Қазақстан тарихын оқытуда көркем әдебиеттің ролі
Сарсенбаева С.Ж.
Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия , тарих пәні мұғалімі
Тарих - өткен кезеңді де, болашақты да саралайтын, зерделейтін, сараптайтын пән. Оқушыларға осы қызықты танымдық пәнді меңгерте отырып, Отан тарихына деген құрметін арттыруда, өткенді ұмытпай қастерлей білуде, үлгі, өнеге алуда қазақтың ұлы тұлғаларының өмір тарихын оқыта отыра, көркем шығармаларды қоса оқыта, айта отырудың маңызы зор.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халықының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де, өнеге, тәлімде алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал өз Еліміздің азаматтарына Отан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны – жалпы білім беретін мектеп.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу.
көркем әдебиет оқушының көрекемдік-эстетикалық талғам-түсінігін де одан әрі дамыта түседі. Тарихты оқытуда әдеби шығармаларды қолдана білу - тарихи шындықты жете ұғынып, таптық езгіні мейлінше жек көруге, өзінің азаттығы мен бостандығы жолында күрескен халықтың ерлік істеріне сүйсіне қарауға үйретеді.
Ежелгі Қазақстан тарихы кезеңін өткенде «А.Македонскийдің сақтарға жорығы» тақырыбында А.Құнанбайұлының «Ескендір Зұлқарнайын» поэмасынан оқытып, үзінділер айтқызғанда әсері зор немесе сақтардың тәуелсіздігі үшін парсылармен соғысын өткенде Б.Жандарбековтың «Саки» және «Томирис» романдарынан үзінділер оқығанда оқушылар үлкен қызығушылықпен тыңдайды. М.Мауаиннің «Қазақ хандығының әліппесі» кітабы қазақ хандығының хандар тарихын оқығанда салиқалы, арыстан жүрек, сабдар хандарымыздың өмір жолдарынан үзінділер айтқанда оқушылар хандар жайлы терең мағлұмат алады. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының да орны ерекше. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудың батысына көшейік деген жиынында Қасымның: «Моғолстанға қашқан ел емес, көшкен ел болып баруымыз керек, ол үшін көшіміз сәнді, әдемі болып көш керуенімен көшу керек»- деп айтқан сөздерін айтқанда оқушылардың көздерінде мақтаныш сезімі пайда болады, ерекше әсерге бөлейді. «Алтын Орда» романы Алтын Орда хандарының түрлі саясатынан жан-жақты хабар береді. 8-сыныпта Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті өткенде І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы мен Е.Бекмахановтың «ХІХ ғ 20-40 жылдарындағы Қазақстан» еңбегінің ролі зор.
М.Әуезовтің «Абай жолы» романы оқушыға ХІХ ғасырдағы қазақ еңбекшілерінің жай-күйі, тұрмысы, кәсібі, тұтынған бұйымы, салт-санасы туралы жан-жақты түсінік береді.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы реформаның қазақ елін жаңаша басқару мен оны отарлау тәртібін нығайтқанын, жергілікті әкімдер мен бай-феодалдардың отаршыл өкімет билушілерімен ауыз жаласып, таптық негізін күшейткендігін ұғыну үшін Абайдың «Болыс болдым мінеки» өлеңін мысалға келтіруге болады.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...
Съезд бар десе жүрегім,
Орнықпайды сыр бермей,
Құр күлемінжымыңдап.
Бір кездері әйгілі француз жазушысы О.Бальзак: "Кейіпкерлерге енген идеяны түсінуге болады", - деді. Шынында да, көркем әдебиет тарихи өткенмен танысудың маңызды көзі, сонымен қатар адамгершілік тәрбиесінің тиімді құралы болып табылады.
Көркем әдебиет шындықты бейнелі бейнелеу арқылы тарихты зерттеуге көмектеседі. Көркем шығармалардан үзінділер тарихи оқиғалардың бейнесін жасауға көмектеседі
Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс" тақырыбын зерттеуде С.Мұқановтың "Ботагөз" шығармасы мен Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романын кеңінен қолданамын: Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақтардың ауыр жағдайы туралы әңгімелеу, 1916 жылғы 25 маусымдағы тың жұмыстарға жұмылдыру туралы Жарлыққа қазақтардың реакциясы, халық аарсында тараған үрей, қорқыныш сезімдері, баласын солдаттан аман қалу үшін түрлі әрекеттерге барған күлкілі де қайғылы жағдалар нанымды суреттелген шығармаларда. Жоғары класс оқушыларына әдебиетпен байланыстырып, алдын – ала тарихтан өтетін тақырыптың көркем әдебиетпен байланысын анықтап алып ізденуге тапсырма беруге болады және ұсынылған мәселелер бойынша ақпарат дайындайды
Тарихи кейіпкерлерді сипаттау үшін көркем әдебиетті қолдану көп көмектеседі. Осылайша, Жәнібек, Керей, Бұрындық, Қасым, Абылай сынды қазақ хандарының бейнесін жасау барысында Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер"атты туындысын қолданамын. Мысалы, Бұрындыққа берілген сипаттама осы ханды бірден елестетуге мүмкіндік береді: "Бұрындық күшті еменнің діңіне ұқсас болды. Оның үлкен қолдары шойын болып көрінді. Бірде-бір жылқы Бұрындыққа төтеп бере алмады, сондықтан ол ақ түйеге мініп жүрді".
Көркем шығармаға, сондай-ақ мемуарлық және публицистикалық әдебиетке сүйене отырып, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасау қызықты. Мысалы, "19 ғасырдың ортасында Қазақстанда капитализмнің пайда болуы" тақырыбын зерттеу барысында оқушыларға Ғ.Мүсіреповтің "Оянған өлке" , «Қарағанды» шығармаларын қолданамын және оқуға ұсынамын.
Ұлы Отан соғысы тақырыбын өткенде Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім», Б.Момышұлының «Мәскеу үшін шайқас», Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», М.Ғабдуллиннің «Менің қаруластарым», т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын қолдана отырып, түсіндіру тарихтың тақырыптарын жандандыруда, патриоттыққа тәрбиелеуде үлесі зор.
Көркем шығармалардан үзінділер сын тұрғысынан ойлау әдісімен сабақ өткізу кезінде де қолданылады. Бұл әдіс бойынша жұмыс істеу үшін мәтін дайындалады, онда тарихи көздерден, анықтамалықтардан, естеліктерден, журналистік және көркем әдебиеттерден алынған ақпарат бар. Сонымен қатар, көркем әдебиеттегі ақпарат тарихи шындыққа қайшы келуі мүмкін. Мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушылар кестені толтырады және келесі сұрақтарға жауап береді:
- сіз білетін нәрсеге қарама-қайшылық;
- қызықты ақпарат;
- мәтін бойынша не түсініксіз немесе сіз көбірек білгіңіз келеді.
Осылайша, тарихты зерттеуде көркем шығармаларды пайдалану тарихи оқиғаларды қабылдауға көмектеседі, тарих сабақтарын жарқын және қызықты етеді, оқиғаларды талдауға, белгілі бір мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, бейнелі ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.
Отан тарихын оқытуда қазақ әдебиеті классиктері еңбектерін, көркем әдебиетті, деректі мақалаларды пайдалану білімді беріп қана емес терең игертуге үлкен көмегін тигізеді, бұл біздің негізгі мақсатымызға жетуге толық мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аманжолов К. Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану. Алматы,1989.
2. Бейсенбаева А. Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс, Алматы, 1991.
3. Турлығұлов Т. Қазақстан тарихы мектеп курсының және оны оқыту әдістемесі қалыптасуының негіздері (1934-1997 ж) Алматы 1998 ж.
4. Турлығұл Т. Мектепте Қахзақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі, Алматы, «Ғылым» 2003 ж.
5. Шаймерденова К. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер, Алматы, 1990.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз