400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақия, мен саған міндеттімін» атты дөңгелек үстелінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде жерлес ақынымыздың 80 жылдық мерейтойына өткізілген дөңгелек үстел
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақия, мен саған міндеттімін» атты дөңгелек үстелінің сценарийі

Негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, жерлес ақынымыз Мүталлап Қанғожиннің әдеби мұрасын насихаттау;

Міндеттері:

- қатысушылардың жерлес ақынның шығармашылығы арқылы шығармашылық қабілеттерін, дүниетануын және зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ету;
- қатысушылардың жерлес ақынның шығармашылығына қызығушылығын, көркем әдебиетті оқуға махаббатын ояту; 
- Мүталлап Қанғожиннің өмірі мен шығармашылыққа деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін тудыру.

Өткізілетін орны: 421 кабинет

Көрнекілігі: Мүтәллап Қанғожинның портреті, шығармалары бойынша әдеби көрме, презентация, бейнесюжет.

Түрі: дөңгелек үстел

Құрметбек Коля:«Ақынның ойы» өлеңін оқиды

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіңдер ме, құрметті жамағат! Коля орындауында Сіздер тыңдап шыққан өлеңнің авторы жерлес ақынымыз Мүтәллап Қанғожин.

Мүтәллап Мұхамәдиұлы – бүгінгі қазақ зиялы қауымының бетке ұстар азаматы. Оның шығармашылық қабілеті елге кең танымал, ол Қазақстан Республикасының Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі, теледидар және радио саласының үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының, Есіл ауданының құрметті азаматы.

1937 жылы 17 желтоқсанда Есіл ауданының Қарағаш ауылында дүниеге келген ақын ағамыз бүгінде сексеннің сеңгіріне сергек шығып отыр. Жүрекжарды жырларымен өскелең ұрпақтың рухани тұрғыдан сусындауына өзінің үлесін қосып, бүгінде аймақтың лайықты құрметіне бөленген ағамызды мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтап, деніне саулық тілейміз. Ақ таңдар сізге әрдәйім нұрын шашып, өміріңіз өнегемен өріле берсін. Қолыңыздан қаламыңыз түспей, жасыңыз жарқын жүзбен жүзге жетсін демекпіз.

  • Ал, дөңгелек үстелімізді бастайық.


Дөңгелек үстелдің барысы:


Кіріспе сөз:
Армысыздар, бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар! Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын, журналист Мүттәлап Қанғожиннің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

(Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту)


Жүргізуші:

  • Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, жерлес ақынымыз Мүталлап Қанғожиннің әдеби мұрасын насихаттау;

  • Қарастырылатын сұрақтары:

1) «Мүтәлллап Қанғожиннің өмір жолы»

2) «Мүтәлллап Қанғожиннің шығармашылығы»

3) «Мүтәлллап Қанғожин. Менің Мағжаным»

4) «М. Қанғожин мемлекеттік тіл мәселесі жайлы»


Жүргізуші:

Мүтәллап Мұхамадиұлы - Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі;
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы төрағасы;
Бүкілодақтық және Республикалық телебайқауының жеңімпазы;
Республикалық Мағжан Жұмабаев өнер фестивалінің жүлдегері;
Солтүстік Қазақстан облысы мен Есіл ауданының құрметті азаматы;
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты;
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетенің профессоры;

әрі «Үздік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері. 

Жерлес ақынымыздың өмір жолы туралы бейнесюжетке назар аударайық.

(Бейнесюйжет)


Жүргізуші: Бірінші сұрақ бойынша, яғни ақын өмірі жайында 9 сынып оқушысы Өмірзақ Жан баяндайды.

  • Құрметті дөңгелек үстел қатысушылары, келесі сұрақтарға жауап берсеңіздер:

  1. Мүтәллап Қанғожиннің еңбек жолы неден басталды?

  2. Мүтәллап Қанғожиннің тілші болуына не себеп болды?

  3. Қарапайым трактор тіркеушісінен бүгінгі дәрежеге жетудің құпиясы неде деп ойлайсыздар?

Жүргізуші: Мүтәллап Мұхамәдиұлының әдеби мұрасы зор. «Қызылжар», «Өмірім менің», «Сарыарқаны сағындым», «Мен Мағжанның көшесінде тұрамын», «Белый дом Аблая» сынды бірнеше кітаптардың авторы. Көптеген өлеңдері қазақ тілінен орыс тіліне аударылған. Жастарды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуден шаршаған емес. Әлі күнге дейін келешек ұрпақтың ертеңгі болашағы үшін, аянбай еңбек етуде.

Мүтәллап өлеңдері өзінің жылылығымен, ойлылығымен көңіл аударады. Дала жөнінде, даланың жайсаң жанды адамдары жөнінде барынша тебіренеді. Өз шығармасында өлеңнің бар қаруын толық пайдалануға ұмтылады.

Сіздердің назарларыңызға 8 сынып оқушысы Құрметбек Коля «Мүтәллап Қанғожиннің шығармашылығы туралы» қысқаша баяндаманы ұсынып отыр. Қарсы алыңыздар.

  • Құрметті дөңгелек үстел қатысушылары келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Ол кісі өзінің өлеңдерінде жас ұрпақты неге шақырады?


Жүргізуші: 

Мүтәллап Қанғожин - Қызылжар өңіріндегі көзі тірі қаламгерлердің арасында ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың есімі мен артына қалдырған асыл мұрасын айрықша ардақтап, насихаттау ісіне айтарлықтай белсенділікпен атсалысып келе жатқан қайраткер азамат, журналист, белгілі ақын, мағжантанушы. Келесі баяндама «Мүтәлллап Қанғожин. Менің Мағжаным» баяндамашы 9 сынып оқушысы Темірлан.


  1. Мүтәллап Қанғожиннің Мағжан Жұмабаевтың есімі мен артына қалдырған асыл мұрасын насихаттау жұмыстарын атаңыз.

  2. «Менің Мағжаным» атты кітабы мағжантануда алған орны жайлы айтсаңыз.

Жүргізуші: 

Мүтәллап Мұхамәдиұлы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұзақ жылдар бойы басқарды. Бірнеше жылдар көлемінде ұлтаралық келісімді сақтау, мемлекеттік тілді насихаттау, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында облыс көлемінде тақырыптық сұхбаттар мен телебағдарламалар ұйымдастырған.

Соңғы, төртінші, сұрақ. Сіздердің назарларыңызға 9 сынып оқушысы Ақерке Алтайқызы «Мүтәллап Қанғожин мемлекеттік тіл жөнінде» тақырыбында баяндаманы ұсынып отыр. Қарсы алыңыздар.

  1. Егер де салыстыратын болсақ мемлекеттік тілдің сол кездегі және қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

  2. Сондай дәрежеге қалай, кімнің арқасында жеттік?

  3. Тілдің қолданысын кеңейтуге бағытталған Мүтәллап ағамыздың елеулі жұмыстарын атап шықсаңыз.

  4. Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету үшін не істеуміз қажет? 






Қорытынды сөз:

Мүтәллап ағамыз өмір бойы адамдық абыройына шаң жұқтырмауына тырысып келеді. Кез келген кісі тәрізді тірліктің тайластарында талай сүрінсе де жауырынын жерге тигізбей, қатал тағдыр алдында тізесін бүкпей, тік тұрып кеткен, жеңімпаз күрескер тұлғасын аңғарамыз... Және ақын ағамыздың артында аңыз болып айтылар іс-әрекеттері аз емес..

Жастарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуден шаршаған емес. Әлі күнге дейін келешек ұрпақтың ертеңгі болашағы үшін, аянбай еңбек етуде. Ел алдында бүгінгі күнге дейін міндеттіндей...

Мүтәллап қанғожин. «Қазақия, мен саған міндеттімін» оқитын Әлихан








Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Құрметті үстел қонақтары, Мүталлап баураған поэзияның құдіреті мен елге деген сүйіспеншілігі жайлы әңгіме қозғадық.

Мүтәллап ағамызға болаттай берік денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Бізге деген жаңа өлеңдерді асыға күтеміз, шығармашылыққа жеміс тілейміз!

Дөңгелек үстелімізге қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Назарларыңызға рахмет!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі