Материалдар / «Қазақстан Эрудиті» квизі, 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан Эрудиті» квизі, 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан Эрудиті» квизі, 5-сынып. Сайыстың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, қызығушылығын арттыру. Құралдары: «Дұрыс шешімін тап » көк түске, «Ойлан да, тап» сары түске, «Құпия сырын аш» жасыл түске боялған тор көзді слайд, ұпайлар таза парақтар, слайдтағы тапсырмалар. Ойынға қатысушылар: «Үшбұрыш»,«Шаршы»,«Дөңгелек» оқушылар топтары Ойын шарты: 3 топ 3 үстелді дөңгелектене отырады. Ойын бойы топтар кезекпен бір түсті тор көзді таңдайды. Көк тордағы тапсырма әр топқа жеке беріледі. Дұрыс жауабын тапса, 5 ұпай беріледі, таппаса, онда дұрыс жауап тапқан топқа беріледі. Сары тордан таңдаса 1 сұрақ жалпы қойылады. Әр топ есептің жауабын жазбаша түрде береді.Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 3 ұпайдан беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2022
544
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интеллектуалды ойын

Сыныбы: 5 «Ә»

Пән мұғалімі Мейрам К.С.


Тақырыбы: «Қазақстан Эрудиті»
Сайыстың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,
қызығушылығын арттыру.
Құралдары: «Дұрыс шешімін тап » көк түске, «Ойлан да, тап» сары түске, «Құпия сырын аш» жасыл түске боялған тор көзді слайд, ұпайлар таза парақтар, слайдтағы тапсырмалар.
Ойынға қатысушылар: «Үшбұрыш»,«Шаршы»,«Дөңгелек» оқушылар топтары
Ойын шарты: 3 топ 3 үстелді дөңгелектене отырады.
Ойын бойы топтар кезекпен бір түсті тор көзді таңдайды.
Көк тордағы тапсырма әр топқа жеке беріледі. Дұрыс жауабын тапса, 5
ұпай беріледі, таппаса, онда дұрыс жауап тапқан топқа беріледі.
Сары тордан таңдаса 1 сұрақ жалпы қойылады. Әр топ есептің жауабын жазбаша түрде береді.Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 3 ұпайдан беріледі.
«Құпия сырын аш» жасыл тордан таңдаса, 1сұрақтағы жасырынған зат жұмбақталып айтылады. Жұмбақталған заттың атын әр топ қағазға жазып береді. Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 2 ұпайдан беріледі.
Қызыл тордан таңдаса, әр топқа жеке сұрақтар қойылады. Әр топ 1 минутта қанша сұраққа жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай алады.
Әр бөлімге берілетін ұпай саны:
Көк түс- 5
ұпай. Жасыл түс- 2 ұпай. Сары түс- 3 ұпай.
Қызыл түс- қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай.
Ойын барысы:
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ауыздан-ауызға таратылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. Бұл есептер логикалық шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды шығаруда негізінен адам ойының ұшқырлығы ескеріледі.

Ойынның негізгі бөлімі

Сары тордағы тапсырмалар:

1 Екі таңбалы санның 1-ші цифрын сызып тастағанда алғашқы саннан 31
есе кіші сан шығады.Қандай санның қай цифрын сызып тастау керек?
Жауабы: 31, 62, 93
31, 62,немесе 93 санының бірінші цифрын сызып тастау керек.
№2. 5 алма бар. Келген бала алтау. Осы бес алманы 6 балаға тең етіп қалай бөліп беру керек? Бірақ ешбір алманы 6 бөлікке, не одан көп бөлікке бөлуге болмайды.
Жауабы: 3 алманы 2 бөлікке және 2 алманы 3 бөлікке бөлу керек.
№3.Ауылда 28 үй бар. Оның 15-нің түйесі, 8-нің сиыры, 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйдің малы жоқ?
Жауабы:15-6=9
үйдің тек түйесі бар , 6 с+т
8-6=2 үйдің тек с
иыры бар , 6 с+т
9+2=11 үйдің не
тек сиыры, не тек қана түйесі бар.
11+6=17 үйдің малы бар.
28-17=11 үйдің малы жоқ.
Көк тордағы тапсырмалар:
№1. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? Жауабы: 1 ата, 2 әке, 4 немере.
2. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған? Жауабы: 33 адам және 43 адам.
3. Бір жанұяда 6 бала бар. Әр баланың жасы-жай сан. Бес баланың жасы ең кішісінің жасынан 2, 6, 8, 12 және 14-ке артық. Ең кіші бала неше жаста?
Жауабы:5,7,11,13, 17, 19.
4 Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
Жауабы: кеседегі шәй құрғақ болған.
5 Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр.Олар біріне –бірі:«Достым, мен сені көріп отырмын,»- дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?
Жауабы: олар бір-біріне қарама-қарсы отыр.
6. Бірінші әке баласына 150 қой, екінші әке баласына 100 қой бөліп берді.Сонда екі баланың өз әкелерінен алған барлық қойларының саны-150. Бұл қалай болғаны.
Жауабы: енші беру ата, бала, немере арасында өткен.

Қызыл тордағы тапсырмалар:
1)3 кесіндіден құралған фигура.(үшбұрыш)
2)7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
3)10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі. (30)
4)Ең кіші натурал сан.
(1)

5)Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.(кесінді)

6)Параллелепипедтің үш өлшемі. (ұз.ені,биікт)
7)Тәуліктің төрттен бір бөлігі.
(6сағ)
8)Ең үлкен екі таңбалы сан.
(99)
9)Бір центнерде неше кг?
(100)
10)Жарты алманың жартысы неге тең?
(өзіне)
11)
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?(1)
12)
24-тің барлық бөлгіштері(8)
13) Барлық цифрлардың саны
(10)
14) Бір таңбалы сандар ішінде неше жай сан бар?
(4)
15) Екі қолда 10 саусақ. 10 қолда неше саусақ?
(50)
16) Бір айда 5 жексенбі күні болу мүмкін бе?
(жоқ)
17) Екі жұп сан өзара ж
ай болу мүмкін бе? (жоқ)
18) Белгісіз санды 5-ке бөлгенде қалдығы 4 шықты.
Сан қай цифрмен аяқталуы мүмкін?(9)
Жасыл тордағы тапсырмалар:
Бұл сектор-«
Құпия сырын аш» деп аталады. «Құпия сырын аш» сектордағы сұрақтар бойынша жасырынған Нұр-Сұлтан қаласының көркем кешендерін танып, қағазға жазасыңдар.
1)Оның биіктігі 91 м. Ол Нұр-Сұлтан қаласының 10 жылдық тойына 06.
06. 2008 ж ашылған. Оның жоғарғы жағында самұрық құсы бейнеленген.Ал іргесінде төрт жеке мүсіндік барельеф салынған: Президент және Қазақстан халқы; Қаһармандық; Жасампаздық және Болашақ. Бұл монумент қалай аталады? Жауабы: Қазақ Елі.
2)Оның биіктігі 97м. Бұл Елордасы Алматыдан Астанаға көшкен жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді.Ол өзінің сыпайы сұлулығымен, сәулеттік сымбатымен адамды тарта түседі. Ол металдан, әйнектен және темірбетоннан жасалған. Оның үстінде жерден 77м биіктікте үстінгі ауданы 1553 шаршы метрге тең Алтын шар орналасқан. Бұл не? Жауабы: Астана –Бәйтерек кешені, жобалаған талантты сәулетші Ақмырза Рүстембеков басқарған сәулетшілер тобы- С. Базарбаев пен Ж Айтбалаев, инженер –конструктор М. Вайнштейн, дизайнер А. Оспанов.
3) Оның авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер.Оның ішінде 8 қабат бар.Ол Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Ол не?
Жауабы: Пирамида - Бейбітшілік пен келісім сарайы.
4) Оның биіктігі 150м. Авторы-Норман Фостер.Ғимараттың іші бірнеше табиғи ландшафтпен безендірілген. Ішінде аквапарк, бассейн, сауда ойын -сауық орталары бар. Бұл не? Жауабы: Хан-шатыр .

Ойынның қорытындысы: Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның қорытындысы жасалып, жеңімпаздарды марапатталады.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!