жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстан Республикасының рәміздері
«Қарашілік негізгі орта мектебі»КММ
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздері»
2018-2019 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мақсаты:
І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: танымдық сағат
Көрнекілігі:Рәміздерге байланысты түрлі-түстісуреттер, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.
ӨТІЛУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру.
Әнұран орындалады.
1.Таныстыру.
2. Ассоциация құру:
- Рәміздер деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
(оқушылар өз ойларын ортаға салады).
ІІ. Негізгі бөлім.
1 – машықкер.Отан –жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
2 – машықкер.Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.
1) Отан, туған жер жайлы мақал – мәтел айту.
1.Отан оттан да ыстық
2. Отан отбасынан басталады
3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
4. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
5. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
6. Туған жердің түтіні де ыстық.
7. Ер туған жеріне.
8.Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
9. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
10.Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
2) Тұңғыш Президент.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында
Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
1 – машықкер. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Мақтанамын анам туған тіліммен
Дүниеге жар саламын айқайлап
Сәби жүрек пәк періште үніммен
2- машықкер. (Дінмұхаметтің өлеңі) :
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Мемлекеттік нышандарымыз: Ту, Елтаңба, Әнұран.
3) Тұғырлы туымыз.
1 – машықкер.Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
2 – машықкер. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын
деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
1 – машықкер:
Ұрыс даласында жау қоршауында қалған бөлімнің , қоршаудан шығу
мүмкіндігі жоқ. Ұрыс сәл саябырлап , айналада тыныштық орнаған
сәтте, бөлім командирі сенімді жауынгерлерді іріктеп, оларға
тапсырма берді. Жауынгерлер өздеріне тапсырылған матаны көйлек
ішінен белге орап алып, жау қоршауынан шығып орталыққа
жеткізді.
Сұрақ. Бөлім
командирінің тапсырмасы қандай
еді?
Жауабы: мемлекеттік ту
Ән:Көк тудың желбірегені
4) Еңселі Елтаңба.
1 – машықкер.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
2- машықкер.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
1 – машықкер.
Бауыржан Момышұлы Ташкент қаласынан қайту үшін вокзалға келеді. Вокзал алды жолаушыларға толы. Бауыржан аталарыңның үстінде полковник шеніндегі әскери киім болатын. Сәл жүргеннен кейін аяқ астында жатқан бір тиынды көреді. Еңкейіп жерден алады да жеңімен әлгі тиынды сүртіп қалтасына салады. Мұны жанынан өтіп бара жатқан орыс әйел көреді де, батыр бабаларың Бауыржанға « Өзіңіз қандай полковниксіз, ақшасыз адам сияқты жерден еңкейіп бір тиынды алуға арланбайсыз ба? Ұят емес пе, жұрт не ойлайды? – деп өз ренішін білдіреді. Бауыржан әлгі әйелге бұрылып қарап , тиынды ақша керек болғандықтан емес, сол тиын арқылы өзінің азаматтық борышын атқарғанын айтты. Ал әлгі орыс әйелі Бауыржан аталарыңнан қайта – қайта кешірім сұрап жөніне кетеді.
Сұрақ: Бауыржан ата жерден тиынды неге алды және қандай азаматтық борышын өтегені туралы айтты?
Жауабы: Елтаңба
5) Асқақтаған Әнұран.
1 – машықкер.Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2 – машықкер.2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
6) .Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұран
Таң қар Ұн
Аң ар нан
Ат бар нұр
Бала
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген