Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙБЫНДЫ МЕЙРАМЫ" бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙБЫНДЫ МЕЙРАМЫ МАРАЛТАЙ ЫБЫРАЕВ «ЕЛБАСЫМА» атты бөлім бойынша 9 сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы

Маралтай Ыбыраев «Елбасыма»


Тұңғыш Президент


Оқу мақсаттары: 9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау


Оқылым

96- бет, 6- тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша сөйлемдерді 1- ден 5-ке дейін ретімен қой.(5 ұпай)

  1. Жаңа туған баланың әжесі Мырзабала ұсыныс білдірді.

  2. Нұрсұлтанның балалық шағы ауыр кезеңде өтті.

  3. Нұрсұлтан үйде де, бақшада да әкесінің жанында болып, көкөніс, жеміс өсіруге көмектесті.

  4. Оның аты Нұрсұлтан болды.

  5. Шамалғанда әртүрлі ұлт өкілдері тату- тәтті тұрды.


Айтылым

Берілген сөздерді сөйлемде дұрыс орналастырып, ауызша мәтін құраа айт. (4 ұпай)

  1. Респуликасының, Қазақстан, президенті, тұңғыш, Н.Ә. Назарбаев.

  2. Мен, тұтамын, тұңғыш, президентті, үлгі.

  3. Мақсатымыз, біздің, білімді, азамат, жан-жақты, болу.

  4. Болашақта, гүлденуіне, еліміздің, қосамыз, үлес.


Жазылым

96-бет, 8-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді тап. Олардың түрлерін анықта.(1 ұпай)


Елбасы кітапханасы


Оқу мақсаттары:

9.5.1.2 мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану;

9.3.1.1 мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау;


Оқылым

100-бет, 7-тапсырма. Көп нүктенің орнына мәтіннен тиісті сөздерді тап.(4 ұпай)

  1. Елордада Назарбаев орталығының бірінші қабатында тұңғыш президенттің ... ... орналасқан.

А) жеке құжаттары

В) жеке мұрағаты

С) жеке бөлмесі

Д) жеке кеңсесі

  1. Жеке мұрағат қорында ... астам құжат жинақталған.

А) жүз жиырма жеті мыңнан

В) жүз жиырма сегіз мыңнан

С) он екі мыңнан

Д) он екі мың жеті жүзден

  1. Бүгін қорда 400-ге жуық ... бар.

А) экспонат

В) сыйлықтар

С) кітап

Д) жеке заттары

  1. Елбасы кітапханасының екінші қабатында ... орналасқан.

А) экспозиция-көрме

В) экспозиция-сурет

С) кішкентай көрме

Д) үлкен сурет


Жазылым

«Елбасы» сөзіне синквейн құра.(4 ұпай)



Жазылым

Жақша ішіндегі үстеулерді аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз. (2 ұпай)

  1. (Вчера) сабақта Елбасы өмірбаянымен таныстық.

  2. Кітапханада «Елбасы кітапханасы» ұсынған виртуалды кітап көрмесін (быстро) таптық.




Елбасы жазған еңбектер


Оқу мақсаты: 9.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру


Оқылым

Елбасы кітаптары


«Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012)

«Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/15103/


Мәтін бойынша тапсырмаларды орында. (4 ұпай)

1. Мәтіннің түрін анықта.

А) сипаттау

В) әңгімелеу

С) пайымдау

Д) фантастикалық

2. Мәтіннен берілген сөздің синонимін тап: қиын, анық

3. Мәтіннен берілген сөздің антонимін тап: қарт, бұрынғы

4. Берілген сөйлемді перифраз түрінде түрлендіріп жаз.

Үлгі(образец):

Түпнұсқа:Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.

Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады. 

Түпнұсқа:Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

Перифраз:Автордың ойынша бұл кітап ... ...


Жазылым

«Елбасының кітаптары» тақырыбында кластерді толтыр. (4 ұпай)




Жазылым

Көп нүктенің орнына қажетті септеулікті қойып жаз. (2 ұпай)

  1. «Сындарлы он жыл» кітабында Қазақстанның ішкі, сыртқы саясаты, жаһандану ... айтылады.

  2. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында ел ... ауқымды, маңызды оқиғалар қамтылған.




Еңбегі ерен Елбасы


Оқу мақсаты: 9.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру


Оқылым

Әбіш Кекілбаев,мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы: «Нұрсұлтан Назарбаев — тарихтың ең өткір мәселелер шешілер ең жауапты кезеңіндегі басшы. Әлемдік процестер шектен аса шытырманданып келе жатқан ең шетін замандағы басшы. Сондықтан да халықаралық деңгейде оның талай қиын коллизияларды бастан кешіп, оған төтеп бере алып жүргенін көріп отырмыз. Өйткені айта қаларлық дәрежеде ресурс дағдарысын тарта бастаған дүние қайтадан ресурс бөлісіп жатыр. Соған лайық қайтадан ыңғайласып, қайтадан ықпалдасып жатыр. Табиғи байлығының молдығы мен геосаяси орнының ерекшелігі Қазақстанға әлемдік мемлекеттермен стратегиялық әріптес болуға жағдай туғызады. Бұған орай бізге байланысты әр алуан дүниеде әр алуан пиғыл оянып, әр алуан әрекет өрбитіні түсінікті. Ондай елдің басшысына да көлденең көздің көп сұқтанатыны сөзсіз. Көп ретте ол бәріне де шыдап, саяси үйірімділігі мен тапқырлығы арқасында өзін де, елін де аман сақтап қала алып келеді».

(2002 жылы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатынан)


Мәтін бойынша тапсырмаларды орында. (4 ұпай)

  1. Мәтіннің жанрын, стилін анықта.

А) мақала, публицистикалық стиль

В) мақала, ғылыми стиль

С) әңгіме, ауызекі сөйлеу тілі

Д) ертегі, көркем әдебиет стилі

  1. Мәтінге ат қой.

  2. Сөйлемдегі омонимді тап.

Әлемдік процестер шектен аса шытырманданып келе жатқан ең шетін замандағы басшы.

  1. Берілген төл сөзді төлеу сөзге түрлендіріп жаз.

Ә. Кекілбаев: «Нұрсұлтан Назарбаев - тарихтың ең өткір мәселелер шешілер ең жауапты кезеңіндегі басшы»,- деді.


Жазылым

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы көзқарасыңды білдір (4 ұпай)

Бірінші сөйлем. «Менің ойымша, ... »

Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны … былай түсіндіремін».

Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын».

Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім».



Жазылым

Сұраулық шылау арқылы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз. (2 ұпай)

  1. Ұлы адам өзінің емес, ұлтының, елінің жайын ойлайды.

  2. Елбасы қиын түйіндерді асқан ақыл-парасатпен шешіп келді.




Тұңғыш Президент күні


Оқу мақсаты: 9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шолу жазу


Оқылым

110-бет, 6-тапсырма. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орында.(4 ұпай)

1. Мәтін бойынша дұрыс жауапты тап.

А) 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды.

В) 1991 жылы 1 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды.

С) 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланбады.

Д) 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев соңғы Президент болып сайланды.

2. Берілген болымсыз етістіктердің мәтіннен болымды етістік түріндегі формаларын тап. Дауыс бермеді, қабылданбады, қол қойылмады.

А) Дауыс берген, қабылданған жоқ, қол қойылған.

В) Дауыс берді, қабылданды, қол қойылды.

С) Дауыс берген жоқ, қабылданған жоқ, қол қойылды.

Д) Дауыс берді, қабылданған жоқ, қол қойылды.

3. Мәтіннің жанрын, стилін анықта.

А) әңгіме, публицистикалық стиль

В) мақала,публицистикалық стиль

С) ертегі,публицистикалық стиль

Д) мақала, көркем әдебиет стилі

4. Дұрыс құрастырылған сұраулы сөйлемді тап.

А) 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы» шықты ма?

В) 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы» шықты па?

С) 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы» шықты?

Д) 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы» шыққан?


Жазылым

«РАФТ» әдісі бойынша Президент атынан жастарға үндеу жаз. (4 ұпай)

Рөлі – Президент

Аудитория –жастар

Формасы – үндеу

Тақырыбы – Ел болашағы жастардың қолында.



Жазылым

Берілген сөйлемдердегі жалғаулық шылауларды тауып, түрлерін анықта. (2 ұпай)

  1. 1991 жылы 25 қазанда Тұңғыш Президенттің жарлығымен Қауіпсіздік кеңесі және Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.

  2. Н. Назарбаев 1 желтоқсанда Президент болып сайланды, сол үшін бұл күнді Қазақстан халқы «Тұңғыш Президент күні» деп тойлайды.



Маралтай Ыбыраев «Елбасыма»


Оқу мақсаты: 9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау;


Оқылым Жазылым

112-бет, 4-тапсырма. Мәтінді оқып, ассоциациялық картаны толтыр. (4 ұпай)



Оқылым айтылым

Өлең мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, досыңмен сөйлес. (4 ұпай)

  1. Ақын Маралтай Ыбыраевтың «Елбасыма» өлеңі кім туралы?

  2. Тарихты тұлға ғана жасайды ма?

  3. Қандай күнді Ұлы дала ұзақ күтті?

  4. Өлеңде елбасын ел қамын ойлаған кімге теңейді?


Жазылым

Көп нүктенің орнына қажетті одағайды қойып жаз. (2 ұпай)

  1. ... , Астананың көркеюі-ай!

  2. ... , ертең мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған кеш болады!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
344
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12