Қазақстан тарихы ҰБТ тест 10-нұсқа. Жаңартылған бағдарлама бойынша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан тарихы ҰБТ тест 10-нұсқа. Жаңартылған бағдарлама бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ қазақстан тарихынан тесттер. Жаңартылған бағдарлама бойынша, 2 контекст бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.1836–1838 жылдардағы көтеріліс болған аймақ:

A) Орта Азия

B) Сырдың төменгі ағысы

C) Бөкей Ордасы +

D) Бүкіл қазақ жері


2. Ресейдің II Мемлекеттік Думасының құрамына Ақмоладан сайланған депутат:

A) Т.Нұрекенұлы

B) М.Тынышпайұлы

C) Ш.Қосшығұлұлы +

D) А.Байтұрсынұлы


3. Терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен малшаруашылығына өткен тарихи қадам аталады:

A) Мұз басу

B) Отырықшылыққа көшу

C) Тайпалық одақтың қалыптасуы

D) Неолиттік төңкеріс+


4. 1893 жылы ежелгі түркі қолжазбаларының құпиясын ашты:

A) В.Бартольд 

B) К.Ақышев

C) М.Қадырбаев

D) В.Томсен+


5. Александр Македонскийдің жорықтары туралы жазылған Птолемейдің еңбегі:

A) «Тарих жазбалары»

B) «Тарих»

C) «География» +

D) «Жаратылыстану тарихы»


6. Батыс Қыпшақ бірлестігінің астанасы:

A) Сығанақ

B) Тараз

C) Сарайшық +

D) Алмалық


7. Атбасар уезінде орналасқан жәрмеңке:

A) Петров +

B) Қоянды

C) Ойыл

D) Шар


8. ЖӘҢГІР ХАННЫҢ ОЙРАТТАРМЕН КҮРЕСІ

Есімнің ұлы Жәңгір ханның билік құрған кезеңі жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Жеке ерлігі мен әскери жеңістері үшін қазақтар оны «Салқам Жәңгір» деп атады. Қазақ ханы қалмақтармен күресте Қашғария моғолдарынан қолдау тапты, қырғыздармен одақ құрды. 1643 жылы ерте көктемге қарай Батыр қонтайшы бастаған жоңғардың қалың қолы Қазақ хандығының аумағына басып кірді. Жәңгір хан Дала өңірі үшін озық жаңа әскери әдістерді пайдаланып, Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті. Сол кезеңдегі орыс құжаттары бойынша, Жәңгір өз адамдарының жартысына «от қарумен» тау арасындағы өткелде ор қазып бекінуге бұйырады. Ал өзі үш жүз адаммен тауда жасырынады. Қазақ сарбаздарына Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр 20 мың адамымен көмекке келді. Ойраттар талқандалып, он мыңдай адамынан айырылып, кейін шегінеді. Қазақтардың соққысынан есін жиған Батыр қонтайшы қайтадан Қазақ хандығына жорыққа шықты. Жәңгір хан 1652 жылы шайқастардың бірінде қаза тапты. Бұл шайқаста қазақтар жеңіліп, Алатаудың бөктерін тастап кетуге мәжбүр болды. Жәңгір ханның жоңғарларға қарсы күресі өтті:

A) 1598–1628 жылдары

B) 1583–1598 жылдары

C) 1629–1652 жылдары +

D) 1613–1627 жылдары

9. Жәңгір хан билік құрған кезеңінде қарсы күрес жүргізген тайпаларды көрсетіңіз:

I. қырғыздар

II. моғолдар

III. ойраттар

IV. жоңғарлар

V. қалмақтар

A) I, II, IV

B) тек IV

C) III, IV, V +

D) III, IV


10. Жоңғарлар шапқыншылықтарын ерте көктемде жасауының себебі:

A) Қырғыз-қазақ әскерінің одақтасуын болдырмау

B) Қыс мезгілінен кейін көшпелілер әскерінің жиналуының қиындығы +

C) Көктем мезгілінде Жетісу тауларында жүрудің қолайлығы

D) Жәңгір ханның ойраттар тұтқынына түсіп қалуы


11. Мәтінді оқып, Жәңгір ханға қатысты дұрыс ақпаратты табыңыз:

A) XVII ғасырдың ортасында Жетісудан жоңғарларды толық қуып шықты

B) Билік құрған кезеңі жоңғарларға қарсы күреспен өтті +

C) Қалмақтармен қатар қырғыздарға қарсы күрес жүргізді

D) Бұхар, Қашқар және жоңғар хандарымен үш жақты күрес жүргізді


12. Орбұлақ шайқасы орын алды:

A) XVI ғасырдың 50-жылдары

B) XVIII ғасырдың ортасы

C) XVI ғасырдың 40-жылдары

D) XVII ғасырдың 40-жылдары+



13. Қазақтар жауға аттанғанда «Абылай! Абылай!» деп ұрандатты. Ә. Бөкейхан өзiнiң «Қырғыздар» (қазақтар. – авт.) деген еңбегiнде Абылайдың атын тiптi Сiбiр казактарының ұран ретiнде пайдаланатыны туралы былай деп жазды: «Абылай!» деп ұран тастау тiптi Сiбiр казак-орыстарында да бар. Олардың бiреуi өзiнiң ұлын 1904–1905 жылдардағы орыс-жапон соғысына аттандырып тұрып, оған бата ретiнде: «Абылай! Абылай!» деп атой сал... «Абылай деп шабуыл жаса!» дегенiн көрдiм».

Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы:

A) мал шаруашылығы

B) құс шаруашылығы

C) өнеркәсіп

D) егіншілік+


14. Қанжығалы Бөгенбай батырдың өлімін естірткен ақын-жырау:

A) Ақтамберді

B) Доспамбет

C) Үмбетей +

D) Бұқар



15. Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі:

A) Севан-Рабдан

B) Давашы

C) Әмірсана +

D) Қалдан-Серен



16. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ

Ұжымдастыру 1931–1933 жылдардағы зобалаңға әкеліп, қазақ даласын жаппай қырылу мен жұқпалы аурулар әкелген аштық жайлады. Шетелдік және отандық авторлардың зерттеу жұмыстарында кеңес өкіметі жүргізген ұжымдастыруды «геноцид» деп бағалайды. 1926 және 1939 жылдары КСРО мен Қазақстанда халық санақтары жүргізілді. Санақтар бойынша Қазақстандағы халық санының азайғандығы туралы қорытынды жасауға болады. Қазақ халқының саны 36,7%-ға кеміп кеткен. 1932–1933 жылдар зобалаңның шыңы болып есептелді. Академик М.Қозыбаев пен басқа да ғалымдар аштықтың нәтижесінде Қазақстанда шамамен 2 млн 10 мыңдай қазақ қырылғанын атап көрсетті. Жүздеген мың қазақ Қазақстаннан тыс жерлерге көшіп кетті. БМСБ мәліметтері бойынша, қазақ халқы КСРО шегінде Сібірге, Еділ бойына, Қалмақияға, Орталық Азия республикаларына қоныс аударды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің саясатына наразылықтың алғашқы белгілері 1928 жылы тәркілеу кезінде-ақ пайда болған еді. Шаруалардың қарсылығы әртүрлі сипатта болды: қалаға көшу; аудан немесе республика шегінен тыс жерлерге көшіп кету; белсенділерді немесе партия қызметкерлерін өлтіру болды. 1929 жылғы наразылықтар жекелеген қарсылық көрсетулер сипатында болса, 1930 жылдан бастап өкіметтің жазалау шараларына қарамастан, шаруалар көтерілістері бұқаралық сипат алды. 1930 жылы көктемде Қазақстанда көтеріліс қозғалысы күшейе түсті. Батыс Қазақстанның Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі кең аумақты қамтыған көтерілістер неғұрлым табанды болды. 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері жеңіліске ұшырады. Шаруаларға қарсы кеңестік мемлекеттік машинаның бүкіл қуаты әрекет етті. Қалжыраған, аш көшпелілер енді өз мүдделерін қолдарындағы қарумен қорғай алмады.


Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың демографиялық салдары:

A) Қазақстан КСРО-ның ірі шикізат орталығы болды

B) Қазақстан аграрлы-индустриялы республикаға айналды

C) Өнеркәсіптік өнімнің меншікті үлесінің артуы байқалды

D) Қазақтар өз жерінде этникалық азшылыққа айналды+


17. «Геноцид» дегеніміз:

A) Жеке шаруа қожалықтарын ұжымшарларға біріктіру үдерісі

B) КСРО өнеркәсіптік әлеуетін қарқынды өрістету үдерісі

C) Жекеменшік кәсіпорындарды мемлекеттік меншікке айналдыру

D) Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік белгілеріне қарай жою+


18. Қазақстанда Кеңес өкіметінің саясатына қарсылықтың жоғары түрі:

A) республика шегінен тыс жерлерге көшу

B) аудан немесе қалаға көшу

C) партия қызметкерлерін өлтіру

D) көтерілістер жасау+


19. Аштық салдарынан қазақ халқы қоныс аударған Орта Азия республикасы:

A) Түркіменстан, Тәжікстан+

B) Моңғолия, Қытай

C) Ауғанстан, Түркия

D) Иран, Ирак


20. Қазақстанда Кеңес өкіметінің саясатына қарсылықтың жоғары түрі:

A) аудан немесе қалаға көшу

B) республика шегінен тыс жерлерге көшу

C) партия қызметкерлерін өлтіру

D) көтерілістер жасау+


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі