Материалдар / Қазақи нақыштағы шаш бұйымдары

Қазақи нақыштағы шаш бұйымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қол өнерге баулу, қазақ мәдениетін көтеруге , салтын жаңғырту мақсатында жасалған ғылыми жоба
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» КММ











Шығармашылық жоба

Тақырыбы: «Қазақи нақыштағы шаш бұйымдары»


Орындағандар: Базылбек Ахметов атындағы орта мектептің

4 «а» сынып оқушылары

Қайырбекова Аружан,

Зияданова Карина



Жетекшісі: Тоқтарбекова Аяулым Тоқтарбекқызы


















2016-2017 оқу жылы

Мазмұны

І КІРІСПЕ.....................................................................................................4

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Шаштың сәндік әшекейлері........................................................6

  2. Ою-өрнек түрлері, оның жасалу жолдары..................................9

  3. Зерттеу бөлімі...............................................................................12

  4. Ою-өрнектермен сәнделген шаш бұйымдарының түрлері.......13

  5. Бұйымды жасауға байланысты қысқаша кеңестер.....................15

  6. Шаш қыстырғышының жасалу жолы..........................................16

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................17

IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................18

VI ҚОСЫМША.........................................................................................19




























Шығармашылық жоба

Тақырыбы: Қазақи нақыштағы шаш бұйымдарын жасау

КІРІСПЕ

Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шашбау деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.

Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тиған.

Бұрынғы заманда шаш бұйымдарын сүйектен, ағаштан, күмістен жасаса, қазіргі кезде өндірістің кең көлемде дамығанына байланысты түрлі шикізат көздерінен жасайды. Шаш бұйымдарына шашбау, шолпы, әртүрлі буғыштар, түрлі қыстырғыштар, шаш жинағыштар жатады.

Зерттеудің өзектілігі:

Қазіргі қолданыста қазақи нақыштағы шаш бұйымдары өте аз.Бұл қазақ мәдениетін көтерудегі өзекті мәселелердің бірі деуге болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Тәуелсіздік алып,жеке мемлекет болып өмір сүріп жатқан уақытта, ұлттық тәрбиеге бет бұрысты қазақи нақыштағы шаш бұйымдарын бүгінгі күн талабына сай жасауды зерттеу.

Зерттеу жұмысының болжамы: Атам қазақтың «Қызға қырық үйден тыю» нақыл сөзінің мән-мағынасы 21ғасырда қыздар тәрбиесіне аса маңызды. Ана үйдің тірегі деп білсек, қыздар болашақ ұлтымыздың тәрбиелеушілері. Қазірден бастап күнделікті өмірде ұлттық нақыштағы бұйымдарды қолданып, көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап өссек, қыздар арасында дөрекі қылықтар, инабатсыз әрекеттерге бару болмас еді. Шаш бұйымдары арқылы «Ұят болады» қағидасын дәлелдеу.

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

  • Ою-өрнектер, және оның жасалу жолдары туралы мәліметтер жинастыру

  • Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерімен танысу.

  • Өскемен қаласынан және ауылдағы дүкен сөрелерінен қазақи нақыштағы шаш бұйымдарын іздестіру.

  • Қазіргі қоғамда қолданыста жүрген шаш жинағыштардың қай түрі ыңғайлы, әрі көп пайдаланылатынын оқушылар мен ата-аналар арасында зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1)Ою-өрнек туралы мағұлматтарды жинақтау
2) Байырғы қазақ халқының шаш бұйымдарымен танысу

3) Ою-өрнектердің бүктеу, қию ережелерін меңгеру, бұйымды сәндеу.

Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Қазіргі заманғы құрбыларымның шаш қою үлгілерімен қатар,шашқа жасайтын сән үлгілері,оны жинайтын қазақи нақыштағы шаш бұйымдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді күнделікті өмірге енгізу.

Жоба жұмысының нысаны:
Қазіргі кездегі қолданыста жүрген шаш бұйымдары.

Жобада қолданған әдіс-тәсілдер

Сұхбат, сауалнама

























НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Шаштың сәндік әшекейлері

Шаш –Аллах Тағаланың ғажайып сыйы, құрметі, сәні, еншісі, сұлулығы. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап.жемелек – әйелдің әсем табиғатына сай шаштың сәні. Ол халқымыздың ұлттық сый-сипатына тұнып тұр.Енді соларға қысқаша тоқталып кетсек

Шашбау.Ол-қыз,келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылып,. қыздардың шашының әр-ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұ шын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу, әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:

1.Үзбелі шашбау; 2.Шашақты шашбау. 3.Теңгелі шашбау

Қазақтарда шашбаудың;сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау, шаш –түлек (лентадан жасалады), шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді. Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады,оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды.Шашбауды бұрымға қоса өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп,бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп,денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша,шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады.

Шолпы.

Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша, неше түрлі асыл тастан жасалған сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп есептелген.

Қазақтың қыз-келіншектерінің шаштарына сылдырмақты шолпы тағуына «адам жанына зиян келтіретін бәле-жалалар жоламасын» деген сенім-түсінік те өз әсерін тигізбей қоймаған.

Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тиған.

«Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты.

Жас қыздар мынандай шолпы таққан:

1.Үзбелі шолпы;

2.Қос үзбелі шолпы;

3.Маржанды шолпы;

4.Меруертті шолпы;

5.Ақық шолпы;

6.Қоңыраулы шолпы;

7.Тізбелі шолпы;

8.Сағат баулы шолпы;

9.Қозалы шолпы;

10.Сылдырмақ шолпы;

11.Көзді шолпы;

12.Алтын шолпы;

13.Күміс шолпы.

Шашқап.Қазақтың ескі салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласқан кезде киген. Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан,күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді,кейде оған маржан, меруерт,күміс шеттіктер тағады.

Шаштеңге. Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінін хабар беріп, «айтып»қояды. Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық, шүйдеге тағылған әшекейдің аты-жетерлік.

Жемелек. Шашқа тағылатын бұйымның тағы бір түрі – жемелек. Аталған сөзге «өрілген бұрым ұшын бекітетін жіп, лента»,«шашбау, әйелдердің шашына тағатын бау» деген түсініктер берілген. Ертеде Маңғыстау қазақтары өз салттары бойынша әйелдердің шашына түйенің қара шудасын қосып өрген. Осылай өрілген шаштың атауы – жемелек (жебелек). «Жемелек» сөзін көбінесе Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары қолданады. Аталған сөзге тек диалект ретінде қарау теріс сияқты, байқағанымыздай, жоғарыдағы сөздердің үшеуі де өрілген бұрым тарқатылып кетпеу үшін шаштың ұшына байланатын, бекітілетін бұйым; айырмасы – шолпы, шашбауға алтын, күміс тиындар қадалатын болса, жемелек – ондай қымбат әшекейі жоқ қарапайым ғана жіп, бау. Түркімен тілінде желемек – шашқа тағылатын күміс әшекей. Өзбекстандағы қазақтардың тілінде желемек – өрілген шаштың ұшына тарқатылып кетпеу үшін жалғанатын жіптен ширатылған әшекейлі шашбау.Бұрындары қалыңдықтың шашына тағатын түрлі тағымдардың түсі өмір мен байлықтың символы қызыл түске боялған.

2)Ою-өрнек түрлері, оның жасалу жолдары.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқалмас қазына, бай мұра.

Бұл ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам,зерделі зергерлер әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүние меңгеріп,одан әрі жетілдіре берген. Бұл бұйымдар адам қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, олардың өнер әлемі жайындағы көзқарасынан да хабардар береді. Шынайы шеберлердің туындылары ғасырлар елегінен өтіп, бізге жетті.

Қазақтың кестелі ою-өрнектері
Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдареңбек құралдары қару жарақ, архитектуралық ғимараттарды әшекелеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.
Қазақ халқының ою-өрнегінің тарихы Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жал, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу,дәнекерлеу , оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады

Қазақта ең көп тарған тұрмыста көп қолданылатын өнердің бірі – ою – өрнек өнері. Әрбір ою- өрнектің мазмұнында терең мағына жатыр. Ою – өрнекке қарап отырып, ата – бабамыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дүниетанымын, танымдық қабілеттерін, әлеуметтік – экономикалық жағдайын білуге болады. Академик Әлкей Марғұлан айтқандай « Қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» ,-деген. Расында да қазақта өрнек түрлерінің көптігі соншалықты күнделікті тұрмысқа етіне сіңісіп кеткендей. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлтты қ ою-өрнегінің 230-дай түрі ғана анықталған деп топшалайды. Жалпы ою-өрнектерді мотивтеріне қарай өсімдік тектес ою-өрнек, зооморфтық ою-өрнек, геометриялық ою-өрнек , космогониялық ою-өрнек деп бөледі.
Ерте заманда жазу-сызу болмағанда ата-бабамыз өз ойын табиғаттың әсем көріністерін тасқа, сүйекке, ағашқа ойып қашап түсіріп отырған. Бұдан біз сүйекке бедерлеп ою салу өнері ағашты әрлеп қашау өнері көне заманнан келе жатқан өнер екендігін білуге болады. Заман ағымына қарай шебер ата- әжелеріміздің қолөнер бұйымдарын бейнелеуде стильдік ерешеліктері өзгеріп, енді ою- таңбалар киізге, алашаға, кілемге т.б заттарға салынатын болған. Осындай қолөнер бұйымдарына салынған таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып біліп отырған. Мысалы қазақ халқының ерте кезден бергі әдет- ғұрып салты бойынша бөтен жерге алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан бір қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде бойы сорайған ұзын және өте жіңішке әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған адам дөп- дөңгелек адам тұрпаты бейнеленсе, қызыдың ата- анасы жат - жұртқа ұзатылған баласының «отырса опақ, тұрса сопақ» болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа бір ретте күйеуге ұзатылған қыздан «құсмұрын» бейнесі салынған сәлемдеме келсе ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екен деп қабылдаған. Сондықтан ұзатылған қыздан сәлемдемеге құстұмсық жүзік келсе немесе құстұмсық ою-өрнекті тұскиіз, басқұр сияқты заттар келсе ауыл- аймағы қуанып той жасап атап өтуді әдет еткен.
Ою- өрнек белгілерінің тұрмыста кеңінен қолданылатындығына тағы бір мысал қазақтың бұрынғы салты бойынша жаңа туған нәрестеге құтты болсын айтуға барғанда, оған апаратын «бала жинағы» деп аталатын бұйымдарға малдың, аңның бейнелері салынатын болған. Себебі бала бұйымдарда бейнеленген нұсқаларды көре отырып, айналадағы дүниені танысын, қоршаған ортасын көре берсін деп ырымдайды.
Түрлері
Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:
• жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);
• гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);
• торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);

геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);
• зооморфтық (жануарлар, яғни аң-құс, балық , әр түрлі жәндіктер т.б.);
• көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).
• қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).
Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. Ою-өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, көкөніс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару-құралдарында сақталып қалды.
Халық ою-өрнегінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сақина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық пен көкөніс өрнектері (сыңар мүйіз, кұсмойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болады.
Ою-өрнек үлгілері
• "Жұлдыз" - өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды. Жұлдыз бейнесі копмозицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі.
• "Жұлдызгүл" - бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды.
• "Күн" - ою-өрнегі күнді меңзейді.
• "Мүйіз" - мүйіз оюдың ең көне мәнері.
• "Қосмүйіз" - малдың екі мүйізін бейнелейді. Кейде "ырғақ", "ілмек" деп аталтын оюларды "қосмүйіз" дейді.
• "Арқармүйіз" - бұл элемент "қошқармүйізге" ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді.
• "Сыңар мүйіз" - қошқармүйіздің бір жақ сыңарын бейнелейтін өрнек.
• "Қырықмүйіз" - біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден тұрады. Негізінен мүйіз бейнеленген оюлардың барлығының символдық мәні бақыт-береке, байлық, мал-жанының көбеюі.
• "Төртқұлақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі. Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырынына, шалбардың тізе тұсына салынған.
• "Үшжапырақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Ертедегі сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі. Ісмерлер кесте тігуде қолданып жүр.
• "Түйемойын" - түйенің мойнына ұқсаған мүйіз оюына жатады.
• "Ботагөз" - әшекейлі композиция ортасына салынады.
• "Тіс" - малдардың, аңдардың тістеріне және шахмат тақтасына ұқсайтын ою-өрнек.
• "Таңдай" - мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан.
• "Құсқанаты" - қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді.
• "Шетою" - өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. Сырмақ, киім-кешектердің басқа да үй жиһаздарының жиектерін кестелеуде, сәулет өнерінде қолданылады.
• "Ирек", "ирексу" өрнектері бешпеттің, қамзолдың, шапан мен тақияның жиектеріне салынады.
• "Гүл", "жапырақ", "қоза" өрнектері - барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектер қолөнердің барлық саласын қамтиды.
• "Су өрнегі"

3) Зерттеу бөлімі:

1)Зерттеу бөлімі сұхбаттан басталды.

Қайырбекова Аружанның апасы Оразбекова Сәтемхан Сәукетайқызынан сұхбат алдық.Ол 1957жылы Күршім ауылында дүниеге келген.Қазір жасы 60-та.

-Сіздердің кездеріңізде қандай шаш бұйымдары болды?

-Біздің кезімізде көбінесе шашымызға атлас лентасын және бантик байладық.

- Шашбау, шолпы тақтыңыздар ма?

- Жоқ. Бірақ біздің аналарымыз тағып жүргені есімде.

- Аналарыңыздың шашбаулары неден жасалды? Кімдер жасады?

- Күмістен, темірден жасалған түрлері болды. Оны зергерлер жасады.

- Сұхбатыңызға рахмет.

2) Өскемен қаласынан дүкен сөрелерінен қазақи нақыштағы шаш бұйымдарын қарастырдық. Нәтижесінде қазақи бұйымдардан тек зергерлік бұйым шашбаудың екі түрі ғана кездесті.Басқа қазақи нақыштағы шаш бұйымдары жоқ.

3)Мектептегі қазақ сыныптарының қыздарынан сауалнама алдық.

Сауалнама:

Қай шаш бұйымын күнделікті пайдаланасың? (қосымша 1)

Мектепте 48 қыз бала бар.


3)Мектеп оқушыларының аналарынан сауалнама алдық. Сауалнамаға 10 ана қатысты.

Егер қазақ оюымен өрнектелген шаш бұйымдары өндірісте болса, қызыңызға сатып алар ма едіңіз? (қосымша 2)


Зерттеудің нәтижесінде бұл ою-өрнек түрлері атадан балаға қалған үлкен өнер болғандықтан, сол өнерді меңгеру, әрі оны қолдану әр қазақтың міндеті деп білемін.

Сол себептен қазіргі қолданыстағы шаш бұйымдарын ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеуді қолға алдық.

4) Ою-өрнектермен сәнделген шаш бұйымдарының түрлері:

Қазақи нақыштағы шаш жинағыштары. (Ободок) Бұларды жасауда қолданылған ою-өрнек түрлері: Қошқар мүйіз элементтері және құсқанаты оюының элементтері пайдаланылған.Пішіндері 8бұрыш және қошқар мүйіз.

2,4 бүктеу арқылы жасалады. Тастар арқылы әсемделген.



Қазақи нақыштағы шаш буғыштар.(Резинка) Бұларды жасауда қолданылған ою-өрнек түрлері: Қошқармүйіз оюы.Пішіндері: тұмарша, шаршы.







Қазақи нақыштағы шаш қадағыштары

Пішіні: Дөңгелек

Қолданылған ою түрі: Қошқармүйіз.1бүктеу арқылы ойылады.



Қазақи нақыштағы шаш қыстырғыштар. Пішіні: Ромб және жүрекше. Қолданылған ою түрі: Қошқармүйіз, түйетабан.


Қазақи нақыштағы шашқап. Қолданылған ою: Қошқар мүйіз элементтері.

5) Бұйымды жасауға байланысты қысқаша кеңестер: жұмысты бастамас бұрын, шебер өзінің жұмыс орнын сайлап алғаны жөн. Оюды күндіз немесе жарық мол түсетін жерде ойған дұрыс. Жұмыс орнына шамның жарығы сол жақтан түсуі тиіс. Оюды ойған кезде мойныңыз бен омыртқаңызға салмақ түспейтіндей қашықтықта болғаны жөн. Басыңызды тік немесе сәл алға қарай еңкейтіп ұстаңыз. Оюды ең алдымен қағазға түсіріп, кейін матаға бастырып алыңыз. Ою біркелкі шығу үшін матаны қалың болса бүктемеген абзал.

Қауіпсіздік ережесі:

  • Ыстық желімді үлкендердің қадағалауымен пайдалану

  • Үшкір ұшты қайшыны сермемеу

  • Инені қолданып болған соң ине қадағышқа қадап қою.

Шаш қыстырғышының жасалу жолы

Қ ажетті құралдар: Қайшы, фетр матасы, бастыратын ою өрнек үлгісі, ыстық желім

  1. Екі түрлі фетр матасының үстіне оюдың үлгісін қойып бастырамыз.

  2. Бастырылған оюды қиып аламыз

  3. Қиылған оюларды беттестіріп ыстық желіммен жапсырамыз.

Барлық бұйымдардың жасалу технологиясы бір. Тек ою түрлерін, оны бүктеу қию ережелін білу қажет.

Ромб ішіндегі қошқармүйіз оюының жасалу жолы












ҚОРЫТЫНДЫ

Біздің ата-әжелеріміз мал шаруашылығымен айналысып малдың жүнінен, терісінен, сүйегінен тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды ойлап, тауып отырған. Соның бірі киізден жасалған баспана. Зерттеу жұмысында осы киіздің бүгінгі күндегі өңделген түрін ала отыра қыздардың өміріне қажетті қазақи нақыштағы шаш бұйымдары жасалды.

Қазіргі кездегі шашқа тағатын қазақи нақыштағы бұйымдардың ішінен тек зергерлік бұйымдарды ғана дүкен сөрелерінен көретініміз анық. Біз жасаған шаш бұйымдары осы бұйымдардың ізін жалғастырар жаңа үлгі деп білеміз.





























ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1)Қасиманов.С. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер», 1995ж.-24 бет

2) Қазақстан Ұлттық энцеклопедиясы. Бас редакторы Ә.Нысанбаев- Алматы

3)М.Ш. Өмірбекова «Қазақ халқының дәстүрлі өнері», Алматыкітап, 2004ж

4)Шаңырақ энциклопедиясы

5)Интернет желісі

































Қосымша 1

Сауалнама:

Мектеп оқушыларының қазақ қыздарына арналған сауалнама үлгісі:

Қай шаш бұйымын күнделікті пайдаланасың?

А) Шашбау Ә) Шаштеңге Б) Шаш буғыш

В) Шаш жинағыш Г) Шаш қыстырғыш Д) Шаш қадағыш


Қосымша 2

Мектеп оқушыларының аналарына арналған сауалнама үлгісі:

Егер қазақ оюымен өрнектелген шаш бұйымдары өндірісте болса, сатып алар ма едіңіз?

А) Иә Б) Жоқ

2


ЖИ арқылы жасау
29 Мамыр 2018
1158
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі