Материалдар / Қазақстан таулары 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан таулары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан таулары 6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2019
319
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Жаратылыстану
1-сынып

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.

2

Мазмұны
1-тоқсан «Өзім туралы», «Менің мектебім» ортақ тақырыптары аясында ....................... 4
Бөлім: «Мен – зерттеушімін» ........................................................................................................ 5
Бөлім: «Тірі табиғат» ..................................................................................................................... 9
2-тоқсан «Мен және менің отбасым»,«Бізді қоршаған әлем" ортақ тақырыптары
аясында ........................................................................................................................................... 28
Бөлім «Тірі табиғат» .................................................................................................................... 29
Бөлім «Табиғат физикасы» .......................................................................................................... 24
Бөлім«Мен – зерттеушімін» ........................................................................................................ 39
3-тоқсан «Саяхат», «Салт -дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыптары аясында . 31
Бөлім: «Жер және ғарыш» ........................................................................................................... 31
Бөлім: «Табиғат физикасы»......................................................................................................... 32
4-тоқсан «Тағам және сусындар», «Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыптары
аясында ............................................................................................................................................ 41
Бөлім:«Табиғат физикасы».......................................................................................................... 59
Бөлім:«Мен – зерттеушімін» ....................................................................................................... 46

3

1-тоқсан
Бөлім: «Мен – зерттеушімін»
Бөлімше 1.1. «Ғылым мен зерттеушілердің рөлі»
Оқу мақсаты

1.1.1.1.Қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен
нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қоршаған ортаны
түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну

зерттеудің

маңыздылығын

Тапсырма
Адамдар қоршаған ортадағы құбылыстарды, өзгерістерді қалай таниды? Суреттерді
пайдалана отырып, түсіндір.



Қоршаған ортаны зерттеу не үшін қажет?

Дескриптор

Білім алушы
-қоршаған ортаны тану тәсілдерін атайды (бақылау, зерттеу,
тәжірибе жасау);
- қоршаған ортаны тану үшін зерттеудің маңыздылығы туралы
айтады.

4

Бөлімше 1.2. «Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты

1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау
жасайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суреттерді табиғи құбылыстардың атауымен сәйкестендір.



Оларды жылдың қай мезгілінде көруге болады? Бұл табиғи құбылыстарды бақылап
көрдің бе? Әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- табиғи құбылыстарды ажыратады ;
- табиғи құбылыстардың бір-екеуін сипаттайды.

5

Бөлімше 1.2. «Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты

1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жүргізілген эксперименттің нәтижесін
қорытындылайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Жұптық жұмыс
Әр түрлі заттарды қолданып, сыныптасыңның бойын өлше.
Тәжірибе:
1.
2.
3.
4.

Бойды өлшейтін екі түрлі зат таңдап ал (мысалы: таяқша, қарындаш, дәптер т.б.)
Оларды қолданып, жұбыңның бойын өлше.
Нәтижесін кестеге жаз.
Өлшеулердің нәтижесін салыстыр. Не байқадың?
Өлшеу құралы

Нәтижесі

1.
2.


Сыныптағы басқа оқушымен жұп құр. Оған тәжірибені қалай жасағаның туралы
айтып бер. Тәжірибе нәтижесінің әртүрлі болу себебін түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы
- нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды;
- тәжірибенің нәтижелерін кестеге түсіреді;
- тәжірибе нәтижесін салыстыра отырып, қорытынды жасайды;
- тәжірибе нәтижесінің әр түрлі болу себебін түсіндіреді.

6

Бөлім:«Тірі табиғат»
Бөлімше 2.1. «Өсімдіктер»
Оқу мақсаты

1.2.1.1.Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және
олардың тіршілік формаларын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өсімдіктерді топтарға (ағаш, бұта, шөп) жіктейді
және негізгі белгілері бойынша сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Ағаштарды- жасыл, бұталарды- қызыл, шөптерді көк түсті
қарындашпен қоршап сыз.

Дескриптор

Білім алушы
- өсімдіктерді топтарға (ағаш, бұта, шөп) бөледі;
- өсімдіктердің түрлерін сәйкес түспен белгілейді.

2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Әр топтағы артық өсімдікті анықтап, белгіле (). Басқа
өсімдіктердің ортақ атауын жаз.

Бұлар - _____________________
7

Бұлар - ______________________

Бұлар - ______________________
Дескриптор

Білім алушы
- қатардағы артық өсімдікті анықтайды;
- өсімдіктердің ортақ атауын жазады.

8

Бөлімше: 2.1. «Өсімдіктер»
Оқу мақсаты

1.2.1.2.Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өсімдіктердің негізгі мүшелерін
жапырақ, гүл, жеміс) атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну

(тамыр,

сабақ,

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Өсімдік мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен
жазып көрсет:
Үлгі: тамыр – Т, сабақ –С, жапырақ –Ж, гүл –Г, Жеміс –ж.

Дескриптор

Білім алушы
- өсімдіктің негізгі мүшелерін анықтайды және әріптермен
белгілейді.

9

Бөлімше 2.1.«Өсімдіктер»
Оқу мақсаты

1.2.1.3. Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді
ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Мәдени өсімдіктерді тауып, боя.



Тағы қандай мәдени өсімдіктерді білесің? Бос орынға суретін сал.

Дескриптор

Білім алушы
- мәдени өсімдіктерді анықтайды және бояйды;
- өзі білетін мәдени өсімдіктің суретін салады.

2-тапсырма
Суреттерді тиісті атаулармен байланыстырып сыз.

Дескриптор

Білім алушы
- жабайы өсімдіктерді анықтайды;
- мәдени өсімдіктерді анықтайды.

10

Бөлімше 2.1.«Өсімдіктер
Оқу мақсаты

1.2.1.4. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды
зерттеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды (ауа,
су, жарық, жылу,қорек) анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет? Оны анықтау үшін қарапайым тәжірибе жасап
көр.
Ол үшін:
1.
2.
3.
4.
5.
6.


Үш түрлі бөлме өсімдігін таңдап ал.
Олардың екеуін жарық жерге, үшіншісін қараңғы жерге қой.
Жарық жерде тұрған өсімдіктердің біреуін мүлдем суарма.
Қараңғы жерде тұрған өсімдікке күтім жасап жүр.
Оларды бірнеше күннен кейін салыстырып көр.
Тәжірибенің нәтижесін сипаттап айт.
Жасаған тәжірибенің негізінде өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды
анықта. Қажетті сөздерді қоршап сыз.

СУ ЖАПЫРАҚ
Дескриптор

АУА

ҚОРЕК

ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ

ЖАРЫҚ

ТОПЫРАҚ

Білім алушы
- бөлме өсімдіктерімен қарапайым тәжірибе жасайды;
- тәжірибенің нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды;
- өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды.

11

Бөлімше 2.1. «Өсімдіктер»
Оқу мақсаты

1.2.1.5. Мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын
сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек? Қандай құралдарды қолдануға болады? Сурет
бойынша бөлме өсімдіктеріне күтім жасау туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды;
- бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.

2-тапсырма
Суреттерді берілген сөздермен сәйкестендір. Өсімдіктерге күтім жасау туралы
әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді;
- өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелейді.

12

Бөлімше 2.2.«Жануарлар»
Оқу мақсаты

1.2.2.1. Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен
айырмашылығын сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Төменде берілген
сөздердің арасынан олардың ұқсастығын білдіретін сөздерді тауып, ортадағы шеңберге
сызықпен қосып жинақта.

Дескриптор

Білім алушы
- өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі ұқсастықтарды
анықтайды;
- өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылықтарды
сипаттайды.

13

Бөлімше 2.2. «Жануарлар»
Оқу мақсаты

1.2.2.2. Жабайы және үй жануарларын ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жануарларды жабайы және үй жануарларына
топтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысына
адамдар қамқорлық жасайды? Оларды ата.

_________________ жануарлар.
Дескриптор

______________ жануарлары.

Білім алушы
- жабайы жануарларды атайды;
- үй жануарларын атайды.

14

2-тапсырма
Жануарларды тиісті бағанға орналастыр.

Жабайы жануарлар

Дескриптор

Үй жануарлары

Білім алушы
- жабайы жануарларды анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады;
- үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады.

3-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Әр қатардағы жануарлар тобын ата. Бос орынға сол
топқа жататын жануардың суретін сал.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі жануарлар тобын атайды;
- бірінші қатарға жабайы жануардың суретін салады;
- екінші қатарға үй жануарының суретін салады.

15

Бөлімше 2.2. «Жануарлар»
Оқу мақсаты

1.2.2.3 Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың
бейімделуін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделу
жағдайларын сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттегі жануарлардың тіршілігінде қандай
өзгерістер болады? Суреттерді сөздермен сәйкестендір және әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
-сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді;
-жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты тиіннің тіршілігін әңгімелейді;
-жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты жыл құстарының тіршілігін
сипаттайды;
-жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты аюдың тіршілігін сипаттайды.

2-тапсырма
Дұрыс жауапты белгіле () .
1. Қыста ұйқыға кететін жануар:

2. Күзде терісінің түсін өзгертетін жануар:

16

3. Қысқа қорек жинайтын жануар:

Дескриптор

Білім алушы
- қысқы ұйқыға кететін жануарды анықтайды;
- қыста терісінің түсін өзгертетін жануарды анықтайды;
- қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды.

17

Бөлім:«Мен – зерттеушімін»
Бөлімше 1.2.«Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты

1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қоршаған ортадағы құбылыстарды бақылайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суретке мұқият қара.





Суретте қандай табиғат құбылыстары бейнеленген?
Балалар не істеп жүр? Неліктен?
Жазғы жаңбырды, кемпірқосақты бақылап көргенің бар ма? Жұпта әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі көріністі сипаттайды;
- табиғат құбылыстарына жасаған бақылауы туралы әңгімелейді.

2-тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Асбұршақтың өсіп-өнуін бақыла.




Асбұршақты екі күн суға салып, жібітіп қой.
Екі күннен кейін топырағы бар ыдысқа отырғыз.
Күнара суарып тұр.

18



Нәтижесін бақылау күнделігіне жаз (сөзбен, суретпен)
Мерзімі



Байқалған өзгерістер

Бақылау нәтижесін сипаттап айт.

Дескриптор

Білім алушы
- нұсқаулық бойынша ұсынылған әрекеттерді орындайды;
- бақылаудың нәтижесін бақылау күнделігіне түсіреді;
- кестеге сүйеніп, бақылау нәтижесін сипаттайды.

19

Бөлімше 1.2.«Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты

1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жүргізілген эксперименттің нәтижесін
қорытындылайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Өсімдіктер өсуіне қажетті суды қалай алады? Қарапайым тәжірибе жасау арқылы
бақыла және әңгімеле.
Тәжірибе жасау
1. Керекті құралдарды (пластикалық стакан, қайшы, түрлі-түсті фломастер,
майлық қағаз) дайындап ал.
2. Майлық қағазды ортасынан бірнеше рет бүкте.
3. Оның шетінен жуандығы 2-3 см жолақша қиып ал.
4. Жолақшаның төменгі жағына әртүрлі фломастермен қою нүктелер белгіле.
5. Стаканға жартысынан төмен деңгейде су құй.
6. Қағаз жолақшаны белгіленген нүктелері суға тимейтіндей етіп стаканның ішіне
сал.
7. Нәтижесін бақыла және әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- нұсқаулыққа сүйене отырып, тәжірибе жасайды;
- қағаздың бойында жүріп жатқан әрекетті бақылайды және
сипаттайды;
- тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.

20

2-тоқсан
Бөлім:«Тірі табиғат»
Бөлімше 2.3.«Адам»
Оқу мақсаты

1.2.3.1 Адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың
қызметтерін атау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды және
олардың қызметін сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Адам денесінің негізгі мүшелерін атауларымен байланыстырып сыз.



Өз денеңнің негізгі бөліктерін көрсет және ата. Олардың атқаратын қызметін
түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы
- дене мүшелерін атауымен сәйкестендіреді;
- өз денесінің негізгі бөліктерін көрсетеді және атайды.
- дене мүшелерінің қызметін сипаттайды.

2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Қолмен орындалып тұрған әрекеттерді ата.



Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы
- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;
- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.
21

Бөлімше 2.3.«Адам»
Оқу мақсаты

1.2.3.2 Адам өмірінің кезеңдерін сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Адам өмірінің жас кезеңдерін атайды және сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттерді адамның жас кезеңдерімен
ерекшелігі туралы әңгімеле.

сәби
Дескриптор

сәйкестендір. Адамның жас кезеңдерінің

азамат

қарт

Білім алушы
- адам өмірінің жас кезеңдерін анықтайды;
- адамның жас кезеңдерінің ерекшелігі туралы әңгімелейді.

2-тапсырма
Адам өмірінің кезеңдерін өсу ретімен белгіле (цифрмен жаз)

Жұптық жұмыс
Жұбыңа кішкентай кезіңнен есіңде қалған оқиғаны айтып бер.
-

Мен кішкентай кезімде .....

Дескриптор

Білім алушы
- адам өмірі кезеңдерінің ретін белгілейді;
- өзінің сәби кезіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді.

22

Бөлімше 2.3. «Адам»
Оқу мақсаты

1.2.3.3 Адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Адамның
атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

өсіп-дамуына

қажетті

жағдайларды

1-тапсырма
Пайдалы тағамдардың тұсына «+» таңбасын, зиянды тағамдардың тұсына «-»
таңбасын қой.



Адамның өсуі үшін тамақтанудың пайдасы туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді;
- адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды;
- адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді.

2-тапсырма
Сурет бойынша адамның өсуі мен дамуына әсер ететін қажеттіліктер туралы
әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- адамның өсуі мен дамуы үшін керекті қажеттіліктерді атайды;
- адамның өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар туралы әңгімелейді.

23

Бөлім:«Табиғат физикасы»
Бөлімше 5.1. «Күштер және қозғалыс»
Оқу мақсаты

1.5.1.1 Түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттегі денелер қалай қозғалады? Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі?
Екі-үш мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі денелердің қозғалысын сипаттайды;
- қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіреді.

2-тапсырма
Берілген суреттерді қиып ал. Жануарларды ата. Оларды қозғалысын сипаттайтын
ұяшыққа орналастыр.

Дескриптор

ӨРМЕЛЕЙДІ

СЕКІРЕДІ

ҰШАДЫ

ЖҮГІРЕДІ

ШАБАДЫ

ЖҮЗЕДІ

Білім алушы
-суреттегі жануарларды атайды;
-жануарларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа орналастырады.

24

Бөлімше 5.1. «Күштер және қозғалыс»
Оқу мақсаты

1.5.1.2 Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы
маңыздылығын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қозғалыстың адамдар мен жануарлар
өміріндегі маңызы туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Жануарлар үшін қозғалудың қандай маңызы бар?
Сөйлемдерді аяқта. Мысал келтір.

1. Аю қозғалу арқылы __________________________
2. Жолбарыс қозғалу арқылы ___________________________
3. Құстар қозғалу арқылы _______________________________
Дескриптор

Білім алушы
- жануарлардың қозғалыс жасау себептерін нақтылайды;
- жануарлар тіршілігі үшін қозғалыстың маңыздылығына мысал
келтіреді.

2-тапсырма
Суреттерге сүйеніп, қозғалыстың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімеле.




Адамдар не үшін жаттығу жасайды?
Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?
25




Еңбек етудің ше?
Адамдар не үшін қозғалады?

Дескриптор

Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді;
- қозғалыстың адам өмірі үшін маңыздылығы туралы әңгімелейді.

26

Бөлімше 5.1.«Күштер және қозғалыс»
Оқу мақсаты

1.5.1.3 Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу,
оларды сурет түрінде көрсету

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қозғалыстағы денелердің траекториясын
сипаттайды
• Денелердің қозғалыс траекториясын бейнелеп
көрсетеді
Қолдану

Ойлау дағдыларының
деңгейі

1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Күркетауықтың жемге жетуге дейінгі қозғалыс траекториясын
сипатта.



Суреттегі денелердің қозғалыс траекториясын сызықпен бейнелеп көрсет.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі дененің қозғалыс траекториясын сипаттайды;
- берілген денелердің қозғалыс траекториясын сызықпен бейнелеп
көрсетеді.

27

2-тапсырма
Тәжірибе жасау
Текшені үстелдің шеткі жағына қой. Оны ақырын және қатты итеріп, жерге құлат.
Текшенің қозғалыс траекториясын сыз. Траекторияның әртүрлі болу себебін түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы
- текшенің қозғалысының әр түрлі траекториясын сызып көрсетеді;
- траекторияның әр түрлі болу себебін түсіндіреді.

28

Бөлім:«Мен – зерттеушімін»
Бөлімше 1.2.«Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты

1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қоршаған ортадағы құбылыстарды бақылайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

1-тапсырма
Ұзақ мерзімді жұптық жұмыс
Ағаштардың тіршілігін бақылау.
1. Мектеп ауласында өсіп тұрған бір ағашты таңдап ал.
2. Ағашты ай сайын суретке түсір немесе суретін сал (4-5 ай көлемінде).
3. Ағаштың бойындағы өзгерістерді сипаттап айт.


Дескриптор

Ай атауы

Нәтижесі
(ағаштың суреттері)

Білім алушы
- бақылау жүргізу үдерісін кестеде бейнелеп көрсетеді;
- бақылау нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды.

2-тапсырма
Денелер қалай қозғалады? Мектептің айналасына шығып, қозғалысқа түскен
денелерді бақыла. Олар ненің әсерінен қозғалады? Кестеге қозғалысқа түскен денелердің
атауын жаз немесе суретін сал.
Итеру арқылы қозғалады

Дескриптор

Тарту арқылы қозғалады

Білім алушы
- анықталған денелерді қозғалысына қарай жіктейді;
- қозғалысқа түскен денелерді кестеге жазады.

29

Бөлімше 1.2. «Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты

1.1.2.2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жүргізілген эксперименттің нәтижесін
қорытындылайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Суреттегі денелер ненің әсерінен қозғалысқа түсті? Тиісті сөздермен сәйкестендір.



Тәжірибе жасау

Жан- жағыңда тұрған кішігірім денелерді орнынан қозғалтып көр. Оларды қозғалту
үшін не істедің? Денеңнің қай мүшесіне күш түсті? Әңгімеле.
Дескриптор

Білім алушы
- тарту арқылы қозғалатын денелерді анықтайды;
- итеру арқылы қозғалатын денелерді анықтайды;
- денені қозғалту барысындағы әсерді сипаттайды.

2-тапсырма
Қозғалыстағы дене бағытын өзгерте ала ма? Тәжірибе жасау арқылы көз жеткіз.
Ол үшін:
1. Қолыңа теннис добын ал.
2. Оны үстелдің бетіне ақырын ғана домалатып жібер.
3. Доптың қозғалысына қарсы жақтан (оң жағынан, сол жағынан) үрле.


Доптың қозғалыс бағыты қалай өзгерді? Оған не әсер етті деп ойлайсың?

Дескриптор

Білім алушы
- ұсынылған тәжірибені орындайды;
- доптың қозғалысындағы өзгерісті сипаттайды;
- қозғалысқа әсер ететін күшті анықтап, атайды.
30

3-тоқсан
Бөлім:«Жер және ғарыш»
Бөлімше 4.2.«Ғарыш»
Оқу мақсаты

1.4.2.1 Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде
сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• «Астрономия» ұғымына түсінік береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
«Астрономия» дегенді қалай түсінесің? Ол нені зерттейді? Суреттер мен тірек
сөздерді пайдаланып, әңгімеле.

Тірек сөздер: ғарыш, аспан денелері, жұлдыздар, ғаламшарлар, Күн, Жер, Ай, телескоп,
ғарышкер, ғылым.
Дескриптор

Білім алушы
- суреттер мен тірек сөздердің негізінде «астрономия» ұғымын
түсіндіреді.

2-тапсырма
Жұптық жұмыс
Түрлі дереккөздерден (кітаптар, мультфильмдер, үлкендерден сұрау арқылы)
астрономия туралы ақпарат жинақта.


Берілген суреттер мен жинақтаған ақпараттарды пайдалана отырып, астрономия
ғылымы туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- дереккөздерге сүйеніп, астрономия ғылымы туралы әңгімелейді.

31

Бөлімше 4.2.«Ғарыш»
Оқу мақсаты

1.4.2.2 Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен
ұшу аппараттарын сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Ғарышты зерттеуге арналған құралдар мен ұшу
аппараттарын сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Ғарышты зерттеуге арналған құралды белгіле (). Құралды сипаттап айт.

Дескриптор

Білім алушы
- ғарышты зерттеуге арналған құралдарды анықтайды;
- құралдарды сипаттап айтады.

32

Бөлімше 4.1. «Жер»
Оқу мақсаты

1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жердің пішінін және жасанды моделін
анықтайды
• Жерді жасанды моделінің негізінде сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма
Глобус пен Жердің қандай ұқсастығы бар? Глобус деген не? Глобустың көмегімен
Жер туралы айтып бер.

Дескриптор

Білім алушы
- глобус пен Жердің ұқсастығын айтады;
- глобусқа анықтама береді;
- глобусқа сүйеніп, Жер туралы әңгімелейді.

33

Бөлімше 4.3. «Кеңістік және уақыт»
Оқу мақсаты

1.4.3.1 Уақыттың маңыздылығын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Оқушыға күн тәртібі кестесін құру не үшін қажет деп ойлайсың? Сен бос уақытыңды
қалай пайдаланасың? Жұпта ой бөліс.

Дескриптор

Білім алушы
- күн тәртібінің кестесін құру себебін түсіндіреді;
- өз уақытын тиімді пайдалану туралы әңгімелейді;
- күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ойын айтады.

2-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бұл оқиғалар аптаның қай күндерінде болуы мүмкін?
Демалу мен еңбек ету уақытын жоспарлау не үшін қажет? Түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі оқиғаларды апта күндерімен сәйкестендіреді;
- уақытты жоспарлаудың маңыздылығын түсіндіреді.
34

Бөлімше 4.3. «Кеңістік және уақыт»
Оқу мақсаты

1.4.3.2 Уақытты өлшеу құралдарын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Уақытты өлшеу құралдарын атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттен уақытты өлшеу құралдарын тауып, белгіле (). Оларды ата.

Дескриптор

Білім алушы
- уақытты өлшеу құралдарын анықтайды;

2-тапсырма
Уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен нөмірле. Олардың қайсысы сағаттың көмегімен
анықталады? Қайсысы күнтізбенің көмегімен анықталады? Сызық арқылы қос.

Дескриптор

Білім алушы
- уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен белгілейді;
- сағаттың көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін көрсетеді;
- күнтізбенің көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін көрсетеді.

35

Бөлім:«Табиғат физикасы»
Бөлімше 5.4. «Жылу»
Оқу мақсаты

1.5.4.1Жылыту құрылғыларын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жылытуға арналған құралдарды көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма
Жылытуға арналған құралдарды белгіле (). Оларды ата.

Дескриптор

Білім алушы
-жылыту құралдарын белгілейді және атайды.

36

Бөлімше: 5.5. «Электрлік»
Оқу мақсаты

1.5.5.1 Адамның күнделікті өміріндегі электр
энергиясының маңызын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Адамның күнделікті өміріндегі электр қуатының
маңызын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Электр қуатының көмегімен жұмыс істейтін құралдарды
белгіле ().



Адамдар электр қуатын не үшін пайдаланады? Сурет бойынша әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы
- электр қуатымен жұмыс істейтін құралдарды анықтайды;
- күнделікті тұрмыстағы электр қуатының қолданысы туралы
әңгімелейді.

37

Бөлімше 5.6.«Магниттілік»
Оқу мақсаты

1.5.6.1 Магниттік қасиеті бар денелерді анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Магниттік қасиеті бар денелерді таңдайды.

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Магнитке тартылатын заттарды белгіле ().

Тәжірибе жасау
Қолыңа магнит кесегін алып, сынып ішіндегі заттарға жақындатып көр. Кестені
толтыр. Кестеге заттың атауын жаз немесе суретін сал.


Магниттік қасиеті бар
заттар

Магниттік қасиеті жоқ
заттар

1.

1.

2.

2.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі магниттік қасиеті бар заттарды белгілейді;
- магнитпен тәжірибе жасайды;
- сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтайды;
- сынып ішіндегі магниттік қасиеті жоқ заттарды анықтайды.

38

Бөлімше 5.6. «Магниттілік»
Оқу мақсаты

1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тәжірибенің негізінде магниттің қасиетін
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Магниттің күші басқа заттардан өте ала ма? Қарапайым тәжірибе жасап, анықта.
Қажетті заттар: ыдыстар, магнит, металл қағаз қыстырғыштар, су , ұнтақ жармасы
Тәжірибе:
1. Екі ыдыстың біреуіне су құй, екіншісіне ұнтақ жармасын сал.
2. Олардың ішіне металдан жасалған қағаз қыстырғыштарды (скрепка) салып қой.
3. Қолыңа магнит кесегін алып, әр ыдыстың түбіне жақындат.
4. Не байқадың? Тәжірибе бойынша қорытынды жаса.

Дескриптор

Білім алушы
- нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды;
- тәжірибенің нәтижесін сипаттайды;
- магнит күшінің басқа денелерден өте алатындығы туралы ой
қорытады.

39

Бөлімше 1.2.«Табиғатты тану әдістері»
Оқу мақсаты

1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау
жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қоршаған ортадағы құбылыстарды бақылайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Түнгі аспанның көрінісі қандай? Кешкі уақытта сыртқа шығып, түнгі аспанды,
Айды, бұлттарды бақыла.




Не көрдің? Оларды неге ұқсатасың?
Өз бақылауыңның нәтижесін суретпен немесе түрлі белгілермен бейнеле
Бақылау нәтижесін сыныпта әңгімелеп бер.

Дескриптор

Білім алушы
- түнгі аспанға бақылау жасайды;
- бақылау нәтижесін бейнелеп көрсетеді;
- жасаған бақылауы туралы әңгімелейді.

40

4-тоқсан
Бөлім:«Табиғат физикасы»
Бөлімше 5.2.«Жарық»
Оқу мақсаты

1.5.2.1 Жарық пен қараңғыны салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жарық пен қараңғылықтың ерекшеліктерін
сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерде тәуліктің қай мезгілі бейнеленген? Суреттерді салыстыра отырып,
сипаттап айт.





Тәуліктің қай мезгілінде жарық болады?
Қай кезде қараңғы болады?
Жарық пен қараңғылықтың қандай ерекшеліктері бар?

Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша тәулік мезгілдерін анықтайды;
- жарық пен қараңғылықтың ерекшеліктерін атайды.

41

Бөлімше 5.2.«Жарық»
Оқу мақсаты

1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Табиғи және жасанды жарық көздерін атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Табиғи жарық көздерін білдіретін суреттерді белгіле ().
Оларды ата.

Дескриптор

Білім алушы
-табиғи жарық көздерін анықтайды және атайды.

2-тапсырма
Табиғи және жасанды жарық көздерінің суретін сал.
ТАБИҒИ ЖАРЫҚ КӨЗІ

Дескриптор

ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚ КӨЗІ

Білім алушы
- табиғи жарық көзінің суретін салады.
- жасанды жарық көзінің суретін салады.

42

Бөлімше 5.2 «Жарық
Оқу мақсаты

1.5.2.3 Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның
көздерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жасанды жарықтың қажеттілігі туралы
әңгімелейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бұлар қандай жарық көзі болып табылады? Олар не үшін
қолданылып тұр? Сурет бойынша әңгімеле.



Жасанды жарықты тағы не үшін қолдануға болады? Мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы
- жарық көздерінің түрін анықтайды;
- жасанды жарық көздерінің қолданылу мақсатын сипаттайды;
- жасанды жарықтың қолданылуына мысал келтіреді.

43

Бөлімше 5.3.«Дыбыс»
Оқу мақсаты

1.5.3.1 Дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Дыбыс қалай таралады? Сұраққа қарапайым тәжірибе жасау арқылы жауап бер.
Топтық жұмыс
1. Су құйылған ыдыс және тас дайындап ал.
2. Тасты жоғарырақ көтеріп барып, судың ішіне таста.
3. Судың бетінде пайда болған толқындарға мұқият қара. (Толқындар дыбыстардың
таралу жолын көрсетеді)



Сұрақтарға жауап бер:



- Суға түскен тастан пайда болған толқындар қалай таралды?
- Су толқындарының орталығы қай жерде?
Тәжірибеге сүйеніп, дыбыстың қалай таралатынын түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы
- суға түскен тастан пайда болған толқындардың таралуын
сипаттайды;
- тәжірибенің негізінде дыбыстардың таралу ерекшелігін
түсіндіреді.

2-тапсырма
Дыбыс қалай таралады? Берілген тұжырымдарды оқы. Дұрыс тұжырымдардың
тұсына «+» таңбасын қой.
Дыбыс бір бағытта ғана таралады.
Дыбыс барлық бағытта таралады.
Жақын жерден шыққан дыбыс қатты естіледі.
Дыбыс тек адам сөйлегенде ғана таралады.
Алыстан шыққан дыбыс ақырын естіледі.
Білім алушы
Дескриптор
- дыбыстың таралуына қатысты дұрыс тұжырымдарды
анықтайды.

44

Бөлімше 5.3.«Дыбыс»
Оқу мақсаты

1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін
ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Табиғи және жасанды дыбыс көздерін атайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

1-тапсырма
Алдымен жасанды дыбыс көздерін, содан соң табиғи дыбыс көздерін ата.
Әр топқа өзің бір мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы
- табиғи дыбыс көздерін атайды;
- жасанды дыбыс көздерін атайды;
- табиғи және жасанды дыбыс көздеріне мысал келтіреді.

2-тапсырма
Тәжірибе жасау
1. Далаға шығып, айналаңа құлақ түр.
2. Ненің дыбысын естідің? Ол қай дыбыс түріне жатады? Кестеге дыбыс көзінің
атауын жаз немесе суретін сал.
Табиғи дыбыстар

Дескриптор

Жасанды дыбыстар

Білім алушы
-
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!