Исаева Нұргүл Жеңісқызы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі
Қазақстан Республикасында ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ
ҚОРҒАЛУЫ
Бұл мақала Казақстан Республикасында тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы тақырыбына жазылған. Мұнда Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президентінің Жарлықтарында, халықаралық құқық пен басқа да құжаттарда көрсетілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының және оның қорғалуы мәселесі көрініс тапқан.
Түйін сөздер: Тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, адам және азамат,
Қазақстан Республикасындағы тұлға құқығы, құқықтың қорғалуы.
Ата заң – ел қазығы демекші, еліміздің ең басты құжаты – Конституция. Бұл Заңның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін айқындап, баршамыздың, яғни, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтарының идеялары осы Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы
Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам мен азамат құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңғырту мен демократияландыру ең өзекті мәселердің қатарына қояды. «Егер біз соңғы жылдары осындайлық өркендеп, осындайлық бағаға ие болсақ, онда біз өзіміз өмір сүріп, дамып отырған Конституциямызға алғыс айтуға тиіспіз», - деп ел басымыз Конституция жайлы айтқан болатын. Сондықтан да, еліміздің әрбір азаматы Конституциямызды сыйлап, осыған орай заңдарының бұзылуына жол бермей, оның қатаң сақтауы тиіс.
ҚР Конституциясының 12 бабына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс, - деп адам құқықтары мен бостандықтарының көрінісі адам және азаматқа арналған тарауында айқындалған. [1]
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болмасын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948ж.), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954ж.), «Балалар құқы декларациясы» (1959ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966ж.) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. [2]
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез-келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуғы құқылы; кез-келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез-келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.
Қазақстан Республикасында адамдар мен азаматтардың Конституция мен заңдарда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттік институттар құралады және жұмыс істейді.
Адам құқықтарының жай-күйі әр мемлекетте адам және мемлекет қарым-қатынасы қағидасының сақталуына байланысты, әлемдік қатынастарда танылған бұл қағидаларды ұлттық заңнамаларға енгізу, құқықтарды қорғаудың механизмін қалыптастыру құқықтық жүйенің жай-күйіне тығыз байланысты десек қателеспес едік. Адам құқықтарын қорғау механизмі мынадай шараларды қамтиды:
- Конституциялық бақылау;
- Соттық қорғау;
- Қорғаудың әкімшілік-құқықтық формалары;
- Үкіметтік емес құқық қорғау органдарының қызметі.
Жоғарыда аталған адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмі әр түрлі дәрежеде біздің елімізде де қолданылады.[3]
Адамның құқығы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі маңызды мемлекеттік институттардың бірі Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Президенттің тиісті өкілеттігінің заңдық негізі Конституцияда, сондай-ақ Президенттің «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығында бекітілген.
ҚР Конституциясының 40-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасының Президенті – адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі деп жазылған. Президенттің қызметіне кірісер сәтінде халыққа беретін антында мынадай сөздер бар: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге салтанатты түрде ант етемін» (42-бап, 1-тармақ). Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша Парламент Мәжілісіне қарауға Үкімет енгізетін құқық қорғаушылық заң жобаларына
Президенттің бастамашылығы Президенттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Үкімет арқылы Президент бастамашы болған кейбір заңдарды айтсақ та жетеді.
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы Заң, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайында және жасының ұлғаюына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы Заң, және т.б. Сонымен бірге Президент өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық актілер сияқты, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін жеке сипаттағы актілер де шығарылады.
Ол Президенттің тиісті Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызмет принциптерінен айқын көрінеді. Президенттің Жарлығы бойынша: а) мемлекеттің мүддесі алдында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің басымдылығы; ә) жалпыға ортақтық, яғни мемлекеттік қызметке кіруге барлық азаматтардың тең құқылығы; б) қоғамдық пікірді ескеру мен жариялылық мемлекеттік қызметтің маңызды принциптері болып табылады. Жоғарыда көрсектілгендей, мұнда мемлекеттік органдар қызметінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асыруды және қорғауды көздейтіндей принциптер қарастырылған. Бұл принциптер Президенттің құқық қорғау органдарының қызметіне сәйкес мәртебесін бергілейтін жарлықтарында нақтыланады. Мысалы, Президенттің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығында, бұл органдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық және өзге әрекеттердің алдын-алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығы жазылған.
Президент, сондай-ақ адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады. Атап айтқанда, Президент Республика азаматтығын, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, Республиканың мемлекеттік наградаларын, құрметті және өзге де атақтар береді. Президент ауыр қылмысы үшін сотталғандарғы кешірім жасайды.
Президент тыйым салуды, сондай-ақ Парламенттің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын заңдар қабылдамауы үшін пайдаланады. Қазақстан Республикасының декмократиялық институттарына, азаматтардың қауыпсіздігіне ерекше қатер төнген жағдайды Президент қалыптасқан жағдайға орай шаралар қабылдауға құқылы. Атап айтқанда, Президент Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізіп, Қарулы күшті қолдана алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанында консультативті-кеңесші орган ретінде адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның басты міндеті Президенттің конституциялық мәртебесі – оның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетігін жеңілдетуді жүзеге асыруына ықпал ету болып табылады. Комиссия бұл міндеттерді орындау мақсатында мемлекет басшысының және комиссияның атына адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бойынша жолдаған өтініштерін қарайды, адам құқығының сақталуы туралы жыл сайын баяндамалар жасайды, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету механизмін жетілдіру туралы ұсыныстар және т.б. әзірлейді. [5]
Парламент те адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауға кепілдік беретін маңызды мемлекеттік институттардың бірі.
Парламент мұны, негізделген, заң шығару қызметі арқылы жүзеге асырады, онда парламенттің конституциялық өкілеттігі айқын көрінген. Парламент жеке тұлғалардың құқықтық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке тұлғалардың жауаптылығына қатысты негізгі принциптер мен нормаларды; жергеілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен қызметінің негіздерін белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші заңдар шығарады. Тиісінше, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың негізгі салалары Парламент қабылдайтын заңдар арқылы реттеледі.
Сот, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ұйымдастыру мен қорғауға ықпал ететін органдар болып табылады. [6]
Қазіргі кезеңде Қазақстанда Омбудсмен институтын енгізу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Омбудсмен – адам құқықтарын қорғау, арыз, өтініштерді қарау, құқықтар бұзылған жағдайда қалпына келтіру қызметімен айналысатын өкіл. Омбудсмен институты біздің елімізде адам құқықтарын қамтамасыз етудің бірдін-бір тетігі болуы мүмкін. Классикалық тұрғыда, омбудсмен дегеніміз – мемлекеттік шенеуніктердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде бұзылған құқықтар жөніндегі арыз-шағымдарды қарап, тексеріп заңдық күші жоқ ұсыныстар беретін тәуелсіз лауазымды тұлға. Біздің мемлекетімізде бұрын соңды бұндай институт болған емес. Ал ол адам құқықтарын қорғау, қамтамасыз ету және қалпына келтіруде жаңа тәсілдер мен әдістер енгізуге қуатты серпін бере алады. Бұндай қажеттілікті қазіргі таңда жұртшылықтың барлығы да мойындап отыр. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық құрылым, үшінші мыңжылдықтың басында Омбудсмен институты қызметін қолдану құқықтық мемлекет құрудағы нық қадамдардың бірі болар еді. [3]
Адамның құқықтары мен бостандықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру және жүзеге асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты.
Адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы ғасырлар мен ғұмырлар бойына созылған, адамның лайықты өмір сүріп, жақсы тұрмыс кешуіне апаратып асыл мұрат. Әр адамның бостандығы оның құқығы «табиғи» берілген, оған мемлекет және қоғам міндетті түрде көңіл аударып, оларды қамтамасыз етіп, қорғауы керек.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254- ІІІ Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. – Конституция Республики Казахстан: официальный текст с изменениями и дополниниями от 21 мая 2007 года № 254-ІІІ Закона Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 2007 – 136 бет.
2. Права человека. Сборник международных документов. М., МГУ. 1986
3. Президенттің «Қазақстан Республикасы Президентінің актілер туралы» Жарлығында жарлықтар мен адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданатындығы белгіленген //Қазақстан Республикасы Президентінің актілер жинағы, 1994ж, №44. 469-бет
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы // «Казахстанская правда», 1997. 25 сәуір
6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өнд,. толықт., 3-бас., - Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 536 бет
7. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы (Оқу құралы). – Өнд., толықт. 2-бас.- Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 192 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ

шағым қалдыра аласыз