Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстан тарихы пәнінен тестер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан тарихы
8 сынып «А»
1.XVIIғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет:
А) Қоқан В) Қытай С) Жоңғария D) Ресей Е) Иран
2.1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры:
А) Сәмеке В) Әбілқайыр С) Қайып D) Әбілмәмбет Е) Абылай
3.Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты:
А) Қазақ жасақтарын әлсіретіп, құрту В) Бір мезгілде қазақтармен және Ресеймен соғысу
С) Қазақтармен экономикалық, сауда байланыстарын орнату
D) Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату
Е) Жоңғар әскерінің басымдығын көрсету
4.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер:
А) Қарақұм В) Ұлытау С) Ордабасы D) Сарыарқа Е) Түркістан
5.1723 ж. Жоңғарияның барлық күш – қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі:
А) Қазақ феодалдарының өз ара қырқысы В) Қазан, Хиуа хандықтарының қазақ жеріне шабуылы
С) Цин императоры Кансидың өлімі D) Цин империясының қазақ жеріне шабуылы
Е) Қазақтардың қарақалпақтар мен өзбектерге қарсы күресте әлсіреуі
6.Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды»:
А) XVII ғ. 40 ж В)XVIII ғ. ортасы С) XVIII ғ. 20 ж D) XVIII ғ. 30 ж Е) XVIII ғ. 40 ж
7.Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл:
А) 1723 ж В) 1724 ж С) 1726 ж D) 1727 ж Е) 1729 ж
8.Жоңғарлардан қашқан Орта жүз рулары үдере көшті:
А) Ходжентке В) Самарқанға С) Тобыл маңына D) Жайық бойына Е) Ырғыз бойына
9.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған:
А) Сырдария маңы В) Шығыс Түркістан С) Ташкент D) Қаратау маңы Е) Жетісу
10.Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі:
А) 1618ж В) 1690ж С) 1713ж D) 1726ж Е) 1729ж
11.Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған:
А) Қабанбай В) Бөгенбай С) Райымбек D) Әбілқайыр Е) Абылай
12.Аңырақай шайқасы болды:
А) 1719-1920 ж В) 1723-1725 ж С) 1726-1727 ж D) 1729-1730 ж Е) 1740-1741 ж
13.1726 ж (1728 ж.) болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді
С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді D) Жетісу өңірі толық азат етілді
Е) Кіші, Орта жүз жерлері азат етілді
14.1726 ж (1728 ж.) қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға:
А) Аңырақай В) «Қалмақ қырылған» С) Аякөз шайқасы D) Орбұлақ шайқасы Е) Ойрантөбе
15.Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры:
А) Жоламан В) Бөгенбай С) Исатай D) Амангелді Е) Сырым
16.Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:
А) Әбілқайыр мен Әбілмәмбет В) Сәмеке мен Әбілқайыр С) Сәмеке мен Әбілмәмбет
D) Батыр мен Тақыр Е) Әбілқайыр мен Батыр
17.Аякөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы:
А) 1712 ж В) 1715 ж С) 1718ж D) 1720ж Е) 1723ж
18.Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:
А) 1711-1712ж В) 1714-1715ж С) 1718-1719ж D) 1720-1721ж Е) 1724-1725ж
19.Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының маңына қазақ жасақтарының жиналуының себебі:
А) Ресей көмегін алу қолайлы болды В) Жоңғарларды жақтатуға қолайлы болды
С) Азық-түлік алуға қолайлы болды D) Бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды
Е) Әлсіреген жағдайда шегінуге ыңғайлы болды
20.Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтарының Ордабасы тауында
А) Жүздік негізде В) Әскердің түрі бойынша С) Жүйесіз D) Әскердің санына қарай
Е) Шашыраңқы ұрыс тактикасымен ұйымдастырылды
21.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:
А) 1726ж В) 1729ж С) 1731ж D) 1733ж Е) 1735ж
22.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:
А) I Петр В) Анна Иоанновна С) Елизавета Петровна D) I Павел Е) I Александр
23.XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:
А) Батыр сұлтан В) Тәуке хан С) Абылай хан D) Әбілқайыр хан Е) Сәмеке хан
24.Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:
А) Төле ұлы,Ақбайұлы В) Ғабитұлы,Жанжігітұлы С) Бөгенбай батыр,Баян батыр
D) Құндағұлұлы,Қоштайұлы Е) Аманұлы,Темірұлы
25.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:
А) 29 старшын В) 28 старшын С) 25 старшын D) 20 старшын Е)21 старшын
8 сынып «Ә»
1.Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген:
А) Т.Чебуков В) В.Степанов С) В.Татищев D) М.Гагарин Е) А.Тевкелев
2.1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс
А) Жәміш В) Ор С) Өскемен D) Железинск Е) Коряков
3.Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты:
А) Қарсыластарының сағын сындыру
В) Мал шаруашылығын дамыту
С) Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті қалмақтарға жұмылдыру
D) Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Е) Отырықшылықты дамыту
4.1738 ж. Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы :
А) И.Кириллов В) В.Татищев С) А.Тевкелев D) Зернов Е) В.Степанов
5.Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:
А) Әбілпайыз В) Қайып С) Әбілмәмбет D) Барақ сұлтан Е) Нәдір шах
6.Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды
А) 1731-1734 ж В) 1735-1737 ж С) 1737-1738 ж D) 1738-1739 ж Е) 1739-1740 ж.
7.1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет:
А) Хиуа хандығы В) Қытай С) Жоңғария D) Иран Е) Ресей
8.Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды?
А) 1730-1731 ж В) 1737-1738 ж С) 1741-1742 ж D) 1743-1744 ж Е) 1748-1749 ж
9.Орынбор қаласының салынуы
А) 1734 ж В) 1736 ж С) 1743 ж D) 1747 ж Е) 1749 ж
10.1714-1720 ж. патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:
А) Жоңғар шабуылына тосқауыл қою В) Қазақ жерін Қытайдан қорғау С) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
D) Қазақ өлкесінде қала мәдениетін дамыту Е) Орта Азия шапқыншылығынан қорғау
11.1742 ж.20 мамырдағы Ресей Сенатының Жарлығы
А) Қазақтарға Жайықтың оң жағалауына мал өткізуге тиым салу тур. В) Орта жүзде әскери бекіністер салу туралы
С) Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау тур. D) Айшуақ сұлтанды Кіші Жүз ханы етіп бекіту
Е) Жантөре сұлтанды Кіші Жүз ханы етіп бекіту
12.1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан:
А) Батыр сұлтан В) Қайып сұлтан С) Барақ сұлтан D) Нұралы хан Е) Шерғазы
13.XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп
А) Горькая шебі В) Ертіс шебі С) Колыван шебі D) Орынбор шебі Е) Омбы шебі
14.XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары
А) Семей, Өскемен, Бұқтырма В) Петропавл, Орынбор, Құлжа С) Семей, Петропавл, Ақсу
D) Ташкент, Бұхар, Самарқан Е) Орынбор, Жәміш, Тобыл
15.Қазақ – орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі
А) XVIII ғ. 30ж. В) XVIII ғ. 40ж. С) XVIII ғ. 50ж. D) XVIII ғ. 60ж. Е) XVIII ғ. 70ж.
16.1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі
А) Бекіністерде керуен сарайларын салуға рұхсат алу В) Баж салығын тексеретін арнайы мекемелер үшін рұхсат алу
С) Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
D) Саудагерлердің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтуге рұхсат алу
Е) Бекіністерде мешіттер салуға рұхсат алу болды
17.Көшпенділердің күнделікті қажеттерін қатамасыз ететін басты орыс тауарлары
А) Шойын қазан, шұға, қант В) Алаша, қамқа, жеміс – жидектер С) Мал, тері, киіз D) Жиһаз, бал, киім-кешек
Е) Қару-жарақ, құралдар
18.1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды:
А) Шетелдік көпестерге қазақ жерінде тауар сатуға В) Жайық жағалауына мал жаюға
С) Бекіністерде мешіттер салуға D) Саудагер мейрамханаларының салынуына
Е) Қазақтардың көрші елдермен экономикалық байланыс жасауына
19.Жайық бйында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды
А) 1756 ж В) 1757 ж С) 1758 ж D) 1759 ж Е) 1761 ж
20.Патша өкіметі Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды
А) Қазақ халқының көнбістігі В) Әскери күшінің басымдығын С) Қазақ жерінің бос жатқан бөліктерінің көптігін
D) Нұралы хан мен Батыр сұлтанның алаутанның алауыздығын Е) Қазақтардың ауыр жағдайын
21.1766 ж. Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан
А) Әбілпайыз В) Нұралы С) Әбілмәмбет D) Жолбарыс Е) Қайып
22.Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 ж. өлкеге қоныстандырды:
А) Татарларды В) Орыстарды С) Казактарды D) Башқұрттарды Е) Қырғыздарды
23.1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға рұқсат еткен император:
А) I Павел В) II Петр С) I Александр D) I Николай Е) II Екатерина
24.Абылай ханның өмір сүрген жылдары
А) 1700-1770ж.ж В) 1711-1781ж.ж С) 1680-1775ж.ж D) 1691-1771ж.ж Е) 1681-1761ж.ж
25.Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл
А) 1738ж В) 1739ж С) 1740ж D) 1743ж Е) 1745ж.
8 сынып «Б»
1.XVIIIғ.қазақ жерлерін қалпына келтіріп,билік жүргізген хан
А) Әбілқайыр В) Сәмеке С) Уәли D) Абылай Е) Әбілмәмбет
2.Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс
А) Хан билігін шектеулі етті В) Хан би кеңесі шешімімен келісетін болды С) Билер кеңесін енгізілді
D) Хан билігі шексіз болды Е) Құрылтай жиналысын шақырды
3.Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала
А) Ташкент В) Түркістан С) Бұхар D) Созақ Е) Самарқан
4.Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді
А) Тәуке ханның В) Абылайдың С) Әбілхайыр D) Қайып Е) Әбілмәмбет
5.Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы
А) 1740ж В) 1745ж С) 1757ж D) 1761ж Е) 1763ж
6.Абылай хан жерленген қала:
А) Созақта В) Таразда С) Ташкентте D) Сығанақта Е) Түркістанда
7.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам
А) Тәтіқара В) Үмбетей С) Бұқар жырау D) Асан қайғы Е) Доспамбет жырау
8.Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты
А) Әбілмансұр В) «Алапай» С) «Сабалақ» D) «Қожалақ» Е ) Дарабоз
9.Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір:
А) Ертіс бойы В) Шу бойы С) Жайық бойы D) Талас бойы Е) Сырдария бойы
10.1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды:
А) Ресейдің В) Хиуаның С) Жоңғарияның D) Қытайдың Е) Қоқанның
11.1761ж. Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды:
А) Анна Иоановна В) II Екатерина С) Елизавета Петровна D) I Екатерина
Е) Анна Леапольдовна
12.1778 жылы II Екатерина Абылай ханды
А) Үш жүздің ханы етіп бекітті В) Кіші жүздің ханы етіп бекітті С) Орта жүздің ханы етіп бекітті
D) Орта жүз бен Кіші жүздің ханы етіп бекітті Е) Ұлы жүздің ханы етіп бекітті
13.Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы:
А) Мал шаруашылығы В) Егіншілік С) Құс шаруашылығы D) Өнеркәсіп Е) Сауда
14.1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер:
А) Абылай В) Әбілпайыз С) Уәли D) Кенесары Е) Бөкей
15.Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан
А) Тәуке В) Қасым С) Хақназар D) Әбілқайыр Е) Абылай
16.Қытай қолбасшылары Фу Дэ,Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірген жылы
А) 1751ж В) 1754ж С) 1757ж D) 1762ж Е) 1771ж
17.Абылайдың бас мирасқоры
А) Уәли В) Шерғазы С) Бөкей D) Есім Е) Сәмеке
18.XVIIIғ.70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп , салық төлеуге мәжбүр еткен қала
А) Бұхар В) Ташкент С) Хиуа D) Хорезмшах Е) Самарқан
19.Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі
А) Қалдан – Серен В) Давашы С) Әмірсана D) Сыбан – Рабдан Е) Капсы
20.Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған
А) Г.Миллер В) П.Рычков С) И.Муравин D) И.Андреев Е) Я.Гуляев
21.Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған
А) В.Урусов В) И.Лихарев С) Н.Рычков D) Д.Гладышев Е) И.Миллер
22.XVIIІ ғ. шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі
А) Шалкиіз В) Бұқар С) Жанаң D) Ақтамберді Е) Үмбетей
23.Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғ. IІ жартысындағы танымал ақын
А) Жанақ В) Үмбетей С) Тәтіқара D) Ақтамберді Е) Бұқар
24.Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғ. өмір сүрген белгілі жырау
А) Ақтамберді В) Тәтіқара С) Үмбетей D) Бұқар Е) Жанақ
25.XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау
А) Жанақ В) Бұқар С) Доспамбет D) Тәтіқара Е) Үмбетей
8 сынып «В»
1. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғ. суырып салма ақындардың бірі
А) Ақтамберді В) Жанақ С) Бұқар D) Тәтіқара Е) Үмбетей
2. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы
А) В.Веселовский В) И.Муравин С) П.Рычков D) Д.Гладышев Е) Я.Гуляев
3.Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған
А) Г.Миллер В) П.Рычков С) И.Муравин D) И.Андреев Е) Я.Гуляев
4.Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған
А) В.Урусов В) И.Лихарев С) Н.Рычков D) Левшин Е) И.Миллер
5.XVIIІ ғ. шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі
А) Шалкиіз В) Бұқар С) Жанақ D) Ақтамберді Е) Үмбетей
6.Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау
А) Ақтамберді В) Тәтіқара С) Үмбетей D) Бұқар Е) Жанақ
7.XVIIІ ғ. қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау
А) Досбол В) Бұқар С) Доспамбет D) Тәтіқара Е) Үмбетей
8.С.Датұлы старшын болған ру:
А) Адай В) Жағалбайлы С) Байбақты D) Беріш Е) Шекті
9.С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші
А) билер В) жұмысшылар С) батырлар D) старшындар Е) шаруалар
10.С.Датұлының қазақ әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы болды
А) 1778 жылы В) 1787 жылы С) 1783 жылы D) 1785 жылы Е) 1784 жылы
11.1783-1797 жылдары С.Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы
А) Ұлы жүз В) Жетісу С) Орта жүз D) Кіші жүз Е) Сыр бойы
12.С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы
А) Нұралы В) Ералы С) Есім D) Айшуақ Е) Әбілқайыр
13.С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды:
А) 1783-1784 жж. В) 1790-1791 жж. С) 1796-1797 жж. D) 1802-1803 жж. Е) 1785-1786 жж.
14.С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болды:
А) 1775-1787 жж. В) 1785-1795 жж. С) 1787-1797 жж. D) 1781-1787 жж. Е) 1783-1797 жж.
15.1785 жылы наурызда Сахарная бекінісне шабуыл кезінде тұтқынға түскен сұлтан:
А) Ералы В) Нұралы С) Досалы D) Айшуақ Е) Жантөре
16.1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім
А) Нұралыны тақтан тайдыру туралы В) Салықты көбейту С) Көтерілісті қолдау туралы
D) Хандық кеңесті күшейту Е) Қазақтарға қарсы күшті топтастыру
17.1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер
А) Хиуа хандығы В) Бұқар С) Сыр бойында D) Орынборда Е) Жайық бойында
18.1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан
А) Айшуақ В) Нұралы С) Ералы D) Есім Е) Шерғазы
19. О.Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілді
А) Хандық кеңеске В) Шекаралық сотқа С) Орынбор әкімшілігіне D) Старшындар тобына
Е) Аға сұлтанға
20.1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады
А) Әскери бекіністерге В) Хан сарайына С) Жазалаушы тобына D) Казак әскеріне
Е) Қарабай сұлтанның жасағына
21.1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды
А) Нұралы В) Есім С) Ералы D) Досалы Е) Айшуақ
22.С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:
А) 15 жылға В) 14 жылға С) 13 жылға D) 12 жылға Е) 11 жылға
23.Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі
А) Патша өкіметінің отарлау саясаты әлсіреді В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
С) Кіші жүздер 1797 жылы хандық билік жойылды D) Орыс-казак әскерінің қысымы жойылды
Е) Ру аралық қайшылықтар ұмытылды
24.Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүздің руларының саны:
А) 20-ға жуық В) 10-ға жуық С) 30-ға жуық D) 40-ға жуық Е) 50-ға жуық
25.1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:
А) Айшуақ В) Қаратай сұлтанның С) Бөкей сұлтанның D) Исатайдың Е) Пугачевтің