жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қазақстан барысы" 5-сынып
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
|||
|
Күні: |
Қатысқаноқушылар: |
||
|
Сыныбы:5 |
Қатыспаған оқушылар: |
||
|
Мектеп:№113 Әл-Фараби атындағы жом |
|||
|
Мұғалімніңаты-жөні: Турсиметова З |
|||
|
Бөліматауы |
Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі |
||
Сабақтыңтақырыбы |
ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқубағдарламасынасілтеме) |
Т.5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру. Ж.Т.Б.5.5.1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білуге, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдануға үйрету. |
||
|
Сабақтыңмақсаты |
Тыңдалым материалдары негізінде сұрақтарға жауап береді. Лексикалық мағынасы жағынан сын есімдерді мағынасына қарай ажыратады. |
||
Бағалау критерийі |
Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білуге, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдануға үйренеді. |
||
|
Тілдікмақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Барыс, қабан,аяқтан шалу, ептілік, төзімділік, мүйізтұмсық, жыртқыш, ырылдау, алдау,борсық, арқар. |
||
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған тіркестер: 2-4 минут ішінде тыңдалым ұзақтығы 150-200 сөз. Жазылым 60-100 сөз жазады, тақырып аясында 4-6 сөйлем диологке түседі. |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: - Бүркіт қандай жарыс өткізбекші болды? - Жануарлардың атын аташы? - Барысты атасы жарысқа қалай дайындады? - Не себепті барыс жеңіске жетті деп ойлайсың? |
|||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 7 құндылықтарының бірі- қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді, әділдік пен жеңімпаздықты насихаттау. |
||
Пәнаралықбайланыс |
Жаратылыстану пәні. |
||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Қазақстанның жануарларын және олар туралы қосымша ақпараттарды біледі. |
||
САБАҚ БАРЫСЫ |
|||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері |
Ресурстар |
|
|
Сабақтыңбасы (10 минут) |
І. Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» - Әріптерді таңдап алып, сол әріптен басталатын тілек айтады. II. Оқушыларды топқа біріктіру.Барыс пен аю суретінің қиындыларын«Мозайка» әдісімен біріктіріп, екі топқа бөлінеді. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын. ІІІ. Жаңа сабақты«Болжау» стратегиясы арқылы бастаймын. Оқушыларға «Қазақстан барысы» туралы мультфильмді бейнетаспадан үнсіз (даусын өшіріп қойып) түрін ұсыну.
- Бүркіт қандай жарыс өткізбекші болды? - Жануарлардың атын аташы? - Барысты атасы жарысқа қалай дайындады? - Не себепті барыс жеңіске жетті деп ойлайсың? Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың жауап беру ерекшелігіне қарай жұлдызшаның түстері арқылы бағалау. |
Қазақ тілі 5-сынып оқулық.«Бәйшешек» баспасы. «Әріптер сөйлейді» тренингі. Қима суреттер Ноутбук, интерактивті тақта |
|
|
Сабақтыңортасы (20минут) |
Тыңдалым алды. «Полиглот» әдісі арқылы сөздік жұмысын жүргізу. Лексикалық минимум: барыс, қабан,аяқтан шалу, ептілік, төзімділік, мүйізтұмсық, жыртқыш, ырылдау, алдау, борсық, арқар. Дескриптор: - жаңа сөздермен жұмыс жасайды. - түсінбеген сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды. -жаңа сөздер мен тірек сөздердің аудармасын табады, үш тілде айтады. - сөз тіркестерін құрастырады. Тыңдалым. 1-тапсырма.«Кинометафора» әдісі арқылы фильммәтіні тыңдалады.
Дескриптор:
Саралау. Талантты, дарынды оқушылар : «Аңдар патшасы» тақырыбына шағын мәтін құрастыр. Қабілеті әртүрлі оқушыларғакөпірше ретінде: Аю, барыс, қасқыр, қоян аңдарына мінездеме жаз. Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретінде ертегінің мәтіні беріледі. Көп нүктенің орнына мәтін ішінен сөйлемдер қатарын толықтырып жазыңдар. Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау сэндвич»әдісі арқылы оқушылардың білімін бағалау.
Тыңдалымнан кейін. Топтық тапсырма.«Стикердегі диалог» әдісі. Берілген мәтінді балалар оқып алады. (Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі, кейін пікірлерін қорғайды. Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау. «Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді. Жазылым. 10-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, сын есімдерді қатыстырып, мәтін құра. Берілген сөздер: қазақша күрес, жан-жануарлар жарысы, ептілік, төзімділік, дайындалды, көп жаттықты, жеңімпаз, күресу, аяқтан шалу, барыс, аю, қоян, қасқыр, борсық, арқар. Дескриптор: - Сөздерді пайдаланып, 4 сөйлемнен тұратын мәтін құрап жазады; - сын есім сөздерді тауып, астын сызады. Саралау. Талантты, дарынды оқушылар: Сын есімді зат есіммен байланыстырып, 5-6 сөйлем құрастырып жаз. Қабілеті әртүрлі оқушыларғакөпірше ретінде: Досыңды сын есіммен байланыстырып сипаттап жаз. Мысалы: Бойы......, шашы....., көзі....,мінезі..... . Арнайы қажеттілігі бар оқушыларғакөпірше ретінде:түрін, түсін білдіретін сөздерді қатыстырып 3-4 сөйлем құрап жаз. Қалыптастырушы бағалау. Жұпта өзара бірін-бірі критерийлер арқылы бағалауы.
|
Бейнетаспа |
|
|
Сабақтыңсоңы 10 мин |
Күн қорытындасы: Оқу мақсатымызға жеттік деп ойлайсыздар ма? Не үшін олай дейсіз? Кері байланыс беру. «Бас бармақ»әдісі арқылы бағалайды: Барлығым түсіндім..... Енді түсініп келемін.... Түсінбедім.... Үй тапсырмасы: Жануарлар туралы 10 жұмбақ жазып келу. |
Рефлексия кестесі Стикерлер Бағалау парақшалары |
|
|
Қосымша ақпарат: |
|||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жеке жұмыстар арқылы |
Пәнаралық байланыс. (Жаратылыстану) Құндылықтармен байланыс (қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді, әділдік пен жеңімпаздықты насихаттау ) |
|
|
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Оқу мақсаттары орындалды. Бүгін оқушылар ертегі туралы білді. Тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінді. Тірек сөздерді үш тілге аударып, сөз тіркестерін құрастырды. Жоспарланған саралауым іске асты. А,В,С деңгейлі оқушылармен деңгейлік тапсырмалар жүргіздім. Жоспарыма келесі жолы тақырыпқа сәйкес тиімді әдіс-тәсілді көбірек алуды енгіздім, себебі бүгін жазылым дағдысы аз орындалды. |
||
|
Қорытынды бағамдау
1. «Кинометафора» әдісі. 2. «Стикердегі диалог» әдісі.
1. Жұптық жұмыс формасын қолдану. 2. Жоғары дәрежелі сұрақтардың қойылуы. 3. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпараттар білдім? 1. Дарынды балаларға шығармашылық тапсырмаларды көбірек беру. 2. Бағалауда топтық жұмыстың маңыздылығын білдім. |
|||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген