Қазақшаңыз қалай?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақшаңыз қалай?

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақшаңыз қалай?" Танымдық ойын 2-3 орыс сыныптарына өткізген өте қызықты. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру және байқау. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Түрі: танымдық ойын
Мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.

ІІ. Негізгі кезең.
1-жүргізуші:Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі
тілдер мерекесіне арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

2-жүргізуші:Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің
4-ші сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
Жүрісі:
1. Таныстыру.
2. Дода.(
10 сұраққа тез және дұрыс жауап беру )
3. Сөз
дер сөйлейді (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастыру)
4. Кім жылдам? (
берілген сөздің құрамындағы әріптерден сөздер құрап жазу)
5. «
Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы өнер көрсету)
6. С
уреттер сөйлейді.(мәтін құрастыру жыл мезгідеріне байланысты)
7. «Тап
қыр аудармашы» (орысша, қазақша, ағылшынша тілдерге аудару)

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

І кезең. Таныстыру.
І-топ
, ІІ-топ, ІІІ-топ , ІҮ- топ (өздерінің топтарын таныстырып өтеді)
ІІ кезең. «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.

І топқа:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2. ҚР Мемлекеттік тілі?
3. Қыста не жауады?
4. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?
5. Күздің бірінші айы?
6.
Қазақ тілінде неше септік бар?
7.
Бір тәулікте неше сағат бар?
8.
Аптаның бірінші күнін ата?
9. Наурызда пісірілетін басты тағам?
10. Қазақстан туының түсі қандай?

ІІ топқа:
1.
Қазақстанның президенті кім?
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
3. Қыс айларын ата:
4. Қазақ тіліне тән дыбыс
тарды ата?
5.
Қазір қай жыл мезгілі?
6.
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
7. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
8.
Сен нешінші сыныпта оқисың?
9.
Қар қай кезде жауады?
10.
Қай қалада тұрасың?

ІІІ
топқа:

1.Қазір қандай ай?

2.Аптаның 6-шы күні қалай аталады?

3.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

4.Жаз айларын ата?

5.Кімнің? ненің? Қай септіктің сұрағы?

6.Бала оқытатын адам?

7.Ұлттық тағамдарды атап бер?

8.Жыл мезгілдерін ата?

9.Қазақстанның туының түсі қандай?

10.Көктемнің бірінші айы?

ІҮ топқа:

1.Күзде не жауады?

2.Аптаның үшінші күні қалай аталады?

3.Көктем айларын ата?

4.Бір жылда неше ай бар?

5.Кіммен немен қай септіктің сұрағы?

6.ҚР астанасы қай қала?

7.8 наурыз қандай мейрам?

8.Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді және қандай?

9.EXPO 2017 қай елде өтті?

10.Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата?

ІІІ кезең. «Сөздер сөйлейді»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.
І топ:

1. Мұғалімге, сыйлады, балалар,гүл.

2. Салады, биік, үйлер, құрылысшы.


ІІ топ:
1.Оқушы, сыныпқа, келді, жаңадан.

2.Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада


ІІІ топ:
1.Сабағы, бірінші, болды, қазақ тілі.

2.Мектепке, барасың, сен, атаңмен.


ІҮ топ:
1.Береді, білім, бізге, мектеп.
2.
Балалармен, Асан, ойнады, футбол.


ІҮ кезең. «Кім жылдам?»

1 минутта берілген сөзден сол сөздің құрамындағы әріптерді қолданып, сөздер құрау, қанша сөз болса, сонша ұпай жинайды.

Берілген сөзі: І топ «Ұйымдастырушылық», ІІтоп «Құрметтеулерінің», ІІІтоп «Шығармашылық», ІҮтоп «Қазақстандықтар»


Ү кезең. «Өнерпаз болсаң...» (өз өнерлерін көрсету)

ҮІ кезең. «Суреттер сөйлейді» (жыл мезгідеріне байланысты сурет бойынша мәтін құрастыру)

ҮІІ кезең. Тапқыр аудармашы» (орысша, қазақша, ағылшынша тілдерге аудару)

І топ:

Лед – мұз – ice
Соль – тұз –salt


Девочка – қыз –girl
Птица – құс-beard


Время – уақыт – time

Счастье-бақыт- happy


Вторник – сейсенбі –tuesday
Четверг – бейсенбі –Thursday


ІІ топ:
Зверь – аң –beast
Хлеб –нан-bread



Доска – тақта-bleck board

Вата-мақта-cotton


Трава – шөп – greas
Синий – көк-blue


Пять – бес –five
Вечер – кеш-evening


ІІІ топ:

Рука –қол- hand

Дорога-жол-road


Мяч-доп-ball

Много-көп-more


Гусь-қаз-goose

Лето-жаз-summer


Дерево-ағаш-tree

Бумага- қағаз-paper


ІҮ топ:

Нож-пышақ-knife

Самолет-ұшақ-airplane


Брови-қас-brow

Голава-бас-head


Сердца-жүрек –hearth

Лопата-күрек-shovel


Мальчик-бала- boy

Город –қала-city


1-жүргізуші:
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.

ІІІ. Қорытындылау.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.
Сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2018
860
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі