Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Қазақстан суретшілері
Оқытушы: Кусаинова М.С
(қолы) (күн)
Оқушы: Курманбаева Ж.Б
Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Тобы: МТДжО-21
Тақырыбы: Қазақстан суретшілері
Жоспар
1 Кіріспе
1.1 Қазақ бейнелеу өнері
1.2 Қазақ мәдениетіндегі заманауи бейнелеу өнерінің ерекшеліктері
2 Негізгі бөлім
2.1 Еліміздің суретшілір одағы
2.2 Дара тұлғалар
2.3 Қазақстанның заманауи суретшілері
3 Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.1 Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме,графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады.Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан әсіресе, графикалық суреттері, “Потанин”, “Тезектөре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти шығармаларымен сабақтасып жатыр “Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, тағы басқасы.Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен “Алатау көрінісі”, “Жатақ”. Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді.
20 ғасырдың 20 – 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, тағы басқа өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б.В. Иогансон)
1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы ашылды. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығармашылығымен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер – А.А. Риттих, Н.В.Соловьев, А.И.Бортников, Н.И.Крутильников, Л.П.Леонтьев, графиктер Г.А.Брылов, Б.А.Чекалин, Л.В.Гербановский, тағы басқа 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К.Я. Баранов, Риттих, А.И. Черкасский, И.Я. Иткинд, М.С. Лизогуб табысты еңбек етті. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды. “Қазақстан жолдары”, “Көш”.
Сурет тарихы бұл адамзат тарихы. Оның айналасындағы ортаны тануына сана сезімінің жетілуіне эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен . Үлес қосқан өмірмен өзектес өнер. Сурет-бұл шежіре. Ондағы ғасыр бүкіл әлем тарихын жеткізген бірден-бір куәгер.Осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын әдет-ғұрпын, кәсібін, мәдениетін ,мың құлпырған бояуын жан-жануар дүниесінің алуан кеңістік пен уақыт аралығындағы тірлігін танып білеміз. Өнер тарихы мен теориясы пәнінің негізгі міндеті бейнелеу өнерінің көркемдік ырғақта форма мен образдың көріну сипатын ашу.
Кеңістік- біз үшін әлеуметтік рухани және мәдени орта. Уақыт тарихи кезең. Берілген пәннің міндеті заманның әлеуметтік рухани талап тілектерінен туындайтын мәселелер өнер шығармасы көркемдік образ және образды сомдаушы суреттер жөнінде көркем құбылыстар мен стиъдік бағыттар туралы мағлұматтар беріп осылардың ішкі бірлігі мен үндестігіне өзара қатынасы мен табиғи байланысына деген теориялық танымды тереңдету болып табылды. Теориялық мәселелерді талдау барысында мынадай проблемаға көңіл бөле отырып міндеттер Батыс мәдениеті мен Шығыс өнерінің түрлері арасындағы пластикалық тіл айырмашылықтары әсіресе бейнелі өнер живописъ,графика,мүсін өнері, бейнесіз пластикалы кеңістік ажыратулы мен жіктеулі арасындағы сипаттық айырмашылықтарға мән беру және осы ерекшіліктерге жеке проблема ретінде қарастыра отырып салыстырмалы дәлелдеу жасау. Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор.Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын балаларға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардың табиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігіншеөзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады.Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудегі негізгі болып табылады. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге, шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір шындығын көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні. Айналадағы шындық объектілерді мен құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулу. Балалардың көру мен есту байқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу түстерін дағдыларын қалыптастыру.
Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген. шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері , суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды. Суретші еңбектері енді жарамсыз оның ішінде құны төмендейтін болар деген тәрізді оған қарамай тіпті кейін түрлі-түсті бейнешығаратын техникалық құралдарпайда болса бейнелеу өнері оның ішінде живописъ өнері өз құнын жойған бүгінгі күннің мыңдаған суретшілері көптеген өнер мектептері дәлел бола алады. Сәндік әсемдік өнері халықпен бірге туған өнер халыққа су мен ауадай қажет,деп орыстың ұлы философы Достоевскипи. Шынында адамзат өнерсіз болмайды. Негізінде адам баласы жазу сызу ілімі болмаған дәуірде сурет өнерімен айналысқан . Бұған дәлел жер үңгірлеріндегі тасқа қашап салынған ерте дәуірдің суретшілерінің туындылары.Өнер түрлері – Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі.Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн. Сәулет өнері ,скулъптура , живописъ өнердің басты үш түрі болып есептелінеді. 19 ғ. Аяғына қарай өнердің бір түрі графика дербес түрге айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де айқын бейнесін тапты.Сәулет өнері әрқашан да пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді.
Ол дәуір идеясы мейлінше күшті өз заманының бейнелеу өнерлерінің мүсін мен сұңғаттың стилъін анықтап отырды.мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер. Египеттік пирамидалар немесе Американ үндістері ежелгі храмдары сан мың жылдаған тұрып бізге дейін жетті.Сәулет өнері бұл адам қызметінің ерекше түрі мұнда техника мен өнер пайда мен әсемдік бірге өрілген.
1.2 Қазақ халқы бейнелеу өнерінің мәдениеттанулық негіздерін, рәміздік ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан үрдістермен айқындалады. Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылуда. Оған Республика президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Тарихи құндылықтарымызды барынша зерттеу мен қайта қалпына келтіру, сақтауға, зерттеуге мән беріп, өткен тарихымызды ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр, – деген сөзі айғақ. Соның ішінде, қазақ бейнелеу өнері бір адам ғұмырына ғана жетерлік өте аз мерзімде өзгеру, өсу кезеңінен халықаралық ілтипатқа бөлену шағына дейін бүкіл даму сатыларынан өтті. Түптеп келгенде, бұл ортаға тарихи тұрғыда тән емес көркем ойлаудың жаңаша үрдісі, жаңаша ұлттық мектебі жасалды. Бұл мәдени құбылыс әлде де зерттеліп, саралана жатар, дегенмен, оның пайда болуы Еуропа мен Шығыстың Азияның көркемдік дәстүрлерінің өзара байланысының нәтижесінде мүмкін болғаны күмән тудырмайды. Қазақстанның бүгінгі күнгі өнері туралы сөз қозғағанда, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінен нақты байқалатыны оның шоғырланушылық сипатында. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған күрделі болып келеді, ол өз кезегінде қарапайым көрерменнің түсінбеуін тудырады. Бүгінгі күні суретшілер мектебінің қалыптасу сатысының алдыңғы кезеңіндегі тәжірибелерін толық түсіну болашақтың ісі. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік композицияларды қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан рөлін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық өлшемдерді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы үрдіс ұлттық менталитетке қатысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метафоралық немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие болды. ХХ-ғасырдағы қазақ мәдениетінің басты ерекшелігі жаңалыққа сергектігі мен ашықтығы деу орынды. Мұның айқын бір көрінісі – Республикамызда «contemporary art», яғни қазіргі заман өнерінің тез арада әрі табиғи түрде пайда болуы. Алғашқы кезде бұл бағыттың жақтаушылары Қазақстан үшін ең маңызды және қажетті «contemporary art» деуге басқан. Бірақ, Қазақстанның бүгінгі өнері тек осы бағытпен шектелмейтінін, ол әр алуан және әр түрлі стильдік бағыттардан және әр түрлі шығармашылық ерекшеліктерден тұратынын уақыттың өзі көрсетіп отыр. ХХ-ғасырдың ортасынан бастап әлемдік мәдениеттен өз орнын алған қазіргі заман өнері еліміз тәуелсіздік алғалы бері бізде де қанат жая бастады. «Сontemporary art» аталатын қазіргі заманауи өнердің республикадағы тұңғыштары деп Қанат Ибрагимов, Рустам Хальфин, Ғалым Маданов, Ербосын Мелдебеков, Елена және Виктор Воробьевтар, Юлия Сорокина тағы да басқа суретшілерді атау орынды. Өмірде жоқты жасауға ұмтылатын авангардистер сияқты олар да жаңаны тудыру үшін өнердің қайнар көздерін іздестіріп, қажет тұста көне де қарапайым дүниеге бет бұрады. Мысалы, К. Ибрагимовтың «Құрбандық шалу» акциясын ұмыт болған діни салт-дәстүрді тірілту деп қарастыруға болады. Аталмыш акция, демек қанша жаңа өнер десек те ата-баба дәстүрінен бастау алар табиғаты бар, өмір жалғастығының көрінісі дерліктей. Ал, Стамбулдағы биенналеге қатысып, шығармашылықтары жоғары баға алған белгілі суретшілер Елена және Виктор Воробьевтардың «Классиканың халықпен қоштасуы», «Мұнда болғандар» акциялары өткен қимастықпен қарап, жеңіл мұңға батуды және өмірде қандай да заттың өз орны бар екенін байқатады. Жалпы Воробьевтар шығармашылығының басты ерекшелігі айнала дүниеге, қоршаған ортаға жіті үңілу және оны қастерлей білуге үндеу деу керек. Қазіргі Заман өнері бағытында «Көпір» ассоциация-сының мүшелері табысты еңбек етіп жүр. Ассоциация жетекшісі Ғалым Мадановтың «Вавилон мұнарасы» энвайронменті күрделі дүние. Жоба белгілі мәдениеттануші, сәулетші А. Ордабаев пен белгілі өнер зерттеушісі Б. Барманқұлованың жетекшілігімен және аталмыш ассоциация мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Алматы да 80–90 жылдары саяси ағарту орталығы болған ғимаратта өткен бұл энвайронмент кеңестік кезеңнің келеңсіз тұстарын басқаша бір ракурста көрсетумен қатар қазіргі өміріміздегі қилы құбылыстарды айқындап аша түсті. Ең бастысы «Вавилон мұнарасына» заманауи сипат берілген. Заманауи бейнелеу өнерінің республикалық көрмесі алғаш рет 1998 жылы болған еді. Соростың Қазіргі Заман Өнері орталығы ұйымдастырған көрмені бұл бағытта жұмыс істеп жүрген әр суретшінің өзіндік қолтаңбасы мен стилін анықтауға мүмкіндік бергендей. Сонымен қатар, қазіргі заман өнері мәдени өзіндігін іздестіру жолында. Бұл бағытта жұмыс істеушілер халықтық салт-дәстүрлерді жандандыруға ден қояды, әрі қазіргі заман өнеріндегі әлемдік процестерден тысқары қалмауға ұмтылады. «Сontemporary art»-тың ішінде ең көбірек көзге түсіп жүргені Перформанс. Шет елдерде перформанс концептуальді шығармашылық болып табылмайды. ол әлдеқашан көпшілік қауымның игілігіне айналған ХХ ғасырдағы ақыл-ой жүйесі үшін өзекті стиль сюрреализмнің эстетикасы мен философиясынан нәр алып, галереяларды, театр, кино, теледидарды жаңаша қырынан көрсеткен.
2.1 Қазақстан суретшілер одағы – Қазақстан суретшілері мен өнертанушыларды біріктіретін ерікті шығармашылық ұйым.Одақ өз мүшелерінің көркемдік деңгейі жоғары туындылар жасауына және кәсіби шеберлігін үнемі дамытуға ықпал етеді. Ол 1933 жылы құрылды. Басқару органы-сьезд,атқару органы-басқармада 12 сьезд өтті.Қазақстан Суретшлер одағы басқармасының төрағалары: В.Н.Cладков,Ә.Қастеев,Хакімжан Есімханұлы Наурызбай болды.1998 жылдан Мергенов қайта сайланды.Құрамында Қарағанды,Оңтүстік Қазақстан,Ақмола облысы суретшілер ұйымдары мен 12 облыс көркем өнеркәсіп шеберханалары енді.Одақ конференциялар мен семинарлар өткізіп,көркемсурет көрмелерін ұйымдастырады.

85 жыл тарихы бар Суретшілер одағы 1933 жылы құрылған. Сол кезден бастап бүгінгі күн аралықта суретшілер талай белестерді бағындырып қазақ бейнелеу өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Алғашқыда ХХ ғасырдың 20 жылдары қазақ жеріне ресейден келген кәсіби суретшілер мен қазақ топырағынан шыққан тума таланттардың өнерімен қалыптасқан қазақ бейнелеу өнері тарихы бәрімізге белгілі. Қазақ Кеңес Суретшілер одағы құрылмас бұрын 1928 жылдан бастап көшпелі көрме шеруі негізделіп, қазақ өңірлерін аралап халыққа сурет өнерінің құдіретін насихаттап дара жол салған суретшілердің ішінде Ә. Қастеев, Ә Исмаилов, Б. Сарсенбаев, Қ. Қожықов, А. Ташенов, М. Өскенбаев, А. Қашбаев, Н. Крутильников, Ф. Болкоев, А. Бортников, Н. Соловьев сынды майталмандар болды. Осы тұста бейнелеу өнері салаларымен қатар жанрлық өнердің қалыптасқан кезеңі еді.Суретшілер одағы құрылғаннан кейін, одақ суретшілердің басын қосып мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен қатар, көрмелер ұйымдастыру және көркем өнерді насихаттау мақсатында 1935 жылы Қазақ ССР Халық комиссарлары кеңесінің шешімімен Көркемсурет галериясын, ал 1938 жылы Алматы Көркемсурет училищесін ашады. 1940 жылы құрылған сегіз облыстық суретшілер одағының қатысуымен Қазақ Кеңес Суретшілер одағының І-республикалық съезді өткізілді.Уақыт пен кезеңнің қозғалысында 50-60 жылдары қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық мектепті қалыптастыру мәселесінде ұлттық рухты, ұлттық болмысты кескіндеме, графика, мүсін саласында Қ. Тельжанов, М. Кенбаев, Н. Нұрмұхаммедов, Х. Наурызбаев, Ү. Әжиев, Н. Нұржұмаев, К. Шаяхметов, Е. Сидоркин, Г. Исмайлова, А. Ғалымбаева, С. Мамбеев, Е. Мергенов, Т. Досмағамбетов, С. Айтбаев, Ә. Жүнісов, М. Қисамидинов, И. Исабаев, Ж. Шарденов, С. Романов, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Б. Табиев, Ә. Сыдыханов және т.б. суретшілер өзіндік ерекше қолтаңбасымен айтарлықтай із қалдырды. Осы тұста одақ мүшелері қатары едәуір көбейіп, өнер салалары бойынша секциялар құрылып, жұмыс істеді. Одақ құрамына кәсіби суретшілер, халық шеберлер және өнертанушылар кірді. Бұл дәстүр бүгінгі күнде де өз ісін жалғастырып келеді.Өнер тарихындағы әрбір ағым – заман толқынысы десек, соның жаршысы – суретші. 70-80 жылдары қазақ классикалық бейнелеу өнерін жалғастыра динамикалық серпілісте бейнелеу өнерімен қатар кәсіби қолданбалы өнер саласында суретшілер әр жанрдағы форма мен кеңістікті релаистік, авангарттық, абстракциялық мәнерде еркін көзқарастағы шығармашылығымен ерекшеленді.Суретшілер сол заманның рухын бейнелей ұлттық мәнер мен форманы негіздеді. Соцреалистік жүйедегі тақырыпты туындыларда шынайлық әуендеді. Сол ХХ ғасырдың бірнеше онжылдықты қамтитын кәсіби бейнелеу өнерінде мәнерлік өзгеріс болғанмен тұрақты тақырып, яғни заман жаңалығы, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа, туған жер рухына бағышталды. Сонымен қатар бейнелу формасында сол дәуірдің қол жеткізген жетістіктерін анық та нық сенімділікті көрсету мен халықты жаңа белестерге ынталандыру ұраны айқын көрініс тапты. ХХ ғасырдың аяғында қазақ елі тәуелсіз, жеке мемлекет болған тұста «ҚКСО» Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы болып өзгертілді. Сондай-ақ жалпы қазақ бейнелеу өнерінде де тұрақты заңдылықтар айтарлықтай өзгеріп, ұлттық тарихтың сырын шертті. 90 жылдардан бастап бүгінгі күнде суртешілер шығармашылығында ұмыт қалған көне мәдени-тарихты, тарихты, мифті қайта жаңғырту мәселесі орын алды. Авторлық композициялық идея мен көркемдік мәнерді негіздеуде өздерін сынаққа алды. Заманауи көркемобраз «жаңашыл реализм» ағымда орта буын және жас суретшілер архетиптік (тастағы суреттер), түрк мифологиясын қоғамдық тіршілікпен байланыстыра өзіндік ерекше өнер тілімен әуендетті.Қазақстан суретшілері маңызы мен мәні жоғалмаған қазақ бейнелеу өнері қай заман болса да ұлттық қасиеттің болмысын, ондағы дүниетанымдық дәстүрлі көзқарасты сақтап келеді. Қазақ бейнелеу өнерінің өркен жайып, әлемдік өнердің аренасында ұлттық тілмен танылуымыз суретшілеріміздің сіңірген ерен еңбегі деп білеміз.Қазақстан Суретшілер одағының 85 жылдығына орай республикалық көрме өтті.Оның 5 қыркүйек күні Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Ғасырлар тоғысындағы ұрпақтар жалғасы» атты республикалық көрмесінің ашылу салтанаты өтілді.

2.2 Әбілхан Қастеев-Қазақстан суретшілер одағы басқармасының төрағасы, халық суретшісі қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.1904 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Небәрі үш жасында әкесінен айырылып, анасына көмектесіп жүріп ерте есейеді. Қой бағып, жалшы болып, жер жыртып, түрлі қара жұмыс істейді. Бұдан өзге ағаштан сырға-сақина, мүсін жасайды. Осы өнері туралы білген ауылдағы қыз-келіншектер оны өрістен күтіп алып, өздеріне әшекей жасап беруге өтініш білдіретін болған. Бірде ауыл молдасының мүсінін жасаймын деп қатты ұрыс естіген екен.
Суретші мектепке 25 жасында барған. Әбілхан Қастеев отбасымен Жаркентке көшіп барып, сол жерде бір байдың жалшысы болып жұмыс істейді. Фотограф Саламатов оның әсемдікке деген ерекше қызығушылығын байқап, жасаған бұйымдарын суретке түсіріп, Қызылорда қаласына жібереді.
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы кескіндемеші еңбек жолын Түрксіб темір жолынан бастаған. Дәлірек айтсақ, темір жолдың құрылыс жұмыстарына атсалысады. Арасында демалған уақытында тасқа сурет салады. Бірде тастағы Лениннің суретін бастықтардың бірі көріп қалып, суретшіні Алматыға оқуға жібереді. Осылайша мектепте оқи бастағанында жасы 25-те еді. Алайда оның білімге деген құштарлығы мен араб және латын жазуын өз бетімен үйренуі көп көмегін тигізеді.
Кескіндемешінің бірегей туындылары
Әбілхан Қастеев өзіндік дара қолтаңбасы бар суретші ғана емес, еліне деген махаббатын туындылары арқылы көрсете білген біртуар азамат. 1930-1931 жылдары салған "Автопортрет", "Қарындастың портреті" сынды туындылары кейіпкер болмысының толықтай ашылып, тұпнұсқаға қатты ұқсайтынымен ерекшеленеді. 1937 жылы ол СССР суретшілер одағына қабылданды. Бұдан өзге қазақтың өткені мен бүгінінің шынайы көрінісін "Мектепте" 1930, "Түрксіб" 1932, "Жамбылдың портреті" 1937, "Ескі және жаңа тұрмыс" 1937-1941, "Жас Абай" 1945, "Амангелді сарбаздары" 1970 сынды туындылары арқылы бейнелеген. Ал "Биік таулы мұз айдын"1954, "Гүл ашқан алма" 1958, "Менің Отаным" 1959, "Жайлаудағы авто-дүкен" 1963, "Қапшағай ГЭС-і" 1972 атты картиналары әсемдігімен көздің жауын алады.Сондай-ақ, ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің белсенді қатысушысы Амангелді Имановтың портретін салу үшін ұзақ дайындалған. Тіпті, осы орайда Имановтың туыстарымен және Торғай өңіріндегі сарбаздармен сөйлескен. Суретшінің соңғы жұмысы әйгілі тарышы Шығанақ Берсиевтің портреті болды. Өкінішке орай, ол бұл туындысын толық аяқтай алмады.
1940 жылдардың аяғына дейін суретшінің отбасында жеке пәтер болмайды. Кейін ол Мұхтар Әуезов тұрған кішкене пәтерге көшіп келеді. Орынның аз болғаны соншалық өзіне шеберханаға айналдыратын бөлме болмай қиналады. 1950 жылдары Қазақстанға шетелден документалистер тобы келіп, суретшінің үйін түсіреді. Осы кезде оның үйіне уақытша жиһаз бен өзге де әдемі заттар әкелінеді. Кейін араға бірнеше жыл салып сол кездегі ҚазССР министрлер одағының төрағасы Қонаевтың арнайы өкімі бойынша суретшіге үй салынады. Өкінішке орай, үйді салып жатқан кезде кірпіштер ұрланып, үйдің қабырғасы қарапайым қамыстан жасалады. Жақындарының айтуынша, суретшіге берілген кірпішті прораб ұрлаған. Есесіне жаңа үйде Әбілхан Қастеевтің жеке шеберханасы болды
Суретшіге негізінен зауыт, фабрика, совхоз және колхоздардың мәдениет үйлері тапсырыс беретін. Кей деректер бойынша, Қастеев акварельмен салған суреті үшін 200-300 рубльге дейін алатын болған. Ал майлы бояумен салынғандарының бағасы екі-үш мыңға дейін жеткен. Мұнымен қатар, Қазақстан аумағынан бөлек, Мәскеуде жеке көрмесі өтті.
Қастеевтің 10 көпшілікке танымал туындылары:
1. «Амангелді сарбаздары», 1970 жыл. 2.«Талас өлкесі», 1970 жыл. 3.«Қапшағай СЭС-і», 1972 жыл. 4.«ТүркСіб», 1969 жыл. 5.«Ақсай карьері», 1967 жыл 6.«Шоқан Уәлихановтың портреті», 1951 жыл. 7.«Абайдың портерті», 1945 жыл. 8.«Мақта жинау», 1936 жыл 9.«Қызды еріксіз әкету», 1937 жыл. 10. «Сатып алынған қалыңдық», 1938 жыл.

«Амангелді сарбаздары»

«Қапшағай СЭС-і»
Әбілхан Қастеевтің атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар Қазақстанның бірнеше қалалардағы көшелер аталған. Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды. 2004 жылы Қастеевтің 100 жылдығына арнап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі монета тиындарын,Қазпошта пошта маркілерін шығарады.

Орал Таңсықбаев - Әбілхан Қастеевтің замандасы. Орал Таңсықбаев Ташкент шаһарында, ал Әбілхан Қастеев болса Жаркент шаһарында туылған. Екеуі де қазақтың әйгілі кескіндемешілері, график-суретшілері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушыларының бірі. Орал Таңсықбаев - кескіндемеші,1963 жылы-КСРО халық суретшісі, 1958 жылы-КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі атанды. Орал Таңсықбаев 1929 жылы Пенза көркемсурет училищесін бітірді. О.Таңсықбаевтың алғашқы творчестволық кезеңіндегі еңбектеріне "Көш", 1931, Мәскеудегі Шығыс халықтары өнерінің мұражайы композиция құрылымының монументтілігі тән. 1940 жылдары О.Таңсықбаев шығармаларының көркемдік шешімінде реалистік нақтылық басты орын ала бастады. "Туған өлке, "Қарақұм ГРЭС-індегі таң, "Шарбақ құрылысында" атты пейзаждық картиналарында кеңестік Өзбекстанның әсем табиғаты мен өлке тынысын шынайылықпен бейнеледі. О.Таңсықбаев театр декорация эскиздерінің В.В.Великановтың "Қалқаман-Мамыры", 1938, Алматыдағы Қазақтың опера және балет театры, монументті кескіндемелердің Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі Өзбек КСР павильонының панносы және көптеген портреттердің авторы. Ол Брюссельде Дүниежүзілік ЭКСПО 1958 жылы күміс медалімен марапатталды. О. Таңсықбаев реалистік кескіндеменің негізін қалаған тұңғыш кәсіби суретші. Оның шығармаларының өзектілігі шыншылдығында жатыр. Пейзаждық жанрдағы шығармалары лирикалық сезімге толы, табиғат оның түсінігінде өте ауқымды және шексіз ұғым. Суретшіні өз ұлтымен табыстырған туындысы "Қалқаман—Мамыр" спектакліне жасаған декорациясы. Суретшінің әлемдік өнер көкжиегінде көрініс тапқан картинасы "Көшпенділер". Классик кескіндемешінің әрбір көркем туындысында рең, бояу үндестігі, форма, көлем, пластикалық анатомия, перспектива, ауқымды кеңістік заңдылықтары қатаң сақталған. Ол өз шығармаларында бояу қанықтылығы үндестік нюанстарын, байланыс құпиясын дәл таба білген. Өзбек КСР-інің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973). Ленин ордені және басқа 4 орденмен марапатталған.Бірнеше еңбектері Қазақтың көркемсурет мұражайында сақтаулы.
Орал Таңсықбаев шығармашылығының тарихи маңыздылығы оның пейзаж-суреттердің өзіндік тұжырымдамасын жасауымен ерекшеленеді. Жылдар өткен сайын О.Таңсықбаев мұрасының тарихи мәні тереңдеп, маңызы артып келеді. Таңсықбаев туындыларының барлығында дерлік қазақ даласына, еліне, жеріне деген сағыныш тұнып тұрғандай.Сонымен бірге О.Таңсықбаев шығармашылығына қоғамдық-саяси хал-ахуал да әсер етпей қоймады. 1946 жылы салынған «Исатай мен Махамбет», 1949 жылғы «Әуе шабуылы» атты туындылары сол дәуірді көз алдымызға әкеледі. 1950 жылдардан бастап суретші картиналарында қазақтың кең даласы, көз тартар сұлу табиғатын асқан шеберлікпен бейнелегенін байқауға болады. Осы тақырыпта көрмеге қойылған «Алатау», «Тау көлі», «Шардара су қоймасы», «Арал теңізі», «Қарақұмдағы құйын» картиналары құнды дүниелер. Мұнда рең, бояу үндестігі, ауқымды кеңістік заңдылықтары қатаң сақталған. Көрмеге келушілер суретшінің, әсіресе туған жер тақырыбындағы суреттерін тамашалап, тамсанумен болды. Өлке тынысын бейнелеуде суретшінің саяхаттарға шыққанын, ізденісін аңғаруға болады. О.Таңсықбаевтың ерекшеліктерінің бірі, композициялық шешімі суретшінің ойынан шықпаса, ол идеясын ұзақ жылдар бойы пісіп-жетілдіріп сол тақырыпқа қайта оралып отыруында екенін аңғарды.Суретші қай кезеңде болса да, осы екі ұғымның арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті сақтауды мақсат тұтқан. Ал оның табиғат бейнелеуіндегі бояу қанықтылығы, түрлі кескіндемелік-пластикалық амалдарды іздестіріп, тың дүниелерге қадам жасауы бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды деп айтуға толық негіз бар. О.Таңсықбаев еңбектерінің Орта Азия және Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына, әлемдік бейнелеу өнерінің өрістеуіне игі ықпалы орасан зор болды. Суретшінің шығармалары бүкіл дүниежүзіне тараған. Қылқалам шеберінің туындылары Эрмитажда және Третьяков галереясында, ТМД құрамындағы барлық елдердің мұражайларында сақтаулы. Сондықтан осындай талантты қылқалам шеберін ұлықтау, оның туындыларын өскелең ұрпаққа жеткізуде аталмыш көрменің орны айрықша болды. Көрменің мақсаты да сол жауһар туындыларды кеңірек насихаттауға бағытталғаны сөзсіз.
Орал Таңсықбаевтың
атымен Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі аталған, оның
алдында 2013 мүсіні ашылды. Ташкенттің бұрыңғы Сабыр
Рақымов (2010 жылдан бері Алмазар тұманы-районы) ауданында Орал
Таңсықбаевтың құрметіне көшенің аты берілді.
2001
жылы Таңсықбаевқа арнап көрші өзбек бауырларымыз пошта маркілерін
шығарды.

"Ташкенттегі асыл қазына"
" Туған
өлке"
Л
ейла
Махат – кәсіби қылқалам шебері, ол Чехиядағы
бейнелеу өнер академиясының құрметті мүшесі, Еуропа көркем өнеріне
сіңірген еңбегі үшін Франц Кафка медалімен
марапатталған,қоғам қайраткері,
галерист.
1970 жылдың 1 мамырында
Балхашта
туылған. Алматы театр-бейнелеу институтында,
И.Е. Репин атындағы Ленинград Мемлекеттік Бейнелеу, Мүсіндеу,
Архитектура Академиялық Институтында, Берлиндегі мұражай
академиясында, Берлиннің Еркін университетінде білім алған. 2007
жылдан ҚР Суретшілер Одағының
мүшесі. Қазақ Ұлттық Өнер
Университетінің “Бейнелеу және мүсіндеу” кафедрасының
доценті. Бейнелеу өнері аумағындағы философия
докторы. Құланшы
Заманауи Өнер
орталығының
кураторлар кеңесінің
меңгерушісі.
ʻʻМенің сүйікті ісім – қазір мен өмір сүріп
жатқан жұмысым. Ол өткен өмірімдегі және болашақта жасайтын
жұмысымнан еш ерекшеленбейді. Мен не үшін суретші болдым? Бұл
өмірдің өзі таңдаған жолы. Оған шығармашыл әкемнің тәрбиесін қосуға
болатын шығар. Одан кейін мен кәдімгі адамдардай бола алмадым.
Қазір өз галереямда өмір
сүремін.
Мен өмірді сүйемін. Менің өмір сүргім келеді.
Маған қозғалыс ұнайды. Сүйікті ісіммен айналысу маған ләззат
сыйлайды. Тағы нені жақсы көремін? Шәкірттерімді білім нәрімен
сусындатқан ұнайды. Мен олардан, олар менен үйреніп жатыр. Мұның
барлығының ішіндегі ең маңыздысы не дейсіз бе? Жауап беру қиын
секілді. Тартымды нәрсе шығу үшін барлығы болу керек. Барлығының
бір-бірімен байланысты болғаны
маңызды.ʼʼ
Марапаттаулары
-
«Тәуелсіздіктің 20 жылы» өнердің дамуына қосқан үлесі үшін мемлкеттік марапат, Астана, Қазақстан.
-
Мәдениет пен Өнердің дамуына үлес қосқаны үшін Франц Кафка атындағы медаль, Прага, Чехия.
-
Азия-Тынықмұхит суретшілерінің бірлестігі дипломы, Токио, Жапония.
-
« Мәдениет пен өнерді дамуына қосқан үлесі үшін» Халықаралық Парламент Ассамблеясының марапаты, Мәскеу, Ресей.
-
Бейнелеу Өнер Академиясының Құрметті Мүшесі, Прага, Чехия.
-
Өнер Еуроодағының лауреаты.
Жұмыстары
-
Ә. Қастеев атындағы Бейнелеу Өнер Мемлекеттік мұражайы
-
ҚР Ұлттық мұражайы
-
Тұңғыш Президент мұражайы
-
Түркия мәдениет Министрлігінің Бейнелеу Өнер мұражайы
-
"АРТ21" галереясы, Мюнхен
-
"САРАЙ"галереясы, Берлин
-
"Five+Art"галереясы, Вена
"Таңғажайып туындыларының бірегейі"

Ақжан
Абдалиева -Стамбул университетінің өнер
докторантурасын тәмамдаған суретші. Оның ерекше қолтаңбасы әр
туындысынан көрінеді. Басты ұстанымы – коммерциялық өнерден бас
тарту. Яғни, Ақжан тапсырыспен ешқашан сурет салған емес, сол
сияқты өз туындысын сатып көрмеген. Оның шығармасынан күрделі
оқиғаларды көрмейсіз. Бұл өмірден алынған көріністер. Ақжанның
суреттері көбінесе бірлікке
бастайды.
"Бала кезімнен қарандаш пен қылқаламға әуес болдым. Содан бері, артымда ерінбей оқыған 25 жылым жатыр. Оның ішіне Жүргенов атындағы Өнер академиясы мен Түркиядағы магистрлік, докторлық білімімді қосыңыз. Онда өткізген 9 жылымда өнер саласындағы ең білікті оқытушылардан дәріс алдым. Бүгінде көркем суреттен сабақ беріп, келешекте профессорлік жолға түсуіме болады. Бірақ, мен шығармашылық жолды таңдадым. Мен әрдайым сурет салып, қоршаған ортаны өзімше түсініп, қабылдауға тырысып келем.Жылына шамамен 50-60 сурет саламын. Мен оның әрқайсысына ерекше тоқталам. Алдымен, идеядан «аяғың ауырлау керек», сосын оны көтеріп жүріп, бір күні дүниеге әкелесің. Көріп барып, қолыңа қылқаламды алған дұрыс. Көптеген суретшілер алдымен қолына қылқалам алып, соның сиясынан идеясын көруге тырысады. Бұл маған жат нәрсе!Сүйікті картиналарым бар, бірақ мен оларды бөтен қолға беретін ойым жоқ. Олармен байланысым ерекше. Дәл қазіргі уақытта ішімді жарып шыққан туындыларыммен қоштасуға дайын емеспін".

"Көркем туындылары"

Анара Абжанова – авторлық стилі бар қылқалам шебері. Ол тек елімізде емес, АҚШ, Иран, Жапония, Ресей, Франция, Италия және т.б мемлекеттерде өз картиналарымен танылып, жеңіспен оралған. Анара – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздырының бірі.
"Өз стилімді «қолыммен» емес, жүрегім арқылы іздеп тапқым келеді. Бейнеден гөрі, түске аса мән беремін. Гүлдер және түстермен ойнағанды ұнатамын. Эмоцияны көрсететін таза, интенсивті көк, жасыл, сұр, алқызыл, сарғылт, ақ түстермен жұмыс жасаймын. Мені Клод Моненің импрессионизмі мен Левитанның реализмі шабыттандырады. Өз пейзаждарымда эмоциямды, әсерімді, сезімдерді қалай бар солай жеткізуге тырысамын. Менің суреттерім – менің өмірім.Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өнер жолында із қалдыру қиынның қиыны. Бірақ, өзіңе сенер болсаң, алынбайтын қамал жоқ. Мен үшін ең жарқын мысал АҚШ Президенті болған – Барак Обама. Бала кезінде одан «өскенде кім боласың»?» деп сұрағанда, «Президент!» деп жауап берген. Барлығы оның үстінен жатып кеп күледі. Алайда, күлгендер күлген жерде қалды, ал Обама ел басқарды. Менің де алға қойған мақсатым бар, ол – өз галереямды ашу. Сол арқылы елімді барлық әлем таныса деймін. Оған жету үшін аянбай тер төгіп келемін".

"Сиқырлы қалам"

Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
-
Матаева С. « Түр мен түсті тәрбиеде қолдану»
-
«Бейнелеу өнері оқыту» Дастанова Ұ. 2009ж.Алматы.
-
Асаубаева Р. «Бейнелеу өнерінің бейнелік тілдері» Бейнелеу өнері.2003ж.
-
Айдарова «Мәдени тарихи даму үрдісіндегі өнердің сыры »
-
Болатбаев Қ.Е. Қосбармақов, Еркебай «Өнер» 10 сынып оқулығы.
-
Байпаков К.М., Комеков Б.Е., Пищулина К.А. Ортағасырлардағы Қазақстан
-
Байжігітов Б. Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері. Ақтөбе. «А-Полиграфия»
-
Кардовский Д.Н. Об искусстве. М., 1960.
-
Искусство Древнего мира Н.А.Дмитриева Н.А.Виноградова М.1990г.
-
Искусство энциклопедия. Н.А.Платонова «Росмэн» 2006г.
-
Искусство средних веков в Западной и Центральной Европе.
-
Халықов Қ.З., Оразайқызы Б. «Технология » 10-сынып оқу
-
Тыныбеков Қ «Қазақтың қол өнері» Алматы – 2007ж.
-
Тыныбеков Қ «Өнер» Алматы – 1990ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстан суретшілері

шағым қалдыра аласыз