"Қазақстан бірлігі – берік елдігіміздің негізі" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан бірлігі – берік елдігіміздің негізі" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатта Қазақстан бірлігінің маңыздылығы туралы мәлімет бар.Топтық тапсырма мен бірлік туралы өлеңдер жинақталған.Бірлік күніне орай қосымша идеялар да бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағат тақырыбы: "Қазақстан бірлігі – берік елдігіміздің негізі"

Мақсаты:

- Қазақстан халқының ұлтаралық татулығын және бірлігін нығайту;

- Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту;

- Әр түрлі этностық топтар арасындағы толеранттылық пен құрметті қалыптастыру.



Жоспар:

1. *Кіріспе сөз*

- Қазақстан бірлігі күнінің маңыздылығы туралы қысқаша түсінік беру.

1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр.

Бұл мерекенің мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас». Рас! Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.

Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. 

Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этнос аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.

Қазақстанның бірлігі күні барлық балабақшалардан бастап, мектеп, университеттерде, колледждер мен ЖШС, жекеменшіктегі кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарда айтарлықтай атап өтіледі. Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойып, Еңбекшілер күнін тойлаудан бас тартты.  Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі. Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Елде 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі? Ән айтылып, би биленеді. 

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!


2. *Тарихи ақпарат*

- Бірлік күнінің тарихы мен маңызын талқылау;

- Қазақстандағы этностық алуан түрліліктің тарихына шолу.



3. *Видеоролик көрсету*

- Қазақстандықтардың ұлтаралық бірлігі мен татулығы туралы видеороликтер көрсету.



4. *Пікірталас*

- "Неліктен ұлтаралық бірлік маңызды?" деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.



5. *Өлең және әндер*

- Ұлттық бірлік туралы өлеңдер мен әндер орындау.

Тыңда, тыңда, тыңда мені
Ұлы жұртым орыс халқым
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың, менің даңқым.


Ақ, қара деп алдымен
Елім бөлмес адамды
Дәстүр, өнер салтымен
Таңқалдырған ғаламды.


Достар болса достық атын ақтаған
Алыс жолда – жақын жол
Қара бала, сары бала, ақ бала
Туыстардай тату бол.


Қазақ жері – қонақжай төрдің жері.
Қазақ елі қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобалаңда көп шеккен қасіретті
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халық ақ тілекті.



6. *Топтық жұмыс*

- "Біздің бірлігіміздің күшеюі үшін біз не істей аламыз?" тақырыбында топтық жұмыстар жасау.



7. *Қорытынды*

- Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау;

- Бірліктің маңыздылығын баса көрсету.



Қосымша идеялар:

- Этностық киімдер көрмесін ұйымдастыру;

- Әр түрлі этностық тағамдардан дәм тату;

- Ұлттық ойындар мен дәстүрлер туралы презентация жасау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2024
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі