға, оны жоспарлауға, мақсаттар мен міндеттер қоюға, оңтайландыру мүмкіндіктерін табуға, еңбек мақсатына қол жеткізуге үйренеді, жаңа білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгереді.





Пайдаланылған әдебиеттер:  

    

1. Н.Назарбаев. "Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі. қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Алматы. 2001.

2. С.Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. "Казакстан", 1995.

3. Казақстан Республикасының оіяш беруді дамытудың 2005-2010 жылдарга арнаіган Мемлекеттік багдарламасы // "Білім алемі" газеті, 30. 10. 2004.

4. Профессиональная педагогика /под ред. С.Я. Батышева. – М.: Профессиональное образование, 1999. – 904 с.

5. Крупская Н.К. К.Статье: Опыт анализа детского труда // На путях к новой школе. -1926. -№5-6. –С.31-32

6. Басенов Т.К. Прикладное искусство Казахстана.-Алма – ата,1951.-269 с.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2023
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі