400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан!

Қалайша қалам алып жазбай қалам,

„Қазақ”-деп соғып тұрса,менің санам.

Кереметін айтайын жіпке тізіп,

Мен туғанда қуанған қазақ далам.



Аузыма дуалы сөз келген кезде,

„Бекет ата-пірім” боп енген кезде.

Бір Аллам шабыт беріп қолдағанда,

Сөз табамын ойланбай дереу,лезде.



„Шығысым”-шыңға биік шырағымсың,

„Оңтүстік”-өнер сүйер жыр әнімсің,

„Солтүстік”- сары бидай қырманымсың,

„Батысым”- атқа мінген пырағымсың.



„Алматым”-Алатауым асқаралы,

„Қызылордам”- қызыл құмым,қырдың бағы.

„Жамбылым”-жазиралы жарқын далам,

Оңтүстік Қазағымның бақ сарайы.

„Шымкентім”- өнер орда алған тағы.



„Өскемен”- өрісің кең,биік қандай?

„Семейім”-ақындарға,кең сарайдай

Алтайды қосып айтып кетейінші,

Шығыстың кереметі тамған балдай.



„Нұр-Сұлтан”-асқар бағым,ару қалам,

„Қарағанды”-қара көмір байтақ далам,

„Жезқазған”-мыс балқыту өкімімен

Орталық Қазақстаннан орын алған.



„Павлодар”-мәдениеттің орталығы,

„Көкшетау”- Бурабаймен мақтанады.

„Қостанай шикізат пен алға шыққан,

Солтүстік Қазақстанның бір аймағы.



„Ақтөбе”-Батысымның бал қаймағы,

„Атырау”-кіші жүздің тұрған жаны.

„Маңғыстау”-мұңайымның байлық кені

Батысым батырлардың қасық қаны



Бабалар аманат қып қалдырған жер,

„Қазақстан”аузы берік,ұйыған ел.

„Отан”-деп соғып тұрса әр қазақтың,

„Әнұран” шырқалса екен жүрегінен.



Қазақстан рәміздерін біліп тұрсақ,

Басымызды „Қазақ”-деп иіп тұрсақ.

„Отаным,Қазақстан!”-деп отбасында,

Баланың санасына құйып тұрсақ.



Қолда барды қадірлеп білейікші,

„Қазақстан”-деп ұрандап жүрейікші.

Әлемге мойындатып Қазақ жерін,

Тату болып,биік өмір сүрейікші.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.07.2021
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі