Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, мал шаруашылығының, кәсіптік ерекшеліктерін көрсету. Қазақстан жерінде мал шаруаш-ң қалыптасуы туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
САБАҚ ЖОСПАРЫПән аты: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 10

Күні:_________________

Сабақтың тақырыбы: §18. Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы.

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, мал шаруашылығының, кәсіптік ерекшеліктерін көрсету. Қазақстан жерінде мал шаруаш-ң қалыптасуы туралы түсіндіру.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру.Тәрбиелік мақсаты: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, оқушылардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ - жауапСабақтың көрнекілігі: Қазақстан саяси картасы, әдістемелік құрылдар

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылармен сәлемдесу, оқушы санын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І. Үй тапсырмасын сұрау:§17. Көшпелілікті зерттеу тарихы.

Көшпелілер өркениетінің белгілеріБелгілердің сипаттамасы

  • Шаруашылықтың түрі
  • Өмір салты




  • III.ЖАҢА САБАҚ.

    Қазақ жері – мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары – қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі – арқар (муфлон), ал екіншінікі – таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8-7 мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған. Археологиялық зерттеулер жерімізде алғаш рет мал өсірудің энеолит кезеңінде – ақ пайда болғандығын көрсетеді. Қазақстанда қола дәуірі кезінде отырықшы мал өсіру болған. Мал өсірудің екінші кезеңінде адамдар үй хайуанаттарының ішінде қой, жылқы және түйе малын көптен өсіре бастаған. Тұрғындар мал басының өсуіне байланысты жаңа жайылым жер іздеп, қонысынан басқа жерге көшкен. Мұның өзі енді үй жанындағы бақташылықтан жайлауға шығарып мал өсіру тәсіліне өткендігін көрсетеді. Қола дәуірінің соңында тұрғындар көшпелі мал шаруашылығына көше бастады.Жерімізде қола дәуірінің кезін – ақ мал өсірудің басты үш түрі дамыды. Біріншісі – Қазақстанның батысы мен орталығындағы далалы және жартылай таулы аймақтарында көшіп – қонып жүріп мал өсіру, яғни көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығы кезінде жер өңдеумен мүлде айналыспаған.Мал шаруашылығының екінші түрі – жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Бұлардың тұрақты қыстаулары болып, одан тұрақты үй – жай, мал қора сияқты құрылыс жүйелері салынған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, бұл тәсіл сақ – үйсін дәуірінен бері қарай белгілі. Мұндай жартылай көшпелі мал өсірушілер аздап жер өңдеумен айналысқан. Олар өз қыстауларының аумағында тары, арпа, бидай сияқты астық түрлерін өсірген. Мал шаруашылығының үшінші түрі – отырықшы мал шаруашылығы. Отырықшы мал шаруашылығының кең түрде дамыған жері – Оңтүстік Қазақстан. Сырдария, Арыс, Шу, Талас өзендерінің жағалауларында және Қаратаудың оңтүстік, солтүстік баурай – жағалауларында суармалы жер шаруашылығы мен мал өсіру қатар дамыған. Отырықшы мал өсіру кезінде қыстауда және жайлаулы өңірлерде тұрақты үй – жайлар салынған. Мал құрамында ірі қара басым болған.Шаруашлықтың қосалқы түрі – аң аулау болған. Сонымен көшпелі өркениет дегеніміз – көшпелі қоғам экономикасының қайнар көзі мал өсірудің және одан алынатын өнімнің өсуі.

    ІV.Сабақты қорытындылау:
    • Түрлі үй жануарларының Қазақстан жерінде қолға үйретілген уақыты мен алғашқы пайда болған аймақтарын атаңдар.
    • Жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылықтар қалыптасқан аймақтарды атаңдар.














    V. Бағалау:Оқушылардың білімін, білім деңгейіне, сабаққа дайындығына сай бағалау.

    V. Үйге тапсырма беру:§18. Қазақстан жерінде мал шаруаш-ң қалыптасуы.





    Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    19.02.2019
    770
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12