Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
бейбітшілік пен келісім мекені
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жанканова Гулбаршын Кулбердиевна

ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ

Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

«Түркі халқы үшін»,Түн ұйықтамадым,Күндіз отырмадым.Төрт бұрыштағы халықты,бәрін бейбіт қылдым,тату қылдым» деп асқақтаған Білге бабамыздан Кенесарыға дейін бәрінің жүрегінде жалғыз-ақ арман болатын.Ол –Тәуелсіздік.Кезінде Қазақ хандығы алғаш құрылғанда дала философы Асан қайғы бабамыз «Адамы жүзге келмей өлмейтін, малы екі қайтара төлдейтін», жауы аяқ баса алмайтын, арман мекен – Жерұйықты іздеген болатын.Жерұйық – қазақ дүниетанымында қасиетті ұғым. Онда жарқын болашақ, бейбіт өмір, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман жайлы халықтың арман-мұраты жатыр.Алаш баласының басынан өткен алмағайып заманда Асан атамыз Жер ұйығын таба алмай «қайғы» атанды.Содан бері Жерұйық қазақ елінің мəңгілік арманына айналған еді.Міне сол бабалар аңсап кеткен тəуелсіздікке қол жеткіздік. Елдің арманына айналған,сан ғасыр іздеген Жерұйық табылды.ХХІ ғасырдағы Қазақ елінің Жер ұйығы ол – Астана! «Мың өліп,мың тірілген қазақ» үшін Астана –Тәуелсіздік берген баға жетпес сый. Астананы Жерұйық деп тануға дəлелді негіз бар.Біріншіден,Жерұйық ол Асан қайғы бабамыздың арманында елге тыныш, жанға жайлы мекен,жаңа құрылған хандықтың елордасы болатын болса,екіншіден,Жерұйық қазақ философиясында бейбітшілік пен татаулықтың,келісім мен бірліктің, бақытты өмірдің мекені болып отыр. Біз қоғамда бірлік, бейбітшілік пен келісімді сақтай аламыз.Өйткені ол адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат баласы өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді.Алайда зерттеушілердің деректеріне сүйеніп қарасақ, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Соғысты болдырмау үшін, әлемдегі одақтар мен мемлекеттердің, ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілікте күн кешуі үшін олардың өзара келісімі болуы керек. Бұл идея 1990-жылдары айтылғанымен, бүгінде мұны әлемдік саясатта мәселе ретінде көтеріп, іс жүзінде бейбітшілік пен келісімнің туын тіккен ел – Қазақстан.Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде-ақ Қазақ елі жер бетіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалуды қолдайтын озық мемлекеттің үлгісін көрсетіп, шартараптағы жұрттың бəрін тыныштыққа шақырды. Міне, содан бері алғашқы кірпішін өз қолымен қалаған Астананы бейбіт келісімдердің алаңына айналдырды. Американдық қоғам қайраткері Роберт Кеннеди : «Тарихтың өзі алдына бас иетін ұлылар біздің ішімізде соншалықты көп емес, бірақ әр адам оны сәл де болса өзгерте алатындай еңбектенуге қабілетті.Азамат тарихы өрлік пен сенімнің қисапсыз үлгілері негізінде жасалады»,-деп айтқандай жаһандағы мемлекеттердің өзара бейбітшілігі мен келісімін нығайтуда Қазақстанның үлесі зор.Айталық, бір ғана Қазақстан Республикасының дін жөніндегі саясаты дінаралық және конфессияаралық келісімге негізделіп жүргізілуде.Жаңа мыңжылдықта толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал ету үшін еліміз көптеген іс-шараларды қолға алуда. Осы орайда діни үнқатысу алаңына айналған Астана қаласында үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі өткізіліп келеді.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ашылу оқиғасына арнайы хат жолдаған БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан оқиғалар мен түрлі дінаралық қақтығыстарға қарсы тұрудағы дінбасыларының ауызбіршілігінің болмай отырғандығын айта келіп, қашан да адамзаттың алдында тұрған басты міндет – бейбітшілік пен келісім барлық жер бетіндегі тұрғындардың амандығының ауызбіршілікке тікелей байланысты екенін атап өтті.[2] Діннің негізгі мақсаты адамдарды адамдықтан ажыратпау болса, Қазақстанда өтіп тұратын Дін Съездері адамзатты бейбітшілік пен келісімге бастайтын айқын әрекет болып отыр.Қазақстан –зайырлы мемлекет,сол себепті дәстүрлі діни конфессиялардың жұмыс істеуіне ешқандай шектеу жоқ.Олай болса мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты –бейбітшілік пен келісімді нығайту.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:«Біздің басты байлығымыз –береке мен бірлік,тұрақтылық пен тыныштық,бейбітшілік пен келісім» деді.Қазақстан жаһандық өзгерістер мен қайшылықтардың қиын кезеңдерінде рухани келісім идеясын қуатты күшке айналдыра білген әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі» [1] деп атап өтті.Қазақстанның бұл бастамасы әлемдік қауымдастық пен одақтар тарапынан жоғары бағаланды және Қазақстан жаһандық дінаралық диалог мекеніне айналып,осы мақсатта Астанада арнайы ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайы тұрғызылды.Бейбітшілік пен келісім –адамзаттың асыл құндылықтарының бірі.Өйткені Президент «Бейбітшілік пен тұтастық – басты құндылығымыз,онсыз болашақ жоқ екенін бәрі есте ұстауы керек.Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ,болмайды да», [1] - деген болатын. Қазақстанда діни конфессиялар мен бірлестіктер халықтар достығы мен ел бірлігі үшін қызмет етеді.Басқа елдерге үлгі болып жүрген мемлекетіміз бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 130-дан аса ұлт пен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады.Сондықтан біздің ішкі саясатымыздың өзі бейбітшілік пен келісімді ту етіп, басқалар құра алмаған қоғам бізде орнағанын нық көрсетеді.

Жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі бұл «бейбітшілік пен келісімде» жатыр.Қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенімізді сонау Қазыбек бидің жоңғар қоңтайшысына айтқан сөзінде «Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз,ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөзді асырмаған елміз,-деп айтқаны әлемге көрсете білді.Мысалы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды.Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол кезден бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.Астана – шын мəніндегі бейбітшілік қаласы.Мұнда əлем елдерін бейбітшілікке үндеген, татулыққа шақырған небір алқалы басқосулар, келелі кездесулер өткізіліп тұрады. Əр үш жыл сайын ұйымдастырылатын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезінен басқа Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиа-форум – соның дəлелі.Жер жүзіндегі алпауыт елдердің арасындағы текетірес күшейген кезінде Астана араағайындық жүгін көтеріп, көзқарасы қайшы мемлекеттерді бір мүддеге ортақтастыру үшін бір үстелдің басына отырғызды.Саясат қайшылығын,дін алауыздығын ретке келтіру үшін өзара түсіністікке бастайтын мəмілелер жасауға ұйытқы болды.Соның бірі Астанадағы Сирия келіссөздерінің өтілуі де елорданың бейбітшілікті ту еткен қала екенін тағы бір мəрте дəлелдеді.Сөйтіп Астана аз ғана уақыттың ішінде дүниежүзінің дана басшылары бас қосатын саясаттың қаласына айналып шыға келді.Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, әлемдік беделі қалыптасып, ілгері басып келеді.«Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды.Бұл -Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз.Оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз»[1] деген Президентіміздің сөзі әрбір Қазақсандықтың жүрегінде тұр деп айта аламын.Біз әлемдік кеңістікте күллі адамзаттың бейбітшілігі мен келісімін сақтау жолында еңбек етіп жүрген Президентімізді қолдауымыз қажет. БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан: «Қазақстанның іс тәжірибесі ұлтаралық және конфессияаралық сан –алуандыққа кесір емес,игілік ретінде қарау керек екендігін көрсетті.Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы және бұл жер бетінде қырғи-қабақ боп жатқан басқа елдерге үлгі бола алады деп мәлімдеуі осыған дәлел. Көпұлтты Қазақстан қазір ұлтаралық,дінаралық татулықты сақтап, тұрақты даму жолында алға басып бара жатқан ел.Бірақ, бәсекелестік белең алған қазіргі заманда дамыған елдермен бәсекеге түсу үшін рухани бірлік,оның ішінде ұлттық бірегейлік керек.Ұлттық бірегейлігімізді сақтап, дамытқанда ғана әлемнің озық елдерінің қатарына қосыла аламыз.Сондықтан кемел келешектің кілті өз қолында екендігін жете ұғынған, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолындағы біртұтас ұлтымыздың тәуелсіздігі ғұмырлы,ырысы мен табысы мол болатындығына сенімім мол.Конфуцийдің: «Өз патшасына серік бола алатын халқы бар мемлекет қана ешқашан құламайды...» - деген сөз бар екен.Олай болса бүкіл Қазақстан халқы болып,ұлтымызға,нәсілімізге қарамай,бір тудың астына жиналып,Мәңгілік Ел болудың жолында табыстарға жете берейік дегім келеді.





Әдебиеттер:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясы 2022ж.сәуір 2. http://kazislam.kz/multimedia/item/918-eislam

3.Егемен Қазақстан 2017ж.,6 шілде



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2025
209
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12