Түркістан облысы Созақ ауданы
І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Қазақстан Отаным, әлем берген атағын»
Сыныбы: 11 «А» сыныбы
Жетекшісі: Курманбекова Айгерим Кабилбековна
Таукент 2021 жыл
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақстан Отаным, әлем берген атағын»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың
білімдерін тереңдету,туған өлке туралы мәлімет
беру
Тәрбиелік: Танымдық белсенділігін арттыра отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, туған жеріне, елін құрметтеу. Олармен бірге «Туған жер», «Ана тілі», «Мемлекеттік тіл», «Ел тарихы» , «Елімнің отаншыл адамдары» тақырыптарына ой толғау.
Көрнекілігі: слайдтар
көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер
.
Формасы: Дөңгелек
үстел
Сабақтыц
барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Ата-бабаларымыз аңсаган азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе— соны ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.
Н.Ә. Назарбаев.
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
1-жүргiзушi :
Естігенде көк аспанның
астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда
Әнұран.
Бар қазақтың үніндей боп
қалықта,
Шарықташы, Әнұраным,
шарықта!
Оны айтуға, жас ұланым,
жалықпа.
ӘНҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ
Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардын ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жакты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.
Қазіргі ауқытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай еліміздің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.
Еліміздің осынау қилы да, қиын тарихына көз тастап көрейік. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды.
1 оқушы. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.
2 оқушы. 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңдарына қол қойды.
3 оқушы. 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
4 оқушы. 1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.
5 оқушы. 1998 жылы 10 маусымда елордамыз Астана қаласы болып бекітілді.
6 оқушы. 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
7 оқушы. 2003-2005 жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
8 оқушы. 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
9 оқушы. 2010 жылы 7-ші Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті.
10
оқушы. 2015 жылдың 27
шілдесінде Қазақстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымының
мүшесі атанды.
11
оқушы. 2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі
ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында
Астанада өтті.
12 оқушы. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның астанасының атын тұңғыш президентіміз Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
13 оқушы. 2019 жылы 20 наурызда президент сайлауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев болып сайланды.
- Енді, Отан дегеніміз не? Осы тұрғысынан Отан , Қазақстан ұғымдарына тереңірек тоқталсақ.
Сенің Отаның ,туған жерің –Қазақстан.Отбасы мүшелері ,достарың да Қазақстанда туып,өскен.Ата –бабаң ежелден осы жерде туып өскен. Қазақстан – үлкен республика.Оның табиғаты алуан түрлі,жері бай.Мұнда жазық дала да , орман да көл де ,шөлді аймақ та бар.
Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер,табиғаты көркем қорықтар , демалыс орындары көптеп кездеседі.Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы –бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп отырған ел.
Бабаларымыз өткен дәуірлерде Европа елдерін желден жүйрік сәйгүлікпен аралап,көзсіз ерліктің нақты үлгісін паш еткенін жақсы білеміз.Батырлық рухтың лайықты жалғасына бүгін де куәміз.
Қазақстанның 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуімен тағы да жер жаһанды дүр еткізді.Халықаралық ұйым 1975 жылы 1 тамызда Финляндия астанасы Хельсинки қаласында құрылған.Ендігі жерде әлем елдері Қазақстанды ,оның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты танып қана қоймай ,үлгі етеді.Европадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы(ЕҚЫҰ) биыл Нұрсұлтан Әбішұлы белгілеп берген ұрандармен жұмыс атқарады
2-жүргізуші:
Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт баспасын, барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын! Қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Отанымды сүйемін. Туған жеріме өлең жолдарын арнаймын.
Туған жерім асқан көркем, сұлу
ғой,
Байлығымның баға жетпес құны ғой.
Туған
жерім жүрегімнің үні ғой,
Көңілімнің жыры ғой.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазақстан Отаным, әлем берген атағын»

шағым қалдыра аласыз