Исаева Нұргүл Жеңісқызы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі
Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлік омбудсмен институтының қалыптасуы мен дамуы
Аннотация
Баяндамада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кәсіпкерлік омбудсмен институттарының қызметі жайлы қарастырады.
Кілт сөздер: кәсіпкерлер, бизнес-омбудсмен, уәкіл, инвестициялық омбудсмен.
Кәсіпкерлер құқығын қорғау институттарын дамыту және нығайту кәсіпкерлікті табыспен дамытуға арналған мемлекет пен қоғамның, жалпы экономиканың біршама маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Алғаш омбудсмен институты Швецияда дүниеге келген. Швеция риксдагы (парламенті) бұл лауазымды 1809 жылы құрған. Бүгінде омбудсмен институты көптеген мемлекеттерде кеңінен таралған. Балалардың құқы жөнінде, инвестициялар жөнінде жеке омбудсмендер, банктік, сақтандыру омбудсмендері, кейінірек бизнес-омбудсмен пайды болды [1].
Қазақстанда Омбудсмен институтының құрылуы - үздіксіз атқарылған қыруар жұмыстың жемісі. Талай жылдар бойы мамандар осы құрылымның адам құқықтарын қорғаудағы маңызын анықтап, оны құрудағы әлемдік тәжірибені жинақтауға бар күшін салған. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі ұйым секілді халықаралық органдарды ерекше атап өткен жөн. Осы және басқа да құрылымдардың барлығы Омбудсменнің халықаралық стандарттарға, әсіресе, Париж қағидаларына сай заңнамасын жасауға қажетті шараларды жүзеге асырды [2].
Жаңа институтты құру идеясы 1995 жылы ұсынылды. Сол жылдың қаңтарында бір топ қазақстандық ресми тұлғалар Женева қаласына барып, онда БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз және БҰҰ ДБ бағдарламаларының реттеушісі Е.Тищенкомен бірге арнайы семинарға қатысты. Қазақстандықтардың ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі Е.А.Ыдрысов, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасы хатшылығының меңгерушісі К.А.Колпаков және ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Байқадамов Б. К. болды. Бұл топ БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасында болған келіссөзде Қазақстан Республикасында Омбудсмен институтын құру туралы тұңғыш рет ұсыныс жасаған болатын.
ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Президенті шығарған жарлықтар ұлттық заңнаманың бөлінбес бөлігі болып табылатыны белгілі. Осыған орай, 2002 жылы қыркүйектің 19-да Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтын құру жайында Президенттің арнайы жарлығы шықты [3].
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне әрі Еуропалық Одақ және басқа да елдермен ынтымақтастықтағы белсенуіне байланысты Қазақстанда Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті институтты практикалық енгізу шараларын тез арада жүзеге асыру қажет екені анық байқалуда.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары: 100 нақты қадам бағдарламасындағы 54-қадамда сөз болған бизнес-омбудсмен институты осындай болуға тиіс.
Президенттің 2014 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейтуге, соның ішінде Бизнес-омбудсмен институтын енгізу арқылы күшейту қарастырылған заң жобасын әзірлеу туралы тапсырма берілген болатын. 2016 жылдың 1 қаңтары күні 28 тарауында Бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі егжей-тегжейлі қамтылған Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілді.
Бизнес-омбудсменнің ерекшелігі бизнес-қауымдастық қатарына жатқандығымен және қоғамда «кәсіпкерлерді қорғаушы» деген қоғамдық танумен қоса оның ресми мемлекеттік мәртебесінің болуы. Бизнес-омбудсмен қызметіне тағайындауды негізінен Мемлекет басшысы жүзеге асырады. Мәселен, АҚШ-та және Ресейде бизнес-омбудсменді Президент тағайындайды, Ұлыбританияда қаржылық даулар бойынша Омбудсмен Парламентпен тағайындалады [4].
Бизнес-омбудсмен атқарушылық немесе соттың шешімдерін жою немесе қайта қарау өкілеттілігіне ие бола алмайды. Оның функциялық мандаты жеке бизнестің заңды мүдделеріне қатысты талас-тартыстарға кеңес беру және кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған деп тапқан жағдайда, оларды қорғау мақсатында уәкілетті органдарға жүгіну болып табылады.
Бизнес-омбудсмен жұмысының маңызды бөлігі кәсіпкерлікті реттеуде олқылықтарды анықтау, қызметтің осы түрі бойынша заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау және енгізу болып табылады.
Бірқатар елдерде Бизнес-омбудсменнің міндетіне нақты мемлекеттік ведомстволарда кәсіпкерлердің құқығын сақтау және байқалып отырған тендециялар туралы Мемлекет басшысына және Парламентке жыл сайынғы есептер дайындау да жүктеледі.
Бизнес-омбудсмен институты бизнес мәдениеті дамыған елдерде кең тараған.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл - мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен лауазымға тағайындалатын адам [5].
«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 26-1 бабына сәйкес, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Уәкіл адамның негізгі функциялары Кәсіпкерлік кодекстің 309-бабында көрсетілген.
1) ҚР мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерінде әрекет етеді;
2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң бойынша бизнес субъектілерінің өтініштерін қарайды;
3) мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тоқтата тұру жөніндегі ұсынымдар енгізеді;
4) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, оның ішінде кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар жібереді;
5)кәсіпкерлер құқықтарының жүйелі түрде бұзылу фактілері бойынша ҚР Президентінің қарауына өтініш енгізеді;
6)заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінеді.
Өтініштер күнтізбелік 30 күн ішінде қаралады және төлемге әкеп соғады.
Уәкілетті адамның қызметін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді.
Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстанда 2015 жылы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін Инвестициялық омбудсмен институты құрылды.
Инвестициялық омбудсмен - ҚР Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функцияларды атқаратын лауазымды адам [6].
Омбудсменнің негізгі функцияларына: ҚР-да инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін ұсынымдар шығарады; «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды; «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаған кезде инвесторларға қолдау көрсетеді; туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді; мемлекеттік орган немесе ұйым қабылдаған шешімнің заңдылығын тексеруді жүргізу мәні бойынша прокуратура органдарына жүгінуді инвесторға ұсынуы мүмкін; инвестордың өтінішінде баяндалған мәселелер бойынша қорытындыларды даярлау үшін жеке және заңды тұлғалар қатарынан консультанттар мен сарапшыларды тартады; инвестициялық қызмет мәселелері бойынша ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Инвестициялық омбудсменнің қызметін, ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жүзеге асырады.
Инвесторлардың айтарлықтай жиі кездесетін қиындықтары мемлекеттік реттеудің мына салаларын қамтиды: салық және кеден заңнамасы; визалық, миграциялық, еңбек заңнамасы; құрылыс және лицензиялау саласындағы заңнама; жер қатынастарын реттейтін заңнама; сондай-ақ, осы заңнамаларды қолдануда туындайтын проблемалар.
Статистикаға сүйенсек, 2016 жылы Омбудсмен атына 1070 жазбаша және 234 ауызша өтініш келіп түскен [7].
Еңбек құқықтарының бұзылғаны туралы азаматтардың өтініштерінің 6,9% хабарланды, оларда қуынушылар жұмыстан босатумен, жалақының уақытында төленбейтіндігімен, өндірісте денсаулыққа келтірілген зиянның орны өтелмегендігімен келіспейтіндіктерін көрсеткен, жұмыс беруші тарапынан дөрекілік туралы және т.б. хабарланған.
Кәсіпкерлік құқықтың бұзылуы туралы өтініштер 0,9% құрады және оларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы актілердің заңсыз қызметті жүзеге асыруы және қызмет көрсету тарифтерін өсіру, салық органдары қызметкерлерінің негізсіз қарыз есептеу және жеке табыс салығы бойынша өсімпұл есептеу әрекетімен келіспеуі туралы мәселелер көтерілген.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің құқық қорғау қызметі мекемесі 2016 жылы өндіріске қабылданған шағымдар санынан 18,85% азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Уәкіл атына келіп түскен өтініштердің талдауы Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау мекемесінің қажеттігін, азаматтардың сенім білдіретінін және үміт артатынын, осы институттың құқықтық мүмкіндіктер мен өкілеттіктері арқылы бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге және білікті кеңес алуға мүмкін екендігін көрсетеді.
Қорытындылай келе, бүгінде Қазақстан үшін экономикасын одан ары дамытуға жеке инвестиция тарта алу өзекті бола түсуде. Елдегі инвестициялық ахуалды жақсартып, күшейте түсу үшін жайлы жағдай алу керек. Сол кезде отандық та, шетелдік де бизнес өкілдері еліміздің экономикасына қаржы салатындығы сөзсіз. Бұл ретте қаржысын салатын бизнесмендердің барлық жағынан қорғалуы да маңызды бола түседі.
Бизнес-омбудсмен – Қазақстан үшін жаңа институт. Оның биік мәртебесі мен кең өкілеттілігі отандық бизнестің жүйелік мәселелерімен және заңнаманың жетілдірілмеген тұстарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың қазіргі өте күрделі кезеңде отандық бизнеске көмек көрсетуге орасан зор күш жұмсап отырғанына дұрыс баға беруіміз керек. Қазіргі таңда ұлттық валюталар құлдырап, бірталай елдер банкротқа айналуда. Кипрде мемлекет бір шешіммен өзінің және шетел азаматтарының жинақ қорларын тәркіледі. Әлемдік нарық жанталасын жалғастыруда, әрине бұл біздің бюджеттің кірістеріне де әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен Президент экономикада құрылымдық өзгерістерге қол жеткізуге, кәсіпкерлерді толыққұқықты және толыққанды жұмыспен қамту үшін саяси күш жігер танытып қосымша шығындарға баруда. Мұны дұрыс бағалап, нақты жұмыспен және нақты нәтижелермен ақтау керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Төрелік орталығы, www.palata.kz
2. Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл.www.ombudsman.kz/kz/publish/docs/doklad_spec/detail_2.php
3.Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 2002 жылғы 19 қыркүйек N 947.
4. «Ақ жол» Демократиялық партиясының ресми сайты akzhol.kz
5. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл // http://www.adilet.gov.kz/
6. «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы №1153 қаулысы, www.adilet.zan.kz
7. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2016 жылғы қызметі туралы есеп
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз