"Қазақстан халықтарының достығы" реферат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан халықтарының достығы" реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халықтарының достығы туралы реферат
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Подгорное негізгі мектебі» КММ Қызылжар ауданы С.Қ.О.





Реферат

Тақырып: «Қазақстан халықтарының достығы»



Орындаған:

Сартаев Елнар

7 сынып

Жетекші:

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі и

Абенова А.Т.






2018 жыл



Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. 
 Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі 
басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Қазақстан Республикасының Президенті 1995жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблеяның құрамына 33 ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 621-ге жуық этно-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық «Қазақ тілі» , «Русская община» мәдени орталығы, «Стоки» мәдени-ағарту қоғамы, республикалық татар мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі ,өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, венгр,күрт, қытай мәдени орталықтары жұмыс істеуде. Қазақ және орыс тілді БҰҚ қоспағанда 11тілде газет-журналдар шығарылып, 8 тілде радиобағдарламалар мен 7 тілде телебағдарламалар жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда елімізде сабақтар түгелдей өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар, 108 мектепте 22 этностың ұлттық тілдері таңдау пәні ретінде оқытылады. Сонымен қатар, 195 арнайы мамандандырылған лингвистикалық орталықтарда 30 этностың тілін оқып -үйренуге жағдай жасалған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда Отанымызда кәріс, неміс, өзбек, ұйғыр театрлары жұмыс істейді.

Біздің мектеп шағын комплектілі мектеп болғанымен бізде де әртүрлі ұлт балалары білім алуда, олар: қазақ, орыс, белорус, украин, поляк. Біздің ұлтымыз әртүрлі болғанымен біз бір үйдің баласындай бір мектепте білім алудамыз. Біз бірге ойнаймыз, білім аламыз, қыдырамыз, бір дастарқаннан дәм аламыз, әртүрлі сайыстарға қатысып мектеп беделін бірге қорғаймыз. Соған дәлел: еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығында тіл туралы жарнама сайысынан бірінші орынға ие болған жарнамамыз.

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Біздің облысымызда да этномәдени орталықтары құрылған. Бұл орталықтың ең басты мақсаты: бейбітшілік, келісім мен тұрақтылықты сақтау.
Қазақстан көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекені. Бейбітшілік пен ұлтаралық келісім біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты мемлекетте түрлі мәдениеттер мен дін өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан жаһандық конфессияаралық диалог алаңына айналған.
Облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясы өкілдері жиында баршамыз қоғамдық келісімді нығайтып, бейбітшілігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. 
Әр халықтың мерекесі болғанда мектебімізде түрлі іс шаралар өтеді. Оған тек сол ұлт өкілдері ғана қатысып қоймай барлық оқушылар жұмыла іс жасайды. Бірінші мамыр мерекесінде әр сынып әртүрлі ұлт болып киініп, сол ұлттың дәстүрін көорсетеді, тағамын дайындайды.

Көктемде бірінші мамыр мерекесінде алаңға шығып жас өсімдіктер отырғызады.




Shape1



«Береке басы-бірлік» , -дейді қазақ. Ал, береке- бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтын өзі дәлелдеп отыр. Біз дүниежүзі бір-бірімен етене араласып,біте қайнасқан кезенде өмір сүрудеміз» деп елбасымыз айтқандай, осындай ынтымағы мықты, татулықты бірінші орынға қойып, жарқыраған, жайнаған мемлекеттің азаматы болғаныма мақтанамын. Елбасымыз өзінің биылғы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында: «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деп өскелең ұрпаққа көп үміт артып отыр, сол үмітті біз ақтауымыз қажет.





Қолданылған әдебиеттер:

2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауы.

http://www.akorda.kz/kz

https://kk.wikipedia.org/wiki

«Подгорное негізгі мектебі» КММ архивінен алынған суреттер.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1847
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі