"Қазақстан еліне саяхат"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстан еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
өтілген модульдер бойынша 4- сыныпқа арналған шығармашылық есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығармашылық есеп

Сыныбы: 4 сынып



Балалар 4 топқа («Ғажап ел», «Салт-дәстүр», «Ұлттық өнер», «Ұлттық ойындар») бөлініп отыр. Қазақтың әдемі қоңыр күйі ойнап тұр. Кенет басқа планеталықтардың келгенін білдіретін музыка қосылады.

Заңғар: - Тыңдаңдаршы!

Нұрбол: - Бұл не дауыс?

Сол кезде есік ашылып, «Қонақтар» кіреді.

Дәмелі: - Бұлар кімдер? Киімдері қандай қызық!

Даниал: - Сәлеметсіздер ме? Сіздер кімсіздер?

Саша: - Кімді іздеп жүрсіздер?

Мансұр:- Біз ғарыштан келген қонақпыз.

Сафият: - Оо, олар қазақ тілін біледі екен. Қазақ тілін қайдан білесіздер?

Нұрбол: - «Қазақстан» деген жерді іздеп келдік.

Айсана: - Қазақстанда халық қазақ тілінде сөйлейді екен ғой, қазақ тілін үш күнде үйреніп алдық.

Адина: - қазақ жерімен танысуға келдік.

Айсұлтан М: - Керемет! Керемет! Төрлетіңіздер! Біз қонақтарды жақсы көреміз!

Қонақтарды жайғастырады.

Заңғар: Қазақстанның картасын көрсетіп: Біздің ғажап еліміз Қазақстан деген егемен, тәуелсіз мемлекет. Астанамыз - Астана қаласы. Президентіміз – Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы. Қазақстан жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр.

Ғажап ел тобы

Заңғар. Қадірлі қонақтар, ең алдымен сіздерді еліміздің көк байрағымен таныстырайын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының авторы - Шәкен Ниязбеков. Туда шұғылалы күн, қалықтап ұшқан қыран, ұлттық өрнек бейнеленген. Алтын Күн тыныштық пен байлықты білдіреді. Ұлттық өрнек- бірлік, қыран- еркіндік белгісі.



Тимофей: Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес, маған керегі-

Көк тудың желбірегені.



Полина Б: Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Оның авторлары –Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.



Арсен. Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілді, -
Ортада аспан әлемі.


Айсұлтан Ж. Құт-береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

Лиза. Тәуелсіздік жолыңда
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда, -
Еркіндігім – Елтаңбам.



Полина Л. Біздің басты қаламыз -Астана қаласы  Есіл өзенінің бойында орналасқан.



Полина. Қала климаты тым континенттік – қысы суық әрі ұзақ болса, жазы ыстық, орташа қуаң. Астананың аумағы 722 шаршы шақырым, ал халық саны-1010000 адамнан асады.

Ясмина. Астана,Астана!
Жарқыраған жас қала.
Жерімнің кіндігі,
Елімнің бірлігі,
Жасай бер, Жасай бер, Астана!


«Салт-дәстүр» тобы:

Еркежан. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Салт-дәстүр түрлері: сыйлық беру- байғазы, көрімдік, асар, ерулік, тоқым қағар, шілдехана, тұсау кесу

Алиса. Мен сіздерге баланың дүниеге келуі мен тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер туралы айтып береміз. Олар: шілдехана, бесікке салу, ат қою, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу.

Бәрі бірге. Шілдехана бесік той,тұсау кесер сүндет тойя

Құда түсу сырға салу беташарым - ай

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен

Қыз-бозбала кең даланы әнімен әсем тербеткен.

Виолетта. Халқымыз үшін басты орында отбасы, сондықтан бала тәрбиесі маңызды болған. Бала бір жасқа толғанда «Тұсаукесер» рәсімі өткізіледі.

Нұрбол. «Тұсаукесер» рәсімі- қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті. Тұсауды неліктен ала жіппен кеседі? Оның мағынасы бар. Ол сәби «адал болсын, ешкімге жамандық жасамасын» деген тілекті білдіреді.Осы кезден бастап сәбидің жаңа өмір жолы басталады. Дәстүр бойынша сәбидің тұсауын сыйлы, өнерлі, өнегелі адам кеседі. Ол адам сәбиге өзінің тілегін айтады. «Тұсаукесер» жырын айтып, ала жіпті пышақпен кеседі. «Тұсау кесу» рәсімін көрсетеді. Амир бата береді.

Илья: Ооо, қандай әдемі ән, керемет рәсім!

Айсана. Өте тамаша!

Мария: Маған ұнады!

Адина: Ғажап!

Мансұр: Шынымды айтсам, Қазақ елінде осындай рәсім барын білген жоқпын. Бірақ біз қазақтың ұлттық спорты туралы көп білеміз. Солай ма, достарым?

Қонақтар бірге: иә.

Илья: оқыдық

Мария: таныстық

Адина: зерттедік

«Ұлттық спорт».

Даниал: Сіздермен танысқанымызға өте қуаныштымыз! Біздің ұлттық спорт түрлерін білгендеріңіз таңғаларлық жағдай екен!

Ұлттық спорт түрлерінің суреттерін көрсетеді:

Қонақтар атап шығады:

Илья: «Теңге ілу» (шапалақ)

Мария: «Көкпар» (шапалақ)

Адина: «Бәйге», «Қыз қуу» (шапалақ)

Мансұр: «Арқан тарту» (шапалақ).

Даниал: Ғарыштан келген қонақтардың біздің ұлттық спорт туралы білгендері қандай ғажап!

Мансұр: Жүз рет көргенше, бір рет істеп жіберейік, достар.

Сергіту сәті. «Арқан тарту» ( қонақтар мен спорт тобы)

Даниал: Өздеріңіз көргендей, ұлттық спорт түрі жастарды ептіліккке, шыдамдылыққа үйретеді.

Карина: Мысалы, «Бәйге». Қыз қуу – ат үстінде ойналады. Жігіт қызды қуып жетуі керек. Бұл ойын жастар арасындағы махаббат пен ерліктің белгісі. Жігіт қызды қуып жетсе, бетінен сүйеді. Жете алмаса, қыз жігітті қамшымен ұрады.

Таяна: Көкпар – ат үстінде ойналады.Командалық ойын. Ойынның мақсаты – көкпарды өз командасына апару. Бұл ойын көшпенді халықтың жауынгерлік өнерінің бір бөлігі болып табылады.

Роман: Асық ойындары –бұл танымал ойын. Фиизикалық белсенділікті, жылдамдықты, шапшаңдықты дамытады. Асық ойындарының әртүрлі болады.

Даниал: Ал қазір біз сіздерге «Асық ату» ойынын көрсетеміз.Көп асық жинаған бала жеңеді.

Мансұр. Бұл ауылға рахмет. Көп нәрсе көрдік, білдік, үйрендік. Уақыт- тығыз. Келесі ауылға жол тартайық .

Самир: «Спорт тобы», рахмет

Адина: Келесі кездескенше

Мария: Сау болыңдар

Саша: Тосамыз!

Карим: Келіңдер!

«Өнер» тобы.

Нұрбол. О, қонақтар келіпті. Қазақ елі әрқашан да қонақжай. Келген қонақты дастарқан жайып, бар өнерін ортаға салып, құрметтеп қарсы алған халық. Төрлетіңдер. Сіздерге халқымыздың өнері туралы мәлімет берейік.

(Домбыраны қолға алып, көтеріп айтады) .

Афина. Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – 
Домбыра!


Сафият, Афина,Дәмелі. ( Қазақ елі осындай)

Эсмина: Қазақ халқын бисіз елестету де мүмкін емес. Себебі, қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері.

Айниса: Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан. Олай болса, қонақтарға биден шашу.

Алина, Тася (би билейді)

Сафият: Қадірлі қонақтар, қазақ елі туралы не білдіңіздер? Осы ойын арқылы көрсек қайтеді?

Қонақтар:

Илья: Әрине.



Самир: Өте жақсы.

Адина: Көрейік

«Қонақтар» алған әсерлерін кері байланыс арқылы білдіреді.

Бәрі қосылып «Атамекен» әнін шырқайды.

«Қонақтар» өздерінің ризашылығын білдіріп, қайтады.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2025
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі