Қазақша күресітегі әдіс тәсілдерді меңгеру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақша күресітегі әдіс тәсілдерді меңгеру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ күресі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ күресі әдістерінің негізгі ұғымдары Балуандардың күрес кезінде қолданатын әдіс-тәсілдерін атау ел арасында біркелкі емес екені аян. Осыған орай қазақтың балуандық өнерін зерттеуші Елемес Әлімхановтың «Қазақтың балуандық өнері» атты кітабынан үзінді келтіре кетуді жөн санап отырмыз. Ендеше оқи отырыңыздар. Әдіс – балуанның жеңу мақсатында күрес ережесіне сай қарсыласына қолданған әрекеті. Күрес әдісін алдымен қолданған балуан – шабуылдаушы, ал күрес әдісі қолданылған балуан қорғанушы болып табылады. Қорғану – балуанның шабуылшыға қарсы әрекеті. Аралас әдіс – балуанның жеңіс немесе қорғаныс үшін орындаған бірнеше әдістерінің қосындысы. Тұрып күресу – балуанның кілем үстінде аяғында тұрып күресуі. Тәсіл – балуанның күрес әдістерін, дене-күш мүмкіншілігін жеңіске жету мақсатында әртүрлі жолдармен қолдана білу шеберлігі. Ұстау – балуанның күрес кезінде ережеге сай қарсыласының денесінен немесе киімінен ұстауы. Аттас ұстау – балуан қарсыласының оң қолын сол қолмен немесе сол қолын оң қолмен ұстауы. Тікею – денені тік ұстау. Оң жақта тұрып күресу – балуанның оң аяғын алға қойып, денесінің оң қырын алға беріп тұруы. Сол жақта тұрып күресу – сол аяқты алға беріп, денесінің сол жақ қырын алға беріп тұруы. Еңкею – кеудені алға еңкейтіп ұстау. Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып ию. Айналу – денені өз осінде оңға немесе солға бұру. Итеру – қолмен немесе денемен қарсыласын артқа немесе жанға итеру. Жұлқу – киімінен немесе денеден ұстау арқылы қарсыласын жұлқи тарту. Тарту – қолмен немесе аяқпен қарсыласын алға немесе жанға тарту. Бұру – қарсыласытың денесін оңға немесе солға қолмен бұру. Жығу, құлату – шабуылшының әдіс қолдануы арқылы түрегеліп тұрған балуанды кілемге жығуы. Барлау – күрес үстінде балуанның айла-тәсілдер қолдануы арқылы қарсыласы туралы білуі. Қауіп төндіру – шабуылшының қарсыласына қолданған жалған әрекеттері. Адымын айқастыру – түрегеліп тұрып жасалатын қимыл, алдына немесе жанына шығу мақсатымен аттас аяғын қарсыласының аяғының артына қоюы. Аудару – қарсыласты кілемнен көтеріп немесе көтермей басы арқылы қаралуы. Жанға аудару – балуанды денесінің қыры арқылы аударуы. Отыра лақтыру – балуанның өз жамбасына отыруы арқылы жасайтын әдісі. Қарсы аттау – түрегеліп тұрып жасалатын қимыл, балуан қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен әр аттас аяғын қарсыласының артына қоюы. Арқадан асыра лақтыру әдісі – түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Шабуылшы қарсылас балуанға арқасымен бұрылуы арқылы орындалатын әдістер тобын айтады. Шалу әдісі – түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын қимыл, балуан аяғын қарсыласының аяқтарының алдына, артына жанына кедергі ретінде қою арқылы әдіс орындауы. Қағу әдісі – балуанның аяғымен қарсыласының аяғын тобығынан, алдынан, артынан, сыртынан, ішінен қағу арқылы жығуы. Ілу әдісі – қарсыласының аяғын, шабуылдаушы балуан аяғының ұшы, өкшесі арқылы ілуін айтады. Шалқайып кеуде арқылы лақтыру әдісі – түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Шабуылшының артқа шалқая қарсыласын кілемнен көтере кеудесі арқылы өзінен асыра лақтыруын айтады. «Диірмен» әдісі – түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Балуан қарсыласын иығына қондыра кілемге көтеріп жығуы. Бұл әдіс түрі арқадан асыра жығу әдістері тобына кіреді. Бөктеріп лақтыру – түрегеліп тұрып жасалатын әдіс. Балуан қарсыласын өз аяғының сырт жағына бөктере көтеріп лақтырады. «Қырқа» шалу – балуан өз аяғының қылтасы арқылы қарсыласының аяғының арт жағынан шала жығуын айтады. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2021
303
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі