Материалдар / Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.

Материал туралы қысқаша түсінік
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көкбұлақ орта мектебінің кітапханашысы

Сәуірбаева Жарасқан Бекесқызы

Эссе

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.


«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» 

(Н. Ә. Назарбаев)

Биылғы жыл – қазақ халқы үшін ең мерейлі, мерекелі жыл, егемендік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 25 жыл – күллі қазақтың арман-тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 25 жыл.

Қазақ жері-қонақжай, төрдің жері,

Қазақ жері-қас сақтай елдің жері.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай ердің жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ елі өнерлі өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті, киелі, қасиетті.

Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұланғайыр алқап-көшпенді қазақ жұртының баяғыдан бергі ірге тепкен атақонысы. Ұланғайыр атырап, Ертіс пен Еділге дейін, Арқа мен Алатаудың арасы-қазақтың алтын бесік атажұрты. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Сонау сақтардан басталып, ғұн, үйсін, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. Бодандық бұғауынан босап, бостандыққа қол жеткіздік, ата-бабамыз жете алмай ғасырлар бойы армандап өткен Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Қазақ елінің Тәуелсіз, дербес ел болып, көк байрағын көккке көтергеніне де міне – 25 жыл.

Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Бұл далада халқымыз үш ғасырдай бостандық пен еркіндік жолында Исатай, Махамбет, Кенесары, Сырым т.б. жан қиып, аһ ұрған арманы-Тәуелсіздік.

«Елім бар жұрт едім ғой, елім қайда, төрім бар жұрт едім ғой, төрім қайда?» дейтін қаһарлы ұранмен желтоқсанның үскірігіне қарамай ұл-қыздарымыз жойқын батылдығымен дүниежүзін дүр сілкіндірді. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ. Студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.
Желтоқсан! Сен жайлы ойға батамын,

Бұл іңкәрлік созылады қашанға.

Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,

Оның тартар азабы да қаншама!-деп, ақын М. Шаханов жазғандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқандардың ерлігін қалай ұмытамыз?!.

Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Астанада ЕХРО-2017 көрмесінің өтуі де соның дәлелі. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді де талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек, 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
Халықаралық қоғамдастық Қазақстанды адамзат тарихында бірінші болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел, дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлес қосқан мемлекет деп құрметтейді. Елім деп еміренген ұлын, ерінің қадірін білгенде ғана тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Тілің аман, ділің аман, бауырың бүтін, мекенің берекелі болғай! Қазақ елі, жасай бер!

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы ел басымыздың жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені және ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің міндетіміз. Сол жолда аянбай еңбек етейік! Мереке құтты болсын. Тәуелсіз - Қазақстан еліміз өркендей берсін! Елбасымыз аман, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!




















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!