2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қазақстан таулары

Қазақстан таулары

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоапар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

1 ЖББОМ

бастауыш сынып мұғалімі

Юнусова Асел Смагуловна


Сабақтың тақырыбы

Қазақстан таулары А.Сейтақ

Мақсаты


а) Білімділігі : ел, жер, тау-тасын білу арқылы әсемдікті түсінуге, оқушының шындыққа көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасау.
ә) Дамытушылығы: іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасай отырып,оқуға,жазуға дағдыландыру.
б) Тәрбиелілігі: патриоттық, отаншылдық тәрбие беру, эстетикалық, экологиялық көзқарасының қалыптасуына әсер ету.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ –жауап, СТО .

Сабақтың көрнекілігі:

пайдалы қазбалардың түрлері, Қазақстанның картасы, тау туралы әннен үзінді, интерактивті тақта.

Психологиялық ахуал

Ал, қанекей, балалар
Бері қарай қарайық
Қажет, құрал, кітапты
Алдымызға алайық
Алаңдамай басқаға
Сабаққа назар салайық.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару; 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Жаңа сабағымыздың тақырыбымен таныспас бұрын мен сіздерге бір әннің үзіндісін тыңдатамын, ал сіздер сол ән не жайында екенін анықтауларыңыз керек?
Әннен үзінді. 
- Сонымен ән не жайында екен? (Тау) 
- Дұрыс айтасыздар. 
Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар- менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам, - деп ақын М.Мақатаев жырлағандай мен бүгінгі жаңа сабағымды осы өлең жолдарымен бастағалы отырмын себебі бүгін де біз еліміздің сәнін келтіретін таулар жайында айтпақшымыз. 
- Ендеше Қазақстан тауларын атап өтейікші. (Алатау, Көкшетау, Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы т.б) 

Жаңа сабақ

Оқушыларға күннің жады мен тақырыпты жаздырту. 
Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары». 
Автор жайында мәлімет. 
Айбатыр Сейтақ – 1966 жылы 28 ақпан күні, Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданы Бөкей ауылында дүниеге келген.
1989-1977 жылдары Орал және Қостанай облысы телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір ҚР парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз Қызметінің бас консультанты. 1997 жылы «Ғұмырнама» атты жыр жинағы жарық көрді. «Жас Алаш» газеті өткізген 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылы ҚР Президенті стипендиясының иегері. 
Кітаппен жұмыс. 
Мәнерлеп оқу.Түртіп алу әдісі. Тау атауларын түртіп отыру. 
3 топқа бөлу. Өздеріне тиесілі шумақтарды мәнерлеп оқып, түсінігін өз сөздерімен айту. 
Оқушылардан тау, таулы аймақтар жайында білетіндерін сұрау. 
- Оқушылар тау жайында не білеміз таулы аймақтардың ауа райы, таби,аты қандай болады? (оқушылардан толық жауап алу)
- Таулы аймақтың ауа райы қандай болады? «жаңбырлы»
Тренинг «Жаңбыр»
Бірнеше оқушыға мәнерлеп оқыту. 
- Картада таулар қандай түспен белгіленеді? (қоңыр)
ІV Картамен жұмыс. 
Картадан тауларды көрсету.

Ой толғаныс

- Оқушылар, тауларға қандай экологиялық қауіптер төнуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ойын тыңдап, дәптерлеріне жаздырту. 


БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма


«Таулы мекен» тақырыбында эссе жазу.

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады












10 Маусым 2021
467
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі