Қазақстан- Республикам менің!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан- Республикам менің!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу;Балалардың ой-өрісін дамыту; Еліне,жеріне,Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арай» балабақшасы





Ашық сабақ



Ортаңғы топ «Балапан»






Дайындаған : Жумабаева А.К.






2016-2017жыл


Білім беру саласы: Коммуникация.


Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.


Тақырыбы: «Қазақстан –Республикам менің!»


Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу;Балалардың ой-өрісін дамыту; Еліне,жеріне,Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,сөзжұмбақ шешу.


Қолданатын көрнекі құралдар: суреттер, Қазақстан Республикасының картасы,рәміздердің суреттері, жұмыс дәптері.



Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Менің Отаным өте сұлу,

Менің Отаным өте әдемі,

Менің Отаным өте бай,

Мен Отанымды мақтан етемін!

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындату.

Әнұранның сөзін: Жұмекен Нәжімединов және елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған.

Әнін:композитор Шәмші Қалдаяқов шығарған.


Кіріспе әңгіме:

-Балалар,біз қай республикада тұрамыз?

-Рәміздерге не жатады?

Бас қаламыз қай қала?


Бүгінгі оқу қызметіндегі тақырыбымыз: «Қазақстан –Республикам менің!»




Балалар үлкен сезіммен орындайды.






Слайдпен авторларды көреді.






-Қазақстан Республикасында

-Ту,Елтаңба, Ән ұран.

-Астана.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Отан деген не?

Отан деген-біздің еліміз,жеріміз,әке-шеше,бауырымыз,туған жеріміз.

Отан туралы жырламаған ақын,жазбаған жазушы жоқ.Қазір мен сендерге ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беремін.

Отан.


Отан сенің-ата-анаң,

Отан-досың,бауырың,

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

Отан-тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің,өз халқың.

Отан-өлкең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан-осы,достарым,

Көңілге оны түйе біл.

«Отан» деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл!


Қазақстан Республикасының картасымен таныстыру.

-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Кең-байтақ,ұлан –ғайыр жерді алып жатыр.Осы Қазақстанның картасында көрсетілген қалаларды атау.Мысалы,біздің бас қаламыз –Астана. ( картадан көрсету).

-Тағы да басқа қандай қалалар білесіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар.

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

-Ия,дұрыс айтасыздар,балалар. Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Балалар,рәміздер күні,яғни 1992 жыл 4маусымда жаңа мемлекеттік Рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

Мемлекеттік Ту

1992 жыл, 4 маусымда қабылданып,6 маусымда күшіне енді.

Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген,ал көгілдір матаның сол жағында сары ою-өрнегі бар.Алтын күн-халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.Алтын күнді қанатымен жебеп,өрге көтеріп,ұшып бара жатқан қыран құс ерлік-еркіндік белгісі.Тудың ұзындығы-

2 метр,ені-1метр.

Тудың жобасын жасаған-суретші Шәкен Ниязбеков.

-Елтаңбамызда не бейнеленген?

Шаңырақ-Отан отбасынан басталады,шаңырақ биік,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар- дүниежүзіндегі барлық қазақтарды шын ниеттерімен бір шаңырақтың астына топтасуға шақырады.Қанатты тұлпар пырақ бейнесі биік самғауды,болашақ жайлы армандарды білдіреді. Ширатылған ай мүйіз қайсарлық,қайраттылықты меңзейді.Жұлдыз-тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық және бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманды арқалап тұр.Елтаңбадағы бидай сабақтары-молшылықтың нышаны. Ал төменгі жағында «Қазақстан»деген жазу бар.

Елтаңбаны құрастырған сәулетші Жандарбек Мәлібеков және Шота Аман Уалиханов.


Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар,

Керегелері керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болып керілер.

Дәптермен жұмыс:

1.Берілген тақпақтарды жаттау.

2. «Сөзжұмбақ» шешу.

3.Сурет бойынша әңгіме құрау.


Мұқият тыңдайды.
























Картаға назар салады.









-Ақтау,Астана, Орал,Атырау.



-Ту,Елтаңба,Әнұран.




Слайдпен көру және тыңдай білу.


















































Сергіту сәтін орындайды.






Дәптермен жұмыс.






Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.


Оқу қызметін «Күншуақ»ойыны арқылы қорыту.

Ойын шарты:Ортада шуақсыз күн тұрады.Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.

Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп,мадақтау.





Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Игереді: өлең арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.

Меңгереді: сұрақтарға жауап беру барысында,берілген тапсырманы меңгереді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
1856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі