Материалдар / "Қазақшаңыз қалай" (орыс тобына арналған сайыс сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақшаңыз қалай" (орыс тобына арналған сайыс сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларының ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
528
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?

Мақсаты: оқушыларының ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Түрі: топтық сайыс

Типі:таным сағаты

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,қабырға газеттері,ұлттық бұйымдар

Барысы: I. Ұйымдастыру

Сайыстың өтілу барысының ережесі мынадай:
1) тыныштық сақтау;
2) бірін – бірі тыңдау;
3) сұраққа толық жауап беру


II.Кіріспе сөз

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Армысыздар,қадірменді тіл жанашырлары!



Сайысымыздың ұраны
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Каждый язык – это целый мир.
Язык – это живая душа народа,
Его радость, боль, память, сокровище.
Нет такого языка, который бы
заслуживал уважения.
Народная мудрость гласит:
ИЗУЧИТЬ ДРУГОЙ ЯЗЫК
ЗНАЧИТ ПРОЖИТЬ ВТОРУЮ ЖИЗНЬ

1 – жүргізуші: Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2 - жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!


1 - жүргізуші: Қазақ осы айтатұғын елге сыр,

О,ағайын,халық емес ол кесір.

Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы ағыл-тегіл көл-көсір


2-жүргізуші : Қазақ осы дала дейтін,күн дейтін,

Қазақ осы " Өнер алды-тіл "дейтін,

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба ,жатырқауды білмейтін, -деп Қадыр Мырзәлі ақынымыз айтқандай ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздер мен біздер үшін мәлім.


1-жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл жаңа атаулы күн (22 қыркүйек) Қазақстанда тұратын барша ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Ендеше, біз «Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет» тақырыбындағы арнайы пәндер декадасы аясында ұйымдастырылған колледжімізде оқып жүрген ұлты басқа болса да тілегі бір өзге ұлт өкілдері арасындағы "Қазақшаңыз қалай?" атты сайысқа қош келдіңіздер дейміз.


2-жүргізуші: Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ,-дей келе бүгінгі сайысқа

қатысатын сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз

(1,2,3-топ мүшелері ортада)


1-жүргізуші: Енді осы сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейік :


1. Таныстыру ( әр топ өзін таныстырып өтеді)

2. Қазақшаңыз қалай? (берілген тапсырма бойынша өлшеулі уақытпен

жұмыс жасау )

3. Сөзге шешен (әр топтан 1 білім алушы ортада көсіле сөйлейді)

4. Кім жылдам?( "Мақал- сөздің мәйегі" дей келе сурет бойынша мақал-

мәтел құрастыру )

5.Кім тапқыр?(қатысушы экранға шыққан әріптердің ішінен бір

дыбысты таңдап алады да,қойылған сұрақтарға сол дыбыстан

келетін сөздермен жауап береді.)

6. Кім шапшаң? (Конверттердегі тапсырма бойынша сөйлемдегі сөздерді

өз орнына қою) ұпай санын жинай отырып

7.Біз ,бұл жайында не білеміз? (ұлттық бұйымдар сыр шертеді )



2 - жүргізуші: Жанын сап,халқын сүйіп баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттардан да достарын тапқан тілім.


1-жүргізуші: Бұл жанды тіл-менің азат тілім,

Жадымда талай самғар қанат тілім.

Жыр- қуат,сөзі ана уызындай,

Жасай бер,Ана тілім,Қазақ тілім!

Енді осы сайысымызды әділ бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.... 1.

2.


2 - жүргізуші:

Кім білімді,өнерпаз білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!


1 - жүргізуші:Сайысымыздың негізгі бөліміне көшейік

I бөлім Таныстыру(топтарға кезек береміз)


2-жүргізуші:"Қазақ тілі-бай тіл,оралымды,ырғақты теңеу –бейнелеулері ерте туған тіл.Поэзияда Абай,Ілияс,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Осы тілімізді таза сақтайық!"деп қазақ жазушысы Ғ.Мүсірепов айтқандай мемлекеттік тілге барынша құрмет танытайық.Бүгінгі сайысымыздың негізгі мақсаты да- осы.

І кезең. Таныстыру
І топ. «Жас қыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жас қыран»

ІІ топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»

ІІІ топ. «Жас тұлпар»
Тұлпардың байқа шабысын,
Таңдаймыз жолдың алысын.
Білім менен өнерде
Қорғаймыз елдің намысын!


1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі II бөлімі "Қазақшаңыз қалай?"деп аталады

Сайыскерлер назар салып ,тыңдаймыз...

Сұрақтар:
1) Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған жыл (1991 ж.)
2) Тіл туралы заң қашан шықты? (1989 ж.)
3) Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)
5) Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
6) Үш би (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би)
7) Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалаң.
Өлең шумақтарының авторы кім? (Абай)
8) М. Әуезовтің атақты роман – эпопеясы («Абай жолы»)
9) 100 жасаған ақын (Жамбыл)

10) «Наурыз» сөзі қай тілден шыққан? (парсы)
11) Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? (3 түрі бар. Салалас, сабақтас, аралас)
12) Ұлттық музыкалық аспап (домбыра)
13) Республиканың рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)
14) Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
15) Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)
16) Абайдың шың аты (Ибраһим)
17) Мемлекеттік туда белгіленген құс (бүркіт, қыран)
18) Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)
19) Қобызда ойнаған күйші (Қорқыт)
20) «Кел, балалар, оқылық...» кімнің өлеңі?

2-жүргізуші: "Ей, туған тіл!Ата- анамның бал тілі !

Дүниеде көп нәрсе ұқтым туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған ,

Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.


III бөлім бойынша (ортаға әр топтан өз ділмарларын шақырамыз)


1-жүргізуші: Көп тілді білу-ол заман талабы.Біздің колледжімізде көптеген ұлыстың өкілдерін біріктірген бір шаңырақ иесі. Колледжде біз қазақ,орыс,ағылшын тілдерін оқып үйреніп жүрміз.


2-жүргізуші: Енді осы пәндерден алған білімдерімізді де тексеріп көретін кезеңге жеттік. Сайысымыздың келесі IV бөлімі "Мақал-сөздің мәйегі" деп аталады. Бұл сайыста қатысушылар суретте жасырынған мақалдың сөзін тауып айту керек. (Экраннан суретті мақалдарды көрсету және бір суретке 2 мақалдан айтса да болады)

1- жүргізуші: Сайысымыздың V бөлімі "Кім жылдам?" деп аталады. Бұл сайыста қатысушылар экранға шыққан әріптердің ішінен бір дыбыстан келетін сөздермен жауап береді. Мысалы : ….., сен қай дыбысты таңдайсың?


2-жүргізуші: Мысалы: Мен " дыбысын таңдаймын.


1-жүргізуші: Ендеше мен сұрақ қоямын, ал сен сол дыбыстан басталатын сөздермен жауап қайтарасың. Дайынсың ба?

1. Сенің атың кім?

2. Сүйікті тағамың...


Сұрақтар:

1. Қазақ тілін үйренуді қашан бастадың?

2. Бос уақытыңды қалай өткізесің?

3. Болашақта кім болғың келеді?

4 Ең жақын досың кім?

5. Сүйікті жазушың кім?

1. Киноға кіммен барар едің?

2. Өзіңе кімді үлгі тұтасың?

3. Колледж саған несімен ұнайды?

4. Анаңның туған күніне не сыйлайсың?

5. Өмірдегі ұстанымың...


1. Сен кімсің? 
2. Бірінші септік? 
3. Ең жақын адам ? 
4. Еліміздің бас қаласы? 
5. Нешінші курста оқисың? 
1. Сүттен жасалған сусын? 
2. Ең әдемі құс? 
3. Саған ертегі айтатын? 
4. Бал жинайтын жәндік? 
5. Ең тәтті жеміс? 
(қосымша сұрақтар) 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!