Ф.М. Қоңыратбай, Т.Т. Сарыбаева
МУЗЫКА
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ 2019
Қоңыратбай Ф.М.
Музыка. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған./Ф.М. Қоңыратбай, Т.Т. Сарыбаева.
-
Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2019. – 64 бет.
© Қоңыратбай Ф.М., Сарыбаева Т.Т., 2019
© «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2019
ТҮСІНІКТЕМЕ
«Музыка» оқу-әдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сәйкес дайындалған:
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа методологиялық негізін анықтайды;
-
1 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 ж. 10 қазандағы № 556 бұйрығымен бекітілген);
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге «Музыка» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерді жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар береді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында
«Музыка» ҰОҚ бойынша мынадай мақсаты мен міндеттері анықталған:
I жартыжылдық
Музыка тыңдау. Дағдыларды қалыптастыру:
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту, қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.
Ән айту. Дағдыларды қалыптастыру:
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық күйін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын қабылдау.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар, хороводтар. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып, шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу,
ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру.
Билер Дағдыларды қалыптастыру:
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Би шығармашылығы. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау. Дағдыларды қалыптастыру:
Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.
ІІ жартыжылдық
Музыка тыңдау. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақстан композиторларының шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру.
Ән айту. Дағдыларды қалыптастыру:
-
бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау;
-
терция дыбыстарын ажырату, қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату;
-
қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;
-
фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.
Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау, ұлттық би элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар, хороводтар. Дағдыларды қалыптастыру:
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттықты би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлану: екі шеңбер, үлкен шеңберге тұру. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.
Билер Дағдыларды қалыптастыру:
Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.
Би шығармашылығы. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы. Дағдыларды қалыптастыру:
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
ОӘК кешеніне:
-
Әдістемелік нұсқау,
-
Нота хрестоматиясы кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар және 72 ҰОҚ-ға арналған жоспарлар берілген.
«Музыка» ҰОҚ құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоциялық көңіл күй қалыптастырып, ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған ҰОҚ тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет).
Екінші кезең – негізгі кезең.
Үшінші кезең – рефлексия, қорытынды жасалады.
Баланың музыкалық мәдениетінің, эстетикалық талғамының, ұлттық сана-сезімдерінің қалыптасуына құдіретті әдемі тіл – музыка тілі жол салады. «Музыка» ҰОҚ көркем әдебиет, қоршаған ортамен де тығыз байланысты. Жылдың төрт мезгілінде кездесетін табиғат құбылыстарын, өзгерістерді ұғындыра, түсіндіре отырып, сол құбылыстарын музыка тілімен байланыстырады.
Әдістемелік нұсқауға қазақ композиторларының шығармалары енгізілді.
Балалар өз ұлтымыздың әуенін тыңдап жетілсін деген ниетпен, жас деңгейлеріне лайықты, тақырыбы, музыкалық дауыс-диапазоны сай келетін қазақ композиторларының шығармаларын, оның ішінде Қ. Шілдебаев, Б. Дәлденбай, А. Тоқсанбаев, К. Қуатбаев, Е. Хасанғалиев, Б. Қыдырбекова, А. Райымқұлова, Е. Андосов шығармалары енгізілді.
Орыс композиторларының шығармалары әуенді қимыл-қозғалыстарға, тыңдауға, қимылды ойындарға пайдаланылды. Негізінен Е. Тиличеева, М. Красев, М. Раухвергер,
Т. Ломова, А. Александров, В. Агафонников, А. Филиппенко, Т. Попатенко шығармалары ұсынылды.
Ән жаттығулары, әуенді дидактикалық ойындар, қуыршақ, үстел үсті, саусақ театрлары енгізілген.
Ойын кезінде екі бөлімнен тұратын, сипаты әртүрлі музыкалық шығармалар алынды. Мысалы: «Айгөлек» ойыны, «Ән салған кім?» , «Етек-етек» қазақ халқының ұлттық ойыны, қазақтың ұлттық ойыны «Теңге алу», «Үш би» дидактикалық ойыны,
«Мен күйшімін», «Шаңырақ» ойыны, «Жылдам құрастыр» ойыны, «Қояндар мен аю»,
«Күн мен түн», «Көбелек пен күшік» т.б. ойындар берілді. Балалар екі түрлі сипаттағы музыканы тыңдап, әуен сипатына сай қимылдар жасап дағдыланады.
Нота хрестоматиясы – педагогке көмек ретінде ҰОҚ жүргізуге арналған.
Хрестоматияда берілген материалдар алты бөлімнен тұрады: Музыка тыңдау, Ән айту, Музыкалық-ырғақтық қимылдар, билер, ойындар, хороводтар, Музыкалық аспапта ойнау.
Құрметпен, авторлар
Шығармашылық білім беру саласы
«МУЗЫКА» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
|
№ ҰОҚ Тақырыбы |
Сағат саны |
ҰОҚ міндеттері |
Репертуар |
|
|
|
«Балабақша» |
|
|
«Білімің – бұлағың» № 1-2 |
2 |
Мақсаты: Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Міндеттері: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру, күйші-композитор Дәулеткерей шығармашылығымен таныстыру. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажыратуға үйрету. Балалардың музыкаға деген құштарлығын арттыру. |
Музыка тыңдау: «Қосалқа» Дәулеткерей Ән айту: «Білімің – бұлағың» (Т. Қоңыратбай) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Қояндар», «Аю», «Түлкі», «Қасқыр» (Т. Ломова) Билер: «Жұптасу биі» ( чех халық әуені) Ойындар, хороводтар: «Айгөлек» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Қыдырбекова) |
|
«Нота үйренейік» № 3-4 |
2 |
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату. Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Музыка сипатын анық ырғақты, ширақ жүріспен беру. Балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. |
Музыка тыңдау: «Гүлдерайым» қазақтың халық әні (өңдеген Т. Қоңыратбай). Ән айту: «До-ре-ми» (Ө. Байділдаев), «Білімің – бұлағың» (Т. Қоңыратбай) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (В. Дешевов) Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені) Ойындар, хороводтар: «Сиқырлы ағаш» («Дидактикалық ойындар» жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау: |
|
|
|
|
«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай) |
|
«Көңілді ырғақтар» № 5-6 |
2 |
Мақсаты: Музыка сипатын ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру. Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту. Көңілді әуенге қызығушылықтарын арттыру. |
Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев), «Полька» (М. Красев), «Қамажай» халық әуені (өңдеген Н. Меңдіғалиев) Ән айту: «Мен өнерлі баламын» (М. Омаров) «До-ре-ми» (Ө. Байділдаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Биімді қайтала» (үнтаспада, педагогтің таңдауымен) Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені) Ойындар, хороводтар: «Ән салған кім?» (А. Райымқұлова) Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай) |
|
«Біздің аспаптар» № 7-8 |
2 |
Мақсаты: Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Міндеттері: Ұлттық домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Балалардың музыка аспабына деген қызығушылығын арттыру. |
Музыка тыңдау: «Балбырауын» (Құрманғазы) Ән айту: «Балдырғандар әні» (Г. Жотаева) «Мен өнерлі баламын» (М. Омаров) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (В. Дешевов) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш», «Жұптасу биі» (чех х. әуені) Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай) |
|
«Күзгі серуен» № 9-10 |
2 |
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. |
Музыка тыңдау: «Қазан» (П. Чайковский) Ән айту: |
|
|
|
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Қимылдарды музыкаға ілесе орындауларын қадағалау. Музыка тыңдау арқылы күз көріністерін сезіне білуге үйрету. |
«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет) «Балдырғандар әні» (Г. Жотаева) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш», («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева) Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Күз – жомарт» № 11-12 |
|
Мақсаты: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру. Міндеттері: Күйші Тәттімбет шығармашылығымен таныстыру. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айтуға үйрету. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажыратуға дамыту. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту. Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғампаздығын дамыту. |
Музыка тыңдау: «Саржайлау» (Тәттімбет) Ән айту:
«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)< Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МУЗЫКА Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
бойынша педагогтерге арналған
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ұсынған
АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ 2019
Музыка. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша педагогтерге
арналған./Ф.М. Қоңыратбай, Т.Т. Сарыбаева. Алматы:
АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2019. – 64 бет.
© Қоңыратбай Ф.М.,
Сарыбаева Т.Т., 2019
© «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2019
«Музыка» оқу-әдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі
нормативтік құжаттарына сәйкес дайындалған:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №
604 бұйрығымен
бекітілген).
Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың жаңа
методологиялық негізін анықтайды;
1 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларды мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің 2018 ж. 10 қазандағы № 556
бұйрығымен бекітілген);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен
бекітілген).
Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып
отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге «Музыка»
бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа
педагогтік тәсілдерді жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар
береді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасында «Музыка» ҰОҚ бойынша
мынадай мақсаты мен міндеттері анықталған:
Музыка тыңдау. Дағдыларды
қалыптастыру:
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін
ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің
қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту,
қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық,
домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру,
күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен
таныстыру.
Ән айту. Дағдыларды
қалыптастыру:
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын
емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға
үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын
(жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын
ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық
бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын,
қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық күйін көңілді жеткізіп,
жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ
халқының музыкасын қабылдау.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Дағдыларды
қалыптастыру:
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын
жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар,
хороводтар. Дағдыларды
қалыптастыру:
Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып,
шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық
тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті
білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу,
ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың
биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта
тұру. Билер Дағдыларды
қалыптастыру:
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау,
халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен
таныстыру.
Би шығармашылығы. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан
би шығару іскерліктерін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау
мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету. Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Дағдыларды қалыптастыру:
Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы
регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Әуеннің ырғақтық
бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау.
Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.
Музыка тыңдау. Дағдыларды
қалыптастыру:
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату
қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды
әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып
тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап,
пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін
белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып,
бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен
байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақстан композиторларының
шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру.
Ән айту. Дағдыларды
қалыптастыру: бір
дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес
орындау;
терция дыбыстарын ажырату, қолмен бағытын көрсете
отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату; қолмен
бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын
ажырату;
фортепианоның сүйемелдеуімен немесе
сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда
ойнау.
Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді
анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, музыкалық кіріспеден
соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып,
эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар.
Дағдыларды қалыптастыру:
Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені
көтеріп жүгіруді орындау, ұлттық би элементтерін орындау, музыка
сипатын би қимылдарында беру. Ойындар, хороводтар. Дағдыларды
қалыптастыру:
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін:
байсалды, баяу және көңілді, шаттықты би күйін мәнерлі жеткізу.
Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып,
кеңістікте еркін бағдарлану: екі шеңбер, үлкен шеңберге тұру.
Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету. Билер Дағдыларды
қалыптастыру:
Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра
отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын
қолдана отырып, әндерді сахналау.
Би шығармашылығы. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын
қолданып, би ойластыру. Балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы.
Дағдыларды қалыптастыру:
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен
қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған
музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында
қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді
ойынмен бірге сүйемелдеу.
ОӘК кешеніне: Әдістемелік нұсқау, Нота
хрестоматиясы кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар және
72 ҰОҚ-ға арналған жоспарлар берілген.
«Музыка» ҰОҚ құрылымы төмендегі кезеңдерден
тұрады:
Бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоциялық көңіл
күй қалыптастырып, ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған ҰОҚ
тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет). Екінші кезең – негізгі кезең.
Үшінші кезең – рефлексия, қорытынды
жасалады.
Баланың музыкалық мәдениетінің, эстетикалық талғамының, ұлттық
сана-сезімдерінің қалыптасуына құдіретті әдемі тіл – музыка тілі
жол салады. «Музыка» ҰОҚ көркем әдебиет, қоршаған ортамен де тығыз
байланысты. Жылдың төрт мезгілінде кездесетін табиғат құбылыстарын,
өзгерістерді ұғындыра, түсіндіре отырып, сол құбылыстарын музыка
тілімен байланыстырады. Әдістемелік нұсқауға қазақ композиторларының шығармалары
енгізілді. Балалар өз
ұлтымыздың әуенін тыңдап жетілсін деген ниетпен, жас деңгейлеріне
лайықты, тақырыбы, музыкалық дауыс-диапазоны сай келетін қазақ
композиторларының шығармаларын, оның ішінде Қ. Шілдебаев, Б.
Дәлденбай, А. Тоқсанбаев, К. Қуатбаев, Е. Хасанғалиев, Б.
Қыдырбекова, А. Райымқұлова, Е. Андосов шығармалары енгізілді. Орыс
композиторларының шығармалары әуенді қимыл-қозғалыстарға, тыңдауға, қимылды
ойындарға пайдаланылды. Негізінен Е. Тиличеева, М. Красев, М.
Раухвергер, Т. Ломова, А.
Александров, В. Агафонников, А. Филиппенко, Т. Попатенко
шығармалары ұсынылды. Ән
жаттығулары, әуенді дидактикалық ойындар, қуыршақ, үстел үсті,
саусақ театрлары енгізілген. Ойын кезінде екі
бөлімнен тұратын, сипаты әртүрлі музыкалық шығармалар алынды.
Мысалы: «Айгөлек» ойыны, «Ән салған кім?» , «Етек-етек» қазақ
халқының ұлттық ойыны, қазақтың ұлттық ойыны «Теңге алу», «Үш би»
дидактикалық ойыны, «Мен күйшімін», «Шаңырақ» ойыны, «Жылдам
құрастыр» ойыны, «Қояндар мен аю», «Күн мен түн»,
«Көбелек пен күшік» т.б. ойындар берілді. Балалар екі түрлі
сипаттағы музыканы тыңдап, әуен сипатына сай қимылдар жасап
дағдыланады. Нота хрестоматиясы
– педагогке көмек ретінде
ҰОҚ жүргізуге арналған. Хрестоматияда
берілген материалдар алты бөлімнен тұрады: Музыка тыңдау, Ән айту,
Музыкалық-ырғақтық қимылдар, билер, ойындар, хороводтар, Музыкалық
аспапта ойнау.
Құрметпен, авторлар «МУЗЫКА» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
№ ҰОҚ
Тақырыбы
Сағат саны
ҰОҚ міндеттері
Репертуар
«Балабақша»
«Білімің – бұлағың» №
1-2
2
Мақсаты: Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау:
музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту.
Міндеттері: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру,
күйші-композитор Дәулеткерей шығармашылығымен таныстыру. Әннің
сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі
мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын
ажыратуға үйрету. Балалардың музыкаға деген құштарлығын
арттыру.
Музыка тыңдау: «Қосалқа» Дәулеткерей
Ән айту: «Білімің – бұлағың» (Т.
Қоңыратбай)
Музыкалық-ырғақтық
қимылдар:
«Қояндар», «Аю», «Түлкі»,
«Қасқыр» (Т. Ломова) Билер: «Жұптасу биі» ( чех халық әуені)
Ойындар,
хороводтар:
«Айгөлек» қазақтың халық әні (өңдеген Б.
Қыдырбекова)
«Нота үйренейік» №
3-4
2
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың
сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп
орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің
кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын
әрекеттерін орындау. Музыка сипатын анық ырғақты, ширақ жүріспен
беру. Балалардың музыкаға деген қызығушылығын
арттыру.
Музыка тыңдау:
«Гүлдерайым» қазақтың халық әні (өңдеген Т.
Қоңыратбай).
Ән айту:
«До-ре-ми» (Ө. Байділдаев),
«Білімің – бұлағың» (Т.
Қоңыратбай)
Музыкалық-ырғақтық
қимылдар:
«Марш» (В. Дешевов)
Билер:
«Жұптасу биі» (чех халық әуені)
Ойындар, хороводтар:
«Сиқырлы ағаш» («Дидактикалық ойындар»
жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау:
«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б.
Дәлденбай)
«Көңілді ырғақтар» №
5-6
2
Мақсаты: Музыка сипатын ырғақты жүріспен, музыканың ширақ
сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп
орындау. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл
күйін ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау,
музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды
өзгерту. Көңілді
әуенге қызығушылықтарын арттыру. Музыка
тыңдау:
«Вальс» (Қ. Шілдебаев), «Полька» (М. Красев),
«Қамажай» халық әуені (өңдеген Н. Меңдіғалиев)
Ән айту: «Мен
өнерлі баламын» (М. Омаров) «До-ре-ми»
(Ө. Байділдаев)
Музыкалық-ырғақтық
қимылдар:
«Биімді қайтала» (үнтаспада, педагогтің
таңдауымен)
Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені)
Ойындар, хороводтар: «Ән салған
кім?» (А. Райымқұлова)
Музыкалық аспапта ойнау:
«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б.
Дәлденбай)
«Біздің аспаптар» №
7-8
2
Мақсаты: Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды
тыңдау,
жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін
ажырату.
Міндеттері: Ұлттық домбырада орындалатын күй жанрымен
таныстыру.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп
орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Әуеннің би
сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Балалардың
музыка аспабына деген қызығушылығын арттыру.
Музыка тыңдау:
«Балбырауын» (Құрманғазы)
Ән айту:
«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)
«Мен өнерлі баламын» (М.
Омаров)
Музыкалық-ырғақтық
қимылдар:
«Марш» (В. Дешевов) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр
қылыш»,
«Жұптасу биі» (чех х. әуені)
Музыкалық аспапта ойнау:
«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б.
Дәлденбай)
«Күзгі серуен»
№ 9-10
2
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін
ажырату, әсерлі реңктерін ажырату.
Музыка тыңдау:
«Қазан» (П. Чайковский)
Ән айту:
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп
орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Музыка сипатына
сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес
қимылдарды өзгерту.
Қимылдарды музыкаға ілесе орындауларын қадағалау.
Музыка тыңдау арқылы күз көріністерін сезіне білуге
үйрету.
«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)
«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)
Музыкалық-ырғақтық
қимылдар:
«Марш» (Е. Андосов) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр
қылыш»,
(«Билеп үйренейік» жинағынан)
Ойындар, хороводтар:
Ән-ойын "Етек-етек" (Т.
Сарыбаева)
Музыкалық аспапта ойнау:
«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б.
Дәлденбай)
«Күз – жомарт»
№ 11-12
Мақсаты: Домбырада орындалатын күй жанрымен
таныстыру.
Міндеттері: Күйші Тәттімбет шығармашылығымен таныстыру. Музыкалық
шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы
пікірін айтуға үйрету. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс
келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің
кіріспесін, басын, қайырмасын ажыратуға дамыту. Әуеннің би сипатын
сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Музыка сипатына
сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес
қозғалыстарды өзгерту. Музыка арқылы балалардың эстетикалық
талғампаздығын дамыту.
Музыка тыңдау:
«Саржайлау» (Тәттімбет)
Ән айту:
«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)< |


