Қазақстан тарихы пәнінен Аудандық олимпиада тапсырмалары жауаптарымен

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихы пәнінен Аудандық олимпиада тапсырмалары жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәнінен Аудандық олимпиада тапсырмалары жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы



11 сынып. 1 айналым. Жазбаша жұмыс


(Максималды баға – 30 ұпай. Берілген нақты сұрақ 10 ұпаймен бағаланады)


1930-1940 ж.ж. Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-СҮРГІН


1. Қазақстандағы саяси қуғындаудың iске асырылу механизмi мен құқықтық негiздерi.

2. Орталық пен Қазақстанда ұйымдастырылған саяси процестер.

3. Қазақстандағы ЛАГМБ (ГУЛАГ).


Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.

Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.

1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.

Сталинизм

Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.

БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.

Өлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды. Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп, бюрократизм, көсемге табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты.

Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев т.б. жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Кәсіподақтар мен әйелдер арасындағы жұмыс та жолға қойылды. Кәсіподақтар сауатсыздықты жою, сенбіліктер ұйымдастыру, еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне белсене араласты. Қазақ әйелдері арасынан шыққан белсенділер Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаевалардың есімдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды.

Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты.

Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты.

Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.

Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті.

20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.

Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес

1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.

Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.

1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.

Сталинизм[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.

БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.

Өлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды. Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп, бюрократизм, көсемге табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты.

Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев т.б. жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Кәсіподақтар мен әйелдер арасындағы жұмыс та жолға қойылды. Кәсіподақтар сауатсыздықты жою, сенбіліктер ұйымдастыру, еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне белсене араласты. Қазақ әйелдері арасынан шыққан белсенділер Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаевалардың есімдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды.

Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты.

Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты.

Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.

Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті.

20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.

ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.

Қарамағында 53 лагерь болды. 1930 жылы Кеңестік жүйедегі осы еңбекпен түзеу жүйелерінің пайда болуындағы тарихымыздың ақгандақ беттерінің ең ауыр кезеңі Сталиндік дәуірмен тыгыз байланысты. Болашақ ГУЛАГ-тың алғашқы ошақтары КСРО территориясында 1930 жылы тікелей Сталиннің бұйрығымен пайда болып, көп ұзамай бұл лагерьлер алып азап империясына айналды. 1921-53 ж.ВЧК(БТК), ОГПУ, НКВД (ІІХК), МВД (ІІМ) органдары соттаған 4,1 миллион адам сонда қамалды. Олардың 800 мыңдайы атылды, 2,6 млн-нан артығы түрмелер мен лагерлерге қамалып, 400 мыңдайы жер аударылды. 1930-53 жылы КСРО еңбекпен түзеу лагерлерінде болған 6,5 млн адамның 1,3 млн-ы саяси тұтқындар деп есептелген. Тағы бір, 1938 жылы 1 сәуіріндегі, деректе осындай зұлмат қамытын киген 2 млн адамның көбі дерлік не саяси, не қылмыстық айыпкер емес, қарапайым еңбек адамдары, отбасы мүшелері, үй шаруасындағы әйел адамдар, бала-шағалар, 1937— 38 жылдардағы «Үлкен террордың» құрбандары еді. Олардың көбі дерлік, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардықтан, «халық жаулары» саналды. «Тәртіп бұзушылар» қатаң жазаланды. Құқықтары аяқ асты етілді. 1956 жылға дейін Гулаг лагерьлерінде жалпы саны 22 млн адам, оның ішінде - 830 мың орыс, 181 мың украин, 44 мың белорус, 25 мың татар, 24 мың өзбек, 20 мың еврей, 18 мың неміс, 17 мың қазақ, 16 мың поляк, 12 мың грузин, 17 мың армян, 9 мың түрікмен, 5 мың башқұрт, 4 мың тәжік, басқа да 100-ден астам кеңестік ұлт өкілдері осындай зұлматтан өтті. «Халық жаулары», тегін жұмыс күші ретінде, сол кездегі «үлкен» өндіріс пен халық шаруашылығының әртүрлі саласын «өркендетуге» жегілді. Тұтқындар, соноу Қиыр Шығыс, Сібірден бастап, барлық солтүстік өңірлерді қамтып, Қазақстанның да өндіріс орындарын игеруге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы басталып, аяқталғанға дейін олардың күшімен 640 зауыт іске косылды, 842 аэродром, 8 мың км автомобиль жолдары, көптеген домна, мартен пештері, т.б. салынды. Сғгыстан кейін атом, сутегі бомбаларын шығарып, оларды сынауға, сынайтын шахталарды ұңғылауға да сол (Қазақстанда) тұтқындар айдап салынды. КСРО-да мұндай жалпы саны 53 легерь болды. 1934-56 жылы барлығы бірдей жазалаушы органдардың ерекше қатаң бақылауында болды. Осындай Гулаг 20-дан астамы Қазақстан жерінде орналастырылды. Олар: Шығыс Қазақстан облысы Ермаклагта - 14.05.1951 - 1.08. 1953 жылы Түркістан-Сібір темір жолы бойындағы Аврора станциясында қорғаныстық өнеркәсіп, теміржол төсеу, тиеп түсіру, бетон заводтары, құм карьері, электр жүйелері құрылыстарындағы жұмыстарда 3000 адам; Павлодар. 28.05.1955- 03.09.1956 жылы комбайн (трактор) зауыты құрылысында 8700 адам; Майқайыңлаг-та (Баянауыл ауданы) 14.07.1947 - 29.04. 1953 жылыалтын өндіруде 1000 адамга дейін; Екібастұз пое, (Павлодар облысы) Дальный лагерьде (Особый лагерь №11 Особлаг №11. Дальлаг) 24.04 1952-08.04.1954 жылы көмір разрездерінде 3100 адам; АқмолаКөкшетау өңіріне қарасты Степняклагте 14.07.1947-29.04 1953 жылы Жолымбет-көмір руднигінде 1700 адам; Атбасар ЕТЛ-де 10.02.1955-06.09.1956 жылы ҚазССР тың және тыңайған жерлердегі совхоздар мен астық қоймалардың құрылысында 2000 адам; осы сияқты Ақтөбе облысы Кемпірсайлаг-те 250(1 адам, Ақтөбе ЕТЛ-де (Ақтөбелаг, Ақтөбекомбинат, Ақтөбеқұрылыс) - 15000; Гурьев (Атырау қаласы) Астраханлаг-те 7900; Прорвин ЕТЛ-де (Прорвлаг) - 10400; Жезқазғанға қарасты Степной лагерьде (Особлаг №4. Степной ЕТЛ) - 29000; Жезқазған ЕТЛ-де - 13000; Қарағандыға қарасты лагерлерде 138200 адам тұтқында әртүрлі жүмыстар істеді. Барлық лагерлерьдің аймақтық басқармасы Алматы қаласы орналастырылды.

Алматы қаласы (Қазлаг, Қазулон) өзінде және оның төңірегінде 16000 адам басбайлы жұмысқа тартылды. КарЛАГ, АЛЖИР, Песчанный ЕТЛ, ОсобЛАГ т.б.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды Жалпы ұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы' деп жариялады. Осыған орай республика азаматтарының көптеген қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының өтініштерін ескере отырьш, жалпы ұлттық татулықты, қогамдық саяси тұрактылықты нығайту мақсатында Жарлық шығарды.[1]



10 сынып. 1 айналым. Жазбаша жұмыс


(Максималды баға – 30 ұпай. Берілген нақты сұрақ 10 ұпаймен бағаланады)


XIX ғасырдың ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ДАМУЫ


  1. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформаларының негізгі мақсаттары мен міндеттері.

  2. 1867-1868 жж. реформаларды жүзеге асыру бағыттары мен олардың салдары.

3. Қазақ даласын басқару жүйесіне қатысты XIX ғ. 20-90 жж. жүргізілген реформаларды салыстыру және олардың мәнін ашу.


Ресей империясы үкіметі 18671868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.

Shape1

1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы

Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.

Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.

18671868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.

Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.

Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.

1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.

Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.

Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (18351865 жылдары) тұрды. Ш. Уәлиханов "Сот реформасы туралы хат" атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп,

'Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін'


де ескертеді. Ғалым Шоқан Уəлиханов Қазақстанды билеуді халықттың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз калды.

1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа "Ереженің" негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы "қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет" деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты.

1867 жылы 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда ТорғайОралАқмола және Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды. Қазақ халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды.

Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу барысы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қала бастады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргізудің қажеттігі туындады. Өйткені біріншіден, қазақ даласында сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала берген еді. Олардың билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғұрлым тезірек отарлауына кедергі келтірумен болды. Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерістерге сәйкес келмей қалды. Мәселен, XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей империясына Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы қосылған болатын. Сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Өлкені басқару ісін Ресейдің өзге аймақтарындағы басқару құрылымына барынша жақындатып, бірыңғайландыру талап етілді. Үшіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы күші қажет болды. Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді. Бесіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді. Міне, тап осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау қажеттігі туындады.

1867—1868 жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.

Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.

1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:

  1. әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;

  2. кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);

  3. сот функциясы (уездік соттарды бекітті).

Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды.

Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (СырдарияТорғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атаманы болып саналды. Бұл ережелер екі жылдық сынақ мерзімі белгіленіп, уақытша статус алғандықтан, халық наразылықтарының тууына байланысты тек. 1886 жылдары Түркістанда, 1891 жылы Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді.

Міне, осы құрылған әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орталық Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды.

Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.

Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.

Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды:

  • түтін салығы — 4 сом,

  • земство салығы — 1 с. 25 т.,

  • қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25 т.;

  • мектептерге — 50 т., барлығы 7 сомды құрады.

Әлеуметтік жағдайына қарамастан, кедей мен байларға салық мөлшері бірдей белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі — күзде төлеуге тиіс болды. Жер өңдеушіпер харадж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты салықтар төледі.

  • Харадж бойынша, өнімнің 1/10-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай құнын төледі;

  • танап салығы ақшалай (1 танап = 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай белгіленді;

  • зекет тауар құнының 1/40 мөлшерінде алынды.

Осылайша, отарлаушы Ресейдің салық саясаты әр түрлі әлеуметтік топтардың қарсылығын тудырды, мал өсірушілер мен отырықшы тұрғындар салықтың өсуіне наразы болды. Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста — 2 мың, бір ауылда — 200 түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ болыстары мен ауылдарында отарлық биліктің мықты тірегі болатын жергілікті әкімшілік құруға тырысты. Болыс пен ауыл старшындарын (селолық қоғамды, ақсақалдар қоғамын) сайлау сатып алу арқылы жүрді.

Сот жүйесіндегі өзгерістер

1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты:

  • уездік соттар,

  • әскери-сот комиссиялары,

  • облыстық басқарма және үкімет сенаты.

Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық басқармада азаматтық істер қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді.

Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді.

Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық және төтенше съездері шақырылды.

Олар құны 500 сомға дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шетттілді. Облыстық басқармаға келіп түскен әр түрлі уездерге жататын болыстарға қатысты істер женінде болыстық билердің төтенше съездері шақырылды.

Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:

  1. бітістіруші судьялар;

  2. облыстық соттар;

  3. жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.

1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.

Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).

Жер мәселесі және 80—90-жылдардағы әкімшілік басқару жүйедегі өзгерістЕР

"Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III тарауында жер мәселесі туралы "Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі" делінсе, 1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: "Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі" деп танылады.

"Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".

Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.

1886 жылы 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5:

  1. Қазалы,

  2. Перовск,

  3. Шымкент,

  4. Әулиеата,

  5. Ташкент уездерінен тұрды.

"Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды.

Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды:

  • облыстық,

  • уездік,

  • болыстық,

  • ауылдық.

Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.

1891 жылы 25 наурызда бұрынғы Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы орнына орталығы Омбы қаласы болған бір Дала генерал-губернаторлығын құрды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы қарауына берілді.

Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын Дала генерал-губернаторлығы басқарды, Орал, Торғай облыстарын әскери губернатор басқарды. Дала генерал-губернаторлығының орталығы — Омбы, сонымен қатар Ақмола облысының орталығы да Омбы, Семей облысыныкі — Семей қаласы, Орал облысыныкі — Орал қаласы, Торғай облысыныкі — Орынбор қаласы болып белгіленді.

Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан-жақты, тереңнен ойластырылған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді.

Реформалардың басталуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен 1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылығымен «Дала қомиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлік шенеуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға қазақ ақсүйектері мүлде жолатылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітіп берді.

Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізу көзделді. Әкімшілік реформалардың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қазақ және орыс тілдерінде жазылып, таратылды. Өкімет билігінен шеттетілген билеуші-сұлтандар мен аға сұлтандар ескерусіз қалдырылмады. Оларға түрлі әскери шендер берілді, өмірлік зейнетақылар тағайындалды.

18671868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.

Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс — уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс — ауылдардан тұрды.

Семей ішкі округы Семей облысының Павлодар және Семей уездерінің құрамына, ал Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.

Басқарудың ерекшеліктері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жаңа реформа бойынша енгізілген әкімшілік басқару жүйесі жоғары дәрежеде әскери сипат алды. Генерал-губернатордың қолында әскери билік те, азаматтық билік те болды. Түркістан генерал-губернаторлығы басшысының көрші мемлекеттермен, атап айтқанда, Қытай және Иранмен тікелей келіс-сөздер жүргізе алу құқығы да бар еді.

Облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындалды. Олар сонымен қатар қазақ әскерлерінің атамандары болып есептелді. Оларды патша үкіметі тікелей өзі тағайындайтын. Уезді уезд бастығы басқарды. Оны ресейлік шенеуніктер қатарынан әскери губернатордың өзі таңдап тағайындайтын. Әкімшілік басқарудың ең төменгі екі сатысында болыстар мен ауыл старшындары тұрды. Олар жергілікті ақсүйектерден іріктеліп алынды.

Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Оларға өмірлік зейнетақы тағайындалды. Патша үкіметінің мұндай қадам жасауға бару себебі - қазақ даласында сұлтандар тобына деген сый-құрмет әлі де болса едәуір дәрежеде сақталған еді.

Сайлау жүйесі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топтардан іріктеліп, сайлауда шар салудың (дауыс берудің) нәтижесі бойынша ғана тағайындалатын. Бұл лауазымды қызмет орнына сайланудан халықтың сенімі мен құрметіне ие адамдардың ғана үміттенуіне болатын. Олар бұрын өздерінің арына сотты болып «дақ түсірмеген» адамдар болуы тиіс еді. Бұл қызметтерге үміткерлердің жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын.

Болыстағы әрбір 50 үйден сайлауда шар салушы (дауыс беруші) бір адамнан сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында болыс сайланатын және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Taп осындай тәртіппен әр ауылдағы әрбір 10 үйден сайлауда шар салатын (дауыс беретін) бір адам сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында ауыл старшыны сайланды және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны немесе болыс сайланатын, ал одан кейін дауыс алғандар осы қызметтерден үміткерлер болып белгіленді.

Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзімге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бекітетін. Сондай-ақ оларды бұл қызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшындарын қызметке бекіту мен қызметінен алып тастаудың мұндай тәртібі қазақ даласындағы сайлау жүйесінің отаршылдық мазмұнын көрсетті.

Жоғары лауазымды шенеуніктердің отаршыл әкімшілікке қолдау көрсетпейтін адамдарды қызметке бекітпей қоюға құқығы болды.

Ауыл старшындарына және болыстарға қоладан құйылған төс белгілер, сондай-ақ арнайы жасалған мөр берілетін. Отаршыл әкімшіліктің бұл төменгі буындары полицияның және тыңшылардың міндетін қоса атқарды. Олар қазақ даласында тыныштықтың сақталуын қадағалауға, әсіресе барымтаны жоюға міндеттенді. Сонымен қатар заңдардың қатаң сақталуын, алым-салықтың уақтылы әрі толық жиналуын, басқа да міндетті борыштардың түгел орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Олар сот шешімдерінің және халық соттары қаулыларының орындалуын жүзеге асыруға да міндетті еді.

Өкінішке орай, оқиғалардың бұдан кейінгі барысы сайлау жүйесінің «партиялық» күреске айналып кетуіне алып барып соқтырды. Бір рудың өкілдері мен екінші бір ру өкілдерінің арасында шиеленіскен күрес өршіді. Елде байлықпен қызметті сатып алу, қоқанлоқы жасап қорқыту, күш көрсету және жала жабу сияқты келеңсіз қылықтар кеңінен етек алды. Лауазымды қызметтен үміткерлер сайлау науқаны кезінде ақшаны оңды-солды аямай шашты.

Қазынагерлік жүйе және міндетті атқарылатын борыштар[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1867— 1868 жылдарда енгізілген жаңалықтар алым-салық жүйесін де қамтыды. Осы кезден бастап Қазақстанның бүкіл аумағында біртұтас салық — «түтін салығы» енгізілді. Ол жыл сайын бір рет әрі үй басынан ақшалай алынып тұрды. Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Мал санағы 3 жылда бір рет өткізілді. Малдың санын жасырғандарға салық екі есе көп салынды. Түтін салығын төлеуде, басқа да міндетті борыштарды өтеуде Кіші жүздің қайтыс болған ханы Шерғазы Айшуақұлының отбасы мүшелеріне жеңілдік жасалды. Жеңілдіктер сұлтандар Баймағамбет АйшуақұлыныңАхмет және Арыслан Жантөреұлдарының отбасыларына да, сондай-ақ 1844 жылы хан Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарының қолынан қаза тапқан қазақтарға да берілді. Түтін салығын төлеуден Орта жүздің хандары Уәли мен Бөкейдің ұрпақтары да босатылды. Мұндай шаралар олардың өкіметке қарсы пиғылдарын бәсеңсітуі тиіс болды.

1820 жылдан бастап қолданылып келген билеттік тіркеу орнына сндігі жерде біртұтас төлқұжаттық тіркеу тәртібі енгізілді. Басқа жаққа барып жұмыс істеп, табыс тапқысы келгендер болыстардан төлқұжат алуы тиіс болды.

Көшпелі қазақтар бірқатар борыштар атқаруға міндеттелінді. Aтaп айтқанда, олар көпірлер мен жолдарды тегін жөндеп тұруға міндетті болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас адамдар жататын және іссапарға келген шенеуніктер тоқтайтын киіз үйлер бөліп тұруға міндеттелінді. Қазақтарға оларды отын-сумен және шемеуніктерді жолға мінетін ат-көлікпен қамтамасыз ету де жүктелді. Қазақтар міндетті әскери борыш өтеуден босатылды.

Денсаулық сақтау саласындағы реформа[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әр облыста облыстық дәрігер тағайындалды. Әрбір уезде бір дәрігер мен акушер-кіндік шеше болатын болды. Уездік дәрігерге шешекке қарсы егу шараларын қамтамасыз ету міндеті жүктелінді. Ол науқас адамдарға тегін медициналық көмек көрсетіп, оларды дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуі тиіс болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекемелердегі емдеу орындарында да дәрігерге тексеріле алды. Шамасы, реформаның жағымды бір ғана сипаты болса, ол денсаулық сақтау саласындағы тап осы жаңалықтың енгізілуі дей аламыз. Солай бола тұрса да, дәрігерлердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтардың бұл мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді жарытымды пайдалануы мүмкін болмады. Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ халқының арасында, әсіресе балалар арасында өлім-жітім көп болды.

Жерді пайдалану мәселелері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақтардың қоныстанған жерлері мемлекет меншігі саналды. Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пайдалану құқығы негізінде ғана берілді. Жаңа реформа бойынша ормандар да мемлекет меншігі деп жарияланды.

Қазақтарға жерлерін Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгілі бір мөлшерде жалға беруіне рұқсат етілді. Ал мұның өзі олардың ежелден келе жатқан атамекенінен айырылып, өздерінің жерсіз қалуына алып барып соқтырды.

Қоныс аударып келген орыс шаруалары бірқатар елеулі жеңілдіктерді пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездік билік орындарынан үй салып алу үшін жер телімін, сондай-ақ құрылыстық ағаш материалдарын тегін алды. Олардың сауда жасаумен, қолөнер кәсібімен, өнеркәсіптік қызметпен және егіншілікпен емін-еркін айналысу құқығы болды.

Ал башқұрт, татар, Орта Азия халықтарының өкілдері сияқты мұсылмандар мұндай жеңілдіктерді пайдалана алған жоқ. Өйткені патша үкіметі ислам дінін ұстанатын өзге халықтар өкілдерінің қазақ даласына шоғырлана түсуінен қорықты.

Реформаның отаршылдық сипаты[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1867-1868 жылдардағы реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

Болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңінен етек алды. Болашақ болыстар өз қандастарының қамын жеуден қалды. Олар ендігі жерде орыс үкіметінің аузына қарап, жалтаңдаудан көз ашпады, қайтсем солардың қаһарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.

Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттілігінің ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.

Жаңа міндетті борыштар мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға бір-ақ көтерілді. Болыстарды, ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қосымша жинап алынды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы халық харадж (егіннен алынған өнімнің оннан бір бөлігі), зекет (тауар құнының қырықтан бір бөлігі) төлеп тұруға міндетті болды. Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін қара шығын деп аталатын қосымша салыққа салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпірмешітмектепаурухана салуға жұмсалды. Патша үкіметі Қазақстаннан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бір бөлігі отаршыл әкімшілік пен әскери күштерді ұстауға жұмсалды, енді бір бөлігі орталыққа жіберіліп отырды.

Патша үкіметі қазақтардың ежелгі дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездер құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылды.

Реформалар Батыс Сібір аумағында ежелден бері тұратын қазақтардың жағдайына да келеңсіз әсерін тигізбей қала алмады. 1880 жылғы 22 қазанда Тобыл және Томск губернияларының қазақтарын Құлынды даласына көшіру қолға алынды. Ол жақта қазақтар үшін 1 миллион десятина құнарсыз жер бөлінді. Құлынды қазақтарына үй басы 6 сом мөлшерінде түтін салығы салынды. Бұл отырықшы орыс шаруалары төлейтін салық мөлшеріне тең болып шықты.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1.  Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2



9 сынып. 1 айналым. Жазбаша жұмыс


(Максималды баға – 30 ұпай. Берілген нақты сұрақ 10 ұпаймен бағаланады)


ХХ Ғасырдың басында ҚұРЫЛҒАН Саяси партиялар мен қозғалыстар


1. «Алаш» партиясының қалыптасуы және оның бағдарламасы.

2. «Алаш» партиясының көкейкестi мәселесi және оны шешу жолында Уақытша үкiметпен, большевиктермен және басқа да саяси күштермен қарым -қатынасы.

3. Басқа да саяси, кәсiподақ, кәсiптiк, дiни және жастар ұйымдарының құрылуы.


Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисін қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ съезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, олар Ресей құрамында ұлттық мүддені көздейтін демократиялық құрылымды негізге алатын автономия құру мәселесін алға тартты. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, ол 1920 жылда таралды.

Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.

Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан БөкейханАхмет БайтұрсынұлыМіржақып ДулатұлыМұхаметжан ТынышбайұлыЖақып АқбаевБақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша ДосмұхамедовМағжан ЖұмабайСәкен СейфуллинМұстафа ШоқайТұрар РысқұловСмағұл СәдуақасовЖүсіпбек АймауытовМұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.

Shape2 "Алаш" сөзі – түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш – қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде, қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған.

Алаш үкіметі болашақта барлық Орталық Азиядағы түркі халықтарды біріктіріп, тәуелсіз ел құрғысы келді. Сондықтан, Алаш партиясы өз атауын қазақ демей, түркі халықтар үшін жаңа ұлт пайда қылдырып бірлікке жеткенін қалаған. Алайда, партия бұл идеяны ешқашан іске асыра ала алмай, басқа халықтардың зиялыларымен ортақ тіл табыса алмады. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан Мұстафа Шоқай өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.[1]

Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақпан төңкерісі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл санаттың басты мақаласы: Ақпан төңкерісі.

1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ съездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді.

1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті.

Орал облыстық қазақтардың 1-ші съезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Съезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы съезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды.

Съез төрт күнге созылды, съездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Съез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады:

  • мұғалімдер сиезін шақыру қажет;

  • Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын;

  • қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын;

Съезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді.

Осы съезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек.

Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.

І Жалпықазақ съезі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

    1. Мемлекет билеу түрі

    2. Қазақ облыстарында автономия;

    3. Жер мәселесі;

    4. Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н. Мартынинконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды.

Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай съезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.

Сьездің нәтижесінде автономияның астанасы ретінде Жаңа-Семей (қазіргі Семей қаласы) қаласы таңдалды, кейін қаланың аты Алаш деп ауыстырылды.

Алаш партиясының пайда болуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..

Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатұлы баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының

Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.

Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды.

Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.

Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған.


Алаш партиясының жетекшілері

1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В. И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. В. Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады.

«Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген.

Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Халел Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан.

Қазақ АКСР-і[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ АКСР-і орнағаннан соң 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ (қырғыз) білімпаздарының тұңғыш сиезі шақырылды. Осы съезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген, ресми түрде қабылданған альфавиттің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды [16]. Ал 1927 жылы Қызылордада жазу (графика) мәселесіне арналған конференцияда А.Байтұрсынов сиезде айтқан пікірін қуаттай келе: «Түрік жұртының 90%-і баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жазылған хат мәдениеті бар (хат мәдениеті –сауаттылық, оның жүзіндегі өнер-білім, ілім, емле, үйрету әдісі, баспа істері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер т.т.). Хат мәдениеті бар халыққа бір әрпін тастап, екінші әріпті ала кою оңай нәрсе емес», – деп өз ойын білдірген.

А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады.

Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл суреттермен берілген оқулық. 1926 жылы Қызылорда Ташкент баспалары бірігіп шығарған. Қазақ тілін талдаптануда А.Байтұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан ерекше бағалау керек. А. Байтұрсынов тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек.

Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық жұмыспен шұғылданды.

А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АКСР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиарұлы, Халел Досмұхамедұлы тағы басқалар қатысты. Алаш ордасы партиясы қазақ халқына

XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр. М.Әлімбаев:

«Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз»

- десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз.[2][3]

Алаш Орда үкіметі

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған.[4] Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі.

Қазақ қоғамының осы қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.











8 сынып. 1 айналым. Жазбаша жұмыс


(Максималды баға – 30 ұпай. Берілген нақты сұрақ 10 ұпаймен бағаланады)


XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік құрлымындағы өзгерістер


1. XIX ғ. басында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде орын алған жағдайлар.

2. XIX ғ. басында сот ісі мен салық жүйесін қамтыған өзгерістер.

3. Қазақстанда XIX ғасырдың 20-40-шы жылдары жүргізілген реформалар және олардың қазақ мемлекеттілігін жоюдағы рөлі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2024
840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі