Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Тарихы
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Бүгінгі «тарих айдынында» сұхбатымызда, қазақ халқының ғасырлар бойы күткен тәуелсіздіктің 1991 жылы жариялауына тоқталмақпыз. 1991 жылы тамыз айында Кеңес Одағындағы төңкерістік әрекеттен кейін Кеңестік елдер бірінің артынан бірі тәуелсіздіктерін жариялай бастады. Қазақстан болса тәуелсіздігін жариялауда асықпады. Бүгінгі сұхпатымызда Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау үдерісіне тоқталмақпыз.
Кеңес Одағы Компартиясы І- Хатшысы Михаил Горбачев 1991 жылы 4 тамыз күні демалысқа шығып, Сочи қаласына кеткен еді. 20 тамыз күні Кеңес Одағының жаңа одақ келісіміне қол қойылатын күн еді. Осы күнге бір күн қалды деген тұста, атап айтқанда 19 тамыз күні азанда Кеңес Одағының келешегіне алаңдаған консерватив бағыттағы саясаткерлер, атап айтқанда Горбачевтың орынбасары Геннадий Янаев, Бас министр Валентин Павлов, КГБ-ның бастығы Владимир Крючков, Қорғаныс министрі Дмитрий Язов және Ішкі істер министрі Борис Пуго және тағы басқалар Горбачевты үй қамаққа алып билікті қолға алғандықтарын халыққа жария етті. Бірақ олардың бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Бүлік шығарушылар 22 тамыздан бастап тұтқындалды.
Төңкерістік әрекетке белсенді қарсы тұрған Ресей Федерациясы Президенті Борис Елциннің Кеңес Одағы басшысы Горбачевке қарсы бағы жана түсті. 24 тамыз күні Горбачев Компартияның І- хатшысы қызметінен кері шегінгенін мәлімдеді де, төңкерістік әрекетке тоқтау сала алмаған Компартияның жұмысын да тоқтатты. Сөйтіп Кеңес Одағын 70 жыл бойы темір жұдырықпен басқарған Компартияның билігі аяқталды.
Консерватив бағыттағы саясаткерлердің болашағы бұлыңғыр Кеңес Одағын сақтап қалу жөніндегі әрекеті керісінше оның құлдырауын тездетті. Кеңес Одағының құрамындағы елдер бір -бірлеп тәуелсіздіктерін жариялай бастады. Ең алдымен Украина 1991 жылғы 24 тамыз, содан кейін Беларусь 25 тамыз, Молдова 27 тамыз, Әзірбайжан 30 тамыз, Қырғызстан 31 тамыз, Өзбекстан 1 қыркүйек, Тәжікстан 9 қыркүйек, Армения 21 қыркүйек және Түрікменстан 27 қазан күндері тәуелсіздіктерін әлемге паш етті. Балтық жағалауы елдері мен Грузия болса төңкерістік әрекеттен бұрын тәуелсіздіктерін жария еткен еді. Тәуелсіздігін жарияламаған екі ел Ресей мен Қазақстан ғана еді. Қазақстанның тәуелсіздік жариялауда асықпай, ең соңына қалуы кейде зиялы қауым арасында талас-тартыстарға себеп болуда. Алайда сол кездегі уақиғаларға көз жүгірткенімізде мұның дұрыс шешім екенін көреміз.
Өйткені 1991 жылы Қазақстанда қазақтар өз елінде басым болмай, 40 пайыз мөлшерінде азшылықта болғандықтан, мезгілсіз тәуелсіздік өзге ұлттардың қарсылығын туғызып, этникаралық қан төгіске себеп болуы мүмкін еді. Сондықтан өзге ұлттарды тәуелсіздіктен оларға ешқандай зиян келмейтінін, қауіп-қатер болмайтынын түсінетін ыңғайлы уақытты күту өте маңызды болды. Сол кездегі уақиғаларға көз жүгірткенімізде, бұл үшін 1991 жылы 16 желтоқсан күнінің ұтымды екенін көреміз.
Өздеріңізге белгілі, 1991 жылы 8 желтоқсанда Белавежада Ресей, Украина мен Белороссия президенттері бас қосып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрғандықтарын мәлімдеген еді. Ол бас қосуға шақырылмаған Орталық Азияның түркі тілдес мемлекеттері де 12 желтоқсанда Ашғабадта бас қосты. Сөйтіп Кеңес Одағының орнына славян және түркі текті елдердің бөлек бөлек одақтар құру ықтималы пайда болды. Бірақ Ашғабад жоғары дәрежелі кездесуінде егер өздерін терезесі тең құрушы мүше ретінде қабылдайтын болса, ТМД-на қатысатындықтарын мәлімдеді. Бұл үндеу ТМД елдері жағынан оңды қабылданып, екі топқа мүше елдер 21 желтоқсанда Алматыда бас қосатын болды.
Міне осы бас қосудан бұрын 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау үшін ең оңтайлы уақыт еді. Өйткені осы мезгілде жария етілетін тәуелсіздік Қазақстандағы ешбір ұлтты алаңдататып қарсылғын туғызатын шешім емес еді. Өйткені бес күннен кейінгі жиналыста Қазақстан аймақтағы өзге елдермен достық байланыстарын жалғастырмақ еді. Қазақстан тәуелсіздікті өзге елдерден бірнеше ай кеш жариялаумен ұтылған бір жері жоқ екенін де айтқан жөн. Мәселен Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан бірнеше сағаттан кейін Түркия оның және одан бұрын тәуелсіздігін жариялаған Кеңес Одағы елдерінің барлығының тәуелсіздіктерін таныды. Демек, Қазақстаннан бұрын тәуелсіздігін жариялаған елдердің бір қатарының тәуелсіздігі әлем елдері тарапынан оған дейін танылмаған еді.
21 желтоқсанда Алматыда бас қосқан бұрынғы Кеңес Одағының 11 республикасының басшысы Алматы декларациясына қол қойды. Міне бұл бұрынғы Кеңестік аймақта көптеген қиыншылықтар мен астан-кестен жағдайлардың алдын алған маңызды қадам ретінде тарихқа енді.
Бұл арада, атап айтқанда 1991 жылы 10 желтоқсан күні Қазақстан ұлттық мемлекет болу жолында маңызды бір шешім қабылдап мемлекеттің атындағы “Кеңестік Социалистік” атауын алып тастады. Ол осыдан кейін “Қазақстан Республикасы” деп аталатын болды.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды. Бұдан кейін қазақ халқының жаңару кезеңі басталды. Қысқа уақыт ішінде әлемдегі екі жүзден астам мемлекет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді бір мүшесіне айналды. Экономикалық табысты реформалар Қазақстанның “Еуразияның жарқыраған жұлдызы” деп аталуына себеп болды. Елдің бас қаласын Алматыдан Астанаға көшіріліп, Сарыарқаның төсінде әлемге үлгілі де көрікті бір қала салынды. Бұл көшпелі түркі мәдениетінің белді мүшесі қазақтардың отырықшыл қала мәдениетінің де озық өкілі екендігін белгісі ретінде тарихқа енді.
Тәуелсіздіктің арқасында Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен арылды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл статусына ие болды. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Кезінде жат жұрттық өктем билеушілердің зорлық-зомбылықтары салдарынан туған жерінен шетелдерге ауған қазақтар атамекендеріне қоныс аудара бастады. 1992 жылдан 2017 жылға дейін дүниежүзі қазақтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығында бес құрылтай өткізді. Бір миллионнан астам қазақ атамекеніне оралды.
Міне, осылардың барлығы тәуелсіздіктің арқасында болған жақсылықтар. Сондықтан да 1991 жылы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік қазақ тарихындағы ұлы оқиға деп жоғары бағаланады. Бұдан кейін барша Алаш баласының мақсаты біреу-ақ. Ол - Қазақстан тәуелсіздігін мәңгі ету.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

шағым қалдыра аласыз