400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСПАСӨЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
тарихшыларға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСПАСӨЗ

Амангелдиев Миржан Бекболатұлы
«№26 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ,
тарих пәні мұғалімі
Қазақстан, Орал қ.

Егемендікке қол жеткізген мыңжылдықтар тоғысындағы қазақ қоғамының
ең негізгі қол жеткізген үлкен табысы бұл өткенімізді қайта сараптаудан
өткізіп, ұлт тарихының көмескі беттерін ашуға мүмкіндіктің туғандығы десек
болады. Сол себепті бүгінде өткеніміз зерделеніп, асыл мұраларымыз қайта
түлеу үстінде. Соның бірі ХХ ғасыр басындағы алғашқы қазақ басылымдары
және олардың атқарған қызметін ұлттық руханиятымыздың қайнар көзі ретінде
танысақ болады.
Қазақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиыншылығына
қарамастан ағартушылық пен қазақ жастарының оқу-білімге деген құштарлығы,
өркениеттілік даму жолына бағыт ұстанғандығы, олардың қоғамдық
санасындағы серпілістердің жаңа арнаға түскендігі байқалды. Осы кезеңде
көптеген қазақ жастарының Мәскеу, Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор, Омбы,
Астрахан сияқты ірі білім ордаларындағы оқу орындарында оқи жүріп, саяси
өмірге тікелей араласты.
Қанды қақтығыстан кейін (1905 жылғы 9 қаңтардағы) патша үкіметі төніп
келе жатқан толқуларды болдырмас үшін съезд өткізуге және патша ағзамға
мұқтаждықтарын білдірген петиция жолдауға мүмкіндік берген 18 ақпан
«Бостандық манифесі» атанған құжатқа қол қойды. Бұл мектептерді ашуға,
газет шығаруға, баспахана ашуға жол ашты. Сөйтіп, 1905-1907 жылдардағы
бірінші орыс революциядан кейін баспасөз саласы жанданып, орыс, татар
тілдерінде бірнеше газет-журналдар дүниеге келді.
1917 жыл – азаматтық қарсылық кезеңі басталғанға дейін Қазақстанның
батыс өлкесіндегі Орал жерінде дүниеге келген «Уральские войсковые
ведомости» (1867), «Уральский листок» (1891), «Уралец» (1897), «Уральский
дневник» (1906), татар тілінде «Фикер» (Мысль, 1905), «Әл-гасруль жәдид»
(Новый век, 1906), «Уклар» (Стрелы, 1906) және т.б. қалың елдің зор
қолдауына ие болып, болашақ мерзімді баспасөздің талайының тұсауын кесті.
Аталмыш басылымдардың тұңғыш сандары Орал қаласындағы татар халқының
перзенті Ғ.Тоқайдың өміріне арналған мұражайда сақталғанын атап айтқымыз
келеді.
Ішкі Орданың Жәңгір хан заманынан бастап Ресейдің Астрахань, Орынбор
сияқты іргелес жатқан қалаларымен жиі араласуы, Орда мектебінде ұстаздық
еткен өзге ұлт зиялылары арқылы да қазақ даласына келген газет-журналдар


Page 2

біздің халқымыздың ой-санасының дамуына өз септігін тигізді. Сол кездегі
қалыптасқан қазақ интеллигенциясы өзімен бірге халықтың қамын жеп, сөзін
сөйлейтін нағыз ұлттық газеттің дүниеге келуін тездетті.
Батыс Қазақстандағы ұлттық баспасөздің бастауын 1911 жылы 16
наурызда жарық көрген «Қазақстан» газетінен алады.
Газет шығаруда зиялылар үлкен қиыншылықтарға тап болды. Газеттердің
шығып тұруы да ұзаққа созылмады. 1911-1913 жж. аралығында өлкемізде
шыққан «Қазақстан» газетінің де өмірі ұзақ болмады. Елеусін Бұйриннің
редакторлығымен шыққан газет негізінде демократиялық, ағартушылық
бағытты ұстанды . Елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне
қатысты өзекті мәселелерді жариялап, кертартпа элементтерге соққы беруге
тырысты [1, б. 27-28].
Қазақтың өзiнде ХХ ғасырдың басында меншiктi баспахана болмады, қазақ
тiлiнде жазылған кiтаптар Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында татар
баспаханасы арқылы ғана басылып шығып тұрды. Сондықтан да елде газет,
журналдар шығару мүмкін болмады. Сол кездегi қазақтың кейбiр оқығандары,
өз қаржыларына газет - журналдар шығаруға талаптанған.
Қазақ баспасөзінің алғашқы толқынының бірі ретінде - 1911 жылы Елеусін
Бұйрин деген азамат өз қаржысына қазақ тiлiнде «Қазақстан» атты журнал
шығарған. Оның 1-2-ші сандары алғашқыда Орда қаласында, кейiнгi сандары
Орал қаласында шыққан. Журналда халықаралық хабарлар, қазақтардың
тұрмысы мен әдет - ғұрпы, өлең - жырлар басылған. Дегенмен, қаражаттың
тапшылығынан, оның кейбiр сандары уақытында шығып тұрмады. Осының
салдарынан журнал 1913 жылы ақпан айында жабылған.
«Қазақстан» журналынан кейін «Қазақстан» газеті шыға бастайды.
Дегенмен, бұл газеттің көптеген нөмірлерінің қазақ жерінде сақталмай
қалғандығынан, сол сияқты газеттің ескі араб графикасымен шығып
тұрғандықтан оны оқып-зерттеу қиын болған. Бұл «Қазақстан» газеті жөнінде
түрліше жаңсақ пікірлер айтылып жүр. Мәселен, оны біреулер газет емес,
журнал еді десе, басқа біреулері ол ұжым қаржысымен емес, жекелеген
адамдардың қаражатымен шыққан еді. Бастапқыда Бөкей Ордасында, кейін
Орал қаласында шыққан «Қазақстан» газетін оқығанда, Бақытжан Қаратаевтың
оның ісіне белсене атсалысқаны көзге түседі. Тіпті ол кейде Семей облысынан
келген хаттарға редакция атынан жауап беріп отырады, мысалы: Ғ. Жүсіп деген
азамат редакцияға хат жібереді: «мен ақшалай көмек беруге мүмкіншілігім
бар»,- деп жазады.
Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы Ғұмар Қараш – «Қазақстан»
газетін ұйымдастырушысы, көрнекті ақын, ойшыл - философ, халқын өнер мен
ғылымға үндеген ағартушы, дін жолын, араб, парсы, түрік, татар тілдерін жетік


Page 3

білген, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөз беттерінде қазақ жұртының көкейкесті
мәселелеріне жаны ауырып, ой толғады, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы»
сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналының тұңғыш шығарушысы, баспасөз
жанашыры болды. Тарихшы И. Кенжалиев өзінің «Ғұмар Қараш» атты
еңбегінде: «Газет Ғұмар Қараштың ұсынысымен «Қазақстан» деп аталды».
Оның алғашқы екі саны Орда қалашығында 1911 жылы 16 наурыз-27 мамырда
жарық көрді. Бұл ол кезде үлкен ерлік, зор табыс еді. Қазақтың өз жерінде
тұңғыш қоғамдық - саяси газет дүниеге келді, - деп тұжырым жасайды автор [2,
б. 84].
«Қазақстан» газеті революцияға дейінгі қазақ тілінде жарық көрген басқа
да мерзімді баспасөздермен салыстырғанда демократиялық, реформаторлық
идеяларымен, яғни әлеуметтік – прогрестік бағыттағы сапалығымен
ерекшеленеді. Оның алғашқы санында баспасөздің ұлт санасын
тереңдетудегі рөліне айрықша тоқталады. Ғұмар Қараш өзінің «Газет деген не
зат?» - деп аталатын мақаласында: «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат –
газет! Газет біздің білгенімізді көрсететін ұстазымыз! Газет біздің қараңғыда
жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз! Біз қазақ балаларына бұның
қадірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне тілекші болу, аз,
ақшаны аямай жазылып, алып, оқу парыз» [3].
Білім игеруге шақырған, саяси сауаттылықты үндеген Ғұмар Қараш және
басқа да «Қазақстан» газетін шығаруға атсалысқан қазақ зиялылары аталмыш
басылымның не бары 18 санын ғана шығарып үлгерді. 1911 жылдан бастап
жарық көрген «Қазақстан» газеті қаржатының жетіспеушілігі мен полицейлік
бақылау, цензор талаптарының салдарынан 1913 жылы жабылды. [2 , 88-б.].
Қорыта келе «Қазақстан» газеті қазақ елін оқу – білімге шақырған,
отырықшылық өмірге, мәдениетке үндеген, халықтың саяси ой - санасын
өрістетуде елеулі рөл атқарған прогресшіл бағыттағы маңызды басылым бола
білді. Оның ұйымдастырушысы болған Ғұмар Қарашты ХХ ғасырдың бас
кезінде қазақ халқының саяси – құқықтық, ұлттық мүддесін қорғауда баспасөз
басылымын құрал еткен ірі тұлға деп тануымыз ләзім.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). – Алматы, 1981.
– 239 б.

2. Кенжалиев И.Н. Ғұмар Қараш: оқу құралы. – Орал, 2004. – 134 б.
3. Қараш Ғ. Газет деген не зат? // Қазақстан – 1912, сәуір - 24.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі