Материалдар / «Қазақстан тарихы» пәнінен 11 сынып оқушыларына арналған Тест жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан тарихы» пәнінен 11 сынып оқушыларына арналған Тест жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан тарихы» пәнінен 11 сынып оқушыларына арналған Тест жинағы «Қазақстан тарихы» пәнінен 11 сынып оқушыларына арналған Тест жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Шілде 2021
300
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ә.Х.МАРҒҦЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов,

ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ

Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы

Алматы, 2009
ББК
Б 17

Баспаға ҚазҰУ тарих факультетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен
ұсынылған

Пікір жазғандар:
Тарих ғылымдарының докторы, профессор - М.Е.Елеуов
Тарих ғылымдарының докторы, профессор.Тарих ғылымдарының докторы – Б. Байтанаев

Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ.
Қазақстан археологиясы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне
арналған оқу қҧралы. –Алматы:..........., 2009. – 570 б.
ISBN Бҧл оқу қҧралы палеолиттен бастап кейінгі орта ғасырларға дейінгі Қазақстан
археологиясының материалдарынан тҧрады. Еңбекте Қазақстан археологиясы Еуразия
археологиясының бір бӛлігі ретінде сипатталған. Онда соңғы ғылыми ізденістер де
кеңінен қамтылған. Жекелеген ескерткіштердің отандық тарихнамадағы маңызы
кӛрсетілген. Әрбір тарихи оқиғалар мен қҧбылыстар заттай мәдениет негізінде жан-жақты
талданған.
Қазақстан тас, қола, ерте темір дәуірлері мен ортағасырлық кезеңі толымды тҥрде
қамтылған аталған оқу қҧралы студенттерге, оқытушыларға, археологтарға,
ӛлкетанушыларға және де басқа ғылым салаларының мамандарына арналған.

ББК.
Б ---------------Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Байгунаков Д.С., 2009
.....................................

Авторлардан

2

Тәуелсіз Қазақстан мыңжылдықтар шебіне кететін тарихы мен ӛткенін
терең де жан-жақты талдайтын еңбектерге аса зәру. Әсіресе, аталған ӛңірді
ежелгі замандарда және орта ғасырларда мекендеген халықтардың әлемдік
ӛркениет қазынасына қосқан ҥлесін, сонымен қатар қазақ ҧлты мәдениетінің
қайнар-бастауларын, мемлекеттілігінің қалыптасуын, қазақ этносының
қалыптасу ҥрдістерін бағамдаудың маңызы аса зор.
Бҧл кітаптың деректанулық базасы Қазақстан Республикасының барлық
аудандарын қамтыған зерттеушілердің еңбектерінен, археологиялық
экспедициялар мен отрядтардың жҧмыстарынан тҧрады.
Мҧндай оқу қҧралы Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жазылып
тҧрған жоқ. 1979 жылы «Мектеп» баспасынан К.А. Ақышев пен
К.М.Байпақовтың «Вопросы археологии Казахстана» атты еңбегі, ал 1993
жылы К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов, Т.Жҧмағанбетов сынды
авторлардың «Археология Казахстана» деп аталатын оқу қҧралы жарық
кӛрді. Соңғы аталған 2006 жылы жҧмыс (жалпы редакциясын басқарған
Д.С.Байгунаков) қазақ тіліне азды-кемді ықшамдалып аударылып, оқырманға
жол тапты. 2006 жылы «Қазақ университеті» баспасынан К.М.Байпақов пен
Ж.Қ.Таймағамбетовтың
жаңа
мағлҧматтарды
мейлінше
қамтыған
«Археология Казахстана» деп аталған оқу қҧралдары басылып шықты. Ал
қолдарыңыздағы бҧл басылым соның жалғасы немесе толықтырылған
нҧсқасы іспеттес. Бірқатар мәселелер қайта қарастырылып, кейбір тараулары
қайта
толықтырылып
соны
материалдар
бойынша
Қазақстан
археологиясының проблемалары ӛрбітілген осы басылым қазақ тілінде
оқырмандарымен қауышып отыр.
Жаңа оқу қҧралы алғашқы еңбектердегі ғылыми дәстҥрді жалғастырады.
Алайда пайдаланылған материалдар шеңбері мен қарастырылған
проблемалар аясы оған қарағанда кеңірек. Бҧл тҥсінікті де, себебі арада
ӛткен онжылдықтар ішінде археологиялық ізденістер ӛз жалғасын тауып,
олардың ауқымы кеңейе тҥскен болатын. Палеолиттік ескерткіштерде, қола
мен ерте темір дәуірлері қорымдары мен қоныстарында, ортағасырлық
қалаларда стационарлық қазба жҧмыстары жҥргізілді. Осы уақыт аралығында
жекелеген археологиялық ескерткіштерге арналған кӛптеген мақалалар мен
монографиялар жарық кӛрді.
Айта кететін бір жайт, Қазақстан археологиясының барлық маңызды
проблемалары аса терең де жеткілікті дәрежеде қарастырыла қойған жоқ.
Кӛптеген археологиялық мәліметтерге негізделген сауалдар, шешімдер мен
ойлар әлі кҥнге дейін пікірталастар туғызып келеді. Сондықтанда бҧл еңбек
мәтіндеріндегі жайттардың бәрі тҥпкілікті жасалған тҧжырымдар емес.
Мҧның ӛзі ғылымда соңғы инстанция жоқ екендігін, ғылым дами
беретіндігін естен шығармаудан келіп туындайды.

3

Кіріспе
Археология пәні Қазақстанның университеттері мен педагогикалық
институттарында оқытылады. Ол бҧрыннан жалпы және арнайы тарихи білім
беру жҥйесіндегі міндетті оқу пәні болып табылады. Археология курсы осы
ғылым саласы бойынша нақты білім, оның процедурасы туралы тҥсінік пен
ғылыми зерттеу ісін ҧштап қана қоймайды, сонымен бірге болашақ
мамандардың тарихи танымы мен гуманистік кӛзқарастарының
қалыптасуына да ӛзіндік септігін тигізеді. Археологияны оқып-білу ӛткен
уақыт пен пен қазіргі кездің органикалық тҧтастығын тҥсінуге, тарихи
ҥрдістердің заңдылықтарын, әлемдік тарихтың іргелі де терең мәселелерін
ашуға және де адамзат пен әлемдік мәдениеттің, әлемдік ӛркениеттің
бастапқы тамырларының біртҧтастығын қалыптастыруға жетелейді.
Ӛткен замандардың шынайы келбетін қалыптастыру қазіргі кҥні
Қазақстан Республикасының ҧлттық бірлігіне, оның мемлекеттілігің
қалыптасуына, егемендігін нығайтуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі
болып отыр. Сондықтан да халықтың тағдырын, оның ӛзіндік тҥсінігінің
дамуын кӛрсететін тарихты танып-білу жекелеген адам мен қоғамды
елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелейді.
«Археология» термині гректің архайос (кӛне) және логос (сӛз, ілім)
сынды екі сӛзінен тҧрады. Алғаш рет бҧл терминді айналымға б.з.б. ІV
ғасырда ӛмір сҥрген грек философы Платон енгізген. Платон «археология»
терминін кӛне замандар туралы ғылым деп тҥсініп, оған мейлінше кең
мағына берді. Кейінірек, ХVІІІ ғасырда археология деп антикалық ӛнер
тарихын атады, содан кейін тек біздің заманымызда ғана алғашқы қауымдық
қҧрылысты, антикалық және орта ғасырлық заттай дереккӛздерін зерттейтін
және осылардың негізінде адамзат қоғамының тарихи дамуын қалпына
келтіре алатын археологияның анықтамасы қалыптасты.
Салыстырмалы тҥрде алғанда тарихи тҥсінікті қалыптастыратын тарихи
ғылымдар жҥйесіндегі жас гуманитарлық пән - археологияның рӛлі жоғары:
бҧдан 200 жыл бҧрын адамзаттың тарихы (оның мифологиялық кезеңінсіз)
бар болғаны шамамен 3000 жылды қамтиды деп кӛрсетілді. Бҧл пайым
жазбаша мәтіндерге ғана негізделді, олар кӛпшілік ҥшін әулеттер мен
патшалық қҧрған адамдар, соғыстар мен жаратушы жайлы пікір-таластар еді.
Археология тарих ғылымында тӛңкеріс жасады. Ағылшын археологы
Г.Чайлдтың айтуынша: «астрономияда телескоп кӛз жеткізер аумақтың
деңгейін қалай кеңейтсе, ол тарих ғылымына тән кеңістік кӛкжиегін сондай
дәрежеге жеткізді. Ол тарихтың таным мҥмкіндіктерін жҥздеген есеге
арттырды...» (1). Африкадағы археологиялық ашылулар арқасында
адамзаттың жас мӛлшері 4 млн. жылдарға дейін ҧзартылды. Бҥкіл әлем қазір
кӛптеген бірегей ӛркениеттер, антикалық Грекия мен Рим, Мысыр
перғауындары дәуіріндегі мәдениет, Тигр мен Евфрат қос ӛзендері
аралығындағы қала-мемлекеттер, скифтер мен сақтар ӛнері, Ҧлы Жібек жолы
бойындағы қалалар туралы хабардар.
4

Жазба тарихы шамалы ғана тҥрде баяндалынатын не тҥгелдей жоқ елдер
мен халықтардың ӛткенін білуде археологияның маңызы ӛте зор. Мҧның
әсіресе қҧнды мәліметтері ата-бабаларымыздың ескерткіштерінде сақталған
Қазақстан тарихына да толық қатысы бар. Археологиялық дереккӛздері
сарқылмас қазына. Әсілі, ескерткіштері мол Еуразияның басқа ӛңірін атау
қиын да шығар. Ӛйткені, шындап келгенде, Қазақстан – ашық аспан
аясындағы музей болып табылады, оның жарқын жәдігерлері Арал маңында,
Сырдарияның кӛне алаптарында, Маңғыстауда, Сарыарқада, Жетісуда,
Мҧғалжар мен Ертіс ӛңірінде кӛміліп жатыр.
Соңғы бірнеше онжылдықтардың әрбір 10-15 жылында археологиялық
дереккӛздерінің саны археологиялық зерттеулердің арқасында екі есеге
артып отырды. ҚазКСР ҒА қҧрылғаннан соң, одан кейін Тарих, археология
және этнография институтында Археология орталығының жҧмыс істеуі және
оның 1991 жылы дербес Ә.Х.Марғҧлан атындағы Археология институты
болып жасақталуынан бергі уақыттардағы археологтардың қажырлы
еңбектерінің нәтижесінде Қазақстанның ежелгі және орта ғасырларына
жататын кӛптеген ашылулар болды. Қазақстанда археология ғылымы
орныққаннан бергі уақыт ішінде ғалымдар Қазақстан тарихының, соның
ішінде мәдениетінің тҧтастай даму келбетін баяндап бере алды. Отандық
археологтардың ашқан жаңалықтары бҥкілодақтық және әлемдік деңгейде
ресми тҥрде танылып, ӛзіндік оң бағасын алды.
Ендігі жерде олардың ең негізгілерін атап кетелік.
Палеолит дәуіріне жататын кӛптеген ежелгі тҧрақтар мен шеберханалар
ашылды және де Қазақстан аумағын бҧдан 1 млн. жыл бҧрын ежелгі адамдар
мекендегендігі дәлелденді. Қола дәуірінде ӛмір сҥрген тайпалардың
палеоэкономикалық дамуында қазақстандық металлургиялық орталықтың
ӛзіндік маңызы кӛрсетілді және де қазіргі Қазақстан аумағы мал ӛсірумен,
егіншілікпен айналысушы тайпалардың ерте темір дәуіріне ӛткен
трансформациялық ҥрдістерін дәлелдейтін ӛңір болғандығы анықталды.
Археология ғылымы урбанизациялық ҥрдістер динамикасын, отырықшы
және қала мәдениетінің дамуын зерттеуде біршама жетістіктерге қол
жеткізді. Әлемдік ӛркениеттің бҥгінгі кҥні маңызды бір бӛлігі саналатын Ҧлы
Жібек жолының тармақтары Қазақстан аумағы арқылы ӛткендігі анықталып
отыр.
Археологиялық материалдар Қазақстанның мәдениеті кӛптеген
қҧрауыштардан (кӛп компоненттерден) тҧратындығын айғақтайды. Тҥрлі
мәдениеттердің ӛзара әрекеттесуі мен қабысуы саяси, мәдени және
этникалық ҥрдістердің қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі болды.
Орталықтары Қазақстан аумағында болған Батыс Тҥрік, одан кейінгі Тҥркеш
және Қарлҧқ қағанаттары, сонымен қатар қарахандықтар, оғыздар,
қыпшақтар секілді ортағасырлық мемлекеттік қҧрылымдардың мәдениетінде
тҥрлі этникалық дәстҥрлер ҥйлесім
тапқандығы
археологиялық
мәліметтердің арқасында нақты анықталып отыр.
Қазақстан ғылыми археологиялық мектебін әлем жҧртшылығы
мойындайтындығын бҥкілодақтық және халықаралық конференциялардың
5

Алматыда ӛтуі, қазақстандық археологтардың «Ҧлы Жібек жолы:
мәдениеттер диалогының жолы» сынды ЮНЕСКО ҧйымдастырған
халықаралық жобаларды жасауға қатысуы, Ресей Федерациясы, Франция мен
АҚШ, Италия елдерімен біріккен ғылыми зерттеулер де айқындайды.
Қазақстан ғалымдарының еңбектері де кеңінен мәлім. Археология
ғылымының жеткен жетістіктерін насихаттайтын орталықтың бірі
Ә.Х.Марғҧлан атындағы Археология институтының музейі болды, оның
материалдары АҚШ, Жапония, Франция, Италия, Германия, Швеция,
Финляндия, Оңтҥстік Корея, Мысыр елдерінде ҧйымдастырылған
кӛрмелерден табысты оралды.
Айта кететін бір нәрсе, Қазақстан одақтық республикалардың бірі болып
тоталитарлық мемлекет – КСРО қҧрамында болған кезде, ал археология
басқа қоғамдық тарихи ғылымдар жҥйесімен бірге мемлекеттік идеологияға
қызмет етуі тиіс кезеңде археология ғылымы маңызды жетістіктерге қол
жеткізді. Ӛйткені археологиялық материалдардың ӛзіндік ӛзгешелігі, және де
археологиялық зерттеулердің бір сәттік проблемалардан алшақ болуы бҧл
ғылымның іргелі мәселелерді шешуіне кері әсерін тигізе қоймады. Зерттеу
процесінде әлі кҥнге дейін жалпыадамзаттық мәдениетте маңызды орын
алып отырған материалдар қамтылған еді. Сӛйтіп, Қазақстан археологиясы
шынайы ғылым идеяларына адал болып қала алды, әйтсе де ресми
идеологияға, әсіресе тарихи дамудың негізгі кҥші тап кҥресі деген қағидаға
азды-кемді жалтақтаған-ды.
КСРО кезіндегі археолог-ғалымдар қызметінің бір қыры «табиғатты
қайта қҧру», «индустриялы қҧрылыс» сынды алып мемлекеттік жобалар
нәтижесінде гидростанция салу, канал қазу, мелиоративтік жҥйелерді
жҥргізуге байланысты қҧрылған далалық археологиялық экспедициялар
жҧмыстарынан да кӛрінеді. Мысалы, Шардара және Шҥлбі ГЭС-ы, Қапшағай
су қоймасы, тың және тыңайтылған жерлерді игеру, Ертіс-Қарағанды
каналын жҥргізу кезіндегі археологиялық ашылулар қалың жҧртшылыққа
кеңінен мәлім. Тіпті қҧрылыс жҧмыстары кезінде Есік обасындағы әйгілі
«Алтын адам» да табылған болатын.
Бірақ бҧл уақыттағы экспедициялар мен лабораториялардың техникалық
қҧрал-жабдықтарының деңгейі тӛмен болғандығын, археологиялық
материалдардан ақпаратты алудың кемшін тартып жатқандығын да айта кету
керек.
Ғылыми еңбектердің кӛпшілігінде жҧмыс нәтижелері емес, қазба
жҧмыстарының барысын сипаттауға, дереккӛздерін жариялауға кӛбірек ден
қойылғандығын да айта кеткен абзал.
Отандық археологтар американдық, ағылшын, неміс және француз
әріптестерімен салыстырғанда шетелдерде ӛте аз жҧмыс істеді. Ғылымның
интеграциясы тек бҥгінгі таңға ғана тән қҧбылыс болып отыр, ол кеңес
ғылымында тіптен орныға қойған жоқ, ӛйткені бҥкіл ел жабық қоғамда ӛмір
сҥрген еді.
Археологияның тағы да бір ҥлкен кемшілік жібергендігін айтпай кетпеуге
болмайды. Кеңес археологтары мынадай сызба бойынша жҧмыс істеді:
6

ескерткішті ашу, қазба жҧмыстарын жҥргізу, алынған материалдарды
жариялау. Бҧл ретте саясиланған тоталитарлық қоғамға тән археологиялық
ескерткіштерді сақтауға деген бейжайлық, немқҧрайдылық қалыптасты.
Нәтижесінде Қазақстанда бірде-бір музейлендірілген ескерткіш болмады.
Қазіргі таңда, Қазақстан тәуелсіз республика болған кезде, археология
жаңа социум ішінде жаңаша қоғамдық статус иемденді, мҧның ӛзі оның
дамуына мол мҥмкіндіктер ашып отыр. Әлбетте, бҧл бірден орныға салатын
дҥние емес, әлі ӛтпелі кезең қиыншылықтарынан ӛту, ғылымның қызметін
айқындайтын тиісті заңнамалық база орнықтыру, мамандар (кадрлар) әлуетін
қалыптастыру, зерттеу жҧмыстарын қаржыландыру сауалдарын шешу керек.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз саяси, экономикалық және мәдени дамуында
белестерден ӛтті. Қазақстан экономикасы, әлеуметтік салалары, ғылыми және
мәдени әлуеті дамып жатқан демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты.
Сол себепті де бҥгінгі кҥні тәуелсіз республикамыздың археология
ғылымының дамып жатқан және болашақта дамитын бағыттары туралы сӛз
қозғаса да болады.
Археологиялық және тарихи зерттеулердегі басым бағдар ретінде
Қазақстан археологиясының Еуразиялық мәдениет пен тарихқа жататындығы
туралы қалыптасқан ережені қала беруі тиіс. Қазақстан тарихының ҥздіксіз
дамығандығына, оның аумағында қалыптасқан сан алуан мәдениеттердің
сабақтастығына кӛпшілік еңбектерде ерекше мән берілген. Осыған
байланысты археология ғылымына тиесілі тҧжырымдамалық негіздерді
дамыту ҥшін ғылыми бағыттарды, басымдық бағдарлары мен практикалық
тҧрғыдан шешілуі тиіс мәселелерді мынадай блоктар топтастыруға болады:
1. Тас, қола және темір дәуірлеріндегі, орта ғасырлардағы
археологиялық мәдениеттерді зерделеу; мәдени қабаттары бар шӛгінділерге,
археологиялық мәдени қабаттардың жҧрт-орындарына, жекелеген кешендер
мен бҧйымдар категорияларына тән типологиялық және сыныптамалық
проблемаларды зерттеу; жергілікті мәдениеттер мен олардың нҧсқаларын
бӛліп кӛрсету.
2. Хронологиялық жҥйе, кезеңдестіру, салыстырмалы және абсолюттік
хронология қҧрылысын зерттеу; хронологиялық мәліметтер қорының
типологиясын зерделеу; жалпы және жергілікті кезеңдестірудің ӛтпелі
кезеңдеріндегі сәйкестік мәселелерін қарастыру.
3. Мал шаруашылығы, егіншілік және ирригация сынды ежелгі
ӛндірістердің техникалық деңгейі мен эволюциясын зерделеу; ежелгі
металлургия мен тау-кен ісі, керамикалық ӛндіріс, тоқымашылық секілді
қолӛнерді зерттеу.
4. Адамның шығу тегіне (антропогенез), адам қоғамының (социогенез)
даму кезеңдеріне, тайпалар мен халықтардың қалыптасуы (этногенез)
қатысты мәселелерді талдау; кенттендіру (урбанизация) мен кӛшпелілікті
(номадизмді), кӛшпелі және отырықшы ӛркениеттердің ӛзара байланысын,
ежелгі ӛнер мен архитектураны, байырғы қоғамдағы дҥниетаным мен
идеологияны зерделеу.
7

5.
Палеоэкология
мәселелерін
зерттеу;
картографиялық,
топонимикалық, палеогеографиялық, палеозоологиялық және археологиялық
жаңғыртулар; археологиялық нысандардан кӛрініс тапқан тҥрлі мазмҧндағы
сипаттамаларды модельдеу сауалдарын қарастыру; тәжірибелік қайта
қҧрулар.
6. Археологиялық тҥсініктердің мәні мен рӛлін анықтау, олардың
сызбасын жасау; семантикалық талдау; комбинаторлық, статистикалық,
нормативтік, математикалық модельдеу мен тілдік қасиеттердің нәтижелерін
интерпретациялау принциптерін қарастыру.
7. Ескерткіштерді есепке алу (тӛлқҧжатын жасау), қалпына келтіру мен
адаптация, археологиялық мҧраны консервациялау және сақтау; теориялық
принциптер мен технология, әдістемелік бағыттарды зерттеу; археологиялық
ескерткіштерді сақтау, регенерациялау мәселелері; топтама қорларының
каталогын жасау; археологиялық ескерткіштерді музейлендіру және
археологиялық туризмді дамыту.
8. Шешілуі тиіс басымдылықтар арасынан Қазақстанның социум
ретінде адамзат тарихи дамуының ҥрдістеріне тигізген әсерін теориялық
тҧрғыдан қарастыру ерекшеленеді; осы ӛңірде ӛмір сҥрген автохтонды
тайпалар мен халықтардың Еуразиядағы заттай және рухани ӛркениеттер
эволюциясына қосқан ҥлесін бағамдалуда; қазақ халқына тән мәдениет, ӛнер,
дҥниетаным тамырлары, оның мемлекеттілігінің дамуы және ру-тайпалық
қҧрылымдардың біртҧтас қауымға бірігуі зерделенуде.
9. Археологиялық мәліметтер, жазба және нумизматикалық
дереккӛздерінің негізінде ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы отырықшы
ӛркениеттер мен кӛшпелі мәдениеттердің ӛзара байланысы зерттелініп
жатыр, жекелей алғанда, отырықшы ел мен кӛшпелілілік тоғысқан
аймақтардағы байырғы қала ӛркениетінің бастапқы кезіне қатысты сауалдар,
кӛшпенділердің отырықшылыққа кӛшуі қарастырылуда.
10.
Қолӛнер,
сауда
және
ақша
айналымындағы,
ауыл
шаруашылығындағы, идеология мен демографиядағы және әлеуметтік
қатынастардағы қала қҧрылымын, қҧрылысын және архитектурасын зерттеу
қолға алынуда.
11. Археологтар Еуразия тарихындағы маңызды рӛл атқарған және
атқарып келе жатқан ірі этностардың бірі тҥрік тілдес халықтардың ғылыми
тарихын жазуға қатысады. Бҧл, негізінен, қазақ, ӛзбек, тҥрікмен, татар және
басқа халықтардың жекелеген тарихы елеулі тҥрде қарастырылғанымен,
жалпы тҥрік халықтарының тарихы әлі кҥнге дейін қарастырылмаудан келіп
туындайды. Қолдағы материалдар олардың мәдениетін Орталық Азияда
кейінгі қола дәуірінде ӛмір сҥрген тҥріктер ата-бабасымен, ерте темір
дәуірімен, соның ішінде сақ мәдени қауымдастығымен байланыстыруға
мҥмкіндік береді. Әлі кҥнге дейін кӛне тҥрік жазуының қайнар-бастаулары
шешіле қойған жоқ.
12. Б.з.б. І ғасыр соңы мен б.з. V ғасырындағы усунь (ҥйсін) және
кангюймен (қаңлы) байланысты археологиялық мәдениеттердің этникалық
атрибуциясы да кҥрделі мәселелердің бірі болып табылады. Усунь және
8

Кангюй мемлекеттерінің қҧрамына енген кейбір тайпалар тҥріктер болды.
«Соғды отаршылдығы» проблемасына да жаңаша кӛзқарас қажет, одан тек
этникалық мәселені ғана кӛріп қана қоймай, мәдени синтез жайын да
қарастырған жӛн.
Ежелгі тарихты зерттеу кеңестік тарихқа қарағанда ҧзақ жылдар бойы
кемшін тартып жатты. Сол себепті де қазіргі таңда тарихтың осы бір бӛлігі
кӛпшіліктің қызығушылығын оятуда.
Әсіресе, ежелгі тарихты зерттеуде тас дәуірі туралы таным-тҥсінік аясын
кеңейте тҥскен абзал. Қазақстан археолотарының палеолит пен неолит
дәуірлері бойынша жинастырған материалдары алғашқы адамдардың
қоныстануы мен кейінгі уақыттардағы миграциясы жайлы сауалдарын
жаңаша тҧрғыдан қарастыруға мҥмкіндік береді. Бірақ мҧнда әлі де болса
ескерткіштердің хронологиясы, олардың геологиялық шӛгінділермен
байланысы секілді сауалдар тӛңірегінде пікір-таластар кӛп. Геолог,
палеозоолог мамандармен бірге жҥргізілетін археологтардың кешенді
зерттеулері стратиграфиялық сызбаны, плейстоцендік және голоцендік
шӛгінділерді нақтылайды, олардың қалыптасу заңдылықтарын анықтап
береді және тас дәуіріндегі мәдени кӛкжиектердің (горизонттардың)
геологиялық және археологиялық кезеңдестірілуін дәлме-дәл зерделеуге жол
ашады. Осындай жағдайда алынған материалдар Қазақстан аумағында
алғашқы адамдардың пайда болған уақытын нақтылауға, қоныстану жҥрген
басты орталықтарды анықтауға және оның қандай тҧрпатта ӛткендігі мен
бҧл ҥрдістегі заңдылықтар аясын білуге мҥмкіндік береді. Ӛз кезегінде,
мҧндай мәселелерді қарастыру Еуразия тас дәуірі мәдени тарихындағы
жаһандық проблемаларды шешуге алғышарттар қалыптастырады.
Тарих ғылымында қоғамның дамуын беске бӛлген формациялық
теорияны қолдану ысырылып тасталды. Осыдан алғашқы қауымдық
қҧрылыстан ӛркениеттерге ӛту, мәдениет пен ӛркениет парадигмалары
қатынасына қатысты қызығушылықтың оянуы да тҥсінікті жайт.
Археологтар Қазақстанда кӛне ӛркениеттердің деңгейі қай дәрежеде
болғандығын, бҧл ӛркениеттердің қалыптасуындағы бастапқа кезеңдер мен
олардың даму динамикасы жайын анықтауға тырысып келеді. Бҧл сауалдар
Қазақстан археологиясының ежелгі және орта ғасырлық археологиясындағы
ділгер мәселелерді қҧрайды. Және де дәл осы бағытта соңғы жылдары елеулі
табыстарға қол жеткізілді, әрине, мҧны одан ары кеңейту және дамыту қажет.
Б.з.б. ІV-ІІІ мыңжылдықтарда Еуразия далалы аймақтарында климаттың
ылғалданғандығы анықталып отыр. Мҧндай жағдайда ежелгі Қазақстанның
Есіл, Тобыл, Ертіс секілді алаптарында ӛмір сҥрген бҧрынғы кезбе аңшылар
мен балықшылар тобының отырықшылығы кҥшейе тҥсті, шаруашылықта
мал ӛсіру мен егіншілік секілді ӛнім ӛндіруге кӛшуі сынды сапалы ӛзгерістер
орын алды. Қазақстанның солтҥстігіндегі орманды-далалы алқаптарында
Ботай қонысының қазбалары бойынша анықталған жылқы ӛсірушілірдің
мәдениеті қалыптасады. Сӛйтіп, бҥкіл Еуразия ӛркениетінің дамуында
маңызды рӛл атқарған жылқыны қолға ҥйрету процесі болған аймаққа
Қазақстанның да кіргендігі анықталды.
9

Ӛткен ғасырдың 80-жылдарының бас кезінде далалық аймақтардан
байырғы қала (протогород) ӛркениетінің ескерткіштері ашылды. Олар б.з.б.
ХVІІІ-ХVІ ғасырларға, яғни ерте қола дәуіріне жатады. Еуразия тарихының
контестінде қарастырсақ, ашылған байырғы қала мәдениеті хронологиялық
тҧрғыдан былайша орын алады: бҧл Кіші Азиядағы Троя ІV; материктік
Грекияда ерте микен кезеңі; Мысырда ортаңғы (орта) патшалық дәуірі; Тигр
мен Евфрат ӛзендері аралығындағы қала-мемлекеттердің дамыған мәдениеті.
Археологтар ашқан бҧл ӛркениетке Арқайым мен Сынтаста (Синташта),
Кент типіндегі ескерткіштер тән болып келеді. Бҧл уақыттың қоныстары
тікбҧрышты, немесе жоспары бойынша дӛңгелек, гипс пен сазбалшықтан
тҧратын арнайы блоктардан тҧрғызылған қабырғалармен қоршалған.
Қабырғаларында парапеттер, мҧнаралар, лабиринтті есіктері, орлары мен
шығып тҧрған фортификациялық қҧрылыстары бар еді. Ішінде ақсҥйектердің
және қатардағы қауым мҥшелерінің баспаналары (ҥйлері), қолӛнер
шеберханалары орналасқан. Орталық алаң ғҧрыптық мейрамдар жиыны ҥшін
пайдаланылды. Бҧл қоныстарда, дәлірек айтқанда байырғы қалаларда
(протогорода) кӛшелердің коммуникациялық, су жинайтын орын жҥйелері
болды. Ауданы 150-300 шаршы м баспаналар екі қабатты еді.
Қазба барысында қоладан жасалған қару-жарақтар мен еңбек қҧралдары,
әшекейлер кӛптеп табылған. Ҧсталар мен металлургтар байырғы қала
маңына орналасқан некропольдардағы бай қабірлерден табылған ат-арбалы
жауынгерлер сияқты қоғамның белді де сыйлы мҥшелері болды. Мҧнда
ғибадатханалық кешендер де ораналасты. Ҧсақ тҧрпатты тастан жасалған
адам денесі тҥріндегі ғҧрыптық мҥсіндер табылған. Сірә, бҧл ежелгі
Месопотамия тҧрғындары сияқты жыл сайын ӛтетін мейрамдарда қҧлшылық
ететін қҧдайлардың бейнесі болар. Тҥрлі белгілері бар саз балшықтан
жасалған «дәрі» (таблетка) пішінді табличкалар да табылған. Мҥмкін бҧл
жазудың бастапқа белгілік жҥйесі болар. Әдетте, жазудың шығуы
мемлекеттіліктің басталуымен тығыз байланысты екендігі дәлелденген.
Байырғы қала (протогород) тҧрғындары егіншілікпен және мал
шаруашылығымен айналысқан қауымдар еді. Адамдар егін егіп,
ирригациялық жҥйелерді салды, асыл тҧқымды мал ӛсірді. Металл қҧю, оның
ішінде мыс пен қоланы ӛндіру ісі жоғары дәрежеге жетті. Мемлекеттілік
қайнар-бастауларымен байланысты бҧл ӛркениет экономикасының негізін
осы қола металлургиясы қҧраған еді.
Айта кететін бір жайт, осы уақыттарда Батыс пен Шығысты жалғастырған
болашақ Жібек жолының негізі біртіндеп қалыптаса бастаған болатын.
Монументті архитектурасы мен мыс ӛндірген кӛптеген қоныстары бар
Орталық Қазақстанның беғазы-дәндібай мәдениеті кейінгі қола дәуіріне
жатады. Бҧл кезде Орталық Қазақстан мыс пен қола ӛндірілетін және олардан
еңбек қҧралдары мен қару-жарақтар жасайтын ірі орталықтардың біріне
айналды.
Қола дәуірінде Қазақстанда ерте кӛшпенділер мәдениеті қалыптаса
бастайды және де мҧны зерттеу қазақстандық археологияның маңызды
бағыттарының бірі болып отыр. Қазіргі кҥні далалы және таулы аймақта
10

мемлекеттілігі, тҧрақты сауда, мәдени және саяси байланыстары орныққан
мәдени-дҥниетанымдық қауымдастық ӛмір сҥргендігін, мҧнысын монументті
жерлеу архитектурасынан, идеологиясынан, қауымының әлеуметтік
бӛліктерінен кӛруге болатындығы ғылыми тҧрғыдан негізделген дала
ӛркениеті жайлы сӛз қозғалып жҥр.
Археологтардың
сақ
мәдениетіне
тиесілі
бірқатар
кӛрнекті
ескерткіштерді, соның ішінде Есік, Шілікті обаларын, Тҥгіскен мен Ҧйғарақ
кесенелерін, сақтардың Шірік-Рабат және Баланды сияқты қалаларын ашуы
тарихи білім ауқымын мейлінше кеңейте тҥсті. Табылған жазбаша
ескерткіштерге, кӛрнекті ӛнер туындыларына сҥйеніп, Қазақстан аумағында
б.з.б. І-мыңжылдық орта тҧсында пайда болған сақтардың ежелгі
мемлекеттері туралы айтуға да сӛз қозғауға болады.
Сӛйтіп, Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің қайнар-бастауы
тарихтың мыңжылға созылған қойнауына дейін барады, және де ол жӛнінде
қазір Ахемен әулеті тҧсындағы Иран, ежелгі Грекия, Хань дәуіріндегі Қытай,
Бактрия, Хорезм секілді кӛне мемлекеттер тарихының аясында баға беруіміз
керек.
Б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з. ІІІ ғасырында Жетісуда Усунь (Ҥйсін), Оңтҥстік
Қазақстанда Кангюй (Қаңлы) мемлекеттік типіндегі бірлестіктер қалыптасып
дамығандығын археологиялық дереккӛздері анықтап отыр. Аталмыш
мемлекеттердің тҧрғындары мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де
айналысты. Кангюй аумағында стационарлық баспаналары шикі (қам)
кірпіштен тҧрғызылған бекіністі қоныстар болды, қала салу ісі дамыды.
Усуньдер мен кангюйлер мекендеген аумақтан жҥздеген қоныстар мен
қалалардың ашылуы бҧрын бҧл мемлекеттер кӛшпенді ӛмір салтын кешті
деген қалыптасқан пікірді жоққа шығарады. Отырықшылық пен кӛшпелілік,
егіншілік пен мал шаруашылығы бҧл мемлекеттердің ҧйытқысы (негізі)
болды.
Кӛшпелі және отырықшы халық арасындағы экономикалық байланыстар
жан-жақты сипатта дамығандығы анықталып отыр, ӛйткені мал және
егіншілік ӛнімдері, қолӛнер бҧйымдары тҧрақты тҥрде айырбасқа тҥскен еді.
Айталық, даладан оазистерге (жазираларға) әскери іс жетістіктері, қаружарақ, ат әбзелдері жеткізілсе, қалалық орталықтар мен жазиралардан далаға
сәндік заттар, мата, бағалы бҧйымдар апарылды. Оазис (жазира) пен дала
шекараларында орналасқан бірқатар қоныстар кӛшпелілерге арналған белгілі
бір бҧйымдар тҥрін жіберіп тҧруға маманданды.
Кӛшпелілер мен егіншілердің байланысы біртҧтас әлеуметтікэкономикалық қҧрылым шеңберінде орнағандығы, ал малшылар мен
отырықшы халық белгілі бір саяси немесе этносаяси бірлестік негізін
қҧрағандығы толымды тҥрде дәлелденіп отыр.
Археологиялық ескерткіштер кӛрсеткеніндей, ерте орта ғасырлар
кезеңінде отырықшы кангюй қоныстарының негізінде Сырдария ӛңірінде
қалалардың қалыптасуы жҥріп жатты. Мҧндағы қала мәдениеті жергілікті
отырықшы мәдени дәстҥрлер мен дамуы жоғарырақ деңгейде тҧрған Соғды
қала мәдениетінің инновациясын бойына сіңірген болатын. Қазақстанның
11

оңтҥстігі мен Жетісуда соғды эталоны, соғды ҥлгілері кеңінен тарала
бастайды. Белгілі бір дәрежеде бҧлардың таралуына соғдылықтардың
халықаралық сауда жолдарының бойында орналасу ҥрдісі де ӛзіндік әсерін
тигізген еді.
Бҧл уақыттарда Орта Азиядағы қала мәдениетінің дамуына Шаш,
Усрушан, Ферғана, Тохарстан секілді жазиралар мен қалаларға орныққан
тҥріктер мәдениеті де кҥшті ықпалын тигізе бастаған болатын. Тҥрік-соғды
мәдени синтезі деп аталатын Батыс тҥрік және Тҥргеш қағанаттар
жҥйесіндегі ерекшелік не себепті осында орын алғандығын және де оның
Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу жерінен мейлінше жарқын ҥрдістері кӛрініс
табатындығын толымды тҥрде айғақтайтын дәлелдер керек екендігін айта
кеткен жӛн.
Дамыған және кейінгі орта ғасырлар кезеңінде де мал ӛсірушілер мен
отырықшы халық арасында орныққан ӛзара байланыстар процесі – тарихтың
ерте кездеріндегі экономикалық және мәдени байланыстар аясындағы заңды
қҧбылыстары бойынша сипатталынады, мҧндай саяси бірлестіктердің бірі
Қарахан әулетінің мемлекеті болды. Қала мен дала мҧнда екі антогонистік
әлемді емес, оның экономикалық базасын қҧраған еді. ІХ ғасыр мен ХІІІ
ғасыр бас кезі аралығында Орталық Азиядағы қалалардың ӛсуі кӛп ретте
кӛшпелілердің отырықшылыққа кӛшу ҥрдісімен байланысты болды. Олар
қала мәдениетіне кӛптеген далалық элементтерді алып келді, нәтижесінде
бҧл уақытта ӛзіндік қала мәдениеті қалыптасқан еді.
Кӛшпелілер мен қалалықтардың мәдени және экономикалық байланысы
кейінгі уақыттардағы Ақ Орда, Моғолстан мен Қазақ хандығының даму
тарихын зерттеген кезде де байқалады.
Кейінгі ортағасырлық Отырар, Тҥркістан, Сайрам, Сауран, Сығанақ пен
Созақ секілді қалалар кӛшпелілер мен отырықшылар арасындағы
экономикалық байланыстардың орталығы болды, мҧнда тек қана Оңтҥстік
Қазақстан қала тҧрғындары мен Сарыарқа кӛшпенділері ғана емес, сонымен
қатар Орта Азия, Еділ бойы, Шығыс Тҥркістан халықтары да мәдени айырбас
пен сауда қатынастарын жҥргізді.
Сӛйтіп, Қазақстан археологиялық ескерткіштерін зерттеу тҥрлі мәдени
дәстҥрлердің ӛзара байланыстарының ҥрдісін қалпына келтіруге септігін
тигізеді деуге болады. Сонымен қатар ол Қазақстан аумағы тарихи-мәдени
тоғысу орталықтарының бірі болғандығын, кӛшпелі және отырықшы
халықтың ӛзара әрекеттесуі мәдениеттерді байыта тҥскендігін дәлелдейтін
базаны кеңейте тҥседі. Дәл осындай тоғысу шегінде Қазақстан халықтары
мәдениетінің жетістіктері де жатқандығы анық.
Мәдениеттер диалогының жолы болған Жібек жолының рӛлі де
анықталып келеді. Ол ежелден Батыс пен Шығысты, Азия мен Еуропаны
байланыстырып, еуразиялық идеяның негізін қалады. Қазақстан осы мәдени
байланыстардың ӛзіндік кӛпірі мен ретрансляторы болғандығын да
археологиялық материалдар дәлме-дәл кӛрсетіп отыр. Дәл осы Қазақстан
қалаларынан тҥрлі діндер жайын айғақтайтын заттар кездескен, ондағы
12

мәдени эталондар, этностар қалдырған жарқын қалалық мәдениет
ӛркениетіне тән дәстҥр жаңа дәуірде де кӛрініс тапқан.
Археологияның Каир мен Бағдаттан Жетісу мен Шығыс Тҥркістанға
дейін созылып жатқан ислам мәдениетінің бір бӛлігі саналатын Х-ХІІ
ғасырларға жататын дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан қала мәдениетін
зерттеудегі рӛлі де зор. Оған тән «мҧсылман ренесансы» тҥсінігі
ортағасырлық Қазақстанды да тҥгелдей қамтыған еді.
Тарихи терминология мен дефиницияларды нақтылау да ӛзекті
мәселелердің бірі болып табылады. «Мифологияны», «эпосты» және «аң
стилі» (аң табы) жетістіктеріне жатқызылатын «кӛшпелі мәдениет»,
«кӛшпелі ӛркениет» терминдері айтарлықтай ыңғайлы емес сияқты. Дҧрысы
«далалық мәдениет пен ӛркениет» туралы сӛз қозғаған жӛн, бҧл тек қана
кӛшпелілікті емес, отырықшылықты да, мал шаруашылығын ғана емес,
егіншілікті де, қала тҧрмысын да бейнелейді.
Кӛшпелілік – далалық шаруашылықтың, ӛмір мен тҧрмыстың бір бӛлігі
ғана. Қазіргі таңда сақтардың, тҥріктердің, қазақтардың қоныстары мен
қалалары белгілі болып отыр, мҧның ӛзі дефиницияларды нақтылай тҥсу
керек екендігін аңғартады.
Қазақстанның ежелгі тарихы жер астында «жатыр». Оның мҧрағаты –
археологиялық ескерткіштер. Ал бҧл тарих пен мәдениеттің ӛте нәзік «куәсі»
және «қҧжаты». Сондықтан да, археологияның деңгейін сипаттай келе, тарих
пен мәдениет, сондай-ақ археология ескерткіштерін де қорғаудың жай-кҥйін
жақсарта тҥскен абзал. Тәуелсіз Қазақстан парламенті 1992 жылы алғаш рет
«Тарихи-мәдени мҧраны сақтау және пайдалану туралы» Заңын қабылдады.
Оның преамбуласында «Тарихи-мәдени мҧра халық тағдырының маңызды
куәсі, оның қазіргі және болашақтағы дамуынының негізі мен міндетті
жағдайы, бҥкіл адамзат ӛркениетінің қҧрамдас бӛлігі ретінде барлық қауіпқатерден ҥнемі қорғалуы тиіс. Қазақстан Республикасында мҧны қамтамасыз
ету ӛнегелі борыш және осы заң бойынша барлық заңды және жеке тҧлғалар
ҥшін міндетті» деп кӛрсетілген.
Бірақ бҥгінгі кҥнгі нарықтық экономикалық қатынастарға байланысты
салынып жатқан электростансалар қҧрылысы, магистралды каналдар,
игеріліп жатқан ӛңірлердегі суландыру жҥйелері аймағындағы қарқынды
шаруашылық қҧрылыстары әсерінен ӛткеннің жҥздеген ескерткіштері
қиратылып жатыр, ҧлттың мәдени қоры талан-таражға тҥсіп жатыр.
Сондықтан да мәдени мҧраны қорғау мен пайдалану туралы бҥгінгі кҥн
талабына сай жаңа заңдар мен заңдық актілер қажет екендігі байқалады.
Әдетте, мәдени мҧраның кӛп тҥрлілігі мен бағалы қазынасы ӛркениетті
қоғамның негізі, ҧлттық және мемлекеттік сана-сезімнің интеграциялық
қҧрауышы болып табылатындығы белгілі. Кең мағынадағы «мәдени мҧра»
ӛнегелілік нормаларды анықтайтын діл, мінез-қҧлық стереотипін,
фольклорлық жҥйедегі әлемдік бейнелер мен кезбе сюжеттерден музыкалық
ҥлгіге дейінгі қҧндылықтарды қамтиды.
Мәдени мҧраның заттық блогы халықтың материалдық зердесі іспеттес.
Бҧл блоктың маңызды бӛлігін археологиялық мәдени мҧра қҧрайды. Ол
13

замоктар мен қамалдардың қирандылары, жайылып кеткен жерлеу обалары,
кӛне қоныстар мен қалалар қалдықтары, кӛздің жауын алатын монументтік
қҧрылыстар секілді барлық археологиялық ескерткіштердің тҥрлерін
қамтиды. Кәсіби мамандар тарапынан тиісті деңгейде қазылған және
музейлендірілген олар ӛткен ғасырлар мен халықтар жайлы ақпараттар легін
кӛрсетеді. Әлі зерттелмеген ескерткіштер адамзаттың мызғымас
материалдық зердесін кӛрсететін баға жетпес ақпараттық қорды қҧрайды.
Ӛркениетті елдер мәдени мҧраны қорғау мен пайдалану мәселелеріне
ҥлкен ыждахаттылықпен қарайды. Дамыған елдерде тҧрмыс деңгейінің
жоғары болуы кӛпшілік туризмнің дамуына, бҥкіл туристік индустрияның
қалыптасуына экономикалық жағынан дем береді. Соған байланысты тиісті
заңнама жетілдіріліп, оны ҧйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылуда.
Барлық ежелгі нысандарды тақ меншігі деп жариялаған 1666 жылғы Швеция
королінің указы әлемдегі алғашқы заңнамалық акт болып саналады. Одан
бергі уақытта мәдени мҧраға қатысты заңнамалық негіз халықаралық
қауымдастық, соның ішінде ЮНЕСКО бағыты бойынша жетілдіріле тҥсті.
Мәдени мҧра мен оған парасаттылық тҧрғысынан қарау ӛркениетті
қоғамның кӛрсеткіш
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!