Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан территориясындағы ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаттары: 1. Оқулық мақсаты: Оқушылардың берілген білімді меңгеру дәрежесін тексеру, тақырыптарды толықтыру, тереңдете жүйелеу және бекіту; 2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз жері мен елінің тарихын білуге қызықтыру, отан сүйгіштікке тәрбиелеу; 3. Дамыту мақсаты: Оқушылардың тілін дамытып, ойларын жинақтап, жүйелеп айтуға дағдыландырып, көпшілік алдында дәлел мен дәйек арқылы шешен сөйлеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан территориясындағы ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттері


Сабақтың мақсаттары:

  1. Оқулық мақсаты: Оқушылардың берілген білімді меңгеру дәрежесін тексеру, тақырыптарды толықтыру, тереңдете жүйелеу және бекіту;

  2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз жері мен елінің тарихын білуге қызықтыру, отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

  3. Дамыту мақсаты: Оқушылардың тілін дамытып, ойларын жинақтап, жүйелеп айтуға дағдыландырып, көпшілік алдында дәлел мен дәйек арқылы шешен сөйлеуге баулу.



Сабақты өткізу әдісі – аукцион сабақ.

Сабақтың түрі – жинақтау, қорытындылау сабағы.

Сабақтың құрал – жабдықтары:

  • «15 – 16 ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер» картасы

  • Гонг

  • Оқушылардың сабаққа және оның қорытындысын шығаруға қажетті сезімдік және психологиялық тұрғыда әзірлігін білдіретін жасыл және көк түсті үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:


ІІ. Мұғалімнің түсіндірмесі:


А) Белгі қағаздармен жұмыс:

- бұл қағаздарды пайдаланып оқушылар сабақты бастауға өзінің әзір екендігі туралы белгі береді. Егер көк түсті қағаз көтерілсе оқушының көңіл – күйі жоғары, оқушы әзір деген сөз. Ал егер жасыл болса оқушы өзіне сенімді емес, қорқақтап тұр дегенді білдіреді.

Б) Ойын ережесі:

- әр сұрақ тиісті ұпай санымен бағаланады.

- аукционға қойылған кітапты алу үшін қойылған сұрақтарға мүмкіндігінше толық жауап беру керек.

- алынған ұпайлар оқушылардың ұпай парақтарына жеке – жеке жазылады.


ІІІ. Білім аукционы:

Мұғалім кіріспе сөз сөйлеп, содан соң аукционға кітаптарды шығарады.

1 – кітап ( 5 ұпай )

Қазақстан аумағындағы Моңғол үстемдігінен кейінгі кезеңді қалай сипаттар едіңдер?

  1. Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстанның көшпелі және отырықшы тұрғындарының бірігуі.

  2. Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасу үрдісі басталды.

  3. Моңғол ұлысының ыдырауы.

  4. Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы сияқты бірнеше мемлекеттердің бой көтеруі.

2 – кітап ( 5 ұпай )

Ақ Орданың пайда болуы ( мерзімі, аумағы, астанасы, қай мемлекеттің құрамында болды)?

  1. ХІІІ ғ. аяғы – ХҮІ ғ. басы.

  2. Ертіс бойы, Алакөл маңы. Астанасы – Сығанақ қаласы.

  3. Алтын Орданың құрамында болды. Батый шығыс Дешті – Қыпшақтың сол жағын бауыры Орда – Еженге береді (Жетісу, Ұлытауға дейінгі Ертіс жағалауы). Шайбанға Елек, Ырғыз, Тобыл, Сарысу өзендерінің аралығы, Арал бойындағы далалар, Сырдарияның төменгі ағысын берді.

3 – кітап ( 10 ұпай )

Ақ Орданың нығайып, Алтын Орданың ішкі істеріне араласа бастауы қай ханның тұсында болды? Ол туралы не білеміз?

Кей зерттеушілер бұл ханды адуынды, қатаң, өткір сонымен қатар кесіп айтатын адам деп айтады. Бұл хан ХІҮ ғ-ң 60 – 70 жылдарында Ақ Орданы нығайтып, Алтын Орданың ішкі істеріне араласып, аз уақыт болса да Алтын Орда тағына отырды. Отырарда, Сауранда, Сығанақта мешіт – медреселер салдыртты. Әмір Темірмен күрес жүргізді. 1377 жылы қайтыс болды. Оның атын біреулер есімі емес лақап аты деп те айтады. Ал кей зерттеушілер оны шашы сары болғандықтан солай атаған десе, кейбірі Моңғолдың «Ұр» сөзімен байланыстырады.

4 – кітап ( 10 ұпай )

Тарихи – географиялық «Моғол» және «стан» деген термин қалай шыққан? Оның шығу тарихына тоқтал.

Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан, шығыс Түркістан аумағында тұрған тайпаларды түркі және парсы тілдес шығармаларда «Моңғол» деп атаған, олар көшпелі өмір сүрген, Шағатай ұлысына кірген (14ғ – 16 ғ басы). Билеуші әулеттің негізін қалаған – Тоғылық – Темір(1347 – 1348жж).

5 – кітап ( 5 – ұпай )

Батыс Қазақстан аумағында орналасқан бұл мемлекет не деп аталады? Оның бұлай аталу себебі?

ХІҮ ғ құрылып, ХҮІ ғ аяғына дейін өмір сүрген бұл мемлекет әуелі ең көп санды тайпаның атымен «Маңғыт» деп аталса, кейін Алтын Орданың бес ханының тұсында «Бас қолбасшы» болған Ноғайдың есімімен «Ноғай ордасы» деп аталды.

6 – кітап ( 20 ұпай )

Бұл мемлекеттерде қандай қоғамға тән сипаттар бар?

Ертефеодалдық қатынастар, патриархалды – рулық құрылыс дамыды. Ұлыс басындағы ақсүйектер шартты түрде жердің иесі болды. Ірі (малы көп) байлар жайылымдардың егесі болды. Билеуші бар биліктің иесіне айналды сонымен қатар билікті мұраға қалдырып отырды. Оның қолында сот, әскери іс, дипломатиялық және әкімшілік билік болды. Қатардағы қауым – малшылар мен егіншілер салық төлеумен қатар әртүрлі міндеткерлік атқарып отырды.

7 – кітап ( 10 ұпай )

Бұл мемлекеттердің қоғамдық дамуына тән жалпы сипаттар қандай?

  • Моңғол ұлыстарының ыдырауы нәтижесінде құрылды?

  • Ертефеодалдық қатынастардың қалыптасып, рулық құрылыстың сақталуы;

  • өзара қырқысулар, Әмір Темірмен болған шайқастар нәтижесінде ыдырады;

  • ішкі талас – тартыстардың тууына себепші болған жағдай басқарудың ұлыстық жүйесі.

8 – кітап ( 5 ұпай )

Қазақ жүздері қандай мемлекеттердің аумағында құрылды?

Кіші жүз – Ноғай ордасы;

Орта жүз – Ақ Орда

Ұлы жүз - Моғолстан


Қорытынды:

  1. Оқушылардың жинаған ұпайларының нәтижелерін салыстырып, бағалау жасау,

  2. Көңіл – күйін білдіретін белгі қағаздарын көтерту арқылы сабақтың мазмұндылығын анықтау.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
676
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12