«Ақсұңқар» балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы»
Ақтау қаласы, 2026 жыл
Іс-шараның тақырыбы:
«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы»
Заң (ағылш. law) — мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер, мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды.
Заң — қоғамның негізгі тіректерінің бірі. Заң адамдардың игілігі және азаматтардың тәртіптік қауіпсіздігі үшін мемлекет тарапынан әрқашанда қолдауға ие.
Негізгі заң қоғамның белгілі бір кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде демократияның даму деңгейін белгілейтін, белгілі бір қоғамдағы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын көрсететін, меншікке және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатынасын бекітетін құжат болып табылады. халықтың қоғамдық белсенділігін және саяси жүйені сипаттайтын, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік өмірдегі рөлін айқындайтын.

Заң Ата Заңымызда белгіленген тәртіптерде заң шығарушы билікпен, яғни ҚР Парламентімен қабылданады. Жоғарыда аталған заңның 10-бабына сәйкес, нормативтік құқықтық актілер сатылай (иерархиялық тәртіпте) орналасады. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарғы заңдық күші бар. Конституция, Ата Заң (латынның constitution – «құрылым» сөзінен шыққан) – мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң. ҚР заңдарының нормалары (ережелері) ҚР Конституциясының нормаларына қайшы келмеуі тиіс, қайшы келген жағдайда қолданылуға жатпайды.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 1 тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық);
1-1) мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы – түпнұсқаның мағынасы мен мазмұнын өзгеріссіз сақтайтын мәтіннің басқа тілге аудармасы;
2) ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
3) ономастика комиссиясы – Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалықгеографиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;
3-1) ономастика саласындағы уәкілетті орган – ономастика саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) орфография – дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн қағидалар жүйесi;
5) Республикалық терминология комиссиясы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы, экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;
6) топонимика – ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуының, өзгеруінің және қолданылуының заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
7) алып тасталды - ҚР 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган – тілдерді дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап.
Осы Заңның реттейтiн мәселесi Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады. Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi.
4-бап. Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару,
заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын
мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр
азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша
дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi
еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық,
материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек
көрсетуге мiндеттi.
5-бап. Орыс тiлiн
қолдану
Мемлекеттiк ұйымдарда және
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде
қазақ тiлiмен тең қолданылады.
6-бап. Мемлекеттiң тiл
жөнiндегi қамқорлығы
Қазақстан Республикасының
азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және
шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн
жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде
олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн.
7-бап. Тiлдердiң
қолданылуына кедергi келтiруге жол
бермеу
Қазақстан Республикасында
тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол
берiлмейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына
және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың
iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауаптылыққа әкеп соқтырады.
2 тарау. Тiл - мемлекеттiк
және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарында
8-бап. Тiлдердiң қолданылуы
Мемлекеттiк тiл Қазақстан
Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi
болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең
қолданылады.
Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет
болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады.
9-бап. Мемлекеттiк органдар
актiлерiнiң тiлi
Мемлекеттiк органдардың
актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған
жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле
отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi
мүмкiн.
10-бап. Құжаттама жүргiзу
тiлi
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына
қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама
жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы
мемлекеттік тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын
тілдерінде жүргізуге құқылы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз