Қазақстан тарихынан ҰБТ сұрақтары 7-ші нұсқа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан тарихынан ҰБТ сұрақтары 7-ші нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша тест тапсырмасы 20 сұрақ ішінде 2 контекст бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

7-нұсқа

Тарихи тұлғаларға қатысты ортақ дәйекті табыңыз:

Мұса, Өзбек, Тоғылық Темір?

A) Әмір Темір жорықтарына қарсы күресті

B)Шыңғысханның ұрпақтары

C) Алтын Орданың күш-қуатын нығайтты

D) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады+


2. Араб ғалымы ибн Хаукальдің дерегінде «мұсылман түркілерінің сауда жасайтын орны» деп аталған қала:

A)Суяб

B)Тараз+

C)Шаш

D)Баласағұн


3. 1201 ж. моңғол тайпалардың Құрылтайында Жамұқаға берілген атақ:

A)Қарахан.

B)Ван-хан.

C)Гурхан.+

D)Шаньюй


4. Арабтарға қарсы батыл қимылдағаны соншалықты арабтар оны Әбу Музахим (Сүзеген) деп атады:

A)Қапаған

B)Тардуш

C)Сұлық+

D)Білге

E)Бумын


5. Тоқырау жылдары болған оқиғалардың ішінен дұрыс емес дәйекті табыңыз:

A)«Аз и Я» еңбегі жарыққа шықты

B)Целиноград оқиғасы

C)Жаңаөзен оқиғасы+

D)ҚазКСР-ның соңғы Конституциясы


6. 1365 жылы Ілияс Қожа мен Әмір Темір арасындағы шайқас:

A)«Аягөз»

B)«Атлах»

C)«Бұланты»

D)«Батпақ»+


7. 1913 жылы Орынборда шығарыла бастаған жалпыұлттық газет:

A)«Серке»

B)«Балапан»

C)«Қазақ»+

D) «Сарыарқа»


8. Уақытша үкіметтің шешімімен Әлихан Бөкейханов комиссар болып тағайындалған облыс:

A)Ақмола

B)Орал

C)Жетісу

D)Торғай+


9. Александр Македонскийдің жорықтары туралы жазылған Птолемейдің еңбегі:

A)«Тарих жазбалары»

B)«Тарих»

C)«География» +

D)«Жаратылыстану тарихы»


10. Орал облысындағы жәрмеңке:

A) Ойыл +

B) Қарқара

C) Қоянды

D) Шар


11. ХІХ ғасырдың 70–80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді. Ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы )бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскері оларды аяусыз басыпжаныштады. 1881 жылы Қытай мен Ресей империясы арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ол бойынша ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға құқықты болды. Қазақстанға көшіп келген ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. 1897 жылы қазақ жеріндегі ұйғырлардың саны 56 мыңға, дүнгендер 14 мыңға жетті. Қоныс аударушылар негізінен Жетісу аумағындағы уездерде орналастырылды. Ұйғырлар мен дүнгендер егіншілік, бау-бақша өсіру, ұсақ-түйек сауда жасау, басқа да әртүрлі кәсіп түрлерімен айналысты. Жергілікті халық пен қоныс аударып келген ұйғыр, дүнгендердің арасында тату-тәтті бейбіт қарым-қатынас орнады. ХІХ ғасырдың 70–80-жылдары ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударған аймақ:

A) Оңтүстік-Шығыс Қазақстан +

B) Орталық Қазақстан

C) Оңтүстік Қазақстан

D) Алтай мен Ертіс аралығы

12. ХІХ ғасырдың 90-жылдары Ресей империясында болған саяси оқиға:

A) Ұйғырлар мен дүнгендер Жетісуға қоныс аударылды

B) Қытай мен Ресей арасында он жылдық соғыс басталды

C) Қытай мен Ресей арасында Санкт-Петербург келісімшарты жасалды

D) Алғаш рет жалпы халық санағы өткізілді


13. Ұйғырлар мен дүнгендер қоныстандырылған Жетісу облысындағы уездер:

A) Елек пен Ырғыз

B) Семей мен Өскемен

C) Шымкент пен Қазалы

D) Верный мен Жаркент+


14. Қытай мен Ресей арасындағы Санкт-Петербург келісімшарты жасалды:

A) XVII ғасырдың ІІ жартысы

B) XIX ғасырдың 80-жылдары+

C) XIX ғасырдың 90-жылдары

D) XVIII ғасырдың 80-жылдары


15. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі:

A) Цинь империясының аяусыз қысым көрсетуі+

B) Қазақ жерінің егіншілікке қолайлы болуы

C) Патша үкіметінің Жетісуға қоныс аударушыларға жер телімін беруі

D) Орта Азия хандықтарының үздіксіз шабуылы


16. Ботай (Ботай-Терсек) мәдениеті – адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті. Ботай қонысы б.з.б. 3700-3100 жылдары өмір сүрді. Ботайлықтар жылқы өсірумен айналысты. Олардың жылқыны қолға үйретуі мен атқа салт мінуін Ботай қоныстарынан табылған ат әбзелдері, тұсауға арналған ілмектер мен басқа да заттар дәлелдейді.

Ботайлықтар мыс қорытуды білмеді, бірақ тастан және сүйектен құрал жасауды жақсы меңгерді. Олар ағаш бөренесінен жартылай дөңгелек баспана тұрғызып, оның жіктерін шөппен және мүкпен тығыздап бітеді. Мыс-тас дәуіріндегі ботайлық жылқы асырау мәдениеті Ұлы Даладағы көшпелі өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта Ботай мәдениеті өз ерекшілігін жоғалтты. Бұған табиғаттың қуаңшылыққа ұшырауы және жылқы басының азаюы себеп болды. Ботайлықтар өз қоныстарын тастап, Оңтүстік Орал мен Шығыс Қазақстандағы балық аулау мен аңшылықты кәсіп еткен тайпалар арасына сіңіп кетті.

Ботайлықтардың негізгі азығы:

A) Шұбат

B) Шалап

C) Қымыз+

D) Айран


17. Мәтінді оқып, дұрыс жазылған дәйекті анықтаңыз:

A) Б.з.б. IV мыңжылдықта жылқы азаюынан Ботай мәдениеті өз ерекшелігін жоғалтты

B) Ботайлық жылқы өсіру қазақтардың көшпелі мәдениетінің алғашқы бастауы болды

C) Ботайлықтардың атқа салт мінуін қоныстан табылған дөңгелекті арбалар дәлелдейді

D) Ботайлықтар қола өндіруді білмеді, бірақ мыстан және тастан құрал жасауды білді


18. Ботайлықтардың жылқыны қолға үйретуі мен салт атқа мінуін дәлелдейді:

A) Археологиялық деректер+

B) Антропологиялық деректер

C) Этнографиялық деректер

D) Жазбаша деректер

19. Ботай-Терсек мәдениетінде жылқыны қолға үйрету басталды:

A) Б.з.б. IV мыңжылдықта+

B) Б.з.б. III мыңжылдықта

C) Б.з. ІV мыңжылдықта

D) Б.з.б. II мыңжылдықта


20. Ботай-Терсек мәдениеті жататын дәуір:

A) Палеолит

B) Мезолит

C) Неолит

D) Энеолит+

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі