Материалдар / Қазақстан Республикасының валютасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан Республикасының валютасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының төл теңгесінің жасалу тарихы мен ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық валюта жасаудағы тарихи шешімі мен көрегенділігі жайында болуы. 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ







Реферат



Тақырыбы:


Қазақстан Республикасының валютасы


Picture 1


Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Абуова Жибек Кураловна





Қазақ халқының төл теңгесінің жасалу тарихы мен ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық валюта жасаудағы тарихи шешімі мен көрегенділігі жайында болуы.  1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Респуб­ликасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.

Қазақстан өзінің төл валютасын қиын да күр­делі жағдайда дайындап, қабылдаған бола­тын. 90-шы жылдардың басы біздің еліміз үшін болашақты айқындау жолындағы шешімдерді қабылдауда барынша қиын кезең болды: өн­ді­рістің кең ауқымды құлдырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы ақша-кредиттік қаты­настар коллапсы. Үкімет пен Ұлттық банктің алдында барынша маңызды проблемаларды шешу міндеті тұрды. Шын мәнінде инфляция барынша қарқын алған, өндіріс құлдыраған қиыншылықтар кезеңінде ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымын қамта­ма­сыз ету қажет болды. Басты назар ұлттық ва­лю­таны енгізудің – жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу, ақша айырбастау баста­ла­тын және жалғастырылатын күн, айырбастау коэффициенті сияқты рәсімдік мәселелеріне аударылды. Теңге айырбастау басталған бірінші күннен бастап-ақ заңды төлем құралы болды.

     

Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы 

    Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді. Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді.

Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды.

Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты.

1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты.

Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді. Тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі барып ашты.

Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де  сенімді беделге ие бола бастады. Өндіріс дамыған сай­ын, елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын (зейнетақы қорлары арқылы) ұлттық валюта да, сонымен қатар валюта рыногы да нығая түсті. Сонымен бірге, ұлттық валютаға да сенім арттырылды.

Өз валютамыздың болуы Ұлттық банкке тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүм­кін­дік берді. Бюджет тапшылығын жабуға ар­нал­ған кредиттер мен директивтік кредиттерді беру тоқтатылды. Экономикаға кредит беру функ­циясы екінші деңгейдегі банктерге толық­тай берілді. Ұлттық банк өзінің негізгі міндеті – ұлттық валютаны тұрақтандырумен, яғни инфляция қарқынын бәсеңдету және бағамды тұрақтандырумен айналыса бастады. Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасынан, ішкі валюта рыногындағы өктемдіктердің міндетті резервтері нормаларын енгізуден басқа, меншікті бағалы қағаздарын (қысқа мерзімді ноттарды) шығарып, ашық рынокта операциялар жүргізіп, кредиттер бере бастады.

Қазақстан Республикасының валютасы 

    Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің — Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.

Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

·        1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;

·        1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;

·        1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа :

·        1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;

·        1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;

·        1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;

·        1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

·        1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;

·        2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),

2001 жылы :

·        2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );

·        2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінараөзгертілген );

·        Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;

·        2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).

2002 жылы :

·        2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;

·        1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы :

·        2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.

Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі — қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда ҚР-ның мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. «Бәйтерек» ескерткішінің сол жағында бір түспен ҚР - ның мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы  1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған. Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.

Банкноталардың сырт жағында  ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада «Қазақстан ұлттық банкі» деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.

Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен  анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым  анықтауға негізгі акцент жасалған.

Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:

    Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.

    Қорғаныш жіп. Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп — банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.

    Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.

     Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді

      Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі,  түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

Қорытынды. 

     Əр ел өз банкноталарын   басқаларға ұқсас болмайтындай етіп жасауға тырысады. Бұл өзінің дарашылдығын,  тəуелсіздігін көрсету үшін ғана емес,  егер əртүрлі ұлттық валюта банкноталары бір-біріне ұқсас болатын болса,   болуы мүмкін алдау əрекеттерін болдырмау мақсатында туындайды. Жаңа дизайн Қазақстанда соңғы жылдарда болып жатқан өзгерістерді көрсетеді жəне   Қазақстанның    бай мəдени тарихын қазіргі заманғы дизайн элементтерімен байланыстыра отырып біріктіреді.  Мысалы,   банкноталарда жаңа астана Астана қаласының көз тартарлық монументі Астана-Байтерек бейнеленген.  Бет жағында    мемлекеттік əнұран ноталарының фрагменті,  сондай-ақ мемлекеттік ту жəне    елтаңба бейнеленген.  Банкноталардағы    қолдың ашылған алақаны,  қола дəуірінің тас бейнелері достастықты, ашықтықты жəне қажымас қайратты білдіреді. Банкнотаның сырт жағында Қазақстан картасының жаңа астана Астана қаласының жəне басқа қалалардың əртүрлі ландшафтары мен сəулет ғимараттары бейнеленген контуры бар. Мысалы, 10000 теңгелік банкнотада Президент резиденциясы, қазбалар кезінде табылған жануарлардың тастағы бейнелері де банкнота  дизайнында бейнеленген.

Ұлттық валюта —  теңге. ұл біздің еліміздің тəуелсіздігін жариялаған бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады.  Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша-кредит саясатын    жүргізуге мүмкіндік берді. 15  жыл ішінде теңге    біршама    нығайды жəне   ТМД елдерінің анағұрлым тұрақты валюталарының бірі болып қалды. Қазақстандық ұлттық валюта –  теңге Қазақстан өзінің ұлттық валютасы —  теңгені күрделі жағдайда əзірлеп,  қабылдағанын естен шығармау қажет. Теңгені жасаудағы Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегін әр қазақ білері сөзсіз.

Ұлттық теңгеміз АҚШ долларындай немесе Еуроодақтың евросындай болмаса да өз тұрақтылығын сақтап, құнсызданбауын қалаймыз!!!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!